ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз
"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрықпен бекітілетін Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 2-тармағының 10) тармақшасы:
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады:
"республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс – бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын, бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған тапсырыс;";
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады:
"республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс – мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетуге арналған тапсырыс;";
осы бұйрықпен бекітілетін Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 3-тармағының 2) тармақшасы:
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады:
"мемлекеттік тапсырысты – бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын, бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған тапсырысты (бұдан әрі – республикалық тапсырыс) орындау тәсілдерімен жүзеге асырылады.
Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс мынадай субъектілер түрлеріне:
мерзімді баспасөз басылымдарына;
телеарналарға, радиоарналарға;
интернет-басылымдарға беріледі.";
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады:
"мемлекеттік тапсырысты – мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын, бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған тапсырысты (бұдан әрі – республикалық тапсырыс) орындау тәсілдерімен жүзеге асырылады.
Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс мынадай субъектілер түрлеріне:
мерзімді баспасөз басылымдарына;
телеарналарға, радиоарналарға;
интернет-басылымдарға беріледі." деп белгіленсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 6 қарашадағы № 527-НҚ Бұйрығымен бекітілген |
Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық бағдарлама – телерадиокомпаниялар мерзімді трансляциялайтын және ағымдағы оқиғалар мен фактілер туралы ақпаратты қамтитын теле-, радиобағдарлама форматы;
2) ақпараттық-талдамалық бағдарлама – белгілі бір уақыт аралығында көрермендер аудиториясының қызығушылығын тудыратын оқиғалардың жинақтап қортылған, жүйеленген ақпарат пен оның талдауы ұсынылатын теле немесе радиобағдарламаның форматы. Аталған бағдарлама әртүрлі көзқарастағы оқиғаларды терең талдауды, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды және ықтимал салдарды болжауды қамтиды. Ақпараттық-сараптамалық хабарлар саясат, экономика, мәдениет сияқты және басқа да салалардағы әртүрлі тақырыптарды жария ететін айдарлар бойынша құрылымдалған;
3) аудиоролик – радиоарнада хронометражы 10 секундтан 60 секундқа дейін қайталап көрсетілетін ақпараттық, әлеуметтік мазмұндағы (әлеуметтік жарнама) уақыт бойынша ұзақ болмайтын ақпараттық хабарлар;
4) әзіл-сықақ бағдарламасы – әзіл-сықақ жанрының теле-, радиобағдарламасы (скетчтер, әзілдер, берілген тақырыптарға диалогтар, музыкалық пародиялар);
5) бейнеролик – телевидениеде хронометражы 10 секундтан 60 секундқа дейін қайталап көрсетілетін ақпараттық, әлеуметтік мазмұндағы (әлеуметтік жарнама) уақыт бойынша ұзақ болмайтын кадрлардың көркем тізбегі;
6) масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) музыкалық бағдарлама – әртүрлі музыкалық бағыттар, үрдістер және тұлғалар туралы ойын-сауық және/немесе танымдық теле-, радиобағдарламасы;
8) ойын-сауық шоуы – музыкалық және/немесе әзіл-сықақ бағытындағы интерактивті теле-, радиобағдарлама, ойын-сауық сипатында болады, ойындардың, конкурстардың, викториналардың және ұтыс ойындарының элементтерін қамтуы мүмкін;
9) реалити-шоу – ойын-сауық бағдарламасы, онда сюжет адам тобының (немесе топтарының) өмірге жақын жағдайдағы іс-әрекеттерін көрсету болып табылады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-тармақтың 10) тармақшасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. осы бұйрығының 4-т. сәйкес 01.01.2025 дейін қолданылады.
10) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс – бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын, бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған тапсырыс;
11) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруды ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) – масс-медиа саласындағы уәкілетті органның ведомствосы;
12) сериал – бір оқиғаны, хронометражы 20-дан 60 минутқа дейін бірнеше сериялар және (немесе) бірнеше маусым бойына дамитын сюжет желісін құрайтын эпизодтар серияларын білдіретін телевизиялық форматтағы көркем және/немесе деректі туынды;
13) синопсис – жобаның өзіндік ойы мен идеялығын, сондай-ақ оның тақырыптық бағытқа (идеологиялық міндетке) және үміткердің аудиториялық көрсеткіштеріне сәйкестігін көрсететін мазмұнын баяндау (бір парақ шегінде);
14) телевизиялық бағдарлама – телевидениеде көрсетілетін бірыңғай мақсаттағы және кейбіреуі тұтас (сюжеті бар) мерзімді аудиовизуалды хабарлар мен материалдар жиынтығы;
15) ток-шоу – оның барысында берілген тақырыпта жетекші/спикерлер, қонақтар мен көрермендер/радио тыңдаушылар арасында еркін пікір алмасуға болатын теле-, радиобағдарлама;
16) үміткер – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға өтінім берген заңды тұлға.
2-тарау. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі
3. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс мынадай:
1) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жарғылық капиталына мемлекет қатысатын бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне таратылатын мемлекеттік тапсырманы орындау;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-тармақтың 2) тармақшасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. осы бұйрығының 4-т. сәйкес 01.01.2025 дейін қолданылады.
2) мемлекеттік тапсырысты – бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын, бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған тапсырысты (бұдан әрі – республикалық тапсырыс) орындау тәсілдерімен жүзеге асырылады.
Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс мынадай субъектілер түрлеріне:
мерзімді баспасөз басылымдарына;
телеарналарға, радиоарналарға;
интернет-басылымдарға беріледі.
4. Уәкілетті орган Заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияны (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрады.
5. Республикалық комиссия жыл сайын, 15 желтоқсанға дейін ұйымдастырушы ұсынған ұсыныстар негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатының басым бағыттарын ескере отырып, республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының алдағы күнтізбелік жылға арналған тізбесін бекітеді.
6. Республикалық комиссия күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатының басым бағыттарын ескере отырып, республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесіне тиісті өзгерістер енгізеді.
7. Ұйымдастырушы республикалық тапсырыстың өткізілетін күніне дейін он бір жұмыс күні бұрын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарын қоса бере отырып, уәкілетті органның интернет-ресурсында тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарды орналастырады.
8. Республикалық тапсырысқа қатысу үшін үміткер ақпараттық хабар орналастырылғаннан кейін келесі күннен бастап он жұмыс күні ішінде сағат 17:00-ге дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырысқа қатысуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім), сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес республикалық тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) ұсынады.
Үміткерлер қоса берілген құжаттардың төлнұсқалығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
9. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінім бар конверт ашылмайды. Егер өтінім салынған конвертте оны берген адам туралы ақпарат, сондай-ақ пошталық мекенжайы көрсетілген кезде, ұйымдастырушы аталған өтінімді үміткерге қайтарады.
Үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетілмей ұсынылған өтінім бар конверт ашылмайды.
10. Ұйымдастырушы:
1) қатысуға өтінімдері бар конверттерді қабылдайды;
2) республикалық тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін оны кері қайтарып алған кезде, өтінімді қайтаруды қамтамасыз етеді.
11. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткенге дейін қабылданған өтінімдер жазбаша түрде кері қайтарылып алынады. Өтінімді кері қайтарып алу туралы хабарлама үміткер қол қойған және мөрмен (бар болған кезде) бекітілген ұйымдастырушының атына еркін өтініш түрінде ресімделеді.
12. Өтінімді ұсыну мерзімі өткеннен кейін оны кері қайтарып алуға жол берілмейді.
13. Республикалық комиссия өтінімдер бар конверттерді тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарда көрсетілген мерзімде және орында алған кезде, өтінімдер бар конверттерді аудио және/немесе бейне тіркеуді қолдана отырып ашады және ашу хаттамасын ресімдейді.
14. Өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамасына отырыста Республикалық комиссияның төрағасы мен қатысып отырған мүшелері қол қояды.
Өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамасы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) Республикалық комиссияның отырысын өткізу күні, уақыты және орны;
2) Республикалық комиссияның сандық құрамы, кворумның болуы;
3) белгіленген мерзімде өтінім берген үміткерлердің толық атауы, мекенжайлары.
15. Ашу хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім мен тізбе осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкестігі тексеріледі.
Республикалық тапсырысқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасына отырыста Республикалық комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған мүшелері қол қояды.
16. Өтінім мен тізбе осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес келмесе, ұйымдастырушы алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген үміткердің электрондық мекенжайына алдын ала рұқсат беру хаттамасынан үзінді көшірмені қоса бере отырып, хабарлама жібереді.
Үміткер хабарламаға сәйкес пысықталған өтінім мен тізбе оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
17. Бұрын ұсынылған өтінімге және тізбесіне хабарламада көрсетілмеген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілмейді.
18. Ұйымдастырушы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде үміткер пысықтаған өтінім мен тізбені қабылдайды, сондай-ақ Республикалық комиссияның қарауына береді.
Хабарлама бойынша өтінім мен тізбе пысықталмаса өтінім мен тізбе үміткерге қайтарылады.
19. Барлық тапсырысқа қатысуға өтінімдер мен құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес келсе, республикалық тапсырысқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделмейді.
20. Үміткер пысықтаған өтінім мен құжаттар тізбесін алған кезде Республикалық комиссия екі жұмыс күнінен кешіктірмей республикалық тапсырысқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады, онда республикалық тапсырысқа қатысуға жіберілген, осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда белгіленген өтінім мен тізбесін берген және осы Қағидалардың 18-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша жіберілмеген үміткерлерді айқындайды.
21. Республикалық тапсырысқа қатысуға рұқсат беру хаттамасына отырыста Республикалық комиссияның төрағасы және қатысып отырған мүшелері қол қояды.
22. Республикалық комиссия республикалық тапсырысқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы ресімделген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, отырыста осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты көрсетуге телеарналарды, радиоарналарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды айқындау үшін балдық бағалау бойынша республикалық тапсырысқа үміткерлерді бағалайды.
23. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты көрсетуге телеарналарды, радиоарналарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды айқындауға арналған балдық бағалауға сәйкес республикалық тапсырысқа үміткердің шығармашылық ұсынысы жеңімпазды айқындау үшін шешуші өлшемшарт болып табылады.
Шығармашылық ұсыныстың мәлімделген тақырыптық бағыттарға сәйкес келмеуі республикалық тапсырысты алудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
24. Балдық бағалау нәтижелері бойынша Республикалық комиссия мерзімді баспасөз басылымдары мен интернет-басылымдар арасында бір тақырыптық бағыт бойынша республикалық тапсырыстың көлемін бір және/немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге бөледі.
Республикалық комиссия балдық бағалау нәтижелері бойынша теле-, радиоарналар арасында республикалық тапсырыстың көлемін бір тақырыптық бағыт бойынша бір үміткерге бөледі.
Мерзімді баспасөз басылымдары мен интернет-басылымдар арасындағы республикалық тапсырыс балдық бағалауға сәйкес бір тақырыптық бағыттың жеңімпаздары арасында әрбір жеңімпаздың жинаған балдарына пайыздық қатынаста бөлінеді.
25. Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша рұқсат беру хаттамасы ресімделген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытындылардың алдын ала хаттамасы ресімделеді және оған Республикалық комиссияның төрағасы мен қатысып отырған мүшелері қол қояды.
Ұйымдастырушы республикалық тапсырысты алмаған үміткерлерге қорытындылар хаттамасын қалыптастырғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қорытындылардың алдын ала хаттамасынан үзінді көшірмені қоса бере отырып, республикалық тапсырысты беруден бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінімде көрсетілген үміткердің электрондық мекенжайына хабарлама жібереді.
26. Үміткерлер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұрын хабарлама жіберілген электрондық мекенжайға қорытындылардың алдын ала хаттамасына қарсылықтарын ұсынады.
27. Қорытындылардың алдын ала хаттамасына қарсылықтар болған кезде Республикалық комиссия бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мынадай шешімдер қабылдайды:
1) үміткерлерден қорытындылардың алдын ала хаттамасына негізделген қарсылықтар келіп түскен кезде, қорытындылар хаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) оларды қабылдамаудың негіздемелері мен себептерін көрсете отырып, қорытындылардың алдын ала хаттамасына қарсылықтарды қабылдамайды.
28. Шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытындылардың түпкілікті хаттамасы ресімделеді.
29. Қорытындылардың хаттамасына отырыста Республикалық комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған мүшелері қол қояды.
30. Республикалық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша республикалық тапсырыстың жеңімпаздарымен қорытындылар хаттамасына қол қойылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде республикалық тапсырысты өткізуге шарт жасалады.
31. Республикалық тапсырыс мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) республикалық тапсырысқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда;
2) егер республикалық тапсырысқа қатысуға бірде бір үміткер жіберілмеген болса, өтпеді деп танылады.
32. Республикалық тапсырыс өтпеді деп танылса, ұйымдастырушы осы Қағидалардың 7 тармағына сәйкес республикалық тапсырысты қайтадан орналастыруды жүзеге асырады.
Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
____________________ (ұйымдастырушының толық атауы) ____________________ (субъектінің атауы) арасында республикалық деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Өтінімдер бар конверттер ________________ (ұйымдастырушының толық мекенжайы) мекенжайы бойынша жіберіледі, кеңсе ________ жылғы сағат ________ дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер мына ______________ мекенжай бойынша (мекенжайын толық көрсету) ______________ (күні мен уақытын көрсету) ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: "(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА" және "(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 8-тармағына сәйкес қатысу үшін Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес тапсырысқа қатысуға өтінім беру қажет.
Өтінімге Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес тізбе қоса беріледі.
Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымша Нысан |
___________________ тапсырысқа қатысуға өтінім
1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін) \тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (жеке
тұлғалар үшін): ______________________;
2. Орналасқан жері: ________________________________________;
3. Телефон (факс) нөмірі: ____________________________________;
4. Бұқаралық ақпарат құралының атауы (мерзімді баспасөз басылымы, теле-,радиоарна,
интернет-басылым): _________________________________.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәліктің
көшірмесі (мерзімді баспасөз басылымдары, теле -, радиоарналар, интернет-
басылымдар үшін): _________________________________________.
6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (егер
үміткер қосылған құн салығын төлеуші болып табылса).
7. Өтінім берілген тақырыптық бағыттың атауы ________________________________.
8. Электрондық мекенжайы _________________________________.
___________________________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) қолы
мөрдің орны (бар болған кезде)
20__ жылғы "__" ____________
Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымша |
Республикалық тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі
1. Телеарналар үшін өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторының Қазақстан Республикасының аумағында аналогтік эфирлік және/немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы телеарнаның хабар таратуын ұйымдастыратыны туралы растау хаты;
2) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторы анықтама берген күннің алдындағы бір айдан астам уақытқа созылатын аналогтік эфирлік және/немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша телеарнаны таратқаны үшін Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторына мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы анықтама;
3) қағаз жеткізгіште таныстырылым түрінде шығарылған аудиовизуалды өнім жөнінде портфолио;
4) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі;
5) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын өз өндірісіндегі контенттің апта сайынғы (соңғы екі тоқсандағы) хабар тарату көлемі туралы (пайыздық қатынаста және өз өнімінің тізбесі бар) растау хаты;
6) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес балдық бағалауда көзделген жанрлар бойынша телеарнаның меншікті аудиовизуалды өнімінің рейтингі бойынша телеөлшеулер жүргізетін тәуелсіз компанияның растау хаты;
7) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама;
8) тақырыптық бағыттарға сәйкес көрсетілетін қызметтерді орындау жобасы мен жоба туралы қысқаша ақпаратты және синопсисті қамтитын тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар. Жоба туралы қысқаша ақпарат – тақырыпты, хабарды, жанрын, хронометражды, жасау тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны жасау тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын қамтитын ақпаратты үміткер дербес айқындайды.
2. Радиоарналар үшін өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторының Қазақстан Республикасының аумағында аналогтік эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы радиоарнаның хабар таратуын ұйымдастыратыны туралы растау хаты;
2) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландыратын интернет-басылымының болуын не болмауын растайтын құжат;
3) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама;
4) қағаз жеткізгіште таныстырылым түрінде шығарылған аудио өнім жөнінде портфолио;
5) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі;
6) тақырыптық бағыттарға сәйкес көрсетілетін қызметтерді орындау жобасы мен жоба туралы қысқаша ақпаратты және синопсисті қамтитын тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар. Жоба туралы қысқаша ақпарат – тақырыпты, хабарды, жанрын, хронометражды, жасау тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны жасау тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын қамтитын ақпаратты үміткер дербес айқындайды.
3. Мерзімді баспасөз басылымдары үшін өтінімге мыналар:
1) әр нөмірдің таралымын көрсете отырып, соңғы айда шығарылған таралымның саны туралы баспаханадан анықтама;
2) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын соңғы айдағы мерзімді баспасөз басылымын шығару мерзімділігі туралы анықтама;
3) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын газеттің интернет-басылымының болуын растайтын құжат;
4) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын газеттің әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама;
5) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылатын журналдың интернет-басылымының болуын не болмауын растайтын құжат;
6) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын әртүрлі әлеуметтік желілерде журналдың аккаунттарының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
7) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдар көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі;
8) тақырыптық бағыттарға сәйкес жарияланымдардың тәсілдерін, жанрының алуан түрлілігін, оның ішінде ақпарат берудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын көрсетілетін қызметтерді орындау жобасын қамтитын, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайтын тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар қоса беріледі.
4. Интернет-басылымдар үшін өтінімге мыналар:
1) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (болған болған кезде) куәландырылатын арнайы веб-ресурстан соңғы айдағы бірегей пайдаланушылардың саны туралы растау құжаты;
2) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын арнайы веб-ресурстан интернет-басылымның мобильді қосымшасының болуын немесе болмауын растау құжаты;
3) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі;
4) шығарылған бейне өнімді ауыспалы жеткізгіште (флеш-карталар, CD, DVD және HDD дискілер) қоса бере отырып, үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылатын оның өзінің интернет-басылымында орналастырылғаны туралы сілтеме көрсетілген соңғы жыл ішінде шығарылған бейне өнімінің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
5) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама;
6) тақырыптық бағыттарға сәйкес жарияланымдардың тәсілдерін, жанрының алуан түрлілігін, оның ішінде ақпарат берудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын көрсетілетін қызметтерді орындау жобасын қамтитын, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайтын тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар қоса беріледі.
Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 4-қосымша |
Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты көрсетуге телеарналарды айқындауға арналған балдық бағалау
1-кесте
Ескертпе:
1-тармақта аналогтік эфирлік және/немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы Қазақстан Республикасының аумағында хабар тарату ауқымы әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады.
3-тармақта өзі жасайтын контенттің апта сайынғы хабар тарату көлемі әртүрлі болса, есепке соңғы екі тоқсандағы орташа арифметикалық мәні алынады.
4-тармақта телеарнаның өзінің аудиовизуалды өнімінің (жанр бойынша) рейтингінде әрбір бағалау өлшемшарты бойынша дербес балл беріледі, қандай да бір өлшемшарт бойынша телеарнаның өзінің аудиовизуалды өнімінің (жанр бойынша) рейтингі болмаған кезде нөл балл беріледі. 4-тармақ бойынша жалпы баға ішінде берілген балдарды ескере отырып, оларды қосу арқылы шығарылады.
5-тармақта жасалған аудиовизуалды өнімге бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша дербес балл беріледі, қандай да бір өлшемшарт бойынша жасалған аудиовизуалды өнім болмаған кезде нөл балл беріледі. 5-тармақ бойынша жалпы баға берілген ішкі балдарды ескере отырып, оларды қосу арқылы шығарылады.
6-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады.
Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты көрсетуге радиоарналарды айқындауға арналған балдық бағалау
2-кесте
Ескертпе:
3-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады.
4-тармақта жасалған аудио өнімге бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша дербес балл беріледі, қандай да бір өлшемшарт бойынша жасалған аудио өнім болмаған кезде нөл балл беріледі. 4-тармақ бойынша жалпы баға берілген ішкі балдарды ескере отырып, оларды қосу арқылы шығарылады.
Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты көрсетуге мерзімді баспасөз басылымдарын айқындауға арналған балдық бағалау
3-кесте
Ескертпе:
* газеттер мен журналдарға қолданылады;
1 және 4-тармақтарда мерзімді баспасөз басылымы таралымының саны әртүрлі болса, есепке қайсысы аз сол алынады.
2 және 6-тармақтарда әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады.
8-тармақта мерзімді баспасөз басылымы қайта есепке қойылса, есепке бастапқы есепке қою күні алынады.
Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты көрсетуге интернет-басылымдарды айқындауға арналған балдық бағалау
4-кесте
Ескертпе:
5-тармақта әртүрлі әлеуметтік желілердің аккаунттарында жазушылардың саны әртүрлі болса, есепке қайсысы көп сол алынады.