БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29040 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларында:
24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"24. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бөлінісіндегі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған тұрмыстық баллондарда өткізілетін тұрмыстық баллондардың айналымы және сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпаратты уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға ұсынады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.egsu.energo.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-ТБАА.
Кезеңділік: ай сайын.
Есепті кезең: 20___ жылғы_______________ айы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: газ толтыру пункттерінің иелері.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-інен (бесінен) кешіктірмейтін мерзімде.
|
Жинау әдісі: электронды түрде.
№ | Тұрмыстық баллонды өткізетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) елді мекен | Тұрмыстық баллонды сатып алушының ТАӘ | Тұрмыстық баллонды сатып алушының ЖСН | Тұрмыстық баллонды сатып алушының мекенжайы | Тұрмыстық баллонның бірегей коды | Тұрмыстық балон көлемі (литр) | Тұрмыстық баллонның бірегей зауыттық нөмірі | Тұрмыстық баллонды өткізу күні |
1. | 2. | 3. | 4. | 5. | 6. | 7. | 8. | 9. |
Атауы ________________________
Мекенжайы__________________
Телефон ________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________
Орындаушы____________________ ____________
қолы, телефон (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам__________________
қолы ___________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
"Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 1-ТБАА, кезеңділігі: ай сайын)
"Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат" әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес тұрмыстық баллонды өткізетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) елді мекені көрсетіледі;
3-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі;
4-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
5-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының мекенжайы көрсетіледі;
6-бағанда тұрмыстық баллонның бірегей коды көрсетіледі;
7-бағанда тұрмыстық балон көлемі көрсетіледі;
8-бағанда тұрмыстық баллонның бірегей зауыттық нөмірі көрсетіледі;
9-бағанда тұрмыстық баллонды өткізу күні көрсетіледі.
Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат
Ұсынылады: уәкілетті органға.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.egsu.energo.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-ТБАЖА.
Кезеңділік: ай сайын.
Есепті кезең: 20___ жылғы_______________ айы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен (он бесінен) кешіктірмейтін мерзімде.
ЖСН/БСН |
Жинау әдісі: электронды түрде.
№ | Газ толтыру пунктінің атауы | Тұрмыстық баллонды өткізетінн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) | Өткізілген тұрмыстық баллон саны (дана) | Тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі (литр) |
1. | 2. | 3. | 4. | 5. |
Атауы ________________________
Мекенжайы____________________
Телефон ________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________
Орындаушы____________________ ____________ қолы, телефон
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам__________________
қолы ___________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
"Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат" әкімшілік деректернысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 1-ТБАЖА, кезеңділігі: ай сайын)
"Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат" әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда газ толтыру пунктінің атауы көрсетіледі;
3-бағанда тұрмыстық баллонды өткізетін Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) көрсетіледі;
4-бағанда өткізілген тұрмыстық баллон саны көрсетіледі;
5-бағанда тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі көрсетіледі.