Жылу энергетикасы объектілерін пайдалану және олардың техникалық жай-күйі, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер бөлігінде жылу энергетикасы саласында және энергетикалық жабдықты пайдалану және олардың техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы саласында мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде қолданылатын құжаттар мен актілердің нысандарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 қазанда № 35185 болып тіркелді

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-2-бабының 3-тармағына, 6-3-бабының 3-тармағына, 6-4-бабының 13, 18 және 23-тармақтарына, "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 3-тармағына, 13-бабының 3-тармағына, 14-бабының 13, 18 және 23-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына нысандар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тексерулер тізімі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тексерулердің жылдық тізімі;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тексеруді тағайындау туралы акт;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жұмыстан тыс уақытта тексеруді жүргізу туралы бұйрық;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес тексеруді ұзарту туралы акт;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес тексеруді тоқтата тұру туралы акт;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес тексеруді қайта бастау туралы акт;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика

      және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 352 Бұйрыққа
1-қосымша

      Нысан

Қашықтан бақылау нәтижелері туралы ҚОРЫТЫНДЫ

      1. Қорытындының жасалған күні мен нөмірі

      20 __ жылғы "___" __________________ № ____

      2. Бақылау органының атауы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-2-бабының 3-тармағына, "Жылу энергетикасы туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңын 12-бабының 3-тармағына сәйкес __________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      негізінде қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды жіберіледі.

      5. Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар

Анықталған бұзушылықтар тізбесі

Бұзушылықтар анықталған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері талаптарының тармақтары

Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері

1




      6. Бақылау органы басшысының (не оны алмастыратын адамның) қолы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ____________________________________________________________________

      лауазымы (қолы)

      7. Қорытынды қолма-қол табыс етілген кезде

      Бақылау субъектісі (объектісі) өкілінің қолы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ____________________________________________________________________

      (қолы)

      ____________________________________________________________________

      (алғаны туралы белгі, қойылған күні)

      Ескертпе: Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бақылау органына қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыны табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсыну қажет.

      Бақылау субъектісі қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, қашықтан бақылауды жүргізген және қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыны жіберген бақылау органына қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 352 Бұйрыққа
2-қосымша

      Нысан

  "БЕКІТЕМІН"
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
_______________________________
(Т.А.Ә.)
_______________________________
(қолы)
20 __ жылғы "___"_______________

ТЕКСЕРУЛЕР ТІЗІМІ

      Электр энергетикасы саласындағы 20 ___ жылға арналған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) тексерулер
      жүргізудің _________________________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________________ жылдық тізімі
      (мемлекеттік органның атауы)

Тексерілетін субъектінің атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Тексерілетін мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісінің орналасқан жері

Негізгі жабдықтың тозуы және (немесе) технологиялық бұзушылықтардың саны бойынша қауіп-қатер дәрежесі

Тексерілетін объектінің атауы

Тексерілетін объектінің орналасқан жері

Өткізу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

1








  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 352 Бұйрыққа
3-қосымша

      Нысан

  "БЕКІТЕМІН"
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
_____________________________
(Т.А.Ә.)
_____________________________
(қолы)
20 __ жылғы "___"____________

ТЕКСЕРУЛЕРДІҢ ЖЫЛДЫҚ ТІЗІМІ

      Жылу энергетикасы саласындағы 20 ___ жылға арналған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) тексерулер
      жүргізудің ____________________________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________________________ жылдық тізімі
      (мемлекеттік органның атауы)

Тексерілетін субъектінің атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Тексерілетін мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісінің орналасқан жері

Негізгі жабдықтың тозуы және (немесе) технологиялық бұзушылықтардың саны бойынша қауіп-қатер дәрежесі

Тексерілетін объектінің атауы

Тексерілетін объектінің орналасқан жері

Өткізу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

1








  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 352 Бұйрыққа
4-қосымша

      Нысан

ТЕКСЕРУДІ ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ АКТ

      1. Актінің күні мен нөмірі
      20 __ жылғы "___" ________________ № ____
      2. Мемлекеттік органның атауы
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      3. Тексеруді жүргізуге уәкілеттік берілген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта
      көрсетілсе) және лауазымы
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      4. Тексеруді жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен
      ведомстволық бағынысты ұйымдардың лауазымды адамдары туралы мәліметтер (қажет болған кезде)
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      5. Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы, оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілер тізбесі
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      6. Тексеру түрі _______________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      7. Тексерудің нысанасы ________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      8. Тексеруді жүргізу мерзімі 20 ___ жылғы "___" ____________________ бастап 20 ___ жылғы "___" ___________________ дейін
      9. Тексеруді жүргізу негіздері __________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      10. Тексерілетін кезең 20 ___ жылғы "___" _______________________ бастап 20 ___ жылғы "___" ___________________ дейін
      11. Актіге қол қоюға уәкілеттік берілген лауазымды адамның қолтаңбасы
      ____________________________________________________________________
      12. Бақылау субъектісі (объектісі) басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы
      қолтаңбасы
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________

Бақылау субъектісінің (объектісінің) құқықтары мен міндеттері

6-7-бап. Бақылау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері ("Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы)

17-бап. Бақылау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері ("Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы)

1. Бақылау субъектілері (объектілері) не олардың уәкілетті адамдары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) бақылау органының тексеруді жүргізуге келген лауазымды адамдарын:
тексеруді жүргізу жиілігін сақтамаған;
тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімін ұзарту, тоқтата тұру туралы қосымша актілерде) көрсетілген тексеру мерзімдері асып кеткен не өтіп кеткен;
жасалған не әзірленіп жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызда немесе хабарда, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жолданымдарда көрсетілген уақыт аралығының шеңберінен шығатын кезеңге тексеру тағайындалған;
тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ лауазымды адамдарға тапсырылған;
тексеруді тағайындау туралы бір актіде бірнеше бақылау субъектісі (объектісі) көрсетілген;
тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асыра ұзартылған;
осы Заңда белгіленген талаптар өрескел бұзылған;
бақылау органының лауазымды адамдары осы Заңның 6-4-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетпеген жағдайларда, тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мәліметтер тексеру нысанасына, сондай-ақ тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, оларды ұсынбауға;
3) қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыға, тексеруді тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, сондай-ақ бақылау органы лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) бақылау органының немесе лауазымды адамдардың бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;
5) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ бақылау органы лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін аудио-, фото- және бейнетүсірілім көмегімен, бақылау органы лауазымды адамдарының қызметіне кедергі келтірмей тіркеп-белгілеуге;
6) үшінші тұлғаларды өз мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында мемлекеттік бақылауға қатысу үшін тартуға құқылы.
2. Бақылау субъектілері (объектілері) не олардың уәкілетті адамдары бақылау органы мемлекеттік бақылауды жүргізген кезде:
1) бақылау органы лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бақылау органының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ мемлекеттік бақылау нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
4) мемлекеттік бақылау аяқталған күні қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының, тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
5) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бақылауды жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
7) бақылау объектісіне мемлекеттік бақылауды жүргізуге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
8) бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы не оның уәкілетті адамы тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда, тексеру белгіленген мерзімдерде бақылау объектісі тұрған жерде болуға міндетті.

1. Бақылау субъектілері (объектілері) не олардың уәкілетті адамдары мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған кезде:
1) бақылау органдарының тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын мынадай жағдайларда:
тексеруді жүргізу жиілігі сақталмаған;
тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімін ұзарту, тоқтата тұру туралы қосымша актілерде) көрсетілген тексеру мерзімдері асып кеткен не өтіп кеткен;
жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызда немесе хабарда, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жолданымдарда көрсетілген уақыт аралығының шеңберінен шығатын кезеңге тексеру тағайындалған;
тексеруді жүргізу оған тиісті өкілеттіктері жоқ лауазымды адамдарға тапсырылған;
тексеруді тағайындау туралы бір актіде бірнеше бақылау субъектілері (объектілері) көрсетілген;
тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;
осы Заңда белгіленген талаптар өрескел бұзылған;
бақылау органдарының лауазымды адамдары осы Заңның 14-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетпеген жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мәліметтер тексеру нысанасына, сондай-ақ тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, оларды ұсынбауға;
3) қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыға, тексеруді тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, сондай-ақ бақылау органдарының лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) бақылау органдарының немесе лауазымды адамдардың бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;
5) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ бақылау органдары лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін бақылау органдары лауазымды адамдарының қызметіне кедергі келтірмей, аудио-, фото- және бейнетүсірілімдер көмегімен тіркеп-белгілеуге;
6) өз мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында мемлекеттік бақылауға қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
2. Бақылау субъектілері (объектілері) не олардың уәкілетті адамдары бақылау органдары мемлекеттік бақылауды жүргізген кезде:
1) бақылау органдары лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бақылау органдарының лауазымды адамдарына мемлекеттік бақылау нысанасына сәйкес қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
4) мемлекеттік бақылау аяқталған күні қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының, тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
5) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексерілетін құжаттарға мемлекеттік бақылауды жүргізу кезеңінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне жол бермеуге;
7) мемлекеттік бақылауды жүргізу үшін бақылау объектісіне келген адамдардың зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
8) бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы не оның уәкілетті адамы тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда тексеру тағайындалған мерзімдерде бақылау объектісі тұрған жерде болуға міндетті.

20 __ жылғы "___" ________________
Тексеруді тағайындау туралы № ___ актімен таныстым, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-7-бабында көзделген құқықтар мен міндеттер түсіндірілді.
Бақылау субъектісі (объектісі) өкілінің қолы_____________________________
20 __ жылғы "___" ________________

20 __ жылғы "___" ________________
Тексеруді тағайындау туралы № ___ актімен таныстым, "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көзделген құқықтар мен міндеттер түсіндірілді.
Бақылау субъектісі (объектісі) өкілінің қолы_____________________________
20 __ жылғы "___" ________________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 352 Бұйрыққа
5-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының 47-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес бұйрықтың деректемелері

      Жұмыстан тыс уақытта

      тексеруді жүргізу туралы

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
      6-4-бабының 23-тармағына, "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан
      Республикасының Заңы 14-бабының 23-тармағына сәйкес ___________________
      (негіздемесі)
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      БҰЙЫРАМЫН:
      1. 20 __ жылғы "___" _____________ № ___ тексеруді тағайындау туралы
      актінің 3-тармағында көрсетілген адамдар ________________________________
      (бақылау субъектісінің (объектісінің)
      ____________________________________________________________________
      атауы (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
      қатысты тексеруді 20 __ жылғы "___" _____________ ___ сағат ___ минуттан
      бастап 20 __ жылғы "___" _____________ ___ сағат ___ минутқа дейін
      жұмыстан тыс уақытта жүргізсін.
      Бақылау органының бірінші басшысы _____ _____________________________
      (не оны алмастыратын адам) (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 352 Бұйрыққа
6-қосымша

      Нысан

ТЕКСЕРУДІ ҰЗАРТУ ТУРАЛЫ АКТ

      1. Тексеруді ұзарту туралы актінің күні мен нөмірі

      20 __ жылғы "___" ________________ № ____

      2. Тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі

      Тексеруді тағайындау туралы акт 20 __ жылғы "___" _______________ № ____

      3. Мемлекеттік органның атауы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Тексеруді ұзарту негіздері

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-4-бабының

      8-тармағына, "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

      14-бабының 8-тармағына сәйкес ________________________________________

      (бақылау субъектісінің (объектісінің)

      ____________________________________________________________________

      атауы (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      тексеру жүргізу мерзімі _______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      байланысты 20 __ жылғы "___" _______________ дейін ұзартылады.

      5. Бақылау органы басшысының (не оны алмастыратын адамның) қолы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ____________________________________________________________________

      лауазымы (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 352 Бұйрыққа
7-қосымша

      Нысан

ТЕКСЕРУДІ ТОҚТАТА ТҰРУ ТУРАЛЫ АКТ

      1. Тексеруді тоқтата тұру туралы актінің күні мен нөмірі

      20 __ жылғы "___" ________________ № ___

      2. Тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі

      Тексеруді тағайындау туралы акт 20 __ жылғы "___" _______________ № ____

      3. Мемлекеттік органның атауы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Тексеруді тоқтата тұру негіздері

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-4-бабының

      9-тармағына, "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

      14-бабының 9-тармағына сәйкес ________________________________________

      (бақылау субъектісінің (объектісінің)

      ____________________________________________________________________

      атауы (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      қатысты тексеру 20 __ жылғы "___" _______________ бастап ________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тоқтата тұру себебі)

      байланысты тоқтатыла тұрады.

      5. Бақылау органы басшысының (не оны алмастыратын адамның) қолы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ____________________________________________________________________

      лауазымы (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 352 Бұйрыққа
8-қосымша

      Нысан

ТЕКСЕРУДІ ҚАЙТА БАСТАУ ТУРАЛЫ АКТ

      1. Тексеруді қайта бастау туралы актінің күні мен нөмірі

      20 __ жылғы "___" ________________ № ___

      2. Мемлекеттік органның атауы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Алдыңғы тексеру актілерінің тіркелген күні мен нөмірі

      Тексеруді тағайындау туралы акт 20 __ жылғы "___" _______________ № ___

      Тексеруді тоқтата тұру туралы акт 20 __ жылғы "___" ______________ № ___

      4. __________________________________________________________________

      (бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-

      ____________________________________________________________________

      сәйкестендіру нөмірі)

      қатысты тексеру "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-4-бабының 9-тармағына, "Жылу

      энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 9-тармағына сәйкес 20 __ жылғы "___"

      _______________ бастап қайта басталады.

      5. Бақылау органы басшысының (не оны алмастыратын адамның) қолы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ____________________________________________________________________

      лауазымы (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 352 Бұйрыққа
9-қосымша

      Нысан

ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АКТ

      № ____

      1. Актінің жасалған күні мен орны

      20 __ жылғы "___" ________________, жасалған орны _____________________

      ____________________________________________________________________

      2. Мемлекеттік органның атауы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болса, тексеру мерзімін ұзарту, тексеруді тоқтата тұру туралы қосымша актілердің)

      күні мен нөмірі

      Тексеруді тағайындау туралы акт 20 __ жылғы "___" ________________ № ___

      Қосымша актілер болған кезде:

      Тексеруді ұзарту туралы акт 20 __ жылғы "___" _______________ № ___

      Тексеруді тоқтата тұру туралы акт 20 __ жылғы "___" ________________ № ___

      Тексеруді қайта бастау туралы акт 20 __ жылғы "___" ________________ № ___

      4. Тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      және лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы, оның тұрған жері немесе бақылау субъектісінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол

      жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке немесе заңды тұлғаның тексеруді жүргізу кезінде қатысқан өкілінің лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Тексеру жүргізілген кезең 20 __ жылғы "___" ___________________ бастап 20 __ жылғы "___" _________________ дейін

      7. Тексерудің түрі _____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер

Анықталған бұзушылықтар тізбесі

Бұзушылықтар анықталған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері талаптарының тармақтары

1



      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын

      бұзушылықтар болмаған жағдайда тиісті жазба

      ____________________________________________________________________

      9. Тексеру нәтижелері туралы актімен танысу немесе танысудан бас тарту, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан

      адамдар туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      10. Тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ескертпе: "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-4-бабының 18-тармағына, "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 18-тармағына сәйкес бақылау субъектісі қосымша уақыт және (немесе) қаржылай шығындар қажет болған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама өзіне табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, тексеруді жүргізген бақылау органына анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдері көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, оларды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

      Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және оларды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 352 Бұйрыққа
10-қосымша

      Нысан

АНЫҚТАЛҒАН БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ НҰСҚАМА

      № ____

      1. Нұсқаманың жасалған күні мен орны

      20 __ жылғы "___" ________________, жасалған орны _____________________

      ____________________________________________________________________

      2. Мемлекеттік органның атауы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта

      көрсетілсе) және лауазымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы, оның тұрған жері немесе тексеруді жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі,

      аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе

      заңды тұлға өкілінің лауазымы (болған кезде)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі

      Тексеруді тағайындау туралы акт 20 __ жылғы "___" _______________ № ___

      тексеру жүргізілетін орны ______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      20 __ жылғы "___" _______________ бастап 20 __ жылғы "___" ______________ дейінгі кезеңде

      6. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар мен нұсқаулар және оларды жою мерзімдері

Анықталған бұзушылықтар тізбесі

Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар мен нұсқаулар

Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері

1




      7. Бақылау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы

      мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Мыналар болған кезде:
      Жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары және тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (зақымдалған жабдықты қарап-тексеру актісі, техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, регистрограмманың, осциллограмманың жазбалары, жедел журналдардан үзінді көшірмелер, түсініктеме жазбахаттар, схемалар, сызбалар, фото-, аудио- және бейнематериалдар, сауалнама парақтары және басқа да материалдар) _____ парақта.
      Ескертпе: "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-4-бабының 18-тармағына, "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 18-тармағына сәйкес бақылау субъектісі қосымша уақыт және (немесе) қаржылай шығындар қажет болған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама өзіне табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, тексеруді жүргізген бақылау органына анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдері көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, оларды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
      Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және оларды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 352 Бұйрыққа
11-қосымша

      Нысан

Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

      1. Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Жоспар жасалған күн 20 __ жылғы "___" _________________

      3. Тексеру жүргізген бақылау органының атауы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы 20 __ жылғы "___" ________________ № ___ нұсқамаға сәйкес бұзушылықтарды

      жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға сәйкес анықталған бұзушылықтар

Анықталған бұзушылықты жою жөніндегі іс-шараның атауы

Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері

1




      5. Бақылау субъектісі (объектісі) өкілінің қолы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ____________________________________________________________________

      (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады