БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 170 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32568 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Разрездерде, карьерлерде, приискілерде, гидравликаларда, драгаларда, жуу аспаптарында, шахталардың, кенiштер мен дренаж шахталарының жер үстіндегі жұмыстары және ашық тау-кен жұмыстары. Шахталар, кенiштер, разрездер, карьерлер, приискілер, драгалар, метрополитендер, тоннельдер, жерасты каналдары құрылыстары мен басқа да жерасты құрылыстарының өндiрiстiк алаңдарындағы жұмыстар. Жердi қайта өңдеу, техникалық ұңғымаларды бұрғылау, жерасты өрттерiнің, террикондар мен жынысты үйiндiлердегi өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру жөніндегі тау-кен жұмыстары. Бұрғылау-жару жұмыстары:
Жұмыс уақытының кемінде 80 %-ында жұмыс iстейтiн жұмыскерлер:
Жұмысшылар:
тау балауызы өндiрiсiнiң аппаратшысы;
бункершi;
шпурларды бұрғылаушы;
аспалы-әуе жолдарының вагонетшiсi;
вагонетшi;
жарушы;
тау-кен массасын тасымалдаумен айналысатын автомобиль жүргізушісі;
тау-кен массасын тиейтiн тиегiш жүргiзушiсi;
үйiндiлердегi түсiрушi;
гидромониторшы;
тау-кен жұмысшысы;
гүрсілдетушi;
жоғарыда санамаланған қазбалар мен жыныстарды тиеумен, түсiрумен айналысатын жүк тиеуші;
жеткізушi;
қашау майлаушы;
шахтаға бекіту материалдарын жеткізушi;
драгер;
мирабилит өндiретін дренажшы;
уатушы;
забойшы;
ашу және тазалау жұмыстарында жұмыс істейтiн жер қазушы;
тастарды арамен кесушi;
тас өңдеушi;
арықшы;
плиталар мен блоктарды кесушi;
бекітушi;
ұста-бұрғыларға май құюшы;
лампашы;
шығыршы;
карьер мен разрезде жұмыс істейтiн лента тазалаушы;
люкшi;
драга матросы;
бұрғы қондырғысының машинисі (көмекшісі);
тепловоз машинисі (көмекшісі);
тартқыш агрегатының машинисі (көмекшісі);
экскаватор машинисі (көмекшісі);
разрездерде, карьерлерде және үйінділерде жұмыс істейтін автогрейдер машинисі;
бульдозер машинисі, оның ішінде байыту және брикетті фабрикалардың, разрездердің, шахталардың жыныстар үйінділерін және жанатын террикондарды сөндіруде және сұрыптауда жұмыс істейтін;
вибротиеу қондырғысының машинисі;
түзету-қағу-өңдеу машинасының машинисі;
түзету-қағу-тегістеу машинасының машинисі;
орташалау қоймалары мен үйінділердегі, разрездердегі, карьерлердегі жол-көлік машинасының машинисі;
драга машинисі;
ұсатқыш-тиеу агрегатының машинисі;
ұсатқыш қондырғыларының машинисі;
өздігінен жүре алмайтын жерге соратын жүзбелі снарядтың машинисі;
жер соратын қондырғы машинисі;
тас кесетін машина машинисі;
конвейер машинисі;
кратцер машинисі;
диірмен машинисі;
мотовоз машинисі;
дренаждық жұмыстардағы сорғы қондырғыларының машинисі;
үйінді жасаушы машинисі;
үйінді көпір машинисі;
үйінді соқасының машинисі;
қоректендіргіш машинисі;
көтергіш машина машинисі;
жол қозғағыш машинисі;
жол көтергіш машинисі;
карьерлердегі, разрездердегі және үйінділердегі кең табанды жол төсеуші машинисі;
тегістегіш машинаның машинисі;
скрепер машинисі;
скрепер шығыры машинисі;
слюда қабатын жасаушы машинаның машинисі;
карьерлерде, разрездерде қар жинайтын және жинаушы жол машинасының машинисі;
сұрыптау машинисі;
шахта оқпандарын тұтас қимамен бұрғылау қондырғысының машинисі;
карьерлердегі, разрездердегі көлік құралдарын өңдеу қондырғысының машинисі;
карьерлер мен разрездердегі шойтас кен массасын бұзу қондырғысының машинисі;
слюданы ажырату қондырғысының машинисі;
фрезагрегат машинисі;
карьерлердегі, разрездердегі хоппер-мөлшерлегіш машинисі;
карьерлерде, разрездерде және үйінділерде жұмыс істейтін шпал қаққыш машинаның машинисі;
карьерлердегі, разрездердегі және үйінділердегі кесек тазалағыш машинаның машинисі;
тау-кен жабдығының монтажшысы;
жол монтерi;
механикалық күрек моторисi;
металды алу жөніндегі жуу аспабы моторисi;
үйiндi уатушы;
тау-кен қазбаларын жиектеушi;
озокерит өндiрiсiндегі тауар операторы;
аударып төгушi;
сынама алушы;
шағын литражды драганың кесек тасшысы;
геологиялық сынамаларды жуушы;
скуббершi-сорғышы;
сұрыптаушы;
жер бетiнде жұмыс iстейтiн оқпаншы;
тракторшы;
гидромыс қондырғысының цементаторшысы;
шлихталаушы;
шлюзшы;
диспетчерлiк жабдықтар мен телеавтоматика электромонтерi;
байланыс желі электромонтері;
телефон байланысы желiлiк құрылыстары және радиофикациялау электромонтерi;
электр өткізу әуе желілерін жөндеу электромонтері;
байланыс электромонтері;
дабыл бергіш, орталықтандыру және блоктау құрылғыларының электромонтері.
Қызметшілер:
Учаске қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін жұмыскерлер, оның ішінде;
геолог;
геофизик;
гидрогеолог;
тау-кен инженері (жетекші, 1 және 2 санатты және санаты жоқ);
маркшейдер;
шебер (аға);
механик;
электрик;
электромеханик;
энергетик.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылысминистрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі