Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептің негізінде олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары, пайдалануға беру актісі бар есептің негізінде олардың ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстар бойынша ғылыми орталық құруы, ендіру актісі бар ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін ендіру туралы есептің негізінде олардың ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары бойынша адамдарға хабарламаларды беру нысанын, мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 1 қарашадағы № 507 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 қарашада № 35329 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 2-тармағына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептің негізінде олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі, пайдалануға беру актісі бар есептің негізінде олардың ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстар бойынша ғылыми орталық құру туралы, ендіру актісі бар ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін ендіру туралы есептің негізінде олардың ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша адамдарға хабарламалардың беру мерзімдері мен қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есеп негізінде олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша хабарлама нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес пайдалануға беру актісі бар есеп негізінде ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстары бойынша ғылыми орталық құру туралы хабарлама нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес енгізу актісімен ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін енгізу туралы есеп негізінде ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстары бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша хабарлама нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Исполняющий обязанности министра Д. Ахмед-заки

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 507 бұйрығына
1-қосымша

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептің негізінде олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі, пайдалануға беру актісі бар есептің негізінде олардың ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстар бойынша ғылыми орталық құру туралы, ендіру актісі бар ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін ендіру туралы есептің негізінде олардың ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша адамдарға хабарламаларды беру мерзімдері мен қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептің негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі, пайдалануға беру актісі бар есептің негізінде ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстар бойынша ғылыми орталық құру туралы, ендіру актісі бар ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін ендіру туралы есептің негізінде ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша адамдарға хабарламаларды беру мерзімдері мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-12) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      2) ғылыми-зерттеу жұмысы (бұдан әрі – ҒЗЖ) – бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденуге, зерттеулер, эксперименттер жүргізуге байланысты жұмыс;

      3) ғылым саласындағы уәкілетті орган – ғылым және ғылыми- техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4) ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі хабарлама – уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісіне оның ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстары бойынша беретін құжат;

      5) ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөніндегі хабарлама – уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісіне оның ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстары бойынша беретін құжат;

      6) ғылыми орталықты құру туралы хабарлама – уәкілетті орган жеке кәсіпкерлік субъектісіне оның ғылыми орталықтарды құруға арналған шығыстары бойынша беретін құжат;

      7) қорғау құжаттары – осы Заңға сәйкес өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге және пайдалы модельдерге берілген патенттер;

      8) өнеркәсіптік меншік объектілері – өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер;

      9) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – өнімді жасау немесе жаңғырту, тәжірибелік үлгілерге арналған конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау кезінде орындалатын жұмыстар кешені.

2-тарау. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және ғылыми орталықты құруға арналған шығыстар үшін салықтық жеңілдіктер мен салықтық шегерімдерді алу бойынша хабарламалардың мерзімдері мен оларды беру қағидалары

      3. Қағидалар "Ұлттық ғылыми кеңестер тізбесін және олар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33466 болып тіркелді) ғылым саласындағы уәкілетті орган құрған Ұлттық ғылыми кеңестің (бұдан әрі – ҰҒК) шешімі негізінде уәкілетті орган арқылы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) және ғылыми орталықты құруға арналған шығыстар бойынша салықтық жеңілдіктер мен салықтық шегерімдерді (бұдан әрі – салықтық жеңілдіктер мен шегерімдер) беру тәртібін айқындайды.

      4. Салықтық жеңілдіктер мен шегерімдерді қолдану үшін ғылым саласындағы уәкілетті орган ҰҒК-тің шешімі негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және жер қойнауын пайдаланушыларға:

      1) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептің негізінде олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша хабарлама;

      2) пайдалануға беру актісі бар есеп негізінде олардың ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстары бойынша ғылыми орталық құру туралы хабарлама;

      3) енгізу актісімен ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін енгізу туралы есеп негізінде олардың ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстары бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша хабарлама береді.

      5. "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамында (бұдан әрі – ҰМҒТСО) мемлекеттік тіркеуден өткен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъектілер салықтық жеңілдіктер мен шегерімдер қолдану үшін хабарламалар беру тәртібіне сәйкес ұсынылған ҒЗЖ және ҒЗТКЖ есептері негізінде ғылым саласындағы уәкілетті органға ҰМҒТСО-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҰМҒТСО ААЖ) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

      6. Уәкілетті органның хабарламасын алу үшін ұсынылатын құжаттар ҰМҒТСО ААЖ-де бірыңғай папкаға қалыптастырылады, парақтар нөмірленеді және осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін құрайды.

      7. ҒЗЖ, ҒЗТКЖ жүзеге асыруға және ғылыми орталықты құруға арналған шығыстарды растау үшін өтініш берушілер ҰМҒТСО-ға мынадай құжаттарды:

      1) жобаның ақпараттық картасын;

      2) ҒЗТКЖ жүргізуге арналған техникалық тапсырманың (техникалық ерекшеліктің) көшірмесін;

      3) ҒЗТКЖ жүргізуге орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің көшірмесін (бар болса);

      4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҒЗТКЖ нәтижесін өндіріске енгізу актісінің көшірмесін;

      5) мәлімделген ҒЗТКЖ жүргізу кезінде алынған, қолданылу мерзімі расталған өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатының көшірмесін;

      6) ҒЗТКЖ жүргізуге, оның ішінде жылдар, салық кезеңдері бойынша бөлінген, қосылған құн салығын көрсете отырып, тікелей және ілеспе шығыстар бойынша нақты шығыстардың сметасын береді.

      8. ҰМҒТСО құжаттарды қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген растайтын құжаттарды олардың ресімделуінің толықтығы мен сапасына, сәйкестігіне қарауды жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, ол анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні ҰМҒТСО ААЖ жеке кабинеті арқылы бұл туралы хабардар етеді.

      9. Анықталған сәйкессіздіктерді өтініш беруші ҰҒТСО ААЖ арқылы хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жоюы қажет. Сәйкессіздік жойылмаған, толық емес және дәйексіз деректерді ұсынған жағдайда өтініш берушінің өтінімі қабылданбайды.

      10. Өтініш беруші көрсетілген сәйкессіздіктерді жойған кезде ҰҒТСО ААЖ-де өтінім қайта ұсынылған сәттен бастап жалпы негіздерде қаралады.

      11. Ғылым саласындағы уәкілетті орган берілген өтінімдерді ҰҒК-тің қарауына жібереді. ҰҒК отырысы күнтізбелік айда 1 (бір) реттен көп емес өткізіледі.

      12. ҰҒК "Ұлттық ғылыми кеңестер тізбесін және олар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33466 болып тіркелді) айқындалған тәртіппен ашық дауыс беру арқылы ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмысқа техникалық тапсырма және жұмыстардың аяқталған кезеңдерін қабылдау актілері, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органда тіркеген лицензиялық шарт немесе басқаға беру (ішінара басқаға беру) шарты бойынша шешім қабылдайды.

      13. Ғылым саласыдағы уәкілетті орган хабарламаны ұсыну туралы немесе оны ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге ҰҒТСО ААЖ арқылы тиісті жауап жібереді.

      14. ҰМҒТСО хабарлама беру туралы ақпаратты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, пайдалануға беру актісі бар ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстар бойынша ғылыми орталық құру, енгізу актісі бар ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін енгізу туралы есептердің мемлекеттік тізіліміне енгізеді.

  2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 507 бұйрығына
2-қосымша

      НЫСАН

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есеп негізінде олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша хабарлама

      Салық органы _____________________________________________________

      Жобаны орындаушы ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі ______________

      Жобаны орындаушы ұйымның атауы _________________________________

      Байланыс ақпараты (мекен-жайы, телефоны) ___________________________

      Резидент еместің резиденттігін растайтын құжат ________________________

      Алынған кірістердің және ұсталған немесе төленген салықтардың сомаларын растайтын бухгалтерлік немесе құжаттардың көшірмелері ______________________

      Жобаның атауы ____________________________________________________

      Зерттеу түрі (ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) ______________________________________________________________

      Техникалық тапсырма (шарт, күні) ____________________________________

      Ғылымның басым бағыты ____________________________________________

      Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі (нөмірі, күні) __________________________

      Хабарлама беретін уәкілетті орган _____________________________________

  2024 жылғы 1 қарашадағы
  № 507 бұйрығына
  3-қосымша

      НЫСАН

Пайдалануға беру актісі бар есеп негізінде олардың ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстары бойынша ғылыми орталық құру туралы хабарлама

      Салық органы ____________________________________________

      Ғылыми орталық құратын ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________

      Ғылыми орталық құратын ұйымның атауы _______________________________

      Байланыс ақпараты (аймақ, мекен-жайы, телефоны) _______________________

      Резидент еместің резиденттігін растайтын құжат __________________________

      Алынған кірістердің және ұсталған немесе төленген салықтардың сомаларын растайтын бухгалтерлік немесе өзге де құжаттардың көшірмелері _______________

      Ғылыми орталықтың атауы __________________________________________

      Тіркелген жабдықтың атауы және нөмірі ______________________________

      Пайдалануға беру актісі бар есеп (акт, күні)____________________________

      Техникалық тапсырма (шарт, күні) ___________________________________

      Ғылымның басым бағыты ___________________________________________

      Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі (нөмірі, күні) _________________________

      Хабарлама беретін ғылым саласындағы уәкілетті орган __________________

  2024 жылғы 1 қарашадағы
  № 507 бұйрығына
  4-қосымша

      НЫСАН

Енгізу актісімен ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін енгізу туралы есеп негізінде олардың ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстары бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша хабарлама

      Салық органы ____________________________________________

      Ғылыми орталық құратын ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________

      Ғылыми орталық құратын ұйымның атауы ______________________________

      Байланыс ақпараты (аймақ, мекен-жайы, телефоны) ______________________

      Резидент еместің резиденттігін растайтын құжат _________________________

      Алынған кірістердің және ұсталған немесе төленген салықтардың сомаларын растайтын бухгалтерлік немесе өзге де құжаттардың көшірмелері ________________

      Ғылыми орталықтың атауы ___________________________________________

      Зерттеу түрі (ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) _______________________________________________________________

      Техникалық тапсырма (шарт, күні) _____________________________________

      Нәтижелерді енгізу актісі _____________________________________________

      Ғылымның басым бағыты _____________________________________________

      Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі (нөмірі, күні) ______________

      Хабарлама беретін ғылым саласындағы уәкілетті орган ____________________


  Ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізу туралы есептің негізінде
олардың ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүзеге асыруға
(сатып алуға) арналған
шығыстар бойынша ғылыми-
зерттеу жұмыстары жөніндегі,
пайдалануға беру актісі бар
есептің негізінде олардың
ғылыми орталықтар құруға
арналған шығыстар бойынша
ғылыми орталық құру туралы,
ендіру актісі бар ғылыми-
техникалық және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстар
нәтижелерін ендіру туралы
есептің негізінде олардың
ғылыми-техникалық және
тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстарды жүзеге асыруға
(сатып алуға) арналған
шығыстар бойынша ғылыми-
техникалық және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстар
бойынша адамдарға
хабарламаларды беру мерзімдері
мен қағидаларға
1-қосымша

      НЫСАН

      ________________________________

      ________________________________

      ________________________________

      (ғылым саласындағы уәкілетті орган)

Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізу фактісін растауға өтінім

      Ұйым _________________________________ ұйымның атауы атынан

      _______________________________________________________

      басшының (аты-жөні, тегі (болған жағдайда))

      осы өтінім арқылы ұйымның ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе)

      тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының нәтижесін енгізу фактісін растауды

      сұрайды ________________________________ әзірлеу атауы, технологиялар

      Қосымша: __ парақта (қоса беріліп отырған құжаттардың тізімін көрсете отырып).

      Лауазымы ____________ (аты-жөні, тегі (болған жағдайда))

      (қолы)

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өтінімде көрсетілген мәліметтер бойынша ақпараттық жүйелерден құжаттар алуға келісім беру _____________ (аты-жөні, тегі (болған жағдайда))

      (қолы)

      Ескертпе: қолдар ұйымның мөрімен бекітіледі (бар болса) (жеке кәсіпкерлік болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  Ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізу туралы есептің негізінде
олардың ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүзеге асыруға
(сатып алуға) арналған
шығыстар бойынша ғылыми-
зерттеу жұмыстары жөніндегі,
пайдалануға беру актісі бар
есептің негізінде олардың
ғылыми орталықтар құруға
арналған шығыстар бойынша
ғылыми орталық құру туралы,
ендіру актісі бар ғылыми-
техникалық және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстар
нәтижелерін ендіру туралы
есептің негізінде олардың
ғылыми-техникалық және
тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстарды жүзеге асыруға
(сатып алуға) арналған
шығыстар бойынша ғылыми-
техникалық және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстар
бойынша адамдарға
хабарламаларды беру мерзімдері
мен қағидаларға
2-қосымша

      НЫСАН

      БЕКІТЕМІН

      _________________________________________

      _________________________________________

      _________________________________________

      (өндірістік қызметіне ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік- конструкторлық жұмыстардың нәтижелері енгізілген ұйым басшысының лауазымы, (аты-жөні, тегі (болған жағдайда)) және қолы)

      " " 20 г. М.Ө. (жеке кәсіпкерлік болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін өндіріске енгізу актісі

      1. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін өндіріске енгізу актісі:__________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      2. Қысқаша реферат:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      3. Іске асырудың әсері:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      4. Іске асыру орны мен уақыты:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      5. Енгізу нысаны

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өтінімде көрсетілген мәліметтер бойынша ақпараттық жүйелерден құжаттар алуға келісім беру ______________ (аты-жөні, тегі (болған жағдайда))

      (қолы)

      Қолтаңбалар:

      1. Өтініш берушінің өкілі/өкілдері (ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізген салық төлеуші)

      Лауазымы ____________________ (аты-жөні, тегі (болған жағдайда)).

      (қолы)

      Лауазымы _____________________ (аты-жөні, тегі (болған жағдайда)).

      (қолы)

      2. Ұйымның өкілі / өкілдері, өндірістік қызметі ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелері енгізілген

      Лауазымы ____________________ (аты-жөні, тегі (болған жағдайда)).

      (қолы)

      Лауазымы _____________________ (аты-жөні, тегі (болған жағдайда)).

      (қолы)

      Ескертпе: қолдар ұйымның мөрімен бекітіледі (бар болса)

      (жеке кәсіпкерлік болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады