Байланыс құралдарын орналастыруға арналған орындарды, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін өткізуге арналған электр беру әуе желілерінің тіректерін мүліктік жалдауға (жалға) берудің шекті тарифтерін реттеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 608/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 қыркүйекте № 35154 болып тіркелді

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының бірінші және екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Байланыс құралдарын орналастыруға арналған орындарды, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін өткізуге арналған электр беру әуе желілерінің тіректерін мүліктік жалдауға (жалға) берудің шекті тарифтерін реттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланған кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 608/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Байланыс құралдарын орналастыруға арналған орындарды, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін өткізуге арналған электр беру әуе желілерінің тіректерін мүліктік жалдауға (жалға) берудің шекті тарифтерін реттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Байланыс құралдарын орналастыруға арналған орындарды, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін өткізуге арналған электр беру әуе желілерінің тіректерін мүліктік жалдауға (жалға) берудің шекті тарифтерін реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының бірінші және екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және байланыс құралдарын орналастыруға арналған орындарды, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін өткізуге арналған электр беру әуе желілерінің тіректерін мүліктік жалдауға (жалға) берудің шекті тарифтерін реттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) байланыс операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) бірлесіп пайдалану тіректері – телекоммуникация құралдарын және (немесе) басқа инженерлік инфрақұрылым объектілерін, ақпараттық құрылғыларды бір мезгілде орналастыруға арналған байланыс құрылғысы;

      3) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) – электромагниттік немесе оптикалық сигналдарды генерациялауға, беруге, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдықтар, жүйелер және бағдарламалық құралдар;

      4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын, байланыс саласындағы қызметтерді көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау Байланыс құралдарын орналастыруға арналған орындарды, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін өткізуге арналған электр беру әуе желілерінің тіректерін мүліктік жалдауға (жалға) берудің шекті тарифтерді есептеу реті

      3. Тарифтерді келісу немесе байланыс құралдарын орналастыруға арналған орынды мүліктік жалдауға (жалға алуға) тарифтерді өзгерту үшін орын иелері уәкілетті органға жазбаша түрде жылына бір реттен жиі емес өтініш жолдайды.

      4. Тіректер үшін тарифті қайта қарау өтінішіне келесі шығыстар бойынша есептер қоса беріледі:

      1) 1 шақырым бірлесіп пайдалану тіректерін пайдалау кезінде техникалық қызмет көрсету;

      2) тіректерге техникалық қызмет көрсетуге арналған материалдар;

      3) жанар-жағармай материалдары;

      4) тіректерді ұстауға және қызмет көрсетуге байланысты шығыстар.

      Тарифтің қалыптасуы мына формуламен анықталады:

      ЖА = (Ш/Т) *12 ай

      бұнда:

      ЖА – жыл сайынғы тіректерді жалға алудың жалпы құны.

      Ш – жалға алынған 1 тіректі күтуге айлық шығыс сомасы;

      Т – тіректер иесінен жалға алған тіректер саны.

      5. Байланыс құралдарын орналастыру орындарында байланыс құралдары тарифтерін қайта қарау өтінішіне келесі шығыстар есебі қоса беріледі:

      1) дератизация, дезинсекция, дезинфекция;

      2) бейнебақылау құралдарына қызмет көрсету;

      3) кондоминиум объектiсiнiң жалға алынған учаскесiн жөндеу;

      4) өртке қарсы қорғаныс жүйесін ұстау, диспетчерлеу;

      5) шаруашылық шығыстар (кондоминиум объектісінің жалға алынған учаскесін ұстауға арналған инвентарларды, жабдықтар мен материалдарды сатып алу);

      6) кондоминиум объектісінің жалға алынған учаскесін маусымдық пайдалануға дайындау (жуу, қысымды сынау, реттеу, реттеу) (бар болса);

      7) электр энергиясы;

      8) көппәтерлі тұрғын үйлердегі, сондай-ақ байланыс объектісі орналасқан құрылыстар мен ғимараттардағы кондоминиум объектілерінің алаңын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге тікелей байланысты шығыстар.

      Байланыс операторы жалға алған кондоминиум объектісінің аумағын ұстауға тариф белгілеу мына формула бойынша есептеледі:

      В = Р / (S * 12 ай)

      бұнда:

      В – байланыс құралдары орналасқан кондоминиум объектісінің ауданын (шатырын) ұстауға ай сайынғы жарналардың сомасы;

      Р – кондоминиум объектісінің ауданын күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасы;

      S – шаршы метрмен есептелген кондоминиум объектісінің жалпы ауданы (шатырды өлшеу кезінде ұзындығы мен ені ескеріледі).

      Кондоминиум объектісінің жалға алынған учаскесін күтіп-ұстауға ай сайынғы жарнаның мөлшері мына формуламен айқындалады:

      ЖА = B * S

      бұнда:

      ЖА – жалға берілетін аумақты ұстауға төленетін жарна сомасы;

      S – шаршы метрмен есептелген байланыс объектісін орналастыруға арналған жалпы жалға берілетін алаң.

      6. Уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылган материалдардын толықтығын тексереді және орын иесіне өтінімді қарауға қабылданғаны туралы немесе қарауға қабылдаудан бас тарту туралы себептерін көрсете отырып хабарлайды.

      Орын иесінің байланыс құралдарын орналастыру өтінішін қарауға қабылдаудан бас тартудың себептері:

      1) осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;

      2) жалған мәліметтері бар құжаттарды ұсынуы.

      7. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен орын иесінің өтінішін уәкілетті орган күнтізбелік алпыс күн ішінде қарайды. Тарифтердің жобаларын қарау мерзімі өтінішті алған кезден бастап есептеледі.

      8. Уәкілетті орган қызметтерге тарифтерді қарау кезінде сараптама жүргізеді:

      1) көрсетілетін қызметтер бірлігін көрсету үшін орын иесі қолданатын шикізатты, отын материалдарын, материалдық ресурстардың энергиясын тұтыну нормативтерін және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормативтерін, оның ішінде тиісті салалық нормалармен немесе ұқсас қызметтерді көрсететін заңды тұлғалар қолданатын нормалар;

      2) түрлі шығыстар, соның ішінде орын иесінің персоналына сыйақы төлеуге ұқсас немесе ұқсас қызметтерді көрсететін орын иелеріне сыйақы төлеуге (автотұрақты, қойманы жалға алуға, кабельдерді тартуға);

      3) орын иесінің қызметтеріне тарифтердің өсуіне елеулі әсер ететін шығыстар.

      9. Уәкілетті орган өтінішті қарау кезінде басқа орын иелерінің, сондай-ақ тұтынушылардың жекелеген санаттары үшін орын иесінің ұқсас қызметтеріне тарифтердің басқа тарифтерімен салыстырмалы талдау жүргізеді, сонымен қатар орын иесінің ұқсас немесе осындай қызметті пайдаланушылар санатын анықтау үшін тәуелсіз сарапшыларды тартады.

      10. Қызметтерге тарифті айқындау кезінде орын иесінің шығындары мына жағдайда есепке алынбайды:

      1) қызметтерге тарифті айқындайтын жекелеген бухгалтерлік есептің (шығыстар сметасының) жиынтық деректерін, шығындарды бөлу есептерін және басқа да растаушы материалдарды негіздеместен ұсыну;

      2) алдыңғы қаржылық кезеңдермен салыстырғанда жекелеген шығындардың ұлғаюының негізділігін растайтын материалдар мен құжаттардың болмауы.

      11. Орын иесінің қызметтерді көрсетуге байланысты нақты немесе жоспарлы шығындарын салыстырмалы талдау және түзету негізінде орын иесінің қызметтеріне тарифтің негізділігі айқындалады.

      Байланыс құралдарын орналастыру үшін орын иесінің қызметтеріне шекті тарифті қайта қарау үшін шығыстардың негізділігін растау мақсатында, уәкілетті орган орын иесі байланыс құралдарын орналастыру үшін тиісті сұрату алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынылатын ақпарат сұратады. Бұл ретте, өтінімді қараудың жалпы мерзімі ұзартылмайды.

      12. Уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес орын иесінің ұсынылған тариф деңгейін қарау нәтижелері бойынша оларды келісу немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      13. Орын иесі ұсынған тарифтердің деңгейі негізсіз болған жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес өтінішті қарау мерзімінен кешіктірмей орын иесіне себептерін көрсете отырып, тарифтерді келісуден бас тарту туралы жазбаша түрде хабарлайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады