БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12426 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 160-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерін айқындау әдістемесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің тиісті қаржы жылына арналған лимиті мынадай есеп-қисапқа сәйкес 3 (үш) жылдық кезеңге белгіленеді:
ScolLG < InLB * k, мұндағы:
ScolLG – жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің қабылдау лимиті мен қабылданған және өтелмеген лимитінің сомасынан тұратын жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің тиісті қаржы жылына арналған лимиті;
InLB – жергілікті атқарушы органның жалпы сипаттағы трансферттер ескерілген өз кірістерінің көлемі;
k – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін түзету коэффициенті, оның ішінде:
облыстардың жергілікті атқарушы органдары үшін k = 0,2;
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін, сондай-ақ облыстың жергілікті атқарушы органдары үшін олар аэровокзалының өткізу қабілеті сағатына кемінде 400 жолаушы болатын әуежай салу, инновациялық орталығы бар академиялық қалашық, оның ішінде ғылыми-зерттеу институтын құру жөніндегі жобаны іске асырған жағдайда k = 0,5.
Жеңіл рельсті көлік желілерін салу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ Қонаев қаласына және Алматы облысының индустриялық аймақтарына инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізу жөніндегі жобаларды дайындау және іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті асып кеткен жағдайда асып кету сомасына ұлғайтылған лимит қолданылады.
Тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті мынадай есеп-қисапқа сәйкес жүргізіледі:
LmocolLG < ScolLG – CLLG, мұндағы:
LmocolLG – тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті;
CLLG – жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылының басындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған және өтелмеген мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері.
Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелеріне, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелеріне МЖӘ туралы заңның 9-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында және 27-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында, сондай-ақ Концессиялар туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында және 14-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген мемлекеттік қолдау түрлері жатады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылының басына жергілікті атқарушы органның қабылданған және өтелмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері туралы ақпарат береді.
Егер осы лимит шеңберінде барлық сомаға міндеттемелер қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдау лимитінің төмендеуіне әкеп соғатын болжамды кірістері төмендеген жағдайда, өткен жылдың бекітілген қабылдау лимиті қолданылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі