Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 маусымда № 7014 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 472 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 01.10.2024 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 aқпандағы Заңының 4-бабының 16) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.

      2. Ғылым комитеті (Б.А. Қасымбеков):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын, аяқталған тақырыптар мен іргелі және қолданбалы зерттеулердің бағдарламаларын, қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 100 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2007 жылғы 28 наурыздағы № 4593 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жұмағұлов


  Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің
2011 жылғы 19 мамырдағы
№ 203 бұйрығымен бекітілген

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми
дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды
мемлекеттік тіркеу
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер

      1. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 aқпандағы Заңына сәйкес әзірленген және Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiркеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік тіркеуді "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" АҚ-ы (бұдан әрі - "ҰҒТАО" АҚ) жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.09.16 № 394 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      3. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу негізінде - "ҰҒТАО" АҚ-ы философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дэрежелерін алу үшін қорғалған диссертациялар туралы ақпараттық материалдардың мемлекеттік қорын қалыптастырады, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық материалдарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.09.16 № 394 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

2. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми
дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды
мемлекеттік тiркеу

      4. Диссертациялық кеңес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғалғаннан кейін жеті күнтізбелік күннің ішінде "ҰҒТАО" АҚ-ға мемлекеттік тіркеуге мынадай құжаттарды жолдайды:

      жұмыс iстейтiн диссертациялық кеңестің төрағасы немесе ғылыми хатшысы қол қойған ұйымның бланкісінде жазылған ілеспе хат;

      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Диссертацияның есептiк карточкасының екі данасы.

      Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес Диссертацияның есептiк карточкасында Ғылым салаларының, ғылыми атақтар мен дәрежелердiң және олардың қысқартуларының тізбесіне сәйкес ғылым салаларының, ғылыми атақтар мен дәрежелердiң қысқартулары қолданылады;

      диссертацияның түптелмеген түріндегі қағаз және электрондық тасымалдағыштағы бiр данасы қолданылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.09.16 № 394 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      5. "ҰҒТАО" АҚ-ы жоғарыда аталған құжаттарды алғаннан кейін философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларға мемлекеттік тіркеу нөмірін береді және жеті күнтізбелік күн ішінде диссертациялық кеңеске диссертацияның мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын хабарлама жібереді.

      Диссертациялық кеңестің "ҰҒТАО" АҚ-ға ұсынған құжаттары кері қайтаруға жатпайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.09.16 № 394 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      6. Ғылым саласындағы уәкілетті орган "ҰҒТАО" АҚ-ға ай сайын философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дэрежелер берілген тұлғалар туралы мәлімет ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.09.16 № 394 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Философия докторы (PhD), бейіні

      бойынша доктор ғылыми дәрежелерді алу

      үшін қорғалған диссертацияларды

      мемлекеттік тіркеу ережесіне

      1-Қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.09.16 № 394 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Форма

Диссертацияның есептік карточкасы

      5013 ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ

      ЕСЕПТІК КАРТОЧКАСЫ Қайда: 050096, Алматы

      Бөгенбай батыр көшесі, 221

      ҚР ҰҒТА орталығы

      06 Философия докторы (PhD) 07 бейіні бойынша доктор

      5418 Шығыс №, күні 5436 Инвентарлық № _____________

      | |

      | |

      ----------------

      6147 Докторанттың, аты, әкесінің аты/туған жылы



7434 Қорғаған күні

6444 Ғылыми мамандығының шифры

6480 Білім бойынша мамандығының

7425 Дәрежеге №

5715 Диссертация іздену тілі













Ғылыми консультант

Рецензенттер

Тегі, аты, әкесінің аты

6156



6165



Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

6255



6264



Ғылыми мамандығының шифры

6453



6462



Ұйымның қысқаша атауы

2286



2295



Қаласы

2700



2664



Елі

2808



2809



Телефоны

2907



2961




5742 Беттер саны



5472 Патенттер



5481 Жарияланымдар

7344 Енгізу



5112 Таратылу жағдайы

55 ақысыз беру

5751 Қосымшалар



5787 Қолданылған деректер



35 енгізілген

53 енгізілмеген



64 шығындардың орнын толтыртып беру


      4417 Жұмысты мемлекеттік тіркеу № 7020 Бағдарламаның шифры

      _________________________________ ___________________________

      |_________________________________| |___________________________|

      2088 Докторант білім алған және диссертация орындаған ұйым туралы мәліметтер

2484 ҚҰЖЖ коды

2781 Қаласы

2810 Елі

2988 Телефоны

3087 e-mail












2385 Ұйымның қысқаша атауы

1350 Министрліктің (ведомствоның) қысқаша атауы






2187 Ұйымның атауы




2682 Ұйымның мекен-жайы




      2034 Диссертациялық кеңесте қорғау жүргізілген ұйым туралы мәліметтер

2430 ҚҰЖЖ коды

2736 Қаласы

2811 Елі

2935 Телефоны

3033 e-mail












2331 Ұйымның қысқаша атауы

1332 Министрліктің (ведомствоның) қысқаша атауы






2304 Ұйымның атауы




2637 Ұйымның мекен-жайы




7407 Диссертациялық кеңес туралы мәліметтер

7452 Кеңестің шифры

7461 Кеңестің телефоны






      9045 Диссертацияның атауы



      9117 Реферат

(Зерттеудің нысаны және жұмыстың мақсаты. Зерттеудің әдістері. Теориялық және практикалық нәтижелері. Енгізілу дәрежесі және тиімділігі. Қолданылу саласы).








      7326 Іске асырылуға ұсынылатын өнім

02 Техникалық құжаттама

03 Әдістемелік құжаттама

04 Бағдарламалық құжаттама

05 Технология

06 Әдістер, тәсілдер

07 Модель

08 Материалдар

09 Қосылыстар

10 Препараттар

11 А.-ш. дақылдарының сұрыптары

12 А.-ш. жануарларының тұқымдары

13 Коллекциялар

14 Базалар, мәліметтер банкілері

15 Карталар

16 Стандарттар, нормативтер

45 Техника үлгісі

46 Автоматтандырылған жүйе

72 Сериялық өнім

73 Басқа (көрсетіңіз)


      ____________________________________________________

      5634 ӘОК | |

      индекстері | |


Тегі, аты, әкесінің аты

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Қолы

Мөр орны

Диссертациялық кеңестің төрағасы

6174

6273




      5616 Тақырыптық айдарлар коды (FTAMP)












5641

Түйінді сөздер

7435 Күні

01


02


03


04


05


06


Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәреже
алу үшін қорғалған диссертацияның Есептік карточкасын
толтыру тәртібі

      Диссертацияның есептік карточкасы кандидаттық және докторлық диссертация туралы машинаға бейімделген ақпараттық құжат болып табылады.

      Диссертацияның есептік карточкасын басатын компьютерлік құрылғы көмегімен бланкі үлгісінің өлшемдерін және жолдардың орналасуын міндетті түрде сақтай отырып, А4 форматты қатты ақ қағаздың екі жағына орындауға болады.

      Диссертацияның есептік карточкасын ғылыми дәрежеге докторант толтырады, және диссертацияны қорғау өткізілген жерде диссертациялық кеңестің төрағасы бекітеді.

      Диссертацияның есептік карточкасы сандық белгілер қойылған арнайы блоктарға бөлінген. Әрбір блокта деректеменің коды, сондай-ақ деректеменің мәнін жазатын жолы орналасқан деректемелік аймақ көрсетілген. Деректеме мағынасындағы жолдың коды (бұдан әрі - жолдың коды) қара түспен қоршалады, мәтін реквизит жолына басылады. Әріптері анық, қарама-қарсы, шрифтің мөлшері 12-ден кем болмауы тиіс. Рефераттың мәтіні бір жоларалық интервалмен басылады.

      Диссертацияның есептік карточкасының барлық жолдары (арнайы көрсетілген жолдарды қоспағанда) толтырылуы қажет.

      Диссертацияның есептік карточкасын толтыру кезінде мынадай мәліметтер енгізіледі.

      5013 - Диссертацияның есеп карточкасы - деректеме жолында тиісті код қоршалады:

      06 - философия докторы (PhD) есеп карточкасын ресімдегенде;

      07 - бейіні бойынша докторлық диссертацияның есеп карточкасын рәсімдегенде.

      5418 - Шығыс №, күні - диссертациялық кеңесте немесе кеңес жұмыс істейтін ұйымда тіркелген хаттың шығыс нөмірі және оның астына диссертациялық құжаттардың "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" АҚ-на жіберілген күні көрсетіледі.

      5436 - Инвентарлық № - "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" АҚ толтырады. Деректеме жолында қорға қабылданған диссертациялық құжаттардың инвентарлық нөмірі көрсетіледі.

      6147 - Докторанттың тегі, аты, әкесінің аты және туған жылы - докторанттың тегі, аты және әкесінің аты аталған тәртіппен көрсетіледі. Докторанттың тегін оның аты мен әкесінің атынан тік сызық қою арқылы бөлу қажет. Докторатнттың туған жылы сан бойынша мынадай тәртіппен беріледі: жылы, айы, күні. Мысалы: 82.01.23 (1982 жылғы 23 қаңтар).

      7434 - Қорғалған күні - диссертациялық кеңесте диссертацияның қорғалған күні көрсетіледі. Күні санмен мынадай тәртіппен беріледі: жылы, айы, күні. Мысалы: 99.03.13 (1999 жылғы 13 наурыз).

      6444 - докторантура мамандығының шифры - диссертация қорғалған сәтте қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес берілген мамандықтың шифрі көрсетіледі.

      7425 - докторантура мамандығының атауы - диссертация қорғалған сәтте қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес берілген мамандықтың атауы көрсетіледі.

      5715 - Диссертация тілі - ұсынылып отырған диссертация қай тілде орындалғандығы көрсетіледі.

      Ғылыми консультантар - деректемелер жолында ғылыми жетекші (ғылыми кеңесші) және ол қызмет атқаратын ұйым туралы мәліметтер көрсетіледі;

      6156 - Тегі, аты, әкесінің аты;

      6255 - Қосымшаға сәйкес ғылыми дәрежесінің және ғылыми атағының қысқартылған атаулары;

      6453 - ғылыми мамандықтың шифры;

      2286, 2700, 2808, 2907 - Ұйымның қысқартылған атауы, ол орналасқан қаланың атауы, елі, телефон нөмірі көрсетіледі;

      2808 - ұйым Қазақстан Республикасында орналаспаған жағдайда толтырылады.

      Резензенттер - рецензенттер және олар жұмыс істейтін ұйымдар туралы мәліметтер көрсетіледі. 6165, 6264, 6462, 2295, 2664, 2809, 2961 деректеме жолдары - 6156, 6255, 6453, 2286, 2700, 2808, 2907 деректеме жолдарындай толтырылады.

      5742 - Беттердің жалпы саны - диссертацияның барлық томдарындағы беттердің жалпы саны араб сандарымен көрсетіледі.

      5751 - Қосымшалар, 5472 - Патенттер, 5787 - Қолданылған деректер, 5481 - Жарияланымдар - диссертацияға берілген қосымшалардың; диссертацияны орындау барысында алынған патенттердің, диссертацияны дайындау барысында пайдаланылған деректердің, қорғалған диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдардың (монографиялар, окулықтар, мақалалар, препринттер, шолулар, баяндама тезистері, патенттер, депозиттік қолжазбалар) жалпы саны араб сандарымен беріледі.

      7344 - Енгізілуі - көрсетілген кодтардың біреуі қоршалады.

      5112 - Таратылу шарты - диссертация орындалған (немесе ізденуші бекітілген) ұйымның басшысы диссертацияны қандай жағдайда болмасын таратуды анықтағанда, көрсетілген жағдайларға сәйкес төмендегі кодтардың біреуі: 55 код - ақысыз беру немесе 64 код - қаржы шығындарының орнын толтыру арқылы берілетінін көрсететін кодтар қоршалады. Егер диссертация берілуге жатпайтын болса, онда 73 код қоршалады.

      4417 - Жұмысты мемлекеттік тіркеу № - нәтижелері диссертацяда пайдаланылған "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" АҚ-нда тіркелген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нөмірлері көрсетіледі.

      7020 - Бағдарламаның шифры - деректеме жолы егер диссертация ғылыми-зерттеу бағдарламалары бойынша жүргізілген жұмыстар шеңберінде орындалған болса толтырылады. Бұл ретте тапсырмалары мен кезеңдерінің нақтылауынсыз бағдарламаның шифры ғана көрсетіледі.

      2088 - Докторант білім алған және диссертация орындалған ұйым туралы мәлімет, 2484, 2781, 2810, 2988, 3087, 2385, 1350, 2187, 2682 - кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші (ҚҰЖЖ) бойынша ұйымның коды, қаласы, елі, телефоны, электрондық мекен-жайы, ұйымның қысқартылған атауы (оған берілген аты мен мемлекеттік марапаттардың көрсетілуінсіз), бағыныстылығы бойынша министрліктің (ведомствоның) қысқартылған атауы және мекен-жайы көрсетіледі.

      2034 - Диссертациялық кеңесінде қорғау жүргізілген ұйым туралы мәліметтер - 2430, 2736, 2811, 2935, 3033, 2331, 1332, 2304, 2637 деректемелер жолдары тиісінше 2088 - Докторант Докторант білім алған және диссертация орындалған ұйым туралы мәлімет.

      7407 - Диссертациялық кеңес туралы мәліметтер - 7461 кеңестің ғалым хатшысының телефоны көрсетіледі.

      9045 - Диссертацияның атауы - диссертацияның толық атауы көрсетіледі.

      9117 - Реферат - диссертация нәтижелерінің негізгі мазмұнын қысқаша түрде көрсетеді (Зерттеудің нысаны және жұмыстың мақсаты. Зерттеудің әдістері. Теориялық және практикалық нәтижелері. Енгізілу дәрежесі және тиімділігі. Қолданылу саласы).

      7326 - Іске асырылуға ұсынылатын өнім - қорғалған диссертация бойынша қолда бар тауар өніміне сәйкес жіктеуіштердің бір немесе бірнеше кодтары қоршалады. Мысалы, таратуға және өндіріске өнім шығару үшін пайдалануға дайын констукторлық және технологиялық құжаттар жиынтығы; жұмыс барысында қолдануға немесе пайдалануға дайын өнімнің (бұйымдардың, материалдардың, препараттардың) тәжірибелік үлгілері.

      5634 - Әмбебап ондық жіктеуішінің индекстері - әмбебап ондық жіктеуіш кестелері бойынша индекстер көрсетіледі.

      6174, 6273 - реквизит жолдарында диссертациялық кеңестің төрағасы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты; ғылыми дәрежесі; ғылыми атағы көрсетіледі.

      Диссертациялық кеңес төрағасының қолы кеңесінде қорғау өткізілген ұйымның мөрімен бекітіледі.

      5616 - Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық топтамасы бойынша тақырыптық айдарлар кодтары.

      5641 - Түйінді сөздерді, 7435 - Күні - "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" АҚ толтырады.

      Философия докторы (PhD), бейіні

      бойынша доктор ғылыми дәрежелерді алу

      үшін қорғалған диссертацияларды

      мемлекеттік тіркеу ережесіне

      2-Қосымша

Ғылым салаларының, ғылыми атақтар мен дәрежелердiң
және олардың қысқартуларының тізбесі

Физика-математика

ф.-м.ғ.

Химия

х.ғ.

Биология

б.ғ.

Геология-минералогия

г.-м.ғ.

Техника

тех.ғ.

Ауыл шаруашылығы

а.-ш.ғ.

Тарих

тар.ғ.

Экономика

э.ғ.

Философия

филос.ғ.

Филология

филол.ғ.

География

г.ғ.

Заң

заң ғ.

Педагогика

пед.ғ.

Медицина

мед.ғ.

Фармацевтика

фарм.ғ.

Мал дәрiгерлiгі

м.д.ғ.

Өнертану

өн.

Архитектура

арх.

Психологические

психол.ғ

Әскери

әск.ғ.

Социология

соц.ғ.

Саяси

саяси ғ.

Кандидат

к.

Доктор

д.

Философия докторы (PhD)

PhD

Профиль бойынша доктор

проф.д.

Академик

ак.

Корреспондент-мүше

корр.-м.

Профессор

проф.

Доцент

доц.

Аға ғылыми қызметкер

а.ғ.қ.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады