"Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 78 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 қазанда № 35210 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19697 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке тұлғамен микрокредит беру туралы шарт жасасқанға дейін микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғаны оның микрокредит алу үшін жүгінген тәсіліне қарамастан жылдық пайызбен сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері (микрокредиттің нақты құны), микрокредит бойынша артық төлем сомасы туралы хабардар етеді, сондай-ақ қарыз алушының осы шарт бойынша кредиттік досьесіне қоса берілетін, микроқаржы ұйымы жүзеге асырған іс-шаралар тізбесін міндетті түрде белгілей отырып, Заңның 7-бабы 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) кредиттік желі беру (ашу) туралы келісім – қарыз алушының өзіне кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімнің ажырамас бөлігі (бөліктері) болып табылатын шартта (шарттарда) микрокредит сомасы мен алу уақытын, бірақ микрокредиттер беру қағидаларында және кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімде айқындалған сома және уақыт шегінде айқындауына мүмкіндік беретін талаптармен жасалған микрокредит беру туралы шарт;

      2) шарт – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыға микрокредит беруіне негіз болатын микрокредит беру туралы шарт;

      3) микрокредит бойынша артық төлем сомасы – микрокредит мәнін қоспағанда, сыйақы сомасын, айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) қоса алғанда, қарыз алушының шарт бойынша барлық төлемдерінің сомасы;

      4) ұйым – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (микрокредиттерді беру қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард);

      5) сыйақы – ұйымға тиесілі ақшаның жылдық мөлшерінің есебінен микрокредит сомасына қатысты пайыздық көрсеткіш бойынша айқындалған, ұсынылған микрокредит үшін ақы;

      6) қоса қарыз алушы – микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауапты ретінде шарт бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға.";

      4 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шарттың жалпы талаптарында мыналар қамтылады:

      1) шарт жасасқан күн;

      2) ұйымының атауы және қарыз алушы (қоса қарыз алушы) – жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) немесе қарыз алушы (қоса қарыз алушы) – заңды тұлғаның атауы;

      3) микрокредиттің сомасы (микрокредиттің мәні), кредит желісін ұсыну (ашу) туралы келісім үшін – микрокредиттің жалпы сомасы (микрокредиттің мәні), микрокредит бойынша артық төлем сомасы, микрокредитті пайдалану мақсаты туралы мәліметтер (бар болса), бұл ретте микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төлем сомасы, микрокредиттің мәні) туралы ақпарат шарттың бірінші бетінде көрсетіледі;

      4) микрокредитті өтеу мерзімдері, кредит желісін ұсыну (ашу) туралы келісім үшін – шарттың жалпы мерзімі;

      5) шарт жасалған күнгі жағдай бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық пайызбен көрсетілген мөлшері, сондай-ақ Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (микрокредиттің нақты құнының) мөлшері;

      6) микрокредитті өтеу тәсілі: бір уақытта не бөліктермен, қолма-қол ақшамен – касса не электронды терминалдар арқылы, қолма-қол ақшасыз тәсілмен – ұйымның банктік шотының деректемелерін көрсете отырып;

      7) микрокредитті өтеу әдісі (аннуитеттік, дифференциалды немесе микрокредиттерді беру қағидаларына сәйкес басқа әдіс);

      8) микрокредит бойынша берешекті өтеу кезектілігі;

      9) негізгі борыштың уақтылы өтелмегені және сыйақының төленбегені үшін айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және мөлшері;

      10) қарыз алушының шарт бойынша міндеттемелерді (ол бар болса) орындауын қамтамасыз ету;

      11) қарыз алушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда ұйым қабылдайтын шаралар;

      12) шарттың қолданыс мерзімі;

      13) ұйымның пошталық және электрондық мекенжайы туралы ақпарат, сондай-ақ оның ресми интернет-ресурсы (ол бар болса) туралы деректер;

      14) қарыз алушы – жеке тұлғаның тіркелген жерінің не тұрғылықты жерінің мекенжайы, қарыз алушы – заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органының тіркелген жерінің не орналасқан жерінің мекенжайы;

      15) ұйым шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына қолданылатынын көздейтін талап.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Жеке тұлғамен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық бес еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде, күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі мерзімге жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит беру туралы шарттың жалпы талаптары Талаптардың 4-тармағында көрсетілген талаптардан басқа мынадай талаптарды қамтиды:

      1) микрокредит сомасын қайтару және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,3 (нөл бүтін оннан үш) пайызынан аспайды;

      2) микрокредиттің мәнін қоспағанда, микрокредит беру туралы шартта көзделген сыйақы мен айыпақы (айыппұл, өсімпұл) сомасын қоса алғанда, микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының барлық төлемдері жиынтығында микрокредит беру туралы шарттың бүкіл қолданыс кезеңі үшін берілген микрокредит сомасының жартысынан аспайды;

      3) тараптардың келісімі бойынша микрокредит беру туралы шарттың қолданыс мерзімін қолданыстағы немесе жақсартатын талаптармен күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге ұлғайтуға жол беріледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қарыз алушының құқықтары:

      1) микрокредиттер беру қағидаларымен, ұйымның микрокредиттер беру жөніндегі тарифтерімен танысу;

      2) алынған микрокредитке шартта белгіленген тәртіппен және талаптармен иелік ету;

      3) егер негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне сәйкес келген жағдайда, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны айыпақы (айыппұл, өсімпұл) төлеместен, одан кейінгі жұмыс күні төлеу;

      4) шарт бойынша берілген микрокредит сомаларын айыпақы (айыппұл, өсімпұл) төлемей, ұйымға мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтару;

      5) қарыз алушы – жеке тұлғаның шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі өту бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұйымға баруы және (немесе) жазбаша нысанда не шартта көзделген тәсілмен шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өту себептері, кірістері және оның шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне негіз болатын басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өтініш ұсынуы, оның ішінде мыналармен байланысты:

      шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту;

      негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру;

      берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгерту;

      микрокредит мерзімін өзгерту;

      мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, микрокредит бойынша айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) күшін жою;

      тараптардың келісімінде белгіленген мерзімдерде ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті кепіл берушінің дербес сатуы;

      ұйымға кепілге салынған мүлікті беру жолымен шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту ұсыну;

      сатып алушыға шарт бойынша міндеттемені бере отырып, ипотеканың мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізу;

      6) қарыз алушы – жеке тұлғаның Талаптардың 7-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацында көзделген ұйымның шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде немесе шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара тиімді шешімге қол жеткізілмеген жағдайда, бірмезгілде ұйымға хабарлай отырып, уәкілетті органға жүгіну;

      7) қарыз алушы – жеке тұлғаның Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғамен келіспеушіліктерді реттеу үшін ұйым осы қарыз алушымен жасалған шарт бойынша құқықты (талапты) басқаға берген жағдайда банк омбудсманына жүгіну;

      8) алынатын қызметтер бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде ұйымға жазбаша өтініш жасау мүмкіндігін көздейді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ұйымның міндеттері:

      1) шарт бойынша ұйым құқығының (талабының) үшінші тұлғаға өту талаптары (бұдан әрі – талап ету құқығын басқаға беру шарты) қамтылған шартты жасасу кезінде қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін):

      құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беру мүмкіндігі туралы, сондай-ақ шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерін өңдеу туралы талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалғанға дейін;

      микрокредитті өтеу бойынша бұдан былайғы төлемдердің тағайындалуын, берілген құқықтардың (талаптардың) көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының қалдықтарының және төленуге жататын басқа да сомаларды көрсете отырып, талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен құқықтың (талаптың) үшінші тұлғаға (шарт бойынша құқық (талап) өткен тұлғаның атауы және орналасқан жері) өтуі туралы хабардар етуді;

      2) қарыз алушыны шартта көзделген тәсілмен және мерзімде, бірақ мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей:

      шарт бойынша міндеттемені орындау бойынша мерзімін өткізіп алудың туындауы және хабарламада көрсетілген күні мерзімі өткен берешектің мөлшерін көрсете отырып, төлемдер енгізу қажеттілігі туралы;

      қарыз алушы-жеке тұлғаның шарт бойынша ұйымға жүгіну құқығы;

      қарыз алушының шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары жөнінде хабардар етуді көздейді.

      Шартта, егер хабарлама борышкерге шартта көзделген мынадай тәсілдердің бірімен:

      шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;

      шартта көрсетілген тұрғылықты жері бойынша оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілген болса, оның ішінде көрсетілген мекенжайда тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі алған болса;

      жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберілсе, ол жеткізілген болып есептеледі деген талап қамтылады;

      3) қарыз алушы – жеке тұлғаның өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде шарт талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарау және қарыз алушы – жеке тұлғаға жазбаша нысанда не шарт бойынша көзделген тәсілмен:

      шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісуі;

      берешекті реттеу жөніндегі өз ұсыныстары;

      бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы хабарлауды;

      4) ұйым шартта көзделген тәртіппен жақсарту талаптарын қолданған жағдайда шарт талаптарының өзгеруі туралы қарыз алушыны хабардар етуді;

      5) тараптар қол қойған микрокредитті өтеу кестесін шартқа қоса беруді көздейді.

      Қарыз алушының ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оларды төлеу мерзімінің өзгеруіне әкелетін микрокредит талаптары өзгерген жағдайда ұйым жаңа талаптар ескерілген, микрокредитті өтеудің жаңа кестесін жасайды және қарыз алушыға береді.

      Осы тармақшаның талаптары, егер микрокредитті өтеу микрокредит мерзімінің соңында біржолғы төлеммен жүзеге асырылған жағдайда, кредиттік желіні беру (ашу) туралы келісімге, сондай-ақ шартқа қолданылмайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Микрокредит беру туралы шартқа тараптар қол қойған микрокредитті өтеу кестесі қоса беріледі.

      Егер қарыз алушы (қоса қарыз алушы) жеке тұлға болып табылса, микрокредит беру күніне жасалған микрокредитті өтеу кестесінде қарыз алушының (қоса қарыз алушының) таңдалған әдіс туралы белгісі бар ұйым ұсынған микрокредитті өтеу әдістерінің тізбесі де болады.

      Микрокредитті өтеу кестесін толтыру жөніндегі талаптар микрокредитті өтеу микрокредит мерзімінің соңында біржолғы төлеммен жүзеге асырылатын шартқа қолданылмайды.";

      3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 20 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2024 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 78 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 29 қарашадағы
№ 232 қаулысына
3-қосымша
  Нысан

      ________ ж.____.____. №__________ микрокредит беру туралы шартқа ____ж.______.______. микрокредитті өтеу кестесі

      теңге

Төлем күні

Кезеңдегі төлемдер

Негізгі борыш (берешек) қалдығы

Төлем сомасы

оның ішінде


Сыйақы

Негізгі борыш

1

2

3

4

5











Жиынтығы:





Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі:

_______ пайыз

Қарыз алушы таңдаған микрокредитті өтеу әдісі

____________
(аннуитеттік, дифференциалды немесе
микроқаржы ұйымының ішкі
қағидаларына сәйкес басқа әдіс)

Ұйымның деректемелері

Қарыз алушының деректемелері

___________________
(ұйым өкілінің қолы)

_______________________
(қарыз алушының/қарыз
алушы өкілінің қолы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады