"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 533 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 қарашада № 35409 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31724 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) егер Қағидалардың 14-тармағының екінші бөлігінің үшінші абзацында өзгеше көзделмесе, салынып жатқан жатақханадағы немесе жатақхана етіп реконструкция жасалып жатқан ғимараттағы орындардың жалпы саны есепке алынады, ол облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қалалар мен астана үшін кемінде жүз орынды, ал қалған елді мекендер үшін кемінде елу орынды құрайды.

      Реконструкция жасалып жатқан жатақханадағы орындардың жалпы саны реконструкция жасалып жатқан жатақханада бұрын қолданылған орындардан басқа кемінде елу жаңа орынды құрайды. Бұл жағдайда, мемлекеттік тапсырыс реконструкция жасалған жатақханадағы қосымша енгізілген жаңа орындар үшін орналастырылады;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі:

      1) жетпіс екі ай – келесі жағдайларда:

      пайдалануға қабылдау актісі 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуден өткен жаңа жатақхана салғанда;

      акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін аталған білім беру ұйымдарында меншік құқығы туындаған сатып алынған жатақхананы немесе жатақханаға арналған ғимаратты қайта жаңартқанда;

      2) тоқсан алты ай – осы тармақтың 1) тармақшасында көзделмеген өзге де жағдайларда.

      Осы тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген қайта жаңарту жағдайында көзделген мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі төменде көрсетілген барлық талаптар сақталған кезде қолданылады:

      акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі, жатақхананың меншік иелері болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханаларда орын тапшылығы бар Республикалық маңызы бар қалаларда немесе астанада жалпы республикалық қажеттіліктің 20 пайызынан астамында орналасқан;

      қайта жаңартылған жатақхана немесе жатақханаға арналған ғимарат орындарының саны кемінде екі жүз орынды, оның ішінде қайта жаңартылған жатақханада бұрыннан бар орындардан басқа жаңалары құрайды;

      қайта жаңартылатын ғимарат акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының меншігіндегі оқу корпусы болып табылмайды;

      жүргізілген қайта құруды растайтын жатақхананы пайдалануға қабылдау актісі 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін Құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуден өтті.

      Жатақхананың меншік иесі ауысқан жағдайда мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі жатақхананың алдыңғы меншік иесі кезінде орналастырылған мерзімнің осы тармақтың 1) – 2) тармақшаларында көрсетілген жатақхананың жаңа меншік иесінде орналастыру мерзіміне ара қатысы ескеріле отырып, қысқарады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесінде:

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1)-тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары сатып алған жатақхананы немесе меншік құқығы аталған білім беру ұйымдарында 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін туындаған жатақханаға арналған ғимаратты реконструкциялаған кезде – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 182 еселенген мөлшері.

      Бұл жағдайда, осы тармақта көзделген жатақханадағы бір орынға мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері төменде көрсетілген барлық талаптар сақталған кезде қолданылады:

      акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі, жатақхананың меншік иелері болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханаларда орын тапшылығы бар республикалық маңызы бар қалаларда немесе астанада жалпы республикалық қажеттіліктің 20 пайызынан астамында орналасқан;

      қайта жаңартылған жатақхана немесе жатақханаға арналған ғимарат орындарының саны кемінде екі жүз орынды, оның ішінде қайта жаңартылған жатақханада бұрыннан бар орындардан басқа жаңалары құрайды;

      қайта жаңартылатын ғимарат акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының меншігіндегі оқу корпусы болып табылмайды;

      жүргізілген қайта құруды растайтын жатақхананы пайдалануға қабылдау актісі 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуден өтті;".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады