ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 08.01.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа
1) мамандарға қойылатын біліктілік талаптары;
2) мамандарды "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында жұмысқа жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 8 қаңтарда қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж. Мадиев |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 614/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Мамандарға қойылатын біліктілік талаптары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мамандарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – біліктілік талаптары) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді
2. Осы біліктілік талаптарында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) - аппараттық-бағдарламалық кешенді және телекоммуникациялар желісін қолдана отырып жүзеге асырылатын электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;
2) жоба менеджері рөлін атқаратын маман – осы Біліктілік талаптарының 5-тармағы талаптарына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды басқару жұмысында арнайы білімі мен тәжірибесі бар жеке тұлға.
3) маман – осы Біліктілік талаптарының 4-тармағы талаптарына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар жеке тұлға;
4) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасы (бұдан әрі - ЭҮ АКП) – мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға арналған технологиялық платформа;
5) ЭҮ АКП бағдарламалық өнімі (бұдан әрі – платформалық бағдарламалық өнім) – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында әзірленген және орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз ету.
3. Осы бұйрықпен бекітілген мамандарды "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес ЭҮ АКП бағдарламалық өнімін әзірлеуді және орналастыруды жүзеге асыратын тұлғалар ЭҮ АКП жұмысына рұқсат етіледі.
2 тарау. Мамандарға қойылатын біліктілік талаптары
4. Мамандарға қойылатын біліктілік талаптары:
1) дипломмен немесе АКТ немесе ақпараттық қауіпсіздік, немесе информатика, немесе компьютерлік модельдеу, немесе қолданбалы математика салаларындағы оқу орнынан анықтамамен расталған жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) білімі;
2) АКТ немесе ақпараттық қауіпсіздік, информатика немесе компьютерлік модельдеу немесе қолданбалы математика саласында біліктілігін арттыруды немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын сертификаттары, куәліктері;
3) ЭҮ АКП аспаптық құралдарымен танысудың оң нәтижесі бар болуы.
5. Жоба менеджері рөлін атқаратын мамандарға қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
1) дипломмен расталған жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) білімі;
2) DevSecOps бағдарламалық қамтамасыз етуді үздіксіз қауіпсіз әзірлеу әдіснамасы және (немесе) АКТ саласындағы Жобаларды басқару бойынша біліктілігін арттыруды немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын сертификаттары, куәліктері;
3) ЭҮ АКП аспаптық құралдарымен танысудың оң нәтижесі бар болуы.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 614/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Мамандарды "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында жұмысқа жіберу қағидалары
1. Осы мамандарды "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында жұмысқа жіберу қағидалары "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мамандарды "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында жұмысқа жіберу тәртібін белгілейді.
2. Жеке тұлға "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында (бұдан әрі - ЭҮ АКП) орналастырылған оқыту материалдары арқылы ЭҮ АКП аспаптық құралдарын қолдану бойынша нұсқамадан өтеді.
3. ЭҮ АКП-де жұмысқа жіберу ЭҮ АКП-нің аспаптық құралдарымен танысу оң нәтижелері бойынша жүзеге асыралады.
4. ЭҮ АКП-да жұмысқа жіберілген тұлғалардың тізімін "электрондық үкіметтің" ақпараттық коммуникациялық инфоқұрылым операторы ЭҮ АКП-да орналастырылады.
5. Мемлекеттік органдар ЭҮ АКП-да жұмысқа рұқсат етілген адамдарды келісімшарттық қызметшілер ретінде тартады. Оларды тарту "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-1-бабымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 482 қаулысымен бекітілген Келісімшарттық қызметшілерді тарту қағидаларын, келісімшарттық қызметшілер тартылатын жобалардың түрлерін, еңбекке ақы төлеу шарттары мәселелерін және олардың қызметін реттеудің өзге де мәселелерімен белгіленген тәртіппен жүзеке асырылады.