ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 08.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11043 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетті қамтамасыз ету қағидаларында:
12 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Бағыттарды жол бойы алып жүруге арналған күзет нарядының сандық құрамын күзет ұйымы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарды ескере отырып және "Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің адам саны нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 711 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35159 болып тіркелген) сан нормативтері шегінде айқындайды.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі