БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.11.2024 № 372 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2) "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12677 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларында:
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тексеру одағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
8. Басқарма тексеру одағы өтінім берген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді. Шарттарға сәйкес болған жағдайда субсидиялар төлеу туралы, ал сәйкессіздік жағдайында субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
9. Субсидиялар төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап –басқарма 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тексеру одағының шотына субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады, субсидияларды төлеуден бас тартқан жағдайда тексеру одағын субсидиялар бермеу себептерін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді.";
10-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2017 жылғы 10 қазан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 10 қазан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 21 шілде
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 190 бұйрығына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.11.2024 № 372 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кімге: ________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы
органының толық атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Өтінім
Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жүргізілген ішкі аудит үшін ауыл шаруашылығы кооперативтері тексеру одағының шығындарын ________ теңге сомасына субсидиялау жүргізуді сұраймын.
Субсидиялау шарттарына сәйкестікті растайтын мәліметтер:
№ | Деректер көзі* | Қажетті мәліметтер | Деректер |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама | бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) | |
алғашқы тіркелген күні | |||
атауы (толық) | |||
орналасқан жерінің мекенжайы | |||
2. | Тексеру одағының ағымдағы шотының бар-жоғы туралы екінші деңгейлі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы анықтамасы | бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) | |
бенефициар коды (КБЕ) | |||
банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның деректемелері: | |||
банктік сәйкестендіру коды (БСК) | |||
жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) | |||
бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) | |||
бенефициар коды (Кбе) | |||
3. | Ішкі аудит жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама** | бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) | |
алғашқы тіркелген күні | |||
атауы (толық) | |||
орналасқан жерінің мекенжайы | |||
4. | Ішкі аудит қорытындысы | қорытынды берілген күн |
Ескертпе:
* өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
** жоғарыда баяндалған кестенің 3 және 4-жолдарында көрсетілген мәліметтер ішкі аудитке арналған шығындарды субсидиялау бойынша оған қатысты осы өтінім беріліп отырған әрбір ауыл шаруашылығы кооперативі үшін толтырылады.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Басшы __________ ________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
Бас бухгалтер (бар болса) ______ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
Мөр (бар болса) орны
20__жылғы "___"______________
Өтiнiм 20__жылғы "___"____________ қарауға қабылданды.
________ _________________________________________________________
(қолы) (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
_______________ облысы, республикалық маңызы бар
қала, астана бойынша ___ жылдың ______ субсидиялау туралы
(ай)
жиынтық ақпараты
№- | Ауданның атауы | Өтінім берген тексеру одағының атауы | Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) | Заңды мекенжайы | Оларға қатысты ішкі аудит жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау бойынша өтінім берілген ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны | Оларға қатысты өтінім берілген және олар бойынша субсидия төлеу туралы шешім қабылданған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны | Төленген субсидиялардың сомасы (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жиыны: |
__________________________________________________________ басшысы
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасының толық атауы)
_________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы)