Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде тексеру парақтары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті
Тексеру парағы
Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде_______________________
______________________________________________________ әуежайға қатысты
(көлік саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылау субъектілерінің
(объектілерінің) біртекті тобының атауы)
Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган/ұйым
_______________________________________________
Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылауды тағайындау туралы акт
_______________________________________________________________
(№, күні)
Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде тексерілетін бақылау субъектісінің
(объектісінің) атауы____________________________________________________
Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылау субъектісінің (объектісінің)
атауы ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Орналасқан жерінің мекенжайы__________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1. | Ереженің, персоналдың лауазымдық нұсқаулықтарының, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың болуы | ||
2. | Алдыңғы тексерулердегі сәйкессіздіктер мен бұзушылықтарды жою туралы растаудың болуы | ||
3. | Әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру қағидалары бойынша нұсқаулықтың және басқа да құжаттардың болуы | ||
4. | Жолаушыларға қызмет көрсету ережелерімен танысу рәсімінің болуы | ||
5. | Орындалатын функционалға сәйкес қызметкерлерді даярлау бағдарламасының болуы | ||
6. | Әуежайда такси шақыру мүмкіндігінің болуы | ||
7. | Жолаушыларды отырғызу/түсіру және вокзал маңындағы алаңнан шығу жөніндегі операцияны жүзеге асыру үшін вокзал маңында автокөлікті тегін тұраққа қою уақытының нормасы жеткілікті болуы | ||
8. | Әуежай стандартын сақтау және автотұрақтарды бақылау. Әуежай талаптарын сақтау және олардың орындалуын бақылау | ||
9. | Әуежайда автотұрақтардың жеткілікті орындарының болуы жөніндегі талаптарды сақтау | ||
10. | Әуежай клиенттерінде тұрақ қызметтері құнының нұсқасын таңдау мүмкіндігінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
11. | Әуежайда жолаушыларды бағдарлау және оның орындалуын бақылау үшін пиктограммалар мен ақпараттық жазуларға әуежай стандартын сақтау | ||
12. |
Әуежайдың ұшу ақпараты бар ақпараттық таблоға әуежай стандартын сақтау және оның орындалуын бақылау. | ||
13. | Әуежайда жолаушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау стандартын сақтау | ||
14. | Багаж арбашалары қызметтерін ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау бойынша әуежай стандартын сақтау | ||
15. | Әуежай персоналы мен уәкілетті агенттерінің сыртқы түріне және оның орындалуын бақылауға қойылатын әуежай талаптарының стандартын сақтау | ||
16. | Әуежайдың сөйлеу мәдениеті мен тілдесу фразеологиясына, персонал мен уәкілетті агенттерді даярлау бағдарламасына, оның орындалуын бақылауға қойылатын талаптарының стандартын сақтау | ||
17. | Жеке басын куәландыратын құжатта оның деректеріне сәйкес жолаушыға отырғызу талонын беруді қамтамасыз ететін рәсімнің сақтау | ||
18. | Багажды және қол жүгін ресімдеу бойынша рәсімді сақтау (тасымалдауға тыйым салынған заттар бойынша сауалнама, қол жүгі тегтерінің болуы, багаж тегінің болуы, транзит, трансфер, бизнес және т. б.) | ||
19. | Екі жасқа дейінгі балалар, еріп жүрмейтін кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар сияқты жолаушылардың жекелеген санаттарына қызмет көрсету бойынша рәсімдерді сақтау | ||
20. | Тіркеу сөрелерінде қол жүгін тасымалдау нормасы және багажда және қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы ақпараттық тақтайшалардың болуы бойынша талаптарды сақтау. | ||
21. | Авиакомпанияның тіркеудің басталуы мен оның аяқталуының уақыт шеңберін сақтауды ұйғаратын стандартын сақтау | ||
22. | Багаждың салмағын анықтау үшін қызмет көрсету процесінде пайдаланылатын жабдықты мерзімді тексеруді және калибрлеуді және тексеру және калибрлеу жазбаларын сақтауды қамтамасыз ететін рәсімдерді сақтау | ||
23. | Әуе кемесінің бортына тиелген багажды, бортқа өтпеген тіркелген жолаушыны алу рәсімін сақтау | ||
24. | Жүктеуді бақылау қызметіне ақпарат пен деректерді беру рәсімін сақтау | ||
25. | Тәртіпті емес немесе рейс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін санаттағы жолаушыларға қызмет көрсету рәсімін сақтау | ||
26. | Тіркелген багаж ретінде, сондай-ақ әуе кемесінің салонында қаруды ресімдеу және тасымалдау рәсімін сақтау | ||
27. | Тіркелген багаж ретінде немесе ұшақ салонында тасымалдау үшін аккумуляторлардан жұмыс істейтін жүріп-тұру құралдарын қабылдау және ресімдеу рәсімін сақтау | ||
28. | Отырғызу талондарының, багаж тегтерінің және жолаушылар туралы ақпараттың сақталуын және қауіпсіз кәдеге жаратылуын қамтамасыз ету үшін рәсімнің сақталуы. | ||
29. | Ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларды тасымалдау кезінде толтыруға арналған тиісті жүк құжаттар мен нысандардың болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
30. | Әуе кемесінің бортына отырғызу басымдығы рәсімдерін сақталуы | ||
31. | Багажды беру рәсімінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
32. | Әуежай стандартын сақтау және жолаушыларға багажды беру уақытын бақылау. Рейстің ұшуы бойынша багажды алу уақыты кесте бойынша болмауы тиіс | ||
33. | Жолаушыларды уақтылы және сенімді ақпараттандыру рәсімінің болуы (қазақ және орыс тілдерінде) бойынша талаптарды сақтау | ||
34. | Әуежайдың қоғамдық тамақтандыру қызметтерін жеткізушілерге, қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарын сақтау | ||
35. | Әуежайда жолаушылар қозғалысына кедергі келтірмейтін әуежайдың барлық режимдік аймақтарында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының орналасуы бойынша талаптарды сақтау | ||
36. | Тасымалдаушыларға рейс кешіктірілген және тоқтатқан кезде жолаушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға мүмкіндік беру жөніндегі талаптарды сақтау | ||
37. | Жолаушыларға әуежайдың режимдік аймақтарында сымсыз байланыс арналарына және Интернетке тегін қол жеткізуге техникалық мүмкіндік беру жөніндегі талаптарды сақтау. Осы мәселе бойынша кәсіпорын стандартының және бақылаудың болуы | ||
38. |
Тексеру және бақылау рәсімдерінен өту алдында келу аймағында дәретхана бөлмелерінің болуы жөніндегі талаптарды сақтау. | ||
39. | Дәретхана бөлмелерін ұстауға стандарт пен бақылаудың болуы бойынша талаптарды сақтау. Дәретхана бөлмелерін тазалау кестесінің болуы бойынша талаптарды сақтау. | ||
40. | Әуежай мен аймақтың максималды өткізу қабілеттілігіне сәйкес күту аймақтарында алаңдар мен отыратын орындарды қамтамасыз етуге әуежай стандартының болуы бойынша талаптарды сақтау. | ||
41. | Аэровокзалдың барлық залдарында/аймақтарында отыратын орындардың болуы бойынша талаптарды сақтау. | ||
42. |
Жолаушылардың ұшу/келу рәсімдерінен өту уақытын реттейтін, шекара қызметімен келісілген әуежай стандартының болуы бойынша талаптарды сақтау. | ||
43. |
Аэровокзалды күтіп ұстау тазалығы стандартының болуы бойынша талаптарды сақтау. | ||
44. | Әуежайдың ауа температурасы және аэровокзалдағы үй-жайларды жарықтандыру бойынша стандартының болуы бойынша талаптарды сақтау, әуежайдағы үй-жайлардың ауа температурасы мен жарықтандыру көрсеткіштерін мониторингілеу және бақылау | ||
45. | Әуежайда жолаушыларға қызмет көрсетудің технологиялық кестесі стандартының, оның орындалуын бақылау жүйесінің болуы бойынша талаптарды сақтау. Әуежайда жолаушыларға ұшу уақыты 45 минуттан аспауы керек. Бұл уақыт стандарты жолаушылар үшін қол жетімді | ||
46. | Әуежайда жолаушыларға қызмет көрсетудің технологиялық кестесі стандартының, оның орындалуын бақылау жүйесінің болуы бойынша талаптарды сақтау. Әуежайда жолаушыларға ұшу уақыты 60 минуттан аспауы керек. Бұл уақыт стандарты жолаушылар үшін қол жетімді | ||
47. | Жоғары жайлылық залдарында: жоғары қызмет көрсету класындағы жолаушылар үшін; депутаттық залдар үшін: жоғары жайлылық залдарында жолаушылар мен авиатасымалдаушыларға қызмет көрсетуді және оларға қызмет көрсетуді айқындайтын әуежай стандарты мен жоғары жайлылық залдарының болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
48. | Әуежайдың жайлылығы жоғары залдарда жолаушыларға қызмет көрсету сапасының мониторингіне қойылатын талаптарын сақтау. Әуежай тарапынан жоғары жайлылық залдарында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылау талаптарын сақтау | ||
49. | Жолаушының жеке деректерін растау үшін цифрлық құжаттар сервисінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
50. | Уәкілетті ұйыммен келісілген формальдылықты оңайлату жөніндегі бағдарламаның болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
51. | Формальдылықты жеңілдету және жұмыс жүргізу жөніндегі әуежай комиссиясының болуы бойынша талаптарды сақтау. | ||
52. | Авиакомпаниялар мен әуежайларда халықтың жүріп – тұруы шектеулі топтарына (бұдан әрі – PRM (persons with Reduced Mobility) жататын жолаушыларға қызмет көрсетудің өздері қабылдаған қағидалары мен стандарттарына жауап беретін уәкілетті агенттердің жеке және персоналын даярлау жөніндегі бағдарламалардың болуы бойынша талаптарды сақтау. Бағдарламалар персонал санаттарының PRMs-пен тікелей өзара әрекеттесу деңгейін ескеруі керек. Бағдарламаларды мүгедектер ұйымдарының сарапшыларымен келісу | ||
53. | Әуежайдың ресми интернет парағында және анықтамалық қызметінде әуежайда PRMs қызмет көрсету шарттарында ақпараттың және оларды ұшуға дайындау бойынша ұсынымдардың болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
54. | Әуежайда PRMs қызмет көрсету сапасының стандартының, вокзал маңындағы алаңда тұрақтарға, тұрақтарға, аялдамаларға, кездесу орындарына қойылатын талаптардың; вокзал маңындағы алаңда және аэровокзалда PRMs қозғалысын ұйымдастыру схемаларының; тұрмыстық қызметтер мен сервистік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың сақталуы | ||
55. | Әуежайда PRMs қызмет көрсету сапасы стандартының, жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсету жылдамдығы мен жайлылығының; ақпараттық қызмет көрсетудің; персоналды даярлаудың болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
56. | Барлық мүдделі тұлғалардың стандартымен танысу үшін әуежайда PRMS қызмет көрсету сапасы стандартының болуы бойынша талаптарды сақтау және телефон және электрондық коммуникация құралдары бойынша қажетті консультациялар алу мүмкіндігі. PRMS қызмет көрсету және мүгедектер ұйымдары сарапшыларының орындалуын бақылау бойынша әуежай стандартын әзірлеуге тарту | ||
57. |
PRMs шығуы мен отырғызуын, PRMs тұрағының көрінетін белгісін ескере отырып, аэровокзалға кіре берістегі аймақта PRMs бар автомобильдер үшін арнайы аялдама белгілерінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
58. | PRMs шығуы мен отырғызуын, PRMs тұрағының көрінетін белгісін ескере отырып, аэровокзалға кіре берісте PRMs бар такси аялдамасының арнайы белгілерінің болуы бойынша талаптарды сақтау. PRMs аялдамасын жер деңгейінен 700-1200 м биіктікте орналасқан арнайы көмек шақыру пультімен жабдықтау. Әуежайдың интернет парағында PRMs тасымалдау үшін таксиге тапсырыс беру туралы ақпараттың болмауы | ||
59. | Аэровокзалдағы қоғамдық және жеке көліктің аялдамалары мен аялдамаларынан көшу кезінде PRMS көмек көрсету жөніндегі қызметті алудың болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
60. | Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған аэровокзал ғимаратына кіре берісте рельефті тактильді белгілердің (жолдардың), дыбыс хабарлаушының, сондай-ақ ұшу және ұшу бойынша PRMs әуежайында Кездесу орнын көрсете отырып, белгінің (лайтбокс) еден деңгейінен 2 метр 60 сантиметр деңгейінде орнатылған болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
61. | Әуежай аумағы бойынша жүріп-тұру және әуежай персоналы, әуе жолаушылар тасымалдаушысы және олардың агенттері тарапынан әуе кемесіне отырғызу кезінде PRMs көмегінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
62. | Есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін едендегі рельефті жолдар, ғимараттың рельефтік карталары мен схемасы, әуежайдың вокзал маңы аумағы бойынша және аэровокзал бойынша PRMs қозғалысын ұйымдастыру схемасы туралы ақпараттың жүгіру жолы мен жарық таблосының болуы бойынша талаптарды сақтау. PRM қозғалысына кедергілердің болмауына әуежайдың жауапты тұлғалары тарапынан тұрақты бақылау | ||
63. | Әуежайға келу және ұшу бойынша жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсетудің ресми рәсімдерінен өту кезінде әуежай персоналы, олардың уәкілетті агенттері тарапынан PRMs үшін арнайы медициналық көмектің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
64. | Әуежайдың ерекшелігін және PRMs үшін тасымалдаудың қолжетімділігін ескере отырып, әуежайдың барлық қызметтерімен және мемлекеттік бақылау органдарымен келісілген PRMs жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсетудің технологиясы мен технологиялық кестесінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
65. | Әуежайдағы барлық PRMs қызмет көрсету және күту аймақтарында PRMs үшін арнайы жабдықталған дәретхана кабиналары мен демалыс бөлмелерінің болуы бойынша талаптарды сақтау. Дәретхана кабиналары мен демалыс бөлмелеріне PRMs қозғалысына көмек көрсету. PRMs үшін дәретхана кабиналарының орналасқан жерін көрсете отырып, Брайль бойынша пиктограммалар мен көрсеткіштердің болуы бойынша талаптарды сақтау. | ||
66. | Әуежайда әуе кемесінің бортына және кері қарай PRMs тасымалдау, көтеру/түсіру үшін арнайы автокөлік пен механизмдердің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
67. | Аэровокзалда ана мен бала бөлмесінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
68. | Жолаушыларды тіркеудің автоматтандырылған жүйесінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
69. | Отырғызу талонын жолаушының жеке басын куәландыратын құжатпен салыстыру бойынша бақылаудың болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
70. | Әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету және сервис стандарттарының ережелерін тиісінше орындамау туралы уәкілетті органнан және құқық қорғау органдарынан ақпараттың болуы |
Лауазымды адам (-дар) _________________________ _______________
лауазымы қолы
______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Көлік саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылау субъектісінің басшысы
___________________________________ ___________________
лауазымы қолы
____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексеру парағы
Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде ______________________________
_______________________________________________ авиакомпанияға қатысты
(көлік саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылау субъектілерінің
(объектілерінің) біртекті тобының атауы)
Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылауды тексеруді тағайындаған
мемлекеттік орган/ұйым _______________________________________________
_____________________________________________________________________
Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде тексеруді тағайындау туралы
акт_______________________________________________________________
(№, күні)
Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде тексерілетін бақылау субъектісінің
(объектісінің) атауы____________________________________________________
Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылау субъектісінің (объектісінің)
атауы ________
_____________________________________________________________________
(Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Орналасқан жерінің мекенжайы__________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1. | Персоналдың лауазымдық нұсқаулықтарының, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
2. | Алдыңғы тексерулердің түзету әрекеттері жоспарының орындалуын тексеру және алдыңғы тексерулер кезінде анықталған сәйкессіздіктер мен бұзушылықтардың жойылғанын растау | ||
3. | Әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру қағидалары бойынша басшылықтың және басқа құжаттардың болуы жөніндегі талаптарды сақтау | ||
4. | Жеке басын куәландыратын құжатта оның деректеріне сәйкес жолаушыға отырғызу талонын беруді қамтамасыз ететін рәсімнің болуы жөніндегі талаптың сақталуы | ||
5. | Багажды және қол жүгін ресімдеу бойынша рәсімнің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
6. | Екі жасқа дейінгі балалар, еріп жүрмейтін кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар сияқты жолаушылардың жекелеген санаттарына қызмет көрсету бойынша рәсімдердің болуы жөніндегі талаптарды сақтау | ||
7. | Тіркеу сөрелерінде қол жүгін тасымалдау нормасы және багажда және қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы ақпараттық тақтайшалардың болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
8. | Тіркеу және отырғызу аймағында стандарттаушының болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
9. | Багаждың салмағын анықтау үшін қызмет көрсету процесінде пайдаланылатын жабдықты мерзімді тексеруді және калибрлеуді және тексеру және калибрлеу жазбаларын сақтауды қамтамасыз ететін рәсімнің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
10. | Әуе кемесінің бортына тиелген багажды, бортқа өтпеген тіркелген жолаушыны алу жөніндегі рәсімнің болуы жөніндегі талаптарды сақтау | ||
11. | Жүктеуді бақылау қызметіне ақпарат пен деректерді беру рәсімінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
12. | Тәртіпті емес немесе рейс қауіпсіздігі үшін қауіп төндіретін санаттағы жолаушыларға қызмет көрсету рәсімінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
13. | Тіркелген багаж ретінде, сондай-ақ әуе кемесінің салонында қаруды ресімдеу және тасымалдау рәсімінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
14. | Тіркелген багаж ретінде немесе ұшақ салонында тасымалдау үшін аккумуляторлардан жұмыс істейтін жүріп-тұру құралдарын қабылдау және ресімдеу рәсімінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
15. | Отырғызу талондарының, багаж тегтерінің және жолаушылар туралы ақпараттың сақталуын және қауіпсіз кәдеге жаратылуын қамтамасыз ету үшін рәсімнің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
16. | Ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларды тасымалдау кезінде толтыру үшін тиісті жүкқұжаттар мен нысандардың болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
17. | Әуе кемесінің бортына қонудың басымдылығын сақтау рәсімінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
18. | Багажды беру рәсімінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
19. | Жолаушыларды уақтылы және дұрыс ақпараттандыру жөніндегі талаптарды сақтау (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) | ||
20. | Қызметкерлердің және тасымалдаушының уәкілетті агенттерінің сыртқы түріне қойылатын талаптар стандартының болуы бойынша талаптарды сақтау және Стандарттың сақталуын бақылауды орындау | ||
21. | Қарым-қатынас мәдениеті мен қарым-қатынас фразеологиясы талаптарының стандартына, сондай-ақ персонал мен уәкілетті агенттерді даярлау бағдарламасына қойылатын талаптарды сақтау және стандарттың сақталуын бақылауды орындау | ||
22. | Багажды іздестіру рәсімінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
23. | Багажды тасымалдау кезінде ақаулар туралы акт (PIR – Property Irregularity Report) жасау бойынша талаптарды сақтау | ||
24. | Багаж бүлінген, кідіртілген және жоғалған жағдайда өтемақыны көздейтін рәсімнің болуы жөніндегі талапты сақтау | ||
25. | Жануарлар мен құстарды тасымалдау рәсімінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
26. | Мұзыкалық аспаптарды тасымалдау рәсімінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
27. | Авиакомпанияларда халықтың мобильділігі төмен топтарына (бұдан әрі – PRM (persons with Reduced Mobility) жататын жолаушыға (ларға) қызмет көрсетудің өздері қабылдаған қағидалары мен стандарттарына жауап беретін уәкілетті агенттердің жеке және персоналын даярлау жөніндегі бағдарламалардың болуы жөніндегі талаптарды сақтау. Бағдарламалар персонал санаттарының PRMs-пен тікелей өзара әрекеттесу деңгейін ескеруі керек. Бағдарламаларды мүгедектер ұйымдарының сарапшыларымен келісу | ||
28. | Әуежайда PRMs қызмет көрсету шарттарының ресми интернет-парағында ақпараттың болуы және оларды ұшуға дайындау бойынша ұсынымдардың болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
29. | Әуежайға келу және ұшу бойынша жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсетудің ресми рәсімдерінен өту кезінде авиакомпания персоналы, олардың уәкілетті агенттері тарапынан PRMs үшін арнайы көмектің болуы жөніндегі талаптарды сақтау | ||
30. | Жолаушыларды тіркеудің автоматтандырылған жүйесінің болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
31. | Отырғызу талонын жолаушының жеке басын куәландыратын құжатпен салыстыру бойынша бақылаудың болуы бойынша талаптарды сақтау | ||
32. | Тасымалдаушының жолаушы алдындағы міндеттерін тиісінше орындамағаны туралы уәкілетті органнан және құқық қорғау органдарынан расталған ақпараттың болуы | ||
33. | Рейстің мәртебесінің өзгеруіне байланысты, егер өзгеріс тасымалдаушының кінәсі бойынша немесе әуе кемесінің кеш келу салдарынан болса, авиакомпаниялар рейс мәртебесінің өзгергені туралы хабардар болғаннан кейін жолаушыларды билетті сатып алу кезінде көрсетілген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық пошта мекенжайы бойынша, сондай-ақ әуежайда рейс мәртебесінің өзгеру себептері және жаңа ұшу уақыты және (немесе) жаңа маршрут туралы, сондай-ақ тасымалдаушы ұсынатын қызметтер тізбесі туралы хабардар ету міндеттерін тиісінше орындау | ||
34. | Тасымалдаушының кінәсінен рейстің мәртебесі бес сағаттан астам мерзімге өзгертілген кезде, жолаушының қалауы бойынша, қызметтер көрсете отырып, жолаушыны билетте көрсетiлген межелі пунктіне дейін жақын арада ұшатын рейспен тасымалдауды қамтамасыз ету немесе билеттiң толық құнын қайтаруды ресімдей отырып міндеттерді тиісінше орындау | ||
35. | Тасымалдаушымен рейстің мәртебесі өзгерген кезде жолаушының алдында міндеттерді (кешігудің әр сағаты үшін авибилет бағасының 3 % мөлшерінде айыппұл төлеу) тиісінше орындау және қызметтер көрсету (жеті жасқа дейінгі баласы бар жолаушыға ана мен бала бөлмесін беру (бар болса), ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауы, соның ішінде халықаралық байланыс желісі арқылы немесе электрондық пошта арқылы екі хабарлама беру, салқындатқыш сусындармен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қонақүйде орналастыру, көлікпен әуежайдан қонақ үйге дейін және кері жеткізу) |
Лауазымды адам (-дар) _________________________ __________________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылау субъектісінің басшысы
___________________________________ ___________________
лауазымы қолы
________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)