"Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 28 қазандағы № 345 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 қазанда № 35298 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6649 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген барлық әуе кемелеріне мына:

      1) тану белгілері енгізіледі:

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тану белгі азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) берген UР - латын алфавитінің екі бас әріпі түріндегі белгісі;

      ою-өрнек белгілері жоқ латын алфавитінің бас әріптері қисынынан және араб цифрынан тұратын әуе кемесінің тіркеу тану белгісі.

      Тіркеу тану белгісінде Q әрпінен басталатын халықаралық сигнал кодының бес әріптік комбинациясы үшін қабылданатын әріптер комбинациясы Q-кодта пайдаланылатын үш әріптік комбинация, сондай-ақ SOS апат сигналы немесе ұқсас шұғыл сигналдар үшін қабылданатын комбинациялар қолданылмайды;

      2) қосымша белгілері.

      Бір мезгілде басқа елдердің мемлекеттік белгісін енгізуге болмайды.";

      16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мөлшерi мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерiнiң мөлшерлерiне сәйкес, фюзеляждың тұмсық бөлiгiнiң екi жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының бейнесi.

      Әуе кемесіне Мемлекеттік Тудың бейнесін салу кезінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен бекітілген бейнеге сәйкес рәміздер элементтерінің бейнесі мен орналастырылуы сақталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
С. Аблалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады