"Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 227 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 тамыздағы № 373 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 23 қазандағы № 188 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 95 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 30 қазанда № 35305 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 227 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 тамыздағы № 373 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров
     
      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 95 мен
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 23 қазандағы
№ 188 бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
ойын бизнесі туралы
заңнамасын сақтаудың тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін казино мен ойын автоматтары залдарының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесі саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі

№ р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Ойын бизнесін ұйымдастырушының ұсынылған есептілігі нысанында бейнежазба жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтердің болмауы (ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындары жазылған ақпараттың кемінде жеті тәулік сақталуын қамтамасыз ететін және құмар ойынға қатысушылардың барлығының әрекетін тіркейтін бейнежазба жүйелерімен жабдықталуы тиіс)

елеулі

2

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды белгіленген мерзімде орындамау

өрескел

Казино қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін

3

Есептік деректерде мынадай ақпаратты ұсыну туралы талаптарды сақтамау:
1) ойын жабдықтарының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
2) бейнежазба жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
3) ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәліметтер;
4) ойын үстелдерінің санының өзгеруі, лицензия алған кезде көрсетілген жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер;
5) кассалар тізімі және қызметкерлер саны туралы мәліметтер;
6) қызмет түрінен төленген салықтың жалпы сомасы туралы мәліметтер

елеулі

4

Бір казинода кемінде отыз ойын үстелін орнату жөніндегі талаптарды сақтамау

өрескел

5

Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін казинодағы қабырғаларға, терезе және есік ойықтарына орнатуға тыйым салу туралы талапты сақтамау

өрескел

6

Ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызына қатысты талаптарды сақтамау тоқсан бес пайыздан төмен емес

өрескел

7

Ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және құмар ойынға қатысушылардың барлығының әрекеттерін тіркейтін бейнежазба жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамау

өрескел

8

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптарды сақтамау, атап айтқанда:
1) Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған жағдайда өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексеруді жүзеге асыру;
2) өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне тиісті тексеру жүргізу кезінде мынадай шараларды жүзеге асыру: жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді: оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, жеке сәйкестендіру нөмірін (жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайын тіркеу; клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту;
3) ішкі бақылау қағидаларына сәйкес өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексеруді жүзеге асыру

өрескел

9

Жиырма бір жасқа дейінгі жеке тұлғалардың, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салуды сақтамау

өрескел

10

Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды сақтамау

болмашы

11

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) ұсынбау (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)

елеулі

12

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға типологияларға, қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсынбау

өрескел

13

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін оны дереу қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлау)

өрескел

14

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған, бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)

өрескел

15

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды), терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды болғызбау мақсатында ішкі бақылау қағидаларының болмауы

өрескел

16

Ішкі бақылау қағидаларында мынадай бағдарламалардың болмауы:
қаржы мониторингі субъектісінің басшы қызметкерлері немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес қаржы мониторингі субъектісінің өзге де басшылары қатарынан ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы бақылау, оның ішінде мінсіз іскерлік беделдің болуы туралы; клиенттердің тәуекелдерін және технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, қызметтерді қылмыстық мақсатта пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы; клиенттердің операцияларын бақылау және зерттеу бағдарламасы, оның ішінде клиенттердің күрделі, әдеттен тыс үлкен операцияларын зерттеу

өрескел

17

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасының болмауы

болмашы

18

Клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат бермеу жөніндегі міндеттерді орындамау

елеулі

19

Ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөнінде шаралар қолданбау және (немесе) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынбау фактілерінің болуы

өрескел

20

Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуде болжамды теріс салдардың қамтылуы болмауы

болмашы

21

Мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген тұлғалардың қатысуына салынған тыйымды орындамау

өрескел

22

Уәкілетті орган бекіткен ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларына ойын мекемесі, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының жұмыс қағидаларының сәйкес келмеуі

өрескел

Ойын автоматтары залдарының қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін

23

Есептік деректерде мынадай ақпаратты ұсыну туралы талаптарды сақтамау:
1) ойын жабдықтарының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
2) бейнежазба жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
3) ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәліметтер;
4) ойын үстелдерінің санының өзгеруі, лицензия алған кезде көрсетілген жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер;
5) кассалар тізімі және қызметкерлер саны туралы мәліметтер;
6) қызмет түрінен төленген салықтың жалпы сомасы туралы мәліметтер

елеулі

24

Ойын автоматтарын залда кемінде алпыс ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды сақтамау

өрескел

25

Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін Ойын автоматтары залдарындағы қабырғаларға, терезе және есік ойықтарына орнатуға тыйым салу туралы талапты сақтамау

өрескел

26

Ойын автоматына технологиялық тұрғыда тоқсан бес пайыздан төмен емес орналастырылған ұтыс пайызына қатысты талаптарды сақтамау

өрескел

27

Ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және құмар ойынға қатысушылардың барлығының әрекеттерін тіркейтін бейнежазба жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамау

өрескел

28

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптарды сақтамау, атап айтқанда:
1) Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған жағдайда өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексеруді жүзеге асыру;
2) өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне тиісті тексеру жүргізу кезінде мынадай шараларды жүзеге асыру: жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді: оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, жеке сәйкестендіру нөмірін (жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайын тіркеу; клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту;
3) ішкі бақылау қағидаларына сәйкес өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексеруді жүзеге асыру

өрескел

29

Жиырма бір жасқа дейінгі жеке тұлғалардың және құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың құмар ойындарға қатысуына, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген тыйым салуды сақтамау

өрескел

30

Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды сақтамау

болмашы

31

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) ұсынбау (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)

елеулі

32

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға типологияларға, қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсынбау

өрескел

33

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін оны дереу қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлау)

өрескел

34

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған, бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)

өрескел

35

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды), терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды болғызбау мақсатында ішкі бақылау қағидаларының болмауы

өрескел

36

Ішкі бақылау қағидаларында мынадай бағдарламалардың болмауы:
қаржы мониторингі субъектісінің басшы қызметкерлері немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес қаржы мониторингі субъектісінің өзге де басшылары қатарынан ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы бақылау, оның ішінде мінсіз іскерлік беделдің болуы туралы; клиенттердің тәуекелдерін және технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, қызметтерді қылмыстық мақсатта пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы; клиенттердің операцияларын бақылау және зерттеу бағдарламасы, оның ішінде клиенттердің күрделі, әдеттен тыс үлкен операцияларын зерттеу

өрескел

37

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасының болмауы

болмашы

38

Клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат бермеу жөніндегі міндеттерді орындамау

елеулі

39

Ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөнінде шаралар қолданбау және (немесе) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынбау фактілерінің болуы

өрескел

40

Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуде болжамды теріс салдардың қамтылуы болмауы

болмашы

41

Мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген тұлғалардың қатысуына салынған тыйымды орындамау

өрескел

42

Уәкілетті орган бекіткен ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларына ойын мекемесі, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының жұмыс қағидаларының сәйкес келмеуі

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 95 мен
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 23 қазандағы
№ 188 бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
ойын бизнесі туралы
заңнамасын сақтаудың тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін казино мен ойын автоматтары залдарының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесі саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі

№ р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Ойын бизнесін ұйымдастырушының ұсынған есептілігі нысанында ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәліметтердің болмауы (ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың пайызы тоқсан бес пайыздан төмен болмауы тиіс)

елеулі

2

Ойын бизнесін ұйымдастырушының ұсынған есептілігі нысанында ойын үстелдерінің санының өзгеруі, лицензия алған кезде көрсетілген жабдықты ауыстыру туралы мәліметтердің болмауы (бір казинода кемінде отыз ойын үстелі орнатылуы тиіс)

елеулі

3

Ойын бизнесін ұйымдастырушының ұсынған есептілігі нысанында ойын үстелдерінің санының өзгеруі, лицензия алған кезде көрсетілген жабдықты ауыстыру туралы мәліметтердің болмауы (ойын автоматтарының бір залында кемінде алпыс ойын автоматы орнатылуы тиіс)

елеулі

4

Ұсынылған анықтамаларда казино қызметін жүзеге асыру үшін банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша ақшаның болуы туралы мәліметтердің болмауы (міндетті резервтің мөлшері 60000 айлық есептік көрсеткіш)

өрескел

5

Ұсынылған анықтамаларда Ойын автоматтары залдарының қызметін жүзеге асыру үшін банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша ақшаның болуы туралы мәліметтердің болмауы (міндетті резервтің мөлшері 60000 айлық есептік көрсеткіш)

өрескел

6

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың уәкілетті органға банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы анықтаманы кемінде үш айда бір рет ұсынбауы

өрескел

Казино қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін

7

Казино қызметін жүзеге асыру үшін үш жұлдыздан төмен емес санаттағы қонақ үй кешенінде меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, құрылыстың бір бөлігінің) болмауы

өрескел

8

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында рұқсат беру құжатының болмауы (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін-қызметтің басталғаны туралы хабарлама)

елеулі

9

Казино қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығында ойын жабдығының болмауы

елеулі

10

Күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болмауы

болмашы

11

Казино қызметін жүзеге асыру үшін қазақ және орыс тілдерінде қолданылатын заңдастыру белгілерінің үлгілері мен номинацияларының болмауы

болмашы

12

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың казино қызметін жүзеге асыру үшін 60 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде міндетті резервтерге қойылатын талаптарды сақтамауы

өрескел

13

Ойын мекемесінде көрнекті жерде, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушының интернет-ресурсында (бар болса) орналастырылған ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және қазақ және орыс тілдерінде өткізілетін құмар ойындардың әзірленген қағидаларының болмауы, олар мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) ойын мекемесінің атауы;
2) орналасқан жері, банктік деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, интернет-ресурсы (бар болса) көрсетілген ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы;
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия, оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат;
4) құмар ойындарға шамадан тыс құмарлықтың зияны туралы ескерту;
5) құмар ойындарға қатысуды дербес шектеу тәртібі;
6) құмар ойынға қатысушыларға, сондай-ақ олардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсететін мамандардың (мекемелердің, ұйымдардың, қызметтердің) орналасқан жері мен байланыс телефондарының нөмірлері;
7) құмар ойынға қатысушының жеке басын анықтау тәртібі;
8) өткізілетін құмар ойындардың түрлері;
9) құмар ойындарда тікелей қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар;
10) ойын бизнесін ұйымдастырушының және құмар ойынға қатысушының құқықтары мен міндеттері;
11) құмар ойынға қатысу шарттары;
12) құмар ойынды, сондай-ақ ойын сессиясын өткізу тәртібі;
13) құмар ойындарда ставкаларды қабылдау шарттары;
14) құмар ойынға қатысушыға ұтыс төленуге жататын нәтиже;
15) дауларды қарау тәртібі;
16) өзге де мәліметтер

болмашы

Ойын автоматтары залдарының қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін

14

Ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздегі казино қызметі жүзеге асырылатын үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешеніндегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, құрылысжай бөліктерінің) болмауы

өрескел

15

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында рұқсат беру құжатының болмауы (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін-қызметтің басталғаны туралы хабарлама)

елеулі

16

Ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығында ойын жабдығының болмауы

елеулі

17

Күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болмауы

болмашы

18

Ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін қазақ және орыс тілдерінде қолданылатын заңдастыру белгілерінің үлгілері мен номинацияларының болмауы

болмашы

19

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін 60000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде міндетті резервтерге қойылатын талаптарды сақтамауы

өрескел

20

Ойын мекемесінде көрнекті жерде, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушының интернет-ресурсында (бар болса) орналастырылған ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және қазақ және орыс тілдерінде өткізілетін құмар ойындардың әзірленген қағидаларының болмауы, олар мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) ойын мекемесінің атауы;
2) орналасқан жері, банктік деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, интернет-ресурсы (бар болса) көрсетілген ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы;
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия, оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат;
4) құмар ойындарға шамадан тыс құмарлықтың зияны туралы ескерту;
5) құмар ойындарға қатысуды дербес шектеу тәртібі;
6) құмар ойынға қатысушыларға, сондай-ақ олардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсететін мамандардың (мекемелердің, ұйымдардың, қызметтердің) орналасқан жері мен байланыс телефондарының нөмірлері;
7) құмар ойынға қатысушының жеке басын анықтау тәртібі;
8) өткізілетін құмар ойындардың түрлері;
9) құмар ойындарда тікелей қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар;
10) ойын бизнесін ұйымдастырушының және құмар ойынға қатысушының құқықтары мен міндеттері;
11) құмар ойынға қатысу шарттары;
12) құмар ойынды, сондай-ақ ойын сессиясын өткізу тәртібі;
13) құмар ойындарда ставкаларды қабылдау шарттары;
14) құмар ойынға қатысушыға ұтыс төленуге жататын нәтиже;
15) дауларды қарау тәртібі;
16) өзге де мәліметтер

болмашы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 95 мен
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 23 қазандағы
№ 188 бірлескен бұйрыққа
3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
ойын бизнесі туралы
заңнамасын сақтаудың тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша

Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесі саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі

№ р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Ойын бизнесін ұйымдастырушының ұсынылған есептілігі нысанында бейнежазба жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтердің болмауы (букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассалары жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және бәс тігудің барлық қатысушыларының әрекеттерін тіркейтін бейнежазба жүйелерімен жабдықталуы тиіс)

елеулі

2

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды белгіленген мерзімде орындамау

өрескел

Букмекерлік кеңселердің қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін

3

Бағдарламалық қамтамасыз етумен және (немесе) жабдықты (механикалық, электрлік, электрондық немесе өзге де техникалық жабдықты) пайдалану және (немесе) оқиғаны тікелей трансляциялаудан басқа кез келген визуализациялау жолымен туындайтын оқиғаларға бәс тігуді ұйымдастыруға және жүргізуге тыйым салуды сақтамау

өрескел

4

Есептік деректерде мынадай ақпаратты ұсыну туралы талаптарды сақтамау:
1) бейнежазба жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
2) кассалар тізімі және қызметкерлер саны туралы мәліметтер;
3) қызмет түрінен төленген салықтың жалпы сомасы туралы мәліметтер

елеулі

5

Тұрғын емес үй-жайларда букмекерлік кеңселер кассаларының орналасуы бойынша талаптарды сақтамау. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады және қала маңындағы байланыс

өрескел

6

Бәс тігуге қатысушыларға нәтижесіне ставкалар жасалған оқиғаның дамуы мен нәтижесін байқауға, сондай-ақ бәс тігуге қатысушыларға букмекерлік кеңсенің электрондық кассаларына немесе қабылданған ставкалар, төленген және төленбеген ұтыстар туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін байланыс қызметтерін қоса алғанда, техникалық құралдарды ұсынуға мүмкіндік беретін жабдықты букмекерлік кеңселердің кассаларынан тыс орналастыруға тыйым салуды сақтамау

өрескел

7

Букмекерлік кеңселердің кассаларын жазылған ақпараттың кемінде жеті тәулік сақталуын қамтамасыз ететін және бәс тігудің барлық қатысушыларының әрекеттерін тіркейтін бейнежазба жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамау

өрескел

8

Жеке күзет ұйымының немесе аумақтық ішкі істер органының кезекші бөлігінің орталықтандырылған пультіне қосылған букмекерлік кеңселердің кассаларын металл есікпен, брондалған шынымен және дабыл сигнализациясымен жарақтандыру жөніндегі талаптарды сақтамау

болмашы

9

Букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін аппараттық-бағдарламалық кешен мен жабдық арқылы міндеттерін сақтамауы жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, бірыңғай есепке алуды, бәс тігуге қатысушылардың ставкаларын өңдеуді және ұтысты төлеуді жүзеге асыру және қамтамасыз ету

елеулі

10

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптарды сақтамау, атап айтқанда:
1) Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған жағдайда өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексеруді жүзеге асыру;
2) өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне тиісті тексеру жүргізу кезінде мынадай шараларды жүзеге асыру: жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді: оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, жеке сәйкестендіру нөмірін (жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайын тіркеу; клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту;
3) ішкі бақылау қағидаларына сәйкес өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексеруді жүзеге асыру

өрескел

11

Букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамауы

елеулі

12

Букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде және аккредиттелген спорт федерациялары немесе халықаралық спорт ұйымдарының, федерациялардың, комитеттердің қамқорлығымен өткізілетін спорттық жарыстар шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға ғана ставкаларды қабылдау жөніндегі талаптарын сақтамауы

өрескел

13

Букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының ставка қабылданғанға дейін қатысушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін деректерді енгізе отырып, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы бәс тігуге қатысушыны тіркеу міндетін сақтамауы

елеулі

14

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешен серверіне, атап айтқанда бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-кассалық машинаны фискалдық режиммен қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтамауы. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша болуы тиіс

өрескел

15

Букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына ұтыстар коэффициенттерін есептеуді, қабылданған ставкаларды есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды есепке алуды және олар бойынша төлемдерді аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүзеге асыру жөніндегі талапты сақтамауы

елеулі

16

Аппараттық-бағдарламалық кешеннің букмекерлік кеңселер кассаларымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың уәкілетті органға Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпарат жинауды және беруді жүзеге асыру жөніндегі талаптарды сақтамауы

өрескел

17

Жиырма бір жасқа дейінгі жеке тұлғалардың, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салуды сақтамау

өрескел

18

Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды сақтамау

болмашы

19

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) ұсынбау (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)

елеулі

20

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға типологияларға, қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсынбау

өрескел

21

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін оны дереу қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлау)

өрескел

22

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған, бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)

өрескел

23

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды), терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды болғызбау мақсатында ішкі бақылау қағидаларының болмауы

өрескел

24

Ішкі бақылау қағидаларында мынадай бағдарламалардың болмауы:
қаржы мониторингі субъектісінің басшы қызметкерлері немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес қаржы мониторингі субъектісінің өзге де басшылары қатарынан ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы бақылау, оның ішінде мінсіз іскерлік беделдің болуы туралы; клиенттердің тәуекелдерін және технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, қызметтерді қылмыстық мақсатта пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы; клиенттердің операцияларын бақылау және зерттеу бағдарламасы, оның ішінде клиенттердің күрделі, әдеттен тыс үлкен операцияларын зерттеу

өрескел

25

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасының болмауы

болмашы

26

Клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат бермеу жөніндегі міндеттерді орындамау

елеулі

27

Ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөнінде шаралар қолданбау және (немесе) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынбау фактілерінің болуы

өрескел

28

Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуде болжамды теріс салдардың қамтылуы болмауы

болмашы

29

Мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген тұлғалардың қатысуына салынған тыйымды орындамау

өрескел

30

Уәкілетті орган бекіткен ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларына букмекерлік кеңсе, мөлшерлемелер қабылдаудың және (немесе) бәс тігудің жұмыс қағидаларының сәйкес келмеуі

өрескел

Тотализаторлардың қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін

31

Бағдарламалық қамтамасыз етумен және (немесе) жабдықты (механикалық, электрлік, электрондық немесе өзге де техникалық жабдықты) пайдалану және (немесе) оқиғаны тікелей трансляциялаудан басқа кез келген визуализациялау жолымен туындайтын оқиғаларға бәс тігуді ұйымдастыруға және жүргізуге тыйым салуды сақтамау;

өрескел

32

Есептік деректерде мынадай ақпаратты ұсыну туралы талаптарды сақтамау:
1) бейнежазба жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
2) кассалар тізімі және қызметкерлер саны туралы мәліметтер;
3) қызмет түрінен төленген салықтың жалпы сомасы туралы мәліметтер

елеулі

33

Тұрғын емес үй-жайларда тотализатор кассаларының орналасуы бойынша талаптарды сақтамау. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады және қала маңындағы байланыс

өрескел

34

Бәс тігуге қатысушыларға нәтижесіне ставкалар жасалған оқиғаның дамуы мен нәтижесін байқауға, сондай-ақ бәс тігуге қатысушыларға тотализатордың электрондық кассаларына немесе қабылданған ставкалар, төленген және төленбеген ұтыстар туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін байланыс қызметтерін қоса алғанда, техникалық құралдарды ұсынуға мүмкіндік беретін жабдықты тотализаторлардың кассаларынан тыс орналастыруға тыйым салуды сақтамау

өрескел

35

Тотализатор кассаларын жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және бәс тігудің барлық қатысушыларының әрекеттерін тіркейтін бейнежазба жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамау

өрескел

36

Тотализатор кассаларын жеке күзет ұйымының немесе аумақтық ішкі істер органының кезекші бөлігінің орталықтандырылған пультіне қосылған металл есікпен, брондалған шынымен және дабыл сигнализациясымен жарақтандыру жөніндегі талаптарды сақтамау

болмашы

37

Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін аппараттық-бағдарламалық кешен мен жабдық арқылы міндеттерін сақтамауы жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, бірыңғай есепке алуды, бәс тігуге қатысушылардың ставкаларын өңдеуді және ұтысты төлеуді жүзеге асыру және қамтамасыз ету

елеулі

38

Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының ат спорты жарыстары (ат жарысы, жүгіру) және (немесе) Ит жарысы шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға ставкаларды қабылдау жөніндегі талаптарын сақтамауы

өрескел

39

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптарды сақтамау, атап айтқанда:
1) Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған жағдайда өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексеруді жүзеге асыру;
2) өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне тиісті тексеру жүргізу кезінде мынадай шараларды жүзеге асыру: жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді: оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, жеке сәйкестендіру нөмірін (жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайын тіркеу; клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту;
3) ішкі бақылау қағидаларына сәйкес өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексеруді жүзеге асыру

өрескел

40

Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамауы

елеулі

41

Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының ставка қабылданғанға дейін қатысушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін деректерді енгізе отырып, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы бәс тігуге қатысушыны тіркеуді жүргізу міндетін сақтамауы

елеулі

42

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешен серверіне, атап айтқанда бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-кассалық машинаны фискалдық режиммен қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтамауы. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша болуы тиіс

өрескел

43

Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына ұтыстар коэффициенттерін есептеуді, қабылданған ставкаларды есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды есепке алуды және олар бойынша төлемдерді аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүзеге асыру жөніндегі талапты сақтамауы

елеулі

44

Аппараттық-бағдарламалық кешеннің тотализаторлар кассаларымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі, уәкілетті органға Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпарат жинауды және беруді жүзеге асыру жөніндегі тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың талаптарын сақтамауы

өрескел

45

Жиырма бір жасқа дейінгі жеке тұлғалардың, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың бәс тігуге қатысуына тыйым салуды сақтамау

өрескел

46

Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды сақтамау

болмашы

47

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) ұсынбау (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)

елеулі

48

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға типологияларға, қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсынбау

өрескел

49

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін оны дереу қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлау)

өрескел

50

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған, бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)

өрескел

51

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды), терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды болғызбау мақсатында ішкі бақылау қағидаларының болмауы

өрескел

52

Ішкі бақылау қағидаларында мынадай бағдарламалардың болмауы:
қаржы мониторингі субъектісінің басшы қызметкерлері немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес қаржы мониторингі субъектісінің өзге де басшылары қатарынан ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы бақылау, оның ішінде мінсіз іскерлік беделдің болуы туралы; клиенттердің тәуекелдерін және технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, қызметтерді қылмыстық мақсатта пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы; клиенттердің операцияларын бақылау және зерттеу бағдарламасы, оның ішінде клиенттердің күрделі, әдеттен тыс үлкен операцияларын зерттеу

өрескел

53

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасының болмауы

болмашы

54

Клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат бермеу жөніндегі міндеттерді орындамау

елеулі

55

Ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөнінде шаралар қолданбау және (немесе) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынбау фактілерінің болуы

өрескел

56

Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуде болжамды теріс салдардың қамтылуы болмауы

болмашы

57

Мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген тұлғалардың қатысуына салынған тыйымды орындамау

өрескел

58

Уәкілетті орган бекіткен ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларына тотализаторлардың, мөлшерлемелер қабылдаудың және (немесе) бәс тігудің жұмыс қағидаларының сәйкес келмеуі

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 95 мен
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 23 қазандағы
№ 188 бірлескен бұйрыққа
4-қосымша
  Қазақстан Республикасының
ойын бизнесі туралы
заңнамасын сақтаудың тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
4-қосымша

Біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесі саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі

№ р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Ұсынылған анықтамаларда букмекерлік кеңселердің қызметін жүзеге асыру үшін банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша ақшаның болуы туралы мәліметтердің болмауы (міндетті резервтің мөлшері 40000 айлық есептік көрсеткіш)

өрескел

2

Ұсынылған анықтамаларда тотализаторлардың қызметін жүзеге асыру үшін банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша ақшаның болуы туралы мәліметтердің болмауы (міндетті резервтің мөлшері 10000 айлық есептік көрсеткіш)

өрескел

3

Ұсынылған анықтамаларда букмекерлік кеңселердің қызметін жүзеге асыру үшін банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтердің болмауы (міндетті резервтің мөлшері 40000 айлық есептік көрсеткіш)

өрескел

4

Ұсынылған анықтамаларда тотализатордың қызметін жүзеге асыру үшін банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтердің болмауы (міндетті резервтің мөлшері 10000 айлық есептік көрсеткіш)

өрескел

5

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың уәкілетті органға банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы анықтаманы кемінде үш айда бір рет ұсынбауы

өрескел

Букмекерлік кеңселердің қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін

6

Букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығында ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, құрылыстың бір бөлігінің) болмауы

өрескел

7

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында рұқсат беру құжатының болмауы (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін-қызметтің басталғаны туралы хабарлама)

елеулі

8

Қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін жабдықтың болмауы

елеулі

9

Күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болмауы

болмашы

10

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың букмекерлік кеңселердің қызметін жүзеге асыру үшін 40000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде міндетті резервтерге қойылатын талаптарды сақтамауы

өрескел

11

Букмекерлік кеңсенің кассасында, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушының интернет-ресурсында (бар болса) көрнекті жерде орналастырылған букмекерлік кеңсенің жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және қазақ және орыс тілдерінде бәс тігудің әзірленген қағидаларының болмауы, олар мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) букмекерлік кеңсенің атауы;
2) орналасқан жері, банктік деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, интернет-ресурсы (бар болса) көрсетілген ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы;
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия, оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат;
4) бәс тігудің шамадан тыс құмарлығының зияны туралы ескерту;
5) бәс тігуге қатысуды дербес шектеу тәртібі;
6) бәс тігуге қатысушыларға, сондай-ақ олардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсететін мамандардың (мекемелердің, ұйымдардың, қызметтердің) орналасқан жері және байланыс телефондарының нөмірлері;
7) бәс тігуге қатысушының жеке басын анықтау тәртібі;
8) өткізілетін бәс түрлері;
9) бәс тігуге қатысушылар бәс тігетін оқиғаның нәтижесін анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат көздерінің тізбесі;
10) бәс тігуде тікелей қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар;
11) ойын бизнесін ұйымдастырушының және бәс тігуге қатысушының құқықтары мен міндеттері;
12) бәс тігуге қатысу шарттары;
13) бәс тігу, сондай-ақ ойын сессиясын өткізу тәртібі;
14) ставкаларды бәс тігуге қабылдау шарттары;
15) бәс тігуге қатысушыға ұтыс төленуге жататын нәтиже;
16) дауларды қарау тәртібі;
17) өзге де мәліметтер.

болмашы

Тотализаторлардың қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін

12

Тотализатордың қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығында ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, құрылыстың бір бөлігінің) болмауы

өрескел

13

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында рұқсат беру құжатының болмауы (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін-қызметтің басталғаны туралы хабарлама)

елеулі

14

Тотализатордың қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығында бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін жабдықтың болмауы

елеулі

15

Күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болмауы

болмашы

16

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың 10000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тотализаторлардың қызметін жүзеге асыру үшін міндетті резервтерге қойылатын талаптарды сақтамауы

өрескел

17

Тотализатордың кассасында, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушының интернет-ресурсында (бар болса) көрнекті жерде орналастырылған, қазақ және орыс тілдерінде тотализатор жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және бәс тігудің әзірленген қағидаларының болмауы, олар мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) тотализатордың атауы;
2) орналасқан жері, банктік деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, интернет-ресурсы (бар болса) көрсетілген ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы;
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия, оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат;
4) бәс тігудің шамадан тыс құмарлығының зияны туралы ескерту;
5) бәс тігуге қатысуды дербес шектеу тәртібі;
6) бәс тігуге қатысушыларға, сондай-ақ олардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсететін мамандардың (мекемелердің, ұйымдардың, қызметтердің) орналасқан жері және байланыс телефондарының нөмірлері;
7) бәс тігуге қатысушының жеке басын анықтау тәртібі;
8) өткізілетін бәс түрлері;
9) бәс тігуге қатысушылар бәс тігетін оқиғаның нәтижесін анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат көздерінің тізбесі;
10) бәс тігуде тікелей қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар;
11) ойын бизнесін ұйымдастырушының және бәс тігуге қатысушының құқықтары мен міндеттері;
12) бәс тігуге қатысу шарттары;
13) бәс тігу, сондай-ақ ойын сессиясын өткізу тәртібі;
14) ставкаларды бәс тігуге қабылдау шарттары;
15) бәс тігуді ұйымдастырудағы делдалдығы үшін тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының сыйақысының (комиссиясының) мөлшері;
16) бәс тігуге қатысушыға ұтыс төленуге жататын нәтиже;
17) дауларды қарау тәртібі;
18) өзге де мәліметтер

болмашы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 95 мен
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 23 қазандағы
№ 188 бірлескен бұйрыққа
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 8 тамыздағы
№ 227 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 17 тамыздағы
№ 373 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Казино қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеруді / профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      _______________________________________________________________

      Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ___________________________

      (№, күні)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы

      _______________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру

      нөмірі),бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________

      _______________________________________________________________

№ p/с

Талаптар тізімі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Есептілік деректерде мынадай ақпараттарды ұсыну туралы талаптарды сақтамау:
1) ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
2) бейнежазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
3) ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәлімет;
4) лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдері санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер;
5) кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер;
6) қызмет түрінен төленген жалпы салық сомасы туралы мәліметтер



2

Бір казинода кемінде отыз ойын үстелін орнату бойынша талапты сақтамау



3

Казино ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін қабырғаларға, терезе мен есіктер ойығына монтаждауға тыйым салу туралы талапты сақтамау



4

Тоқсан бес пайыздан төмен емес ойын автоматына технологиялық салынған ұтыс пайызына қатысты талапты сақтамау



5

Жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және барлық құмар ойындарға қатысушылардың іс-қимылын жазып отыратын бейнежазба жүйелерімен ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын жабдықтау бойынша талапты сақтамау



6

Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтамау, атап айтқанда:
1) қаржылық мониторингке, оның ішінде күдікті операцияларға жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асырған жағдайда, өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерге дұрыс тексеруді жүзеге асыру;
2) өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерге дұрыс тексеру жүргізу кезінде мына шараларды жүзеге асыру: жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу, оның жеке басын куәландыратын құжаттар деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаға жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайы,меншік бенефициарын анықтау және заңды мекенжайынан басқа оны сәйкестіндіруге қажет мәліметтерді тіркеу; клиент (оның өкілі) және бенефициар меншігі туралы шынайылықты тексеру және мәліметтерді жаңарту;
3) ішкі бақылау қағидаларына сәйкес өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициар меншіктерін тиісті тексеруді жүзеге асыру



7

Жиырма бір жасқа дейінгі жеке тұлғалардың, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салуды сақтамау



8

Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды сақтамау



9

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсынбау (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)



10

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсынбау



11

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлау)



12

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)



13

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларының болмауы



14

Ішкі бақылау қағидаларында мынадай бағдарламалардың болмауы:
қаржы мониторингі субъектісінің басшы қызметкерлерінің немесе қаржы мониторингі субъектісінің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуы туралы талапты қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы;
технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы; клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы



15

Қаржы мониторингі субъектілерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасы



16

Клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындамауы



17

Ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөнінде шаралар қолданбау және (немесе) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынбау фактілерінің болуы



18

Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуде болжамды теріс салдардың қамтылуы болмауы



19

Мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген тұлғалардың қатысуына салынған тыйымды орындамау



20

Уәкілетті орган бекіткен ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларына ойын мекемесі, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының жұмыс қағидаларының сәйкес келмеуі



      Лауазымды адам (-дар)__________________________________ ______________

      лауазымы                         қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ___________________________ _____________

      лауазымы                         қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 95 мен
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 23 қазандағы
№ 188 бірлескен бұйрыққа
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 8 тамыздағы
№ 227 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 17 тамыздағы
№ 373 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Ойын автоматтары залдары қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеруді / профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      ________________________________________________________________

      Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт

      __________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы

      _______________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру

      нөмірі),бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________

      ____________________________________________________________________

№ p/с

Талаптар тізімі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Есептілік деректерде мынадай ақпараттарды ұсыну туралы талаптарды сақтамау:
1) ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
2) бейнежазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
3) ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәлімет;
4) лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдері санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер;
5) кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер;
6) қызмет түрінен төленген жалпы салық сомасы туралы мәліметтер



2

Ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматын орнату жөніндегі талапты сақтамау



3

Ойын автоматтары залдарына ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін қабырғаларға, терезе мен есіктер ойығына монтаждауға тыйым салу туралы талапты сақтамау



4

Тоқсан бес пайыздан төмен емес ойын автоматына технологиялық салынған ұтыс пайызына қатысты талапты сақтамау



5

Жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және барлық құмар ойындарға қатысушылардың іс-қимылын жазып отыратын бейнежазба жүйелерімен ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын жабдықтау бойынша талапты сақтамау



6

Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтамау, атап айтқанда:
1) қаржылық мониторингке, оның ішінде күдікті операцияларға жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асырған жағдайда, өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерге дұрыс тексеруді жүзеге асыру;
2) өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерге дұрыс тексеру жүргізу кезінде мына шараларды жүзеге асыру: жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу, оның жеке басын куәландыратын құжаттар деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаға жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайы,меншік бенефициарын анықтау және заңды мекенжайынан басқа оны сәйкестіндіруге қажет мәліметтерді тіркеу; клиент (оның өкілі) және бенефициар меншігі туралы шынайылықты тексеру және мәліметтерді жаңарту;
3) ішкі бақылау қағидаларына сәйкес өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициар меншіктерін тиісті тексеруді жүзеге асыру



7

Жиырма бір жасқа дейінгі жеке тұлғалардың, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салуды сақтамау



8

Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды сақтамау



9

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсынбау (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)



10

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсынбау



11

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлау)



12

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)



13

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларының болмауы



14

Ішкі бақылау қағидаларында мынадай бағдарламалардың болмауы:
қаржы мониторингі субъектісінің басшы қызметкерлерінің немесе қаржы мониторингі субъектісінің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуы туралы талапты қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы;
технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы; клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы



15

Қаржы мониторингі субъектілерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасы



16

Клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындамауы



17

Ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөнінде шаралар қолданбау және (немесе) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынбау фактілерінің болуы



18

Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуде болжамды теріс салдардың қамтылуы болмауы



19

Мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген тұлғалардың қатысуына салынған тыйымды орындамау



20

Уәкілетті орган бекіткен ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларына ойын мекемесі, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының жұмыс қағидаларының сәйкес келмеуі



      Лауазымды адам (-дар)__________________________________ ______________

      лауазымы                         қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ___________________________ _____________

      лауазымы                         қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 95 мен
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 23 қазандағы
№ 188 бірлескен бұйрыққа
7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 8 тамыздағы
№ 227 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 17 тамыздағы
№ 373 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Букмекерлік кеңсе қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеруді / профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      ________________________________________________________________

      Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт

      _______________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы

      _______________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру

      нөмірі),бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________

      ____________________________________________________________________

№ p/с

Талаптар тізімі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Бағдарламалық қамтылым генерациялайтын және (немесе) жабдықты (механикалық, электрлі, электрондық немесе өзге де техникалық жабдықты) пайдалану және (немесе) оқиғаны тікелей трансляциялаудан басқа, оны кез келген визуализациялау арқылы оқиғаларға бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салуды сақтамау



2

Есептілік деректерде мынадай ақпараттарды ұсыну туралы талаптарды сақтамау:
1) бейнежазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
2) кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер;
3) қызмет түрінен төленген жалпы салық сомасы туралы мәліметтер



3

Букмекерлік кеңсе касcалары тұрғын үй емес үй-жайларда орналасуы бойынша талаптардың сақтамауы. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын үй ғимараттарының) тұрғын үй емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және олардың кешендерінде, басқа коммуналдық және қойма объектілерінде, мәдени ғимараттарда (құрылыстарда), мемлекеттік органдар мен мекемелер ғимараттарында, білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау, мәдениет, әуежайлар, вокзалдар мекемелерінде, станцияларда және қалалық және қала сыртына көліктік қатынастың аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады



4

Бәс тігуге қатысушыларға өздері нәтижесіне мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен нәтижесін байқауға мүмкіндік беретін жабдықты букмекерлік кеңселердің кассаларынан тыс жерге орналастыруға, сондай-ақ бәс тігуге қатысушыларға букмекерлік кеңсенің электрондық кассаларына қол жеткізу үшін, байланыс қызметтерін қоса алғанда, техникалық құралдарды немесе қабылданған мөлшерлемелер, төленген және төленбеген ұтыстар туралы ақпарат беруге тыйым салуды сақтамау



5

Жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және барлық құмар ойындарға қатысушылардың іс-қимылын жазып отыратын бейнежазба жүйелерімен ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын жабдықтау бойынша талапты сақтамау



6

Букмекер кеңселерінің кассаларын (болған жағдайда) жеке күзет ұйымының орталықтандырылған пультіне немесе аумақтық ішкі істер органының кезекші бөліміне қосылған металл есікпен, брондалған әйнекпен және дабыл сигнализациясымен жарақтандыру жөніндегі талапты сақтамау



7

Букмекер кеңесесі қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешен мен бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық арқылы жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасын қабылдауды, бірыңғай есепке алуды және бәс тігуге қатысушылардың мөлшерлемелерін өңдеу мен ұтысты төлеуді жүзеге асыруды және қамтамасыз етуді сақтамау



8

Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтамау, атап айтқанда:
1) қаржылық мониторингке, оның ішінде күдікті операцияларға жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асырған жағдайда, өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерге дұрыс тексеруді жүзеге асыру;
2) өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерге дұрыс тексеру жүргізу кезінде мына шараларды жүзеге асыру: жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу, оның жеке басын куәландыратын құжаттар деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаға жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайы,меншік бенефициарын анықтау және заңды мекенжайынан басқа оны сәйкестіндіруге қажет мәліметтерді тіркеу; клиент (оның өкілі) және бенефициар меншігі туралы шынайылықты тексеру және мәліметтерді жаңарту;
3) ішкі бақылау қағидаларына сәйкес өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициар меншіктерін тиісті тексеруді жүзеге асыру



9

Аппараттық-бағдарламалық кешен жабдығы бойынша букмекер кеңсесінің жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылармен талапты сақтамау



10

Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылармен аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде және аккредиттелген спорт федерациялары өткізетін немесе халықаралық спорт ұйымдары, федерациялары, комитеттері аясында өткізілетін спорттық жарыстар шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға ғана мөлшерлемелер қабылдау жөніндегі талапты сақтамау



11

Букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушымен мөлшелерді қабылдағанға дейін қатысушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін деректерді енгізе отырып, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы бәс тігуге қатысушыны тіркеуді жүргізу міндетін сақтамау



12

Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларымен аппараттық-бағдарламалық кешен сервері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасының фискалдық режимімен қамтамасыз ету талабын сақтамау. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастырушы орналасқан жерде болуға тиіс



13

Букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушымен бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүзеге асыру жөніндегі талапты сақтамау



14

Ойын бизнесін ұйымдастырушыларымен букмекер кеңсесі кассаларымен аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын орындауға бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты жинауды жүзеге асыру және ұсыну бойынша талапты сақтамау



15

Жиырма бір жасқа дейінгі жеке тұлғалардың, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салуды сақтамау



16

Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды сақтамау



17

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсынбау (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)



18

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсынбау



19

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлау)



20

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)



21

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларының болмауы



22

Ішкі бақылау қағидаларында мынадай бағдарламалардың болмауы:
қаржы мониторингі субъектісінің басшы қызметкерлерінің немесе қаржы мониторингі субъектісінің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуы туралы талапты қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы;
технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы; клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы



23

Қаржы мониторингі субъектілерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасы



24

Клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындамау



25

Ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөнінде шаралар қолданбау және (немесе) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынбау фактілерінің болуы



26

Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуде болжамды теріс салдардың қамтылуы болмауы



27

Мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген тұлғалардың қатысуына салынған тыйымды орындамау



28

Уәкілетті орган бекіткен ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларына букмекерлік кеңсе, мөлшерлемелер қабылдаудың және (немесе) бәс тігудің жұмыс қағидаларының сәйкес келмеуі



      Лауазымды адам (-дар)__________________________________ ______________

      лауазымы                         қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ___________________________ _____________

      лауазымы                         қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 95 мен
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 23 қазандағы
№ 188 бірлескен бұйрыққа
8-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 8 тамыздағы
№ 227 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 17 тамыздағы
№ 373 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Тотализаторлар қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеруді / профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      ________________________________________________________________

      Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт

      _______________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы

      _______________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру

      нөмірі),бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________

      ____________________________________________________________________

№ p/с

Талаптар тізімі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Бағдарламалық қамтылым генерациялайтын және (немесе) жабдықты (механикалық, электрлі, электрондық немесе өзге де техникалық жабдықты) пайдалану және (немесе) оқиғаны тікелей трансляциялаудан басқа, оны кез келген визуализациялау арқылы оқиғаларға бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салуды сақтамау



2

Есептілік деректерде мынадай ақпараттарды ұсыну туралы талаптарды сақтамау:
1) бейнежазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
2) кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер;
3) қызмет түрінен төленген жалпы салық сомасы туралы мәліметтер



3

Тотализатор касcалары тұрғын үй емес үй-жайларда орналасуы бойынша талаптарды сақтамау. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын үй ғимараттарының) тұрғын үй емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және олардың кешендерінде, басқа коммуналдық және қойма объектілерінде, мәдени ғимараттарда (құрылыстарда), мемлекеттік органдар мен мекемелер ғимараттарында, білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау, мәдениет, әуежайлар, вокзалдар мекемелерінде, станцияларда және қалалық және қала сыртына көліктік қатынастың аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады



4

Бәс тігуге қатысушыларға өздері нәтижесіне мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен нәтижесін байқауға мүмкіндік беретін жабдықты тотализаторлардың кассаларынан тыс жерге орналастыруға, сондай-ақ бәс тігуге қатысушыларға тотатализатордың электрондық кассаларына қол жеткізу үшін, байланыс қызметтерін қоса алғанда, техникалық құралдарды немесе қабылданған мөлшерлемелер, төленген және төленбеген ұтыстар туралы ақпарат беруге тыйым салуды сақтамау



5

Жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және барлық құмар ойындарға қатысушылардың іс-қимылын жазып отыратын бейнежазба жүйелерімен тотализаторлардың кассаларыy жабдықтау бойынша талапты сақтамау



6

Тотализатордың кассаларын жеке күзет ұйымының орталықтандырылған пультіне немесе аумақтық ішкі істер органының кезекші бөліміне қосылған металл есікпен, брондалған әйнекпен және дабыл сигнализациясымен жарақтандыру жөніндегі талапты сақтамау



7

Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушымен аппараттық-бағдарламалық кешен мен бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық арқылы жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасын қабылдауды, бірыңғай есепке алуды және бәс тігуге қатысушылардың мөлшерлемелерін өңдеу мен ұтысты төлеуді жүзеге асыруды және қамтамасыз етуді сақтамау



8

Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушымен ат-спорт жарыстары (ат жарыстары, жүгіру) және (немесе) ит жарыстары шеңберінде болып жатқан алдағы нақты оқиғаларға бәс тігуді қабылдау жөніндегі талапты сақтамау



9

Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтамау, атап айтқанда:
1) қаржылық мониторингке, оның ішінде күдікті операцияларға жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асырған жағдайда, өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерге дұрыс тексеруді жүзеге асыру;
2) өз клиенттері (олардың өкілдері) мен бенефициарлық меншіктерге дұрыс тексеру жүргізу кезінде мына шараларды жүзеге асыру: жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу, оның жеке басын куәландыратын құжаттар деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаға жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайы,меншік бенефициарын анықтау және заңды мекенжайынан басқа оны сәйкестіндіруге қажет мәліметтерді тіркеу; клиент (оның өкілі) және бенефициар меншігі туралы шынайылықты тексеру және мәліметтерді жаңарту;
3) ішкі бақылау қағидаларына сәйкес өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициар меншіктерін тиісті тексеруді жүзеге асыру



10

Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықталуына қойылатын талапты сақтамау



11

Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушымен мөлшелерді қабылдағанға дейін қатысушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін деректерді енгізе отырып, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы бәс тігуге қатысушыны тіркеуді жүргізу міндеттемесін сақтамау



12

Тотализатор кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылармен аппараттық-бағдарламалық кешен сервері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасының фискалдық режимімен қамтамасыз ету талабын сақтамау. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастырушы орналасқан жерде болуға тиіс



13

Бәс тігуді аяқтау нұсқаларына ұтыс коэффициенттер есебін, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыс есебін, ұтыстарды есепке алуды және оларды төлеуді жүзеге асыруды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыға қойылатын талапты сақтамау



14

Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың лотерея қызметін жүзеге асыратын аппараттық-бағдарламалық кешеннің ұтыс ойынының бақылау-касса машиналарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, уәкілетті органға талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты жинау және беру жөніндегі талапты сақтамау. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы



15

Жиырма бір жасқа толмаған жеке тұлғалардың, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың бәс тігуге қатысуына тыйым салуды сақтамау



16

Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды сақтамау



17

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті соммаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсынбау (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)



18

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсынбау



19

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлау)



20

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)



21

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларының болмауы



22

Ішкі бақылау қағидаларында мынадай бағдарламалардың болмауы:
қаржы мониторингі субъектісінің басшы қызметкерлерінің немесе қаржы мониторингі субъектісінің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуы туралы талапты қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы;
технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы; клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы



23

Қаржы мониторингі субъектілерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасының болмауы



24

Клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындамау



25

Ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөнінде шаралар қолданбау және (немесе) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынбау фактілерінің болуы



26

Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуде болжамды теріс салдардың қамтылуы болмауы



27

Мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген тұлғалардың қатысуына салынған тыйымды орындамау



28

Уәкілетті орган бекіткен ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларына тотализаторлар, мөлшерлемелер қабылдаудың және (немесе) бәс тігудің жұмыс қағидаларының сәйкес келмеуі



      Лауазымды адам (-дар)__________________________________ ______________

      лауазымы                         қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ___________________________ _____________

      лауазымы                         қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 24 қазандағы
№ 95 мен
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 23 қазандағы
№ 188 бірлескен бұйрыққа
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 8 тамыздағы
№ 227 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 17 тамыздағы
№ 373 бірлескен бұйрығына
6-қосымша

Ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________

      __________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________

      _________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы_______________

      _________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________

№ p/с

Талаптар тізімі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

Казино қызметіне

1

Казино қызметін жүзеге асыру үшiн үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешенінде меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болмауы



2

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында рұқсат беру құжатының болмауы (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін – қызметтің басталғаны туралы хабарлама)



3

Казино қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығында ойын жабдығының болмауы



4

Күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болмауы



5

Казино қызметін жүзеге асыру үшін қазақ және орыс тілдерінде қолданылатын заңдастырылған белгілер үлгілері мен номинацияларының болмауы



6

Ойын бизнесін ұйымдастырушының 60000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде казино қызметін жүзеге асыруы үшін міндетті резервтерді орналастыруға қойылатын талаптарды сақтамау



7

Ойын мекемесінде көрнекті жерде, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушының интернет-ресурсында (бар болса) орналастырылған ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болмауы, олар мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) ойын мекемесінің атауы;
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері, банктік деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, интернет-ресурсы (ол болған кезде) көрсетіле отырып, оның атауы;
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы, оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат;
4) құмар ойындармен шектен тыс әуестенудің зияны туралы ескерту;
5) құмар ойындарға қатысуды өз бетінше шектеу тәртібі;
6) құмар ойынға қатысушыларға, сондай-ақ олардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсететін мамандардың (мекемелердің, ұйымдардың, қызметтердің) орналасқан жері мен байланыс телефон нөмірлері;
7) құмар ойынға қатысушының жеке басын анықтау тәртібі;
8) өткізілетін құмар ойындардың түрлері;
9) құмар ойында тікелей пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар;
10) ойын бизнесін ұйымдастырушы мен құмар ойынға қатысушының құқықтары мен міндеттері;
11) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысу шарттары;
12) құмар ойынның, сондай-ақ ойын сессиясының өткізілу тәртібі;
13) құмар ойында мөлшерлемелерді қабылдау шарттары;
14) құмар ойынға қатысушыға ұтыс төленуге тиісті нәтиже;
15) дауларды қарау тәртібі;
16) өзге де мәліметтер.



Ойын автоматтары залының қызметіне

8

Ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздегі казино қызметі жүзеге асырылатын үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешеніндегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, құрылысжай бөліктерінің) болмауы



9

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында рұқсат беру құжатының болмауы (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін – қызметтің басталғаны туралы хабарлама)



10

Ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығындағы ойын жабдығының болмауы



11

Күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болмауы



12

Ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілер мен номинациялардың, қолданылатын заңдастыру белгілерінің болмауы



13

Ойын бизнесін ұйымдастырушының 60000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ойын автоматтары залдарның қызметін жүзеге асыруы үшін міндетті резервтерді орналастыруға қойылатын талаптарды сақтамау



14

Ойын мекемесінде көрнекті жерде, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушының интернет-ресурсында (бар болса) орналастырылған ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болмауы, олар мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) ойын мекемесінің атауы;
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері, банктік деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, интернет-ресурсы (ол болған кезде) көрсетіле отырып, оның атауы;
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы, оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат;
4) құмар ойындармен шектен тыс әуестенудің зияны туралы ескерту;
5) құмар ойындарға қатысуды өз бетінше шектеу тәртібі;
6) құмар ойынға қатысушыларға, сондай-ақ олардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсететін мамандардың (мекемелердің, ұйымдардың, қызметтердің) орналасқан жері мен байланыс телефон нөмірлері;
7) құмар ойынға қатысушының жеке басын анықтау тәртібі;
8) өткізілетін құмар ойындардың түрлері;
9) құмар ойында тікелей пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар;
10) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушы мен құмар ойынға қатысушының құқықтары мен міндеттері;
11) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысу шарттары;
12) құмар ойынның, сондай-ақ ойын сессиясының өткізілу тәртібі;
13) құмар ойында мөлшерлемелерді қабылдау шарттары;
14) құмар ойынға қатысушыға ұтыс төленуге тиісті нәтиже;
15) дауларды қарау тәртібі;
16) өзге де мәліметтер.



Букмекерлік кеңселердің қызметіне

15

Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыру үшiн меншiк құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болмауы



16

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында рұқсат беру құжатының болмауы (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін – қызметтің басталғаны туралы хабарлама)



17

Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыру үшiн құқық меншігінде бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін жабдықтың болмауы



18

Күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болмауы



19

Ойын бизнесін ұйымдастырушының 40000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде букмекер кеңселері қызметін жүзеге асыруы үшін міндетті резервтерді орналастыруға қойылатын талаптарды сақтамауы



20

Букмекерлік кеңсенің кассасында көрнекті жерде, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушының интернет-ресурсында (бар болса) орналастырылған ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болмауы, олар мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) букмекерлік кеңсенің атауы;
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері, банктік деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, интернет-ресурсы (ол болған кезде) көрсетіле отырып, оның атауы;
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы, оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат;
4) бәс тігумен шектен тыс әуестенудің зияны туралы ескерту;
5) бәс тігуге қатысуды өз бетінше шектеу тәртібі;
6) бәс тігуге қатысушыларға, сондай-ақ олардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсететін мамандардың (мекемелердің, ұйымдардың, қызметтердің) орналасқан жері мен байланыс телефон нөмірлері;
7) бәс тігуге қатысушының жеке басын анықтау тәртібі;
8) өткізілетін бәс тігудің түрлері;
9) бәс тігуге қатысушылар мөлшерлемелер жасайтын оқиға қорытындысының нәтижелерін анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат көздерінің тізбесі;
10) бәс тігуде тікелей пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар;
11) ойын бизнесін ұйымдастырушы мен бәс тігуге қатысушының құқықтары мен міндеттері;
12) бәс тігуге қатысу шарттары;
13) бәс тігудің, сондай-ақ ойын сессиясының өткізілу тәртібі;
14) бәс тігуде мөлшерлемелерді қабылдау шарттары;
15) бәс тігуге қатысушыға ұтыс төленуге тиісті нәтиже;
16) дауларды қарау тәртібі;
17) өзге де мәліметтер.



Тотализаторлардың қызметіне

21

Тотализатор кеңсесінің қызметін жүзеге асыру үшiн меншiк құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болмауы



22

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында рұқсат беру құжатының болмауы (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін – қызметтің басталғаны туралы хабарлама)



23

Тотализатор қызметін жүзеге асыру үшiн құқық меншігінде бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін жабдықтың болмауы



24

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болмауы



25

Ойын бизнесін ұйымдастырушының 10000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тотализатор қызметін жүзеге асыруы үшін міндетті резервтерді орналастыруға қойылатын талаптарды сақтамауы



26

Тотализатор кассасында көрнекті жерде, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушының интернет-ресурсында (бар болса) орналастырылған ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болмауы, олар мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) тотализатордың атауы;
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері, банктік деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, интернет-ресурсы (ол болған кезде) көрсетіле отырып, оның атауы;
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы, оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат;
4) бәс тігумен шектен тыс әуестенудің зияны туралы ескерту;
5) бәс тігуге қатысуды өз бетінше шектеу тәртібі;
6) бәс тігуге қатысушыларға, сондай-ақ олардың жақын туыстарына психологиялық көмек көрсететін мамандардың (мекемелердің, ұйымдардың, қызметтердің) орналасқан жері мен байланыс телефон нөмірлері;
7) бәс тігуге қатысушының жеке басын анықтау тәртібі;
8) өткізілетін бәс тігудің түрлері;
9) бәс тігуге қатысушылар мөлшерлемелер жасайтын оқиға қорытындысының нәтижелерін анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат көздерінің тізбесі;
10) бәс тігуде тікелей пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар;
11) ойын бизнесін ұйымдастырушы мен бәс тігуге қатысушының құқықтары мен міндеттері;
12) бәс тігуге қатысу шарттары;
13) бәс тігудің, сондай-ақ ойын сессиясының өткізілу тәртібі;
14) бәс тігуде мөлшерлемелерді қабылдау шарттары;
15) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының бәс тігуді ұйымдастырудағы делдалдық үшін сыйақысының (комиссиясының) мөлшері;
16) бәс тігуге қатысушыға ұтыс төленуге тиісті нәтиже;
17) дауларды қарау тәртібі;
18) өзге де мәліметтер.



      Лауазымды адам (-дар)__________________________________ ______________

                                          лауазымы                         қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ___________________________ _____________

      лауазымы                         қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады