ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі
"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
И. Шархан |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 18 қарашадағы № 397 бұйрығымен бекітілген |
Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігіне жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 15-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігіне жобадан кейінгі талдау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы (бұдан әрі – энергия тиімділігі сыныбы) – үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – Ұлттық институт) – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға.
3. Жобадан кейінгі талдау объектісі энергетикалық ресурстарды жобалық тұтыну баламалы көрсеткіштен жылына бес жүз тоннадан асатын және шартты отыннан жоғары өзгерістерден (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) өткен, жаңа ғимарат, құрылым және құрылыс немесе қолданыстағы ғимарат, құрылым, құрылыс болып табылады.
4. Осы Қағидалар мынадай үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға қолданылмайды:
1) тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған үйлер, құрылыстар, ғимараттар;
2) қызмет мерзімі екі жылдан аспайтын шаруашылық мақсаттағы уақытша құрылыстар, қосалқы үй-жайлар;
3) жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ саяжай және бау-бақша учаскелерінде орналасқан құрылыстар;
4) жалпы алаңы елу шаршы метрден аз бөлек тұрған үйлер, құрылыстар, ғимараттар;
5) ғибадат ету үйлері, құрылыстары және ғимараттары;
6) бөлек тұрған жылытылмайтын үйлер, құрылыстар, ғимараттар.
5. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігіне жобадан кейінгі талдауды (бұдан әрі – жобадан кейінгі талдау) Ұлттық институт тиісті ғимарат, құрылым мен құрылыс пайдалануға берілгеннен кейін он сегіз ай ішінде жүзеге асырады.
Егер жобадан кейінгі талдау объектісі кезең-кезеңімен пайдалануға берілетін ғимарат, құрылыс және құрылысжай болса, әрбір іске қосу кешеніне немесе кезекке жобадан кейінгі талдау жеке жүзеге асырылады.
2-тарау. Жобадан кейінгі талдау жүргізудің тәртібі мен мерзімдері
6. Жобадан кейінгі талдау жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесімен, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен, энергетикалық ресурстарды тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйелерімен интеграциялау арқылы алынған деректерді талдау және салыстыру арқылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.
7. Жобадан кейінгі талдау объектіні пайдалануға қабылдау актісінде және/немесе жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортында көрсетілген энергия тиімділігі сыныбының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне және/немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесіне, энергия тиімділігінің нақты сыныбына сәйкестігіне жүргізіледі.
8. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігінің нақты сыныбы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ақпараттық жүйемен мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда, D – ғимаратты жылытуға және/немесе желдетуге арналған энергия тиімділігі көрсеткішінің нақты мәнінің нормативтен ауытқу шамасы, %;
–энергетикалық ресурстарды тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйелеріне сәйкес ғимараттың, құрылыстың және құрылысжайдың энергетикалық ресурстарын жылдық тұтынудың нақты көлемі, Ватт/ (шаршы метр * Цельсий градусы);
– жылыту кезеңінде ғимаратты, құрылысты және құрылысжайды жылытуға және/немесе желдетуге арналған жылу энергиясы шығысының нормаланатын меншікті сипаттамасы, Ватт/ (шаршы метр*Цельсий градусы).
9. Ғимаратты жылытуға және желдетуге арналған энергия тиімділігі көрсеткішінің нақты мәнінің нормативтен ауытқу шамасын айқындау қорытындылары бойынша энергия тиімділігі сыныбы "Ғимараттардың, құрылыстар, құрылыстаржайлардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 399 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11312 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес айқындалады.
10. Жобадан кейінгі талдау жүргізу қорытындылары бойынша Ұлттық институт 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде, бірақ осы Қағидалардың 5 тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктермей, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес пішін бойынша қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) дайындайды және оны Тапсырыс берушіге және ғимараттардың, құрылыстар мен құрылыстардың құрылыс салушысына жібереді.
11. Қорытынды тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен немесе электрондық мекенжай бойынша жіберіледі.
Тапсырыс беруші, құрылыс салушы қорытындыны қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізетін немесе тапсыратын адам Ұлттық институтқа қайтарылатын қорытындыға тиісті белгі қояды.
12. Жобадан кейінгі талдау қорытындылары бойынша ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, тапсырыс беруші, тиісті ғимараттың, құрылыстың және құрылысжайдың құрылыс салушысы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған мерзім ішінде осындай сәйкессіздіктерді жояды.
13. Құрылыс салушы анықталған сәйкессіздіктер жойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың жойылғаны туралы Ұлттық институтқа хабардар етеді.
14. Ұлттық институт алдыңғы жылдың жылыту маусымы аяқталғаннан кейін 12 (он екі) ай өткен соң жобадан кейінгі талдауды қайта жүргізеді, оның қорытындысы бойынша анықталған сәйкессіздіктерді жою фактісін растайды немесе растамайды.
Жобадан кейінгі қайта талдау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, Ұлттық институт тапсырыс берушіге, құрылыс салушыға осындай сәйкессіздіктер түпкілікті жойылғанға дейін осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген тәртіппен қорытынды жібереді.
Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау жүргізу Қағидаларына қосымша |
Жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша жаңа ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар салу немесе қолданыстағы ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайларды өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобалары бойынша іске асырылған қызметтің сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытынды
Кіріспе бөлім:
Тапсырыс берушінің атауы: _______________________________________
___________________________________________________________________
Құрылыс салушының атауы: _______________________________________
____________________________________________________________________
Объектінің нақты мекенжайы:_____________________________________
____________________________________________________________________
Зерттеу бөлімі:
Объектіні пайдалануға қабылдау актісінде және/немесе жылжымайтын мүлік
объектісінің кадастрлық паспортында көрсетілген энергия тиімділігі сыныбы:
____________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ғимараттардың, құрылыстардың және/немесе құрылысжайлардың жіктелуі (түрі):
_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ғимараттардың, құрылыстардың және/немесе құрылыстаржайлардың энергия
тиімділігінің нақты сыныбы: ___________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ғимараттардың, құрылыстардың және/немесе құрылысжайлардың энергия
тиімділігінің нақты сыныбының Объектіні пайдалануға қабылдау актісінде
және/немесе жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортында көрсетілген
энергия тиімділігі сыныбына сәйкестігі: _______________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Ғимараттардың, құрылыстардың және/немесе құрылысжайлардың энергия
тиімділігінің нақты сыныбы мен құрылыс жобасында мәлімделген энергия
тиімділігінің сыныбы арасындағы ауытқу шамасы: ______________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Жаңа ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайларды салу немесе
қолданыстағы ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайларды өзгерту (кеңейту,
жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу)
жобалары бойынша іске асырылған қызметтің сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы
қорытынды: _________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Ұсынымдар: ____________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қорытындыны дайындаған:
______________________ __________________________
(қолы) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Жобадан кейінгі талдау нәтижелері туралы қорытынды жасау күні:
_______ жылғы "_____" ____________