"Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 351 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35237 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16165 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (объектінің атауы, орналасқан жері немесе мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

      объектіні салуды/ қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін)

      реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) меншік иесі

      дербес ____________________________________________________

      ____________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      және/немесе ол тартқан мердігерлік ұйым

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________ жүзеге асырды.";

      (ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құрылыс/ қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) нобай (нобайлық жоба)/техникалық жоба бойынша жүзеге асырылды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (нобайды (нобайлық жобаны)/техникалық жобаны әзірлеген ұйымның атауы,

      адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)).

      Нобай (нобайлық жоба) __________________________________________

      ____________________________________________________________________

      __________________________________________________________ келісілді.";

                  (келісім хат берген ұйымның атауы, № және күні).

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Құрылысы аяқталған объектінің/ қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік талаптарға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына, келісілген нобайға (нобайлық жобаға)/техникалық жобаға сәйкестігін растау негізінде жеке меншік иесі:

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                        (объектінің атауы)

      пайдалануға ҚАБЫЛДАУДЫ шешті.";

      Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісіне 4-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2024 жылғы 8 қазандағы
№ 351 бұйрығына
қосымша
  Меншік иесінің салынған
объектіні пайдалануға
дербес қабылдау актісіне
4-қосымша

Объектінің техникалық сипаттамасы (реконструкциядан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау; тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан учаске беруді) талап етпейтін, тіреу конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін қайта жоспарлау (қайта жабдықтау)) (жеке тұрғын үйлер, көппәтерлі тұрғын үйлер, өндірістік, сауда объектілері және басқалар)

Объектінің атауы

Жалпы мәліметтер

қабаттардың саны (қабат)

пәтерлердің саны

үй-жайлардың, бөлмелердің саны

құрылыс алаңы
2)

құрылыс көлемі
3)

жалпы алаңы
2)

тұрғын алаңы
2)

тұрғын
емес үй-жайлардың алаңы (м2)

балконның, лоджияның алаңы
2)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы

Конструктивтік элементтер сипаттамасы

Жылыту түрі

Абаттандыру

іргетас

қабырғалар/қалқалар

шатыр жабыны

электрмен жабдықтау

сумен жабдықтау

ыстық сумен жабдықтау

кәріз

газбен жабдықтау

11

12

13

14

15

16

17

18

19



















      Объектінің техникалық сипатына қоса берілетін құжаттар тізімі:

      1. Жоспарлар:

      реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға)

      дейін ________________________________________________________________

      реконструкциялаудан (қайта жоспарлаудан, қайта жабдықтаудан)

      кейін ____________________________________________________________________

      Объектінің жоспарына экспликация

Қабаты

Үй-жайлардың, бөлмелердің нөмірі

Үй-жайлардың, бөлмелердің бөліктерінің нөмірі

Үй-жайлардың, бөлмелердің бөліктерінің мақсаты

Ішкі өлшем бойынша алаңы (м2), оның ішінде

жалпы

пайдалы

тұрғын

тұрғын емес

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Меншік иесі (тапсырыс беруші, құрылыс салушы)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) Мөрдің орны (бар болса)

      Жобалаушы ұйым _______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мерзімі)

      Мөрдің орны

      (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады