"Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 қазанда № 35246 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      "Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:
1) лицензия беру – 10 (он) жұмыс күні;
2) лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
Құжаттар толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тартуы – 2 (екі) жұмыс күні.
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензия болған кезде көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы лицензия мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 90 күн бұрын сол қызмет түріне жаңа лицензия алуға өтініш береді.
Бұл ретте жаңа лицензияның қолданылу мерзімі басталған күн қолданыстағы лицензияның мерзімі аяқталған күннен кейінгі күн болып есептеледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында (эпидемиялық маңыздылығы жоғары нысандар үшін-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы елеусіз объектілер үшін-қызметтің басталғаны туралы хабарлама) және "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 2-тармағына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласында рұқсат беру құжаттарының көшірмелерін ұсына отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін үш жұлдыздан төмен емес санаттағы қонақ үй кешенінде меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы мәліметтер (www. eli cens e. kz ақпараттық жүйесінде деректер болмаған жағдайда растайтын құжаттарды ұсыну: үш жұлдыздан төмен емес санаттағы қонақ үй кешенін аккредиттеу туралы куәлік немесе сертификат);
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты);
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған заңды тұлғалармен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (растайтын құжаттарды ұсына отырып) шарттардың болуы туралы мәліметтер;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-1-тармағына сәйкес ойын бизнесі саласында бекітілетін ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелерді қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілік қағидаларына сәйкес ойын мекемесі жұмысының ережелері;
8) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;

3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      "Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:
1) лицензия беру – 10 (он) жұмыс күні;
2) лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
Құжаттар толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тартуы – 2 (екі) жұмыс күні.
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензия болған кезде көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы лицензия мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 90 күн бұрын сол қызмет түріне жаңа лицензия алуға өтініш береді. Бұл ретте жаңа лицензияның қолданылу мерзімі басталған күн қолданыстағы лицензияның мерзімі аяқталған күннен кейінгі күн болып есептеледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      ";

      реттік нөмірі 6-жолдағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында (эпидемиялық маңыздылығы жоғары нысандар үшін-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы елеусіз объектілер үшін-қызметтің басталғаны туралы хабарлама) және "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 2-тармағына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласында рұқсат беру құжаттарының көшірмелерін ұсына отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін үш жұлдыздан төмен емес санаттағы қонақ үй кешенінде меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы мәліметтер (www. eli cens e. kz ақпараттық жүйесінде деректер болмаған жағдайда растайтын құжаттарды ұсыну: үш жұлдыздан төмен емес санаттағы қонақ үй кешенін аккредиттеу туралы куәлік немесе сертификат);
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты);
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған заңды тұлғалармен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (растайтын құжаттарды ұсына отырып) шарттардың болуы туралы мәліметтер;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-1-тармағына сәйкес ойын бизнесі саласында бекітілетін ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелерді қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілік қағидаларына сәйкес ойын мекемесі жұмысының ережелері;
8) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      "Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:
1) лицензия беру – 10 (он) жұмыс күні;
2) лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
Құжаттар толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тартуы – 2 (екі) жұмыс күні.
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензия болған кезде көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы лицензия мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 90 күн бұрын сол қызмет түріне жаңа лицензия алуға өтініш береді. Бұл ретте жаңа лицензияның қолданылу мерзімі басталған күн қолданыстағы лицензияның мерзімі аяқталған күннен кейінгі күн болып есептеледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында (эпидемиялық маңыздылығы жоғары нысандар үшін-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы елеусіз объектілер үшін-қызметтің басталғаны туралы хабарлама) және "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 2-тармағына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласында рұқсат беру құжаттарының көшірмелерін ұсына отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы мәліметтер (растайтын құжаттарды ұсына отырып);
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты);
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған заңды тұлғалармен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (растайтын құжаттарды ұсына отырып) шарттардың болуы туралы мәліметтер;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-1-тармағына сәйкес ойын бизнесі саласындағы бекітілетін букмекерлік кеңсенің жұмысының мөлшерлемелер мен өткізілетін құмар ойындарды қабылдаудың және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілік қадиғаларына сәйкес ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелерді қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қағидалары;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 40000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      "Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:
1) лицензия беру – 10 (он) жұмыс күні;
2) лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
Құжаттар толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тартуы – 2 (екі) жұмыс күні.
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензия болған кезде көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы лицензия мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 90 күн бұрын сол қызмет түріне жаңа лицензия алуға өтініш береді. Бұл ретте жаңа лицензияның қолданылу мерзімі басталған күн қолданыстағы лицензияның мерзімі аяқталған күннен кейінгі күн болып есептеледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында (эпидемиялық маңыздылығы жоғары нысандар үшін-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы елеусіз объектілер үшін-қызметтің басталғаны туралы хабарлама) және "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 2-тармағына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласында рұқсат беру құжаттарының көшірмелерін ұсына отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы мәліметтер (растайтын құжаттарды ұсына отырып);
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты);
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған заңды тұлғалармен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (растайтын құжаттарды ұсына отырып) шарттардың болуы туралы мәліметтер;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-1-тармағына сәйкес ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін тотализатордың жұмысының мөлшерлемелер мен өткізілетін құмар ойындарды қабылдаудың және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілік қадиғаларына сәйкес ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қағидалары;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 10000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрдің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт
министрі
2024 жылғы 10 қазандағы
№ 178 Қағидаларға
1-қосымша
  "Казино қызметімен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешенінде меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі казино қызметі жүзеге асыралатын, ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы мәліметтер

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі

Ғимараттың мекенжайы

Жылжымайтын мүлікке құқық беретін құжаттың атауы, күні, нөмірі

Кассалар туралы мәліметтер (саны, мекенжайы, орналасқан орны, электронды кассаның мекенжайы (болған жағдайда)

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы* және өрт қауіпсіздігі салаларында рұқсат беру құжаттарының болуы

* Ескертпе (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін-санитариялық – эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін-қызметтің басталғаны туралы хабарлама)

1

2

3

4

5

6

7

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт
министрі
2024 жылғы 10 қазандағы
№ 178 Қағидаларға
2-қосымша
  "Ойын автоматтары залы
қызметімен айналысу үшін
лицензия беру" мемлекеттік
қызметті көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешенінде меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі казино қызметі жүзеге асыралатын, ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы мәліметтер

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі

Ғимараттың мекенжайы

Жылжымайтын мүлікке құқық беретін құжаттың атауы, күні, нөмірі

Кассалар туралы мәліметтер (саны, мекенжайы, орналасқан орны, электронды кассаның мекенжайы (болған жағдайда)

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы* және өрт қауіпсіздігі салаларында рұқсат беру құжаттарының болуы

*Ескертпе (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін-санитариялық – эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін-қызметтің басталғаны туралы хабарлама)

1

2

3

4

5

6

7

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт
министрі
2024 жылғы 10 қазандағы
№ 178 Қағидаларға
3-қосымша
  "Букмекер кеңсесі қызметімен
айналысу үшін лицензия
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы мәліметтер

4-қосымша
  "Тотализатор қызметімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады