"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 134/ҚЕ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 қыркүйекте № 35183 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13121 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери, арнаулы оқу орындарының қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2024 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 134/ҚЕ Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2016 жылғы 13 қаңтардағы
№ 3 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына (бұдан әрі – ҰҚО ӘАОО) ауыстыру және қайта қабылдау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қайта қабылдау – ҰҚО ӘАОО-дан бұрын оқудан шығарылған адамның қайта қабылдануын анықтайтын іс-қимыл;

      2) ауысу – Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ҚР ӘАОО білім алушыларының ҰҚО ӘАОО-ға ауысуы;

      3) пререквизиттер (Prerequisite) – оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, шеберліктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;

      4) транскрипт (Transcript) – кредиттер мен бағаларды көрсете отырып, тиісті оқу кезеңінде игерілген пәндер тізбесі және (немесе) модульдер, оқу жұмысының басқа түрлерін қамтитын құжат;

      5) академиялық айырмашылықтар – зерделенген пәндердің тізбесі және (немесе) модульдер, білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін транскрипт көшірмесінде (анықтамада) көрсетілген олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде ӘАОО анықтайтын оқу жоспарларының пәндеріндегі айырмашылық.

2-тарау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру тәртібі

      3. Қазақстан Республикасы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан (бұдан әрі – ҚР ЖЖОКБҰ), оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындарынан ұқсас білім беру бағдарламасы бойынша ҰҚО ӘАОО-ға ауыстыру каникул кезеңінде оқу жылының нәтижелері мен жинаған ауыстыру баллы ескеріле отырып, егер бакалавриат үшін жұмыс оқу жоспарындағы міндетті компоненттің оқу пәні және (немесе) модулінің айырмашылығы төрттен аспаса, тиісті курста бос орын болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Егер бакалавриат үшін оқу жұмыс жоспарларындағы айырмашылық міндетті компоненттің төрт оқу пәнінен және (немесе) модульдерінен және ЖОО-ны компонентінің бес пәніннен және (немесе) модульдерінен аспайтын болса, ҰҚО ӘАОО-ның ішінде білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне оқу жылының нәтижелерін және алынған аударым баллын ескере отырып, тиісті курста бос орындар болған жағдайда (бітіру курсының соңғы академиялық кезеңін қоспағанда) келесі академиялық кезең басталғанға дейін ауыстырады.

      ҰҚО ӘАОО-да оқу мерзімі қысқартылған жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша (жоғары білімнің негізінде) даярлау лектерінде ауыстыру жүзеге асырылмайды.

      4. ҚР ЖЖОКБҰ және ҚР ӘАОО-дан ҰҚО ӘАОО-ға ауысу кезінде олардың өткен академиялық уақыт аралығында меңгерген жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі және (немесе) модульдеріндегі академиялық айырмашылық анықталады.

      Пәндердің айырмашылығын анықтау кезінде қорытынды бақылау нысандарындағы айырмашылық есептелмейді.

      5. Жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі және (немесе) модульдеріндегі академиялық айырмашылықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы" 2023 жылғы 10 ақпандағы № 47 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31894 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бұйрығымен белгіленген нысан бойынша білімін аяқтамаған адамдарға берілетін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшысы қол қойған және мөрмен бекітілген танскрипте (анықтамада) көрсетілген зерделенген пәндер тізбесі, олардың бағдарламалары және академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемдерінің негізінде ҰҚО ӘАОО анықтайды.

      Оқу пәнінің мазмұны мен көлеміне сәйкес келген жағдайда басқа оқу пәнімен немесе мазмұны бойынша сабақтас оқу пәндерінің блогымен пререквизит ретінде айқындалған оқу пәнін қайта тапсыруға жол беріледі.

      6. Меңгерілген пререквизиттерге сәйкес ҰҚО ӘАОО білім беру курсын анықтайды және оқу бағдарламаларына сәйкес меңгерген кредиттерді қайта тапсыруды өткізеді.

      Жұмыс оқу жоспарының пәндеріндегі және (немесе) модульдеріндегі академиялық айырмашылықты жою ҰҚО ӘАОО оқу-әдістемелік бөлімшесі дайындайтын және ҰҚО ӘАОО бастығының оқу-әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін орынбасары бекітетін жеке жоспар бойынша ағымдағы академиялық кезеңде жүзеге асырылады.

      7. Жұмыс оқу жоспарының пәндеріндегі және (немесе) модульдеріндегі жеке жоспарда белгіленген мерзімде жойылмаған академиялық айырмашылық одан әрі академиялық қарыз болып есептеледі. Пән бойынша академиялық айырмашылықты жою кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қарыз келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін жойылады.

      8. ҰҚО ӘАОО-ға ауысуға ниет білдірген ҚР ЖОО-да білім алатын адамдар (бұдан әрі – оқуға кандидаттар) ауыстыру жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері және органдары (бұдан әрі – ҰҚК бөлімшелері) арқылы ҰҚО ӘАОО бастығының атына білім алу тілін көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді.

      Өтінішке:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірме);

      2) алдыңғы білім деңгейін растайтын құжаттар (орта білімі туралы аттестат немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы диплом);

      3) оқу, оқу-әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін ҚР ЖЖОКБҰ және (немесе) ҚР ӘАОО бастығының орынбасары және ҚР ЖОО оқу-әдістемелік бөлімшесінің қызметкері қол қойған, елтаңбалық мөрмен мөрленген транскрипт көшірмесі;

      4) Ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсыру туралы сертификат (көшірме);

      5) алты фотосурет (бас киімсіз, көлемі 4,5 х 6 см);

      6) тіркеу куәлігі (көшірме);

      7) өмірбаян мен сауалнама (түпнұсқа) қоса беріледі.

      Басқа білім беру бағдарламасына немесе ҰҚО ӘАОО ауысуға ниет білдірген ҰҚО ӘАОО оқитын адамдар ауысу жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін ҰҚО ӘАОО бастығының атына оқу тілін көрсете отырып, еркін нысанда баянат береді.

      Басқа ҰҚО ӘАОО-ға ауысқан жағдайда баянат осы ҰҚО ӘАОО бастығымен қосымша келісіледі.

      9. ҰҚО ӘАОО тиісті курсында бос орын болған жағдайда бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардағы қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру мүмкіндігі туралы қорытындыны (бұдан әрі – қорытынды) ҚР ЖЖОКБҰ және КР ӘАОО үшін дайындайды.

      10. ҰҚК бөлімшелерінің кадр қызметі "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7 және 10-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып:

      қызметке жарамдылығын анықтау үшін кандидаттарды оқуға арнайы тексеру, ҰҚК бөлімшелерінің әскери-дәрігерлік комиссияларында психофизиологиялық және медициналық куәландандыру, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеулер бойынша іс-шаралар өткізеді;

      ҰҚО ӘАОО-ға оқуға кандидаттардың қалыптасқан жеке істерін ауысатын жылдың 20 мамырына дейін жібереді.

      11. ҰҚО ӘАОО ауысу жылының 10 маусымына дейін ҰҚК бөлімшелерінің кадр қызметі арқылы оқуға кандидаттарды ауысу жөніндегі іс-шаралардың өткізілу мерзімі туралы хабардар етеді.

      12. Кандидаттарды курсанттар құрамына оқуға қабылдау ҰҚО ӘАОО бастығының бұйрығымен ресімделеді.

3-тарау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына қайта қабылдау тәртібі

      13. ҰҚО ӘАОО-дан шығарылған адам Заңмен регламенттелген әскери, арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау шарттарымен анықталған жас ерекшеліктері шектеулерін ескере отырып, еркін нысанда өтініш берген кезде және қайта қабылдау рәсімдерінен табысты өткенде қайта қабылданады.

      14. ҰҚО ӘАОО-дан төмен үлгерімі немесе теріс себептер бойынша бұрын оқудан шығарылған адамдар ҰҚО ӘАОО-ға қайта қабылдауға жатпайды.

      15. Қайта қабылдау туралы өтініш ҰҚО ӘАОО бастығының атына кезекті академиялық кезеңнің басталуына дейін үш айдан кешіктірілмей оқуды жалғастыру ниетін білдіре отырып, беріледі. Қайта қабылдау туралы өтінішке транскрипт қоса беріледі.

      16. Білім алушы жұмыс оқу жоспарына сәйкес бірінші академиялық кезеңді бітірген жағдайда, сондай-ақ егер бакалавриат үшін жұмыс оқу жоспарындағы айырмашылық бестен көп емес оқу пәнін құраса, ЖОО кадр бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес тексеру іс-шараларын жүргізуді бастайды.

      17. Тексеру іс-шаралары дұрыс өткен кезде тексеру аяқталған күннен бастап екі апталық мерзімде оқу-әдістемелік бөлімшесі ҰҚО ӘАОО басшысының атына оқуға қайта қабылдау мүмкіндігі туралы анықтама дайындайды және оны ҰҚО ӘАОО Ғылыми кеңесіне қарауға ұсынады.

      18. ҰҚО ӘАОО Ғылыми кеңесі тексеру рәсімдерінің оң қорытындысы болған және осы Қағидалар 17-тармағының шарттары сақталған кезде ҰҚО ӘАОО жұмыс жоспарларының пәндері бойынша академиялық қарызды өтеуі туралы шешім қабылдайды.

      19. Кандидат академиялық қарызды өтеген кезде ҰҚО ӘАОО бастығының бұйрығымен оқуға қайта қабылданады.

      20. Оқудан шығарылған адамды ҰҚО ӘАОО-ға қайта қабылдау ұқсас мамандық бойынша сол курсқа жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
әскери, арнаулы оқу
орындарына ауыстыру және
қайта қабылдау қағидаларына
қосымша

      Нысан

  Бекітемін
ҰҚО ӘАОО бастығының
лауазымы

      атағы __________ тегі мен аты-жөні (бар болған жағдайда)
      20___ ж. "____" ________________
      ____________________________________________________________________
      (кандидаттың лауазымы, арнаулы немесе әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      Қазақстан Республикасы ҰҚК ________________ ауысу мүмкіндігі туралы
      (Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орнының атауы)

ҚОРЫТЫНДЫ

      Алдыңғы академиялық кезеңдерде ___________________кандидат меңгерген жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі
      академиялық айырмашылық ___ оқу пәнін құрайды.

Пәннің атауы

Ескертпе







      ҰҚО ӘАОО кадр қызметінің бастығы: __________ атағы, тегі мен аты-жөні
      ҰҚО ӘАОО оқу-әдістемелік бөлімшесінің бастығы: _______ атағы, тегі мен
      аты-жөні
      Қорытындымен таныстым: 20___ ж. "____" ________ қолы________ _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады