БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31621 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес "Оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу" 4-кестемен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 есептің нысанын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы сот актілерін орындау бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АІЖОААЖ) енгізген атқарушылық құжаттарды автоматтандырылған орындау электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының (бұдан әрі – ЭАЕҚ) негізінде "Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 есептің нысанын (бұдан әрі – есеп) қалыптастыруға арналған.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшасымен толықтырылсын:
"15) Заңның 10-5-бабында көзделген негіздер бойынша оңайлатылған іс жүргізуді тоқтату;";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Есеп 4 кестеден тұрады:
1) 1-кесте "Атқарушылық құжаттардың қозғалысы" (бұдан әрі – №1 кесте)
2) 2-кесте "Атқаруға келіп түскен атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алулардың мөлшері" (бұдан әрі – 2-кесте);
3) 3-кесте "Алименттерді өндіріп алу туралы" (бұдан әрі – 3-кесте);
4) "Оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу" 4 - кесте (бұдан әрі - 4-кесте).";
мынадай мазмұнда 73-1 тармағымен толықтырылсын:
"73-1. 4-кестеде қозғалған, орындауда болған және оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде аяқталған атқарушылық құжаттардың саны, сондай-ақ олар бойынша сомалар ескеріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2024 жылғы 16 қазандағы № 129 бұйрығына қосымша/ |
|
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №3 бұйрығына қосымша |
|
нысан |
№ 4-нысан. Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы есеп
№ 4-кесте Оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу
Жол коды | Есептік кезеңнің басындағы атқарушылық іс жүргізудің қалдығы | соммасына | Есептік кезеңде қозғалған атқарушылық іс жүргізулер | соммасына | Есепті кезеңде орындауда болған атқарушылық іс жүргізулердің жалпы саны | соммасына | Іс жүргізуі есепті кезеңде аяқталған атқарушылық құжаттардың жалпы саны | соммасына | ||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |
Жеке тұлғалардың қарызын өндіріп алу туралы салық бұйрықтары | 1 | |||||||||
Сот қаулылары бойынша айыппұлдар | 2 | |||||||||
оның ішінде | Соттың әкімшілік қаулылары бойынша сот шығындары | 3 | ||||||||
Уәкілетті органның қаулылары бойынша айыппұлдар | 4 | |||||||||
Атқарушылық іс жүргізудің барлығы | 5 |
кестенің жалғасы
оның ішінде: | орындауға жеке сот орындаушысына берілді | соммасына | оның ішінде: | Есепті кезеңнің соңында орындалмаған құжаттардың қалдығы | соммасына | ||||||
толық көлемде орындалды | соммасына | уәкілетті орган күшін жойды | соммасына | заңның 10-4-бабында көзднлген мерзім аяқталды | соммасына | борышкер атқарушылық құжаттың талаптарын оңайлатылған өндірісте орындаудан бас тартты | соммасына | ||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |