"Темiржол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкердің жұмыс уақытының және демалыс уақытының есепке алуының ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 5 қарашадағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 қарашада № 35335 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Темiржол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкердің жұмыс уақытының және демалыс уақытының есепке алуының ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6859 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Поездар қозғалысымен тікелей байланысты теміржол көлігі қызметкерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алуының ерекшеліктерінде:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қызметкерлердің үйде кезекшілік және арнайы жабдықталған бөлмедегі объектіде кезекшілік ету кезеңінде оларға ақы төлеу үшін жұмыс уақытын есептеу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Үйдегі кезекшілікте болған соң қызметкерге ұзақтығы кем дегенде 12 сағат демалыс беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
С. Аблалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады