"Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 809 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 қыркүйекте № 35156 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10420 болып тіркелді) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқығын растайтын құжаттардың тізбесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға – мүліктік немесе моральдық зиян келтіру фактісін растайтын процестік актінің көшірмесі.";

      мынадай редакциядағы 2-1 - тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша адам саудасы құрбандарына – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №190 бірлескен бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлеріне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33002 болып тіркелген) адам саудасының құрбаны болып сәйкестендірілген бағалау парағының көшірмесі не мүліктік немесе моральдық зиян келтіру фактісін растайтын процестік актінің көшірмесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады