ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 41) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2024 жылғы 6 қарашадағы № 372 бұйрығына 1-қосымша |
Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау тәртібін, сондай-ақ "Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) органикалық өнім – ауыл шаруашылығы өнімі, жабайы өсетін өсімдіктерден алынатын өнім, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары, ашытқы мен саңырауқұлақтар, оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде "Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін тамақ өнімі. Аңшылық және балық аулау шаруашылығы өнімдері органикалық өнім болып табылмайды;
2) органикалық өнім өндіру – нәтижесі Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы мен ұлттық стандарттарға сәйкес органикалық өнім жасау (дайындау) болып табылатын қызмет. Органикалық өнім өндіру процесі солармен байланысты өлшеп-орау, буып-түю, таңбалау, сақтау, тасымалдау процестерін және басқа процестерді қамтиды;
3) органикалық өнім өндіруші – органикалық өнім өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, органикалық өнім өндірушілер бірлестігі (жай серіктестік);
4) сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
5) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган – сәйкестiктi растау жөнiндегi қызметті жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
6) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып реттелген жиынтығы;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ЖАО) ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – Басқарма) органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау бойынша жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны ЖАО-ның ресми интернет-ресурсында және СМАЖ-да орналастырады.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты ЖАО-ға жолдайды.
Министрлік пен ЖАО осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
2-тарау. Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау тәртібі
1-параграф. Субсидиялар мөлшері және алушылар
5. Субсидиялар органикалық өнім өндірушілерге төленеді.
6. Жергілікті бюджеттен төленетін субсидия мөлшері органикалық өнім өндірісінің сәйкестік сертификатының құнынан органикалық өнім өндіруші шығыстарының 50 (елу) пайызын құрайды.
7. Органикалық өнім өндірісінің 1 (бір) сәйкестік сертификатын алу кезінде жұмсалған шығыстар бойынша өтеу лимиті ағымдағы қаржы жылында 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
8. Шығыстардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетел валюталарында жұмсалған шығыстарды қайта есептеу көрсетілген қызметтер үшін төлемді аудару күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.
2- параграф. Субсидиялар алу шарттары
9. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) органикалық өнім өндірушінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) СМАЖ арқылы беруі;
2) органикалық өнім өндірушінің ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, берілген өтінімді СМАЖ-да тіркеу;
3) органикалық өнім өндірушіде деректері СМАЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған СМАЖ-да дербес шотының болуы;
4) субсидиялауға арналған өтінім беру күнінің алдындағы 12 (он екі) айдан ерте емес мерзімде сәйкестікті растау жөніндегі орган берген органикалық өнім өндірісінің сәйкестік сертификатының электрондық көшірмесін ұсыну;
5) органикалық өнім өндірушінің "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден қызметтерді сатып алуын растау (органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін сертификаттау туралы тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);
6) органикалық өнім өндірушіде СМАЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиісті алаңдағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе елді мекеннің аумағы шегіндегі ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер учаскелерінің болуы;
ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта өңдеу кезінде органикалық өнім өндірушіде СМАЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиісті алаңдағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе өзге де санаттағы жер учаскелерінің болуы.
Осы тармақтың 6) тармақщасының бірінші бөлігінде көрсетілген шарт тамақ өнеркәсібі ұйымдарына қолданылмайды.
3- параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі
10. Өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.
"Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.
11. Органикалық өнімді өндіруші өтінім беру үшін ЭЦҚ көмегімен СМАЖ-да тіркелуі қажет.
12. Жеке кабинетте тіркелу үшін органикалық өнім өндіруші мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты және әкесінің аты (бар болса), тегі;
2) бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы; брінші басшының аты және әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН;
3) байланыс деректері (почта мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотының деректемелері.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген деректер өзгерген кезде органикалық өнім өндіруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген деректерді өзгертеді.
13. Органикалық өнімді өндіруші жеке кабинетте өтінімді қалыптастыруды және тіркеуді мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мәліметтерді енгізе отырып өтінім қалыптастырады, сондай-ақ органикалық өнім өндірудің сәйкестік сертификатының электрондық көшірмесін сканерлейді және тіркейді;
2) өтінімді ЭЦҚ қою арқылы СМАЖ-ға тіркейді және өтінім Басқарманың жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электрондық хабарлама жолданады.
14. Басқарма өтінім тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаны ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл ретте өтінімнің қабылданғанын растау туралы хабарлама электрондық құжат нысанында СМАЖ-дағы органикалық өнім өндірушінің жеке кабинетіне жолданады.
Органикалық өнімді өндіруші Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынған жағдайларда СМАЖ-дағы органикалық өнімді өндірушінің жеке кабинетіне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жолданады.
15. Егер Басқарма төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректер органикалық өнім өндірушімен сәйкессіздігінің бар екені анықталған жағдайда, органикалық өнім өндірушінің себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алуға мүмкіндігі болады.
Бұл ретте төлем шоттарын қалыптастырғаннан кейін деректердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда субсидияларды төлеу сәтіне дейін Басқарма қайтару себебін (уәжді бас тарту) көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда Басқарма Қаржыландыру жоспарына сәйкес өтінімнің қабылданғаны расталғаннан кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес СМАЖ-да "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған шоттарды қалыптастырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды аудару туралы хабарламаны электрондық құжат нысанында СМАЖ-дағы органикалық өнім өндірушінің жеке кабинетіне жолдайды.
17. Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу кезектілік тәртібімен өтінім берілген сәттен бастап келесі айда жүзеге асырылады.
18. Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген бюджет қаражаты толық игерілген жағдайда басқарма қабылдаған өтінімдер резервке (күту парағына) келіп түседі.
Ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджет қаражатын бөлу кезінде субсидиялар төлеу резервке (күту парағы) келіп түскен өтінімдер бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылында қосымша қаражат болмаған жағдайда резервке (күту парағына келіп) түскен өтінімдер бойынша субсидиялар келесі қаржы жылында төленеді.
Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енгізілмейді.
Өтінімдерді қарау және субсидиялар төлеу, оның ішінде резервке (күту парағына) келіп түскен өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінімдерді тіркеу күні мен уақытына сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. Кейінгі өтінім алдыңғы өтінім қаралғаннан кейін қаралады.
19. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде Басқарма органикалық өнім өндірушіні мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ органикалық өнім өндірушіге ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша хабардар етеді.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдалымды көрсетілетін қызметті беруші хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Басқарма органикалық өнімді өндірушінің тыңдалымға ұсынған құжаттарын қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды аудару туралы хабарламаны не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оның органикалық өнім өндірушінің СМАЖ-дағы жеке кабинетіне жіберілуін қамтамасыз етеді.
20. Субсидиялар беруден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
21. Басқарма Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
22. Субсидиялар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын СМАЖ істен шыққан жағдайда ЖАО туындаған жағдай туралы Министрлікті дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.
Бұл ретте Министрлік туындаған іркілісті жою жөніндегі жұмыстар жүргізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық мәселе туралы хаттама жасайды және оны СМАЖ-ға орналастырады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ЖАО-ның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ЖАО-ның басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым келіп түскен жағдайда ЖАО ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Қолайлы акті қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда ЖАО шағым қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
24. Органикалық өнім өндірушінің шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
ЖАО тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
25. ЖАО-ның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) шағым берген органикалық өнімді өндірушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.
26. Егер заңда өзгеше көзделмесе ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Субсидиялауға арналған өтінім
20__ жылғы "___" _________
Кімге_______________________________________________________________
Кімнен_____________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның (дара кәсіпкердің) аты, әкесінің аты (бар
болса), тегі)
Маған органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған
шығыстардың бір бөлігін өтеуге субсидия төлеуді сұраймын _______________ (сомасы
цифрлармен және жазбаша)
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
заңды тұлға үшін:
атауы _________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)______________________
басшының аты-жөні, әкесінің аты (бар болса),
______________________________________________________________
мекенжайы: ___________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: __________________________________________
электрондық почтасы ___________________________________________
жеке тұлға (дара кәсіпкер) үшін:
аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), ______________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _______________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ________________________________________________________
берген орган _________________________________________________
берілген күні __________________________________________________
мекенжайы: ___________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: __________________________________________
электрондық почтасы ___________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама:
орналасқан жері________________________________________________
хабарлама берілген күн ___________________________________________
2. Жеке немесе заңды тұлғаның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотының мәліметтері:
ЖСН/БСН _____________________________________________________
бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ________________________________
банк деректемелері______________________________________________
банк атауы _____________________________________________________
банктің сәйкестендіру нөмірі______________________________________
жеке сәйкестендіру коды_________________________________________
БСН ___________________________________________________________
Кбе ___________________________________________________________
3. Жер учаскесіне арналған құжаттың болуы туралы мәліметтер:
жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының
атауы________________________________________________
орналасқан орны________________________________________________
(облыс, аудан, қала (кент, елді мекен))
мекенжайы______________________________________________________
кадастрлық нөмірі _______________________________________________
барлық алаңы, гектар ____________________________________________
(оның ішінде егістік, нысаналы мақсаты)
4. Органикалық өнімді өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу
жөніндегі объектіге арналған құжаттардың болуы туралы мәліметтер:
объектінің меншік иесінің атауы__________________________________
акт нөмірі______________________________________________________
(нөмірі және берілген күні, кім берді)
орналасқан орны________________________________________________
(облыс, аудан, қала (кент, елді мекен)
мекенжайы_____________________________________________________
кадастрлық нөмірі _______________________________________________
нысаналы мақсаты ______________________________________________
5. Сәйкестікті растау жөніндегі орган қол қойған көрсетілген қызметтердің актісі туралы мәліметтер:
сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы ________________________
акт нөмірі және күні _____________________________________________
шарттың нөмірі мен күні, оған сәйкес көрсетілген қызметтер актісі жасалғанды__________________________________________________________
көрсетілген қызметтердің түрі (атауы)_______________________________
көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңгемен_____________________
6. Сәйкестік сертификаты үшін төлемдер бойынша шот-фактуралар туралы мәліметтер:
Шот-фактураның нөмірі | Шот-фактураның күні | Көрсетілген қызметтердің түрі (атауы) | Көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңгемен | Сатып алушының ЖСН/БСН-ы және атауы | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7. Берілген сәйкестік сертификаты туралы мәліметтер:
сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы_______________________________________________________________
сертификат (сертификаттар) нөмірі және берілген күні_________________
сертификаттың (сертификаттардың) қолданылу мерзімі________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, "Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін қажетті менің дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілмейтіні, сондай-ақ дербес деректердің жалпыға қолжетімді дереккөздерде таралмайтыны туралы хабарлаймын.
Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелер, электрондық пошта, телефон нөмірі.
Өтініш беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат _______ қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Жұмыс органы 20__ жылғы "__" _____ сағат ________ қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
"Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
11 | Мемлекеттік қызметтің атауы | Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау |
22 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
33 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі" ақпараттандыру объектісі |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні |
55 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
66 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Субсидияларды аудару туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту |
77 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
88 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпараттандыру объектісінің жұмыс графигі |
1) Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
99 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) органикалық өнім өндірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтінім; |
110 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; |
111 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама
Органикалық өнім өндірушінің атауы_______________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір
бөлігін субсидиялауға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлаймыз
Бас тарту себебі:______________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жергілікті атқарушы органының (облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың) басшысы
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20__ жылғы "__" ________ сағат _________ қол қойып, жіберді:
____________________________________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба)
Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Субсидияларды аудару туралы хабарлама
Құрметті_______________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша "Органикалық
өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін
субсидиялау" мемлекеттік қызметі көрсетілді және Сіздің №__________ есептік
шотыңызға 20___ жылғы "__" __________ төлем шотымен _________ теңге
мөлшерінде субсидия сомасы аударылды.
20___ жылғы "__" __________ сағат _______ қол қойылды және жіберілді
_________________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба)
Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
__________________________________________________________
(ведомствоның атауы)
Сіздің 20 ___ жылғы ________ № __________ өтініміңіздіді қарап, келесіні хабарлайды.
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(бас тартуға негіздеме)
_______________________________________________________________________
(қол қоюшының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі электрондық цифрлық
қолтаңбасы)
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2024 жылғы 6 қарашадағы № 372 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10198 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 18-03/947 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12314 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 190 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15960 болып тіркелген).
4. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 185 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23099 болып тіркелген).
5. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 10 қазандағы № 319 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30295 болып тіркелген).
6. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 81 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34108 болып тіркелген).