"Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 қыркүйекте № 35171 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі №555 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6530 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесіне:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда болу тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Табиғат қорғау мекемесінде болу";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Келушіде табиғат қорғау мекемесі ұсынатын қызметтерге ақы төлегені туралы растайтын құжаттың болуы ЕҚТА аумағына келуге негіз болып табылады. Зейнеткерлерден, мүгедектігі бар адамдардан, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерден, еңбек ардагерлерінен, мектеп жасына дейінгі балалардан көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу туралы растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.

      Қызметтерге ақы төлегені туралы растайтын құжат (қағаз және электронды түрде) келушінің болу мерзімінің соңына дейін сақталуы тиіс.";

      8-тармақ алынып тасталсын;

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Табиғат қорғау кәсіпорнының аумағында болу";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақта болу".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады