"Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегi № 725 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 қыркүйекте № 35144 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 66-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "66-1) электрмобиль – аккумулятор батареяларынан, сыйымдылықты жинақтауыштардан және (немесе) отын элементтерінен энергия алатын электр қозғалтқышпен жарақтандырылған және қозғалысқа келтірілетін және тек қана электр энергиясының сыртқы көзінің көмегімен қуатталатын механикалық көлік құралы;";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда оларды қуаттамай тоқтап тұруға тыйым салынады.";

      122-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Қағидалардың 88-тармағының 5) тармақшасының ережелерін ескере отырып, қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған электромобильдің тоқтап тұруын қоспағанда, қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған күйде тоқтап тұруға;";

      151-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден асатын автомобильдермен ("D" санаты) жолаушыларды тасымалдауға жиырма үш жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде "D1" санатына жатқызылатын көлік құралдарын кемінде бір жыл басқару өтілі бар адамдар жіберіледі.";

      166-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 7.14 тақтасы бар 4.5 белгісімен белгіленген велосипед жүретін жолағы бар жолдарда осы жолақпен басқа көлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және аялдауына болмайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерінде:

      9- тармақтың он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Газбалон құрылғылармен жабдықталған көлік құралдары" - ішіне қара түсті леп белгісі және "GAZ" сөзі жазылған, қара түсті жиегі бар, ұшы жоғары қаратылған сары түсті тең жақты үшбұрыш (жақтары - кемінде жүз елу миллиметр, жиегінің ені жақтың 1/10) түрінде - газбалон құрылғылары бар маханикалық көлік құралдарының артынан;".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақтан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады