"Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 656 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 қыркүйекте № 35176 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10524 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

      "6-тарау. Этил спиртін экспортқа өткізу (тиеп-жөнелту) тәртібі

      39. Этил спиртін экспорттауды этил спиртін өндіруге лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      40. Этил спиртінің экспортына қауіпті жүктерді көліктің тиісті түрлерімен халықаралық тасымалдау туралы халықаралық келісімдерде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында пайдалануға рұқсат етілген көліктік қаптаманы (ыдысты) пайдалана отырып жол беріледі.

      41. Осы тарау шеңберінде этил спиртін экспортқа өткізу (тиеп-жөнелту) деп жеткізушінің спирт қоймасының өлшегіштерінен спиртті ыдысқа, көлікке құю, сондай-ақ белгіленген құжаттарды ресімдеу және жеткізушінің аумағынан этил спиртімен көлікті жөнелту түсініледі.

      42. Жеткізуші этил спиртін экспортқа өткізуді (тиеп-жөнелтуді) жергілікті уақыт белдеуі бойынша күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырады.

      Этил спиртін өткізу (жөнелту) жергілікті уақыт белдеуі бойынша келесі күні сағат 17:00-ден 10:00-ге дейін, сондай-ақ мереке күндері және деамалыс күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылмайды.

      43. Этил спирті белгіленген мерзімде мемлекеттік тексеруден өткен, мемлекеттік салыстырып тексерушінің пломбалары немесе таңбалары және олардың салыстырып тексеру туралы куәліктері бар өлшеуіштер арқылы оның көлемін, концентрациясын, температурасын айқындай отырып және сусыз спирттің мөлшерін есептей отырып босатылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады