Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 472 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 қазанда № 35193 болып тіркелді

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 35) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген);

      2) "Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бүйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 394 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7255 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 472 Бұйрықпен
бекітілген

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 35) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және:

      1) Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу;

      2) "Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртіптерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) диссертациялық кеңестер - докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы алқалы органдар;

      2) заңды тұлға - меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым;

      3) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      4) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор - ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәрежелер;

2-тарау. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу тәртібі

      3. Мемлекеттік тіркеуді "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ҰМҒТСО) жүзеге асырады.

      4. ҰМҒТСО философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу негізінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертациялар туралы ақпараттық материалдардың мемлекеттік қорын қалыптастырады, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық материалдарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      5. Жеке және заңды тұлғалар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін диссертация қорғалғаннан кейін 7 (жеті) күнтізбелік күннің ішінде ҰМҒТСО-ға мемлекеттік тіркеуге мынадай құжаттарды жолдайды:

      1) диссертациялық кеңес жұмыс істейтін ұйымның бланкіндегі ілеспе хаты;

      2) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша диссертацияның есепке алу картасы;

      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертация (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелді);

      4) қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі диссертациялық жұмыстың аннотациясы;

      5) диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектердің тізімі.

      6. ҰМҒТСО -ы жоғарыда аталған құжаттарды алғаннан кейін философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларға мемлекеттік тіркеу нөмірін береді.

      7. Диссертациялық кеңестің "ҰҒТАО" АҚ-ға ұсынған құжаттары кері қайтаруға жатпайды.

3-тарау. "Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      8. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеуді "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға көрсетеді.

      9. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін "Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8- тармағында (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттардың тізбесін көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттандыру объектісі – www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттандыру объектісі) арқылы электрондық нысанда немесе қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидалардың 2- қосымшаға сәйкес ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің әдістерін, мерзімін, нысанын, нәтижесін қоса алғанда, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптардың тізбесінде мазмұндалған.

      Мемлекеттік қызметті алуға құжаттарды беру кезінде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

      10. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы қорғаудан кейін күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік тіркеу үшін Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды жолдайды.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды тіркеу мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша бұл мерзімді философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды тіркеуді жүзеге асыратын ұйым ұзартуы мүмкін.

      Ауру, еңсерілмейтін күш мән-жайлары және адамды қызмет алуға өтініш беру мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер дәлелді себептер ретінде танылады.

      11. Өтініш келіп түскен күні көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді, қабылдайды, тіркейді және жауапты құрылымдық бөлімшенің қарауына береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттандыру объектісі арқылы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту ақпараттандыру объектісі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тексереді.

      Осы Қағидалардың талаптары орындалған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері белгіленген тәртіппен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларға мемлекеттік тіркеу нөмірін береді және осы Қағидалардың 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеу нөмірі бар диссертацияның есепке алу картасын жолдайды.

      Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушыға Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген себептерді көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды.

      Қағаз нысанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      13. Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны мен тәсілі туралы хабарлайды. Хабарлама (ескерту) көрсетілетін қызметті алушының абоненттік ұялы байланыс нөміріне немесе электрондық поштасына немесе басқа да байланыс түрлерін қолдана отырып, мәтіндік хабарлама не/немесе қоңырауды жазуды қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама дәлелді бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдайды немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды мемлекеттік тіркеуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде сұрау салынған өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      15. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі is.ncste.kz ақпараттандыру объектісінің операторын және көрсетілетін қызметті берушіні осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік акт қабылдаса немесе әкімшілік әрекетті қолданса, шағымды оны қарайтын органға жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      17. Сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Философия докторы (PhD),
бейіні бойынша доктор
дәрежесін алуға қорғалған
диссертацияларды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТАСЫ
06 Философия докторыPhD 07Профиль бойынша докторы




Қайда: 050026, Алматы қаласы,
Бөгенбай батыр көшесі, 221
+ 7 (727) 222-11-02 Ішкі.: 400, 401, 402, 419, 403, 405, 408, 409.


Шығыс №, күні



Инвентарлық №



Докторанттың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) / туған жылы

/

Қорғаған күні


Ғылыми мамандығының шифры

Мамандығының атауы

Диссертация тілі








Атауы

Ғылыми кенесшілері

Рецензенттері

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)




Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы




Ғылыми мамандығының шифры




Ұйымның толық атауы




Қаласы




Елі




Телефоны




Беттер саны



Патенттер



Жарияланым



Таратылу жағдайы Ақысыз беру

Қосым- шалар



Қолданылған әдебиеттер



Енгізу енгізілген енгізілмеген


Шығын орнын толтыртып беру





Жұмыстың мемлекеттік тіркеуі №

Бағдарламасының шифры







Докторант оқыған және диссертация орындалған ұйым туралы мәліметтер

Қаласы




Елі


Телефоны


Электрондық мекен-жайы














Ұйымның қысқаша атауы


Министрліктің (ведомствоның) қысқаша атауы






Ұйымның толық атауы



Ұйымның мекен-жайы






Диссертациялық кеңесте қорғау жүргізілген ұйым туралы мәліметтер

Қаласы




Елі


Телефоны


Электрондық мекенжайы










 
Ұйымның қысқаша атауы


 
Министрліктің (ведомствоның) қысқаша атауы




Ұйымның толық атауы



Ұйымның мекен-жайы



Диссертациялық кеңестің телефоны







      Диссертацияның атауы


      Реферат

Зерттеу нысаны:
Мақсаты:
Зерттеу әдістері:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Жұмыстың практикалық құндылығы:

Іске асырылуға ұсынылатын өнім





Базалар, дерекқор

Техникалық құжаттама
Әдістемелік құжаттама
Программалық құжаттама
Технология
Әдістер, тәсілдер
Модель

Материялдар
Қосылыстар
Препараттар
Ауыл шаруашылығы. дақылдарының сұрыптары
Ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдары
Коллекциялар

Карталар
Стандарттар, нормативтер
Техника үлгісі
Автоматтандырылған жүйе
Сериялық өнім
Басқа (көрсетіңіз)

Әмбебап ондық классификатор индексі




Атауы

Тегі, аты әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Қолы

Мөр орны (болған жағдайда)

Диссертациялық кеңестің төрағасы





Тақырыптық айдарлар коды (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы)











Түйінді сөздер

Тіркеу күні

01


02


03


04


05


  Философия докторы (PhD),
бейіні бойынша доктор
дәрежесін алуға қорғалған
диссертацияларды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
2-қосымша

"Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) электрондық нысанда ақпараттандыру объектісі – www. is. ncste. kz ақпараттық жүйесі арқылы (бұдан әрі – ақпараттандыру объектісі)
2) қағаз түрінде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі:
электрондық – 5 (бес) жұмыс күні; қағаз түрінде – 5 (бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертациялар - мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн бере отырып, диссертацияны есепке алу картасын беру немесе себептерiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызмет көрсетуден дәлелдi бас тарту

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызмет беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Ақпараттандыру объектісі: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды ұсынады (құжаттарды ақпараттандыру объектісі – www. is. ncste. kz ақпараттық жүйесі арқылы қабылдаған жағдайда құжаттар электрондық көшірмелер түрінде ұсынылады):
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) диссертациялық кеңес жұмыс істейтін ұйымның бланкіндегі ілеспе хаты;
2) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша диссертацияның есепке алу картасы;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертация (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелді);
4) қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі диссертациялық жұмыстың аннотациясы;
5) диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектердің тізімі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілер, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызмет алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы бар болған жағдайда, ақпараттандыру объектісі арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратқа ақпараттандыру объектісі арқылы көрсетілетін қызметтерді қашықтықтан қол жеткізу режимінде немесе көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сонымен қатар, "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық бөлімшелерінің байланыс телефондары:
+ 7 (727) 222-11-02 ішкі: 400, 401, 402, 419, 403, 405, 408, 409.

  Философия докторы (PhD),
бейіні бойынша доктор
дәрежесін алуға қорғалған
диссертацияларды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Кімге: ____________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы/бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
Кімнен: _____________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, дербес деректерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету кезеңіне дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруге және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді беруге келісім беремін.

      Осы мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында бұл дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған келісімсің тұрақты түрде заңды күші бар.

      Дербес деректерді трансшекаралық берудің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға бірдей қолжетімді дереккөздерде дербес деректердің таратылмағаны туралы хабарлаймын.

      Жиналатын деректердің тізбесі: Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық пошта, телефон нөмірі.

      _________ (қолы)

      _________ (күні)

  Философия докторы (PhD),
бейіні бойынша доктор
дәрежесін алуға қорғалған
диссертацияларды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Құжаттарды мемлекеттік тіркеуден дәлелді бас тарту

Атауы

Көрсетілетін қызмет алушы

Докторант

Негізгі талаптар тізбесінің 9 - тармағаның талаптары

Бас тарту негіздемесі








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады