"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 қазанда № 35260 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21858 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесінде:

      3-тармақтың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек коэффициенті (бұдан әрі – ҰӘК) – өңірлік медициналық ұйымдарға ҰӘК көрсету үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға және республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығына қолданылатын коэффициент;";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әлеуметтік салықты қоса алғанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар және (немесе) жарналар, "Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 58 бұйрығымен айқындалған тәртіппен медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруға арналған шығыстар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34803 болып тіркелген);";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Айына МСАК субъектісіне БХТ-да тіркелген бекітілген бір адамға МСАК КЖН кепілдік берілген компонентінің есебі түзету коэффициенттерін ескере отырып, кешенді формула бойынша жүзеге асырылады:

      КЖНкеп.МСАК = КЖНбаз.МСАК х ЖЖК МСАК + КЖНбаз.МСАК х (Каудан тығыз. – 1) + КЖНбаз.МСАК х (К жылыту аудан – 1) + КЖНбаз.МСАК х (Кэколог. – 1) + КЖНбаз.МСАК х (Кауыл обл. – 1) + КЖНбаз.МСАК х (К ұәк – 1), мұндағы:

      КЖНбаз.МСАК – "БХТ" АЖ-да тіркелген, бекітілген бір адамға айына түзету коэффициенттерін ескерусіз айқындалған МСАК субъектілері үшін алдағы қаржы жылына арналған МСАК базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:



      КЖНкеп.МСАК (қр) – экологиялық апат аймақтарында үстемеақы төлеуге арналған қаражатты есепке алмағанда, алдағы қаржы жылына Қазақстан Республикасы бойынша айына бір тұрғынға арналған МСАК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің орташа кепілдік берілген компоненті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КЖНкеп.МСАК (қр) = (Vмсак_қр - Vжнык_қр - Vэкол_қр)/Сқр/m, мұндағы:

      Vмсак_қр – халыққа МСАК көрсету үшін Қазақстан Республикасы бойынша қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

      Vжнык_қр – республика бойынша ЖНЫК-қа республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың жылдық көлемі;

      Vэкол_қр – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын облыстар үшін экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі;

      Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

      m – МСАК-ті қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны;

      ЖЖКқр – Қазақстан Республикасы халқының жыныстық-жастық құрылымы бойынша "БХТ" АЖ деректерінің негізінде есептелген Қазақстан Республикасы деңгейінде халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖЖКқр = (ЖЖКобл. 1 + ЖЖКобл.2 +... + ЖЖКобл. i)/n, мұндағы:

      n – өңірлер саны

      ЖЖКобл. – өңір бойынша халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖЖКобл. = ∑ (Собл. k/n х ЖЖК МСАК (n))/ Собл., мұндағы:

      Собл. – "БХТ" АЖ тіркелген өңірдің бекітілген халқының саны;

      Собл. k/n – "БХТ" АЖ тіркелген жыныстық-жас тобына жататын халықтың нөмірі n, өңірдің бекітілген халық саны нөмірі k;

      ЖЖК МСАК(n) – осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес жыныстық-жастық топтың жыныстық-жастық түзету коэффициенті n нөмірі;

      МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны және халықтың жыныстық-жастық құрамы алдағы қаржы жылына арналған МСАК көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын халықты еркін бекіту науқанының нәтижелері бойынша немесе айдың соңғы күніндегі жағдайы бойынша БХТ базасынан халық бойынша деректер негізінде айқындалады.

      Ктығыз.қр – Қазақстан Республикасы бойынша халық тығыздығының орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ктығыз.қр = (Kаудан тығыз. 1 х Саудан 1+ Каудан тығыз.2 х Саудан 2 + ... + Каудан тығыз.i х Саудан i) / n, мұндағы:

      n – аудандар саны

      Каудан тығыз. – осы аудан/қала бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Каудан тығыз. = 1 + С х ҚР.тығыз./Т аудан халқ., мұндағы:

      С – республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоспағанда, аудандардың, қалалардың халық тығыздығының республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда аудандар, қалалар халқының санынан ауытқуы ескерілетін салмақ (Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентін есептеу);

      Тығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Тығыз.ҚР = Сқр/Ѕқр, мұндағы:

      Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

      Ѕқр – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес ҚР аумағының ауданы;

      Тығыз.аудан халқ. – аудан, қала тұрғындарының тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Тығыз.аудан халқ. = Саудан/Ѕаудан, мұндағы:

      Саудан – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, тиісті ауданның, қаланың барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

      Ѕаудан – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес тиісті ауданның, қаланың аумағының ауданы.

      Аудандар мен ауылдық елді мекендердегі халық тығыздығының коэффициенті 2 (екіден) артық есептелген кезде, тығыздық коэффициенті 2-ге тең.

      Моноқалаларда және шағын қалаларда халыққа қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін тығыздық коэффициенті 1,5-ға (бір жарымға) тең.

      Қала халқына қызмет көрсететін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыс орталықтарының МСАК субъектілері үшін халық тығыздығының коэффициенті 1-ге (бірге) тең.

      КҚР ауыл – Қазақстан Республикасы бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КҚР ауыл = (Кауыл обл. 1 х Собл.1 + Кауыл обл.2 х Собл.2 + ... + Кауыл обл.і х Cобл.i) / n, мұндағы:

      n – өңірлер саны

      Кауыл обл. – облыстар үшін ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кауыл обл. i = 1+0,25 х (Сауыл і/Собл.і х ЕҮауыл), мұндағы:

      ЕҮауыл – ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеуге шығындар үлесі;

      Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны (бұдан әрі – ауыл субъектісіне бекітілген халық саны).

      Собл. – "БХТ" АЖ-да тіркелген өңірдің бекітілген халық саны.

      Қала және ауыл халқына қызмет көрсететін МСАК денсаулық сақтау субъектілері үшін ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті ауыл халқының санына байланысты қолданылады, қала халқы үшін коэффициент 1-ге (бірге) тең.

      Экологиялық түзету коэффициентін Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын жұмыскерлерге қосымша үстемеақымен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілері көздейді.

      Кэколог. = (Vмсак + Vэкол.)/Vмсак

      Vмсак – медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі;

      Vэкол. – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі.

      КжылытуҚР – Қазақстан Республикасы бойынша жылыту маусымының ұзақтығын есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КжылытуҚР = (Кжылыту аудан1 х Саудан1+ Кжылыту аудан2 х Саудан2 + ... + Кжылыту аудан і х Саудан i) / n, мұндағы:

      n – аудандар саны

      Кжылыту аудан – аудан, қала (оның ішінде республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астана) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кжылыту аудан = 1 + Үжылыту аудан х (К аудан – КҚР/орташа)/КҚР /орташа, мұндағы:

      Кжылыту аудан – аудан үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

      Үжылыту – өткен жылғы тиісті ауданда, қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлемінде жылытудың жылдық көлеміне арналған шығындардың үлесі;

      Каудан – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалған аудан, қала (республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша жылыту маусымының кезеңі;

      КҚР/орташа – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КҚР/орташа = (Каудан 1 + Каудан 2 + ...+ Каудан i)/ n

      n – ҚР аудандарының саны.

      К ұәк – өңірлік медициналық ұйымдарға ҰӘК көрсету үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға және республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығына қолданылатын коэффициент, ол мынадай формулаға сәйкес айқындалады:

      К ұәк = 1 + (S іссапар шығындары + ЕАҚ тартыл. персонал)/ (V МСАК қарж.), мұндағы:

      S іссапар шығыстары – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың және республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының іссапар шығыстарына жұмсалатын шығындардың жылдық сомасы;

      ЕАҚ тартыл. персонал – басшының орынбасарының 1 штат бірлігіне, құрылымдық бөлімшелер басшыларының 3 штат бірлігіне, сарапшы дәрігердің 4 штат бірлігіне (жоғары медициналық білімі бар), дәрігер-статистің 6 штат бірлігіне, сарапшының 6 штат бірлігіне, экономистің 0,5 штат бірлігіне, заңгердің 0,5 штат бірлігіне, IT-маманның 0,5 штат бірлігіне есептегенде тартылатын персоналдың еңбегіне ақы төлеу қоры.

      V МСАК қарж. – ағымдағы жылдың бекітілген халқын ескере отырып, медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша өткен жылғы жалпы шығыстардың жылдық сомасы.";

      мынадай мазмұндағы 35-1 тармақпен толықтырылсын:

      "35-1. Кадаврды мультиағзалық ағзалар және/немесе тіндерді алуға дайындау бойынша медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерге 5 (бес) коэффициент қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Cтратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады