БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13133 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізіледі:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидаларында:
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамасын және педагогика және психология негіздерін, бейіннің сәйкес лауазымы бойынша пәннің негіздерін білуге тестілеуден өтеді.
Тест сұрақтарының саны жүз жиырма, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге - алпыс сұрақ, педагогика және психология негіздері - жиырма сұрақ, пәндік білім негіздері - қырық сұрақ. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тест сұрақтары Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін білуге 10 сұрақтан тұрады. Тестілеудің жалпы уақыты жүз жиырма минутты құрайды.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |