"Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 маусымда № 23099 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары, органикалық өнім және техникалық реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2021 жылғы 15 маусымдағы
№ 185 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 5-2/671 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау тәртібін, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      3) органикалық өнім – "Органикалық өнім өндіру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес өндірілген ауыл шаруашылығы өнімі, акваөсіру және балық аулау өнімі, жабайы өсетін өсімдіктерден алынған өнім және оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде тамақ өнімі;

      4) органикалық өнім өндіруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – органикалық өнімді әзірлеу (жасау), өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      5) органикалық өнім өндіру – Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасында көзделген әдістер мен тәсілдерге сәйкес келетін, нәтижесі органикалық өнім болып табылатын қызмет түрлерінің жиынтығы;

      6) сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

      7) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган – сәйкестікті растау жөнiндегi қызметті жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;

      8) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі – мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасында тұрған ақпараттық жүйелердің мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасынан тыс тұрған ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған "электрондық үкімет" шлюзінің кіші жүйесі.

2-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуға субсидияны алу тәртібі

      3. Субсидияларды беру үшін көрсетілетін қызметті беруші тұрақты комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссия құрамы төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады. Жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі комиссия төрағасы болып табылады.

      Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің немесе оның міндеттерін атқаратын адамның бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия құрамына көрсетілетін қызметті берушінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Комиссияның құрамы кемінде бес адам.

      4. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш.

      Субсидияны беру процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ субсидиялар беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын субсидияларды алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған;

      2) органикалық өнімді растауға арналған сәйкестік сертификатының көшірмесі.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған кезде, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және сәйкестiктi растау жөнiндегi органның электрондық шот-фактураны төлеуі туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорация жұмыскері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік корпорация көру және (немесе) есту қабілеті бұзылған адамдар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мүгедектерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге кедергісіз тең қол жеткізу бойынша қызмет көрсету шараларын қабылдайды.

      5. Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен құжаттар топтамасын тіркеуді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері олар келіп түскен күні жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жауапты орындаушыны тағайындау үшін береді.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті жылға арналған республикалық бюджет бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында cубсидиялауға арналған құжаттарды қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы ақпаратты орналастырады, сондай-ақ субсидиялау туралы тиісті ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, Мемлекеттік корпорацияға, қоғамдық бірлестіктер мен консалтингтік компанияларға жібереді.

      Өтініштерді қабылдау тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 1 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

      8. Комиссия өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды мынадай шарттарға сәйкестігі мәніне қарастырады:

      1) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган субсидиялауға арналған өтініш берілген күннің алдындағы алты айдан ерте емес берген көрсетілетін қызметті алушының органикалық өнім өндіруге қойылатын талаптарға сәйкестік сертификатын растауы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден көрсетілетін қызметтерді алғанын растауы (жеткізушінің органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін сертификаттау туралы тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

      3) органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін растау кезінде келтірілген шығындарды өтеу үшін ағымдағы жылы субсидиялар төлемдерінің болмауы.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Комиссия қабылдаған шешімнің негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды тағайындау туралы хабарламаны не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оны Мемлекеттік корпорацияға жіберуді қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші субсидиялар төлеуге арналған ведомості бекіткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлем шотын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады.

      Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын субсидиялауға арналған өтініштер бойынша субсидияларды төлеу субсидиялауға арналған өтініш берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады.

      10. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы көрсетілетін қызметті алушының органикалық өнім өндіруге арналған сәйкестік сертификатының барлық құнынан шығындардың 50 (елу) пайызын құрайды.

      11. Органикалық өнім өндіруге 1 (бір) сәйкестік сертификатын алу кезінде шеккен шығындар бойынша өтеу лимиті ағымдағы қаржы жылында 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

      12. Субсидияларды бөлу субсидиялауға арналған өтініштерді беру кезектілігінің тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетелдік валютада жұмсалған шығындарды қайта есептеу көрсетілетін қызметтерге төлеу үшін төлемді аудару күнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамы бойынша жүзеге асырылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Мемлекеттік корпорацияға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысты қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезде шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Субсидиялауға арналған өтініш

  20__ жылғы "___" _________

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамыту үшін органикалық өнім өндіру жөніндегі сәйкестік сертификатын растауға _

      ____________________________________ теңге сомасында субсидия төлеуді сұраймын.

      (сомасы цифрлармен және жазбаша)

      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы _________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)______________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      ______________________________________________________________

      мекенжайы: ___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: __________________________________________

      электрондық почтасы ___________________________________________

      жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _______________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ________________________________________________________

      кім берді ______________________________________________________

      берілген күні __________________________________________________

      мекенжайы: ___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: __________________________________________

      электрондық почтасы ___________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері________________________________________________

      хабардар етілген күн ____________________________________________

      2. Екінші деңгейдегі банктегі жеке немесе заңды тұлғаның ағымдағы шотының мәліметтері:

      ЖСН/БСН _____________________________________________________

      бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ________________________________

      банк деректемелері______________________________________________

      банк атауы _____________________________________________________

      банктің сәйкестендіру нөмірі______________________________________

      жеке сәйкестендіру коды_________________________________________

      БСН ___________________________________________________________

      Кбе ___________________________________________________________

      3. Жер учаскесіне құжаттың болуы туралы мәліметтер: жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы ______________________________________

      мемлекеттік акт _________________________________________________

      (нөмірі және берілген күні, кім берді)

      орналасқан орны________________________________________________

      (облыс, аудан, қала (кент, елді мекен))

      мекенжайы______________________________________________________

      кадастрлық нөмірі _______________________________________________

      барлық алаңы, гектар ____________________________________________ (оның ішінде егістік, нысаналы мақсаты)

      4. Ауыл шаруашылығы өнімін және оны тереңдете қайта өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу жөніндегі объектіге құжаттардың болуы туралы мәліметтер:

      объектінің меншік иесінің атауы__________________________________

      акт нөмірі______________________________________________________

      (нөмірі және берілген күні, кім берді)

      орналасқан орны________________________________________________

      (облыс, аудан, қала (кент, елді мекен))

      мекенжайы_____________________________________________________

      кадастрлық нөмірі _______________________________________________

      нысаналы мақсаты ______________________________________________

      5. Сәйкестікті растау жөніндегі орган қол қойған көрсетілген қызметтердің актісі туралы мәліметтер:

      сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы ________________________

      _______________________________________________________________

      акт нөмірі және күні _____________________________________________

      шарттың нөмірі мен күні, оған сәйкес көрсетілген қызметтер актісі жасалған

      ________________________________________________________________

      көрсетілген қызметтердің түрі (атауы)_______________________________

      көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңгемен______________________

      6. Сәйкестік сертификаты үшін төлемдер бойынша шот-фактуралар туралы мәліметтер:

р/с №

Шот-фактураның нөмірі

Шот-фактураның күні

Көрсетілген қызметтердің түрі (атауы)

Көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңгемен

Сатып алушының ЖСН/БСН-ы және атауы

1

2

3

4

5

6







      7. Берілген сәйкестік сертификаты туралы мәліметтер:

      Сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы_______________________________________________________________

      сертификат (сертификаттар) нөмірі және берілген күні__________________

      сертификаттың (сертификаттардың) қолданылу мерзімі _________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Өтініш берілген күн: 20 ___ жылғы "___" ______________

  Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

"Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Субсидияны тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1)Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10198 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш;
2) органикалық өнімді растауға арналған сәйкестік сертификатының көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы заңының 19-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылды.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Мемлекеттік корпорация жұмыскері Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне бара отырып, жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. gov. kz мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасындағы интернет-ресурста көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)

      ____________________ мекенжайы бойынша орналасқан №_____ филиалының бөлімі Сіздің 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      1) _________________________________________;

      2) _________________________________________;

      бермеуіңізге байланысты "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы хабарлама әр тарап үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалды.

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Телефоны ________________

      Алдым: ______________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      20__ жылғы "___" _________

  Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Субсидияны тағайындау туралы хабарлама

      Құрметті __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтінішіңіз бойынша "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетілді және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы "__" __________ төлем шотымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылды.

  Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай

      негіздерде: ______________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________ бас тартады.

      Осы бас тарту әр тарап үшін бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

      _______________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2021 жылғы 15 маусымдағы
№ 185 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 5-2/389 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11345 болып тіркелген).

      2. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 5-2/673 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11938 болып тіркелген).

      3. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 5-2/389 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 189 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15212 болып тіркелген).

      4. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 5-2/673 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 57 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16400 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады