ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында:
16-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторының (ұлттық әкімшісі) ақпараттық жүйесі арқылыжеке тұлғаныңкөлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің электрондық паспорты) (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде);";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторының (ұлттық әкімшісі) ақпараттық жүйесі арқылы заңды тұлғаның көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің электрондық паспорты) (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде);";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) ЭҮП немесе ақпараттандыру объектілері арқылы тіркеу әрекеттерін жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының нотариусымен не бұрынғы және жаңа иесінің ЭЦҚ-мен куәландырылған көлiк құралына меншiк құқығын растайтын құжатты нетыйым салынған мүлікті сату нәтижелері бойынша жасалған сатып алу-сату шарттары немесе сот орындаушысының жылжымалы мүлікті өндіріп беріп, өндіріп алушыға сатусыз заттай беру туралы қаулысы;";
5, 8 және 14-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 1-тармақтың бесінші абзацынан және 2024 жылғы 20 қазаннан бастап күшіне енетін 1-тармақтың жетінші абзацын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі
|
Е. Саденов
|
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2024 жылғы 7 қазандағы № 743 бұйрығына 1-қосымша |
|
Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларына 5-қосымша |
"Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін бастапқы мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ көлік құралдарын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тіркеу туралы куәліктерді беру;
2. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тіркеу туралы куәліктер беру;
3. Көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу, есепке алу және есептен шығару туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету);
4. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін уақытша мемлекеттік тіркеу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тіркеу туралы куәліктер беру.
|
1
|
Көрсетілетінқызметтіберушініңатауы
|
Полицияның аумақтықбөліністері
|
2
|
Мемлекеттікқызметтіұсынутәсілдері
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құжаттарды қабылдау:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) ЭҮП (www. egov. kz);
3) ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік корпорация арқылы – 90 минут (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде 120 минут);
ЭҮП және өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы – 60 минут (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде 120 минут);
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз.
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
1) КҚ тіркеген кезде – КҚТК, МТНБ беру;
2) КҚ-ны есептен шығару кезінде – БАЖ тиісті мәліметтерді енгізу арқылы КҚ есептен шығару;
3) Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақтан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
1) Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 553, 615-баптарына сәйкес КҚТҚ, МТНБ бергені үшін міндетті тіркеу алымдары және мемлекеттік баж;
көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25100 тіркелген) бекітілген Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесінің негізінде есептелетін кәдеге жарату төлемі алынады;
2) КҚ есептен шығару тегін негізде жүзеге асырылады;
3) КҚ туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) кезінде:
КҚТК ауыстырған жағдайды Салық кодексінің 553 және 615-баптарына сәйкес КҚТК бергені үшін тіркеу алымы және мемлекеттік баж алынады;
Егер КҚТК ауыстыру талап етілмесе қызмет тегін негізде жүзеге асырылады.
|
7
|
Қызмет көрсетушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) Дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
2) ЭҮП,ақпараттандыру объектілері – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
1) Көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу, есепке алу және есептен шығару туралы мәліметтерді тіркеу, өзектендіру (түзету) үшін олардың иелері (иелерінің өкілдері) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
Жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін), оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды нысанда;
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұданәрі – Салық кодексі) 553 және 615-баптарына сәйкес КҚТҚ, МТНБ бергені үшін тіркеу алымдары және мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжаттарды;
көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификат;
көлік құралының электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторының ақпараттық жүйесі арқылы көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің электрондық паспорты) (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде);
ЕАЭО кеден аумағына көлік құралдарын уақытша кіргізу туралы кеден органдары берген құжаттар (уақытша әкелінген көлік құралын шектеулі мерзімге тіркеген жағдайда);
Бұрынғы КҚТҚ және МТНБ (олар болған кезде);
егер көлік құралының бұрынғы иесі заңды тұлға болып табылса, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі);
көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат;
егер көлік құралының конструкциясына оны тіркегенге дейін өзгерістер енгізілсе, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен оның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік:
көлік құралын қарап тексеру актісі ұсынылады.
2) Көлік құралдарын есептен шығару үшін олардың иелері (иелерінің өкілдері) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), оның ішінде цифрлық құжаттар сервисі арқылы электронды нысанда;
көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат;
бұрынғы КҚТҚ және МТНБ ұсынады;
3) Көлік құралдарын тіркеу үшін ЭҮП немесе ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінген кезде:
Салық кодексінің 553 және 615-баптарына сәйкес ТҚКҚ, МТНБ бергені үшін тіркеу алымдары мен мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжаттардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйесі арқылы аталған мәліметтерді алу жағдайын қоспағанда, кәдеге жарату төлемін (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде) енгізу туралы сертификаттың сканерленген көшірмелері;
көлік құралы паспортының сканерленген көшірмесі (көлік құралы шассиінің паспорты) ұсынылады. Егер көлік құралына көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің электрондық паспорты) ресімделсе, көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспорты) ұсыну талап етілмейді;
егер көлік құралының бұрынғы иесі заңды тұлға болып табылса, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрықтың (өкімнің) сканерленген көшірмесі;
көлік құралына меншік құқығын растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі ұсынылады.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған, оқылмайтын, қарындашпен орындалған, түзетулері, қосып жазылулары, сызылған сөздері, ескертілмеген түзетулері бар құжаттарды ұсынған, сондай-ақ құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) шынайылығын анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 тіркелген) Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қолжеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы;
4) айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы орындалмаған қаулы және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының деректері (көрсетілетін қызметті алушының өкілі) немесе көлік құралы іздестіру базасында болуы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризм мен экстремизді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) жаппай қырып жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушының өкілі) деректерінің болуы;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салынған (енгізілген) тіркеу әрекеттерін жасауға тыйым салу және шектеудің болуы;
8) көлік құралын басқа мемлекетте соңғы тіркелген орны бойынша (бастапқы тіркеу болған кезде) тіркеу есебінен шығармау;
9) көлік құралын бастапқы тіркеу немесе көлік құралын жасаушы салған нөмірлік агрегаттарды қолдан жасау, жасыру, өзгерту және (немесе) таңбалауды жою салдарынан көлік құралын сәйкестендіру мүмкін болмаған кезде оны қарап-тексеру үшін ұсынбау.
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктен ескере отырып өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде ЭҮП "жеке кабинеті" арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77 77 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары www. mvd. kzинтернет-ресурсында орналастырылған.
|
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2024 жылғы 7 қазандағы № 743 бұйрығына 2-қосымша |
|
Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларына 8-қосымша |
"Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Полицияның аумақтық органдары
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құжаттарды қабылдау:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) ЭҮП (www. egov. kz) арқылы жүзеге асырылады.
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік корпорация және ЭҮП арқылы Астана және Алматы қалаларыүшін 5 жұмыскүні ішінде, облыстар мен Шымкент қаласыүшін 15 жұмыскүні ішінде.
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
электронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз.
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
МТНБ телнұсқасы не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
|
6
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақтан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
2 дана – 2,8 АЕК.
1 дана – 1,4 АЕК.
|
7
|
Қызмет көрсетушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) Дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
2) ЭҮП, ақпараттандыру объектілері– жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттартізбесі
|
Мемлекеттік корпорацияға:
1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), оның ішінде цифрлық құжаттар сервисі арқылы электронды нысанда;
2) МТНБ үшін баж төлеу;
3) телнұсқа берген кезде бұрынғы МТНБ болған кезде тапсыруға жатады;
ЭҮП:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП-де электрондық-цифрлық қолтаңбасын (бұданәрі – ЭЦҚ) жандандырады, оның атына берілген МТНБ-ны таңдап, барлық деректемелік деректерді толтырады;
2) МТНБ үшін "электрондық үкімет" порталының төлем шлюзі арқылы бажды төлеудіжүргізеді;
3) бұрынғы МТНБ болған кезде ол телнұсқа берген кезде тапсыруға жатады.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бастарту үшін негіздер
|
1) тиісті өтінімді қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды ұсынбау немесе толық көлемде ұсынбау, сондай-ақ оқылмайтын, қарындашпен орындалған, түзетулері, қосып жазылулары, сызылған сөздері, сондай-ақ ескертілмеген түзетулері бар құжаттарды ұсыну;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 тіркелген) Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) ақпараттық жүйелерде мемлекеттік баж төленгені туралы мәліметтердің болмауы;
4) жүгінген адамда айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулы және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама болған жағдайда, оларды орындағанға дейін;
5) терроризм мен экстремизді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адам көлік құралдарын тіркеу органына жүгінуі;
6) иесінің (немесе оның өкілінің) және (немесе) көлік құралының іздестіруде болуы;
7) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмаған жағдайда;
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорацияарқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып өзгеде талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпараттық қашықтан қолжеткізу режимінде ҮЭП "жеке кабинеті", қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы ала алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: www.mvd.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
|
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2024 жылғы 7 қазандағы № 743 бұйрығына 3-қосымша |
|
Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына 14-қосымша |
"Жүргізуші куәлігін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Жүргізуші куәліктерін беру;
2. Алғаш рет және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін жүргізуші куәліктерін беру.
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Аумақтық полиция органдары
|
2
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) ЭҮП (www.egov.kz);
3) ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік корпорация арқылы – 120 минут;
ЭҮП, ақпараттандыруобъектілеріарқылы – 60 минут.
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз.
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Жүргізуші куәлігіне мемлекеттік қызметті көрсетуден бастарту туралы дәлелді жауап.
|
6
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алутәсілдері
|
Жүргізуші куәлігін беру үшін мемлекеттік баж – 1,25 АЕК
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпараттандыру объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) Дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
2) ЭҮП, ақпараттандыр объектілері– жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттартізбесі
|
1) Жүргізуші куәлігін беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
Жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін), оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды нысанда;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы медициналық анықтама (егер жүргізуші куәлігі оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алмастыру жүзеге асырылса, ұсынылмайды);
мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіби бірлестіктің ақпараттық жүйесі не "Автомектеп" ААЖ арқылы курстарды аяқтағаны туралы куәлікұсынылады.
2) ЭҮП, ақпараттандыру объектілері арқылы жүргізуші куәлігін беру үшін жүгінген кезде (жүргізуші куәлігін алғаш рет беру жағдайларын қоспағанда және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін):
жеке басты куәландыратын құжат, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисі арқылы электронды нысанда;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы медициналық анықтама (егер жүргізуші куәлігі оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алмастыру жүзеге асырылса, ұсынылмайды);
мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
|
9
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуүшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 тіркелген) Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыда айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулы және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама болғанда;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпараттық ашықтан қолжеткізу режимінде ЭҮП "жеке кабинеті" арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алу мүмкіндіктері бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары www.mvd.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
|