БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
6-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегi № 730 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелді) Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларымен белгіленген тәртіпте көрсетілетін қызметті алушы келісімімен дактилоскопиялық тіркеуді (дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқан жағдайда қызметкер ХҚТ ТП-да электрондық формулярды тіркеуге көшеді).".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде, осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі