Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 562-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 қарашада № 35415 болып тіркелді

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қағидалары бекітілсін.

      2. "Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 365 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29469 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 26 қарашадағы
№ 562-НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе масс-медиа және (немесе) телекоммуникация желілері және (немесе) онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);

      2) масс-медиа – бұқаралық ақпарат құралы және интернет-ресурс;

      3) масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) онлайн-платформа – қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылымды, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисін қоспағанда, онлайн-платформаны пайдаланушының өзі ашқан аккаунт, жария қоғамдастық арқылы онлайн-платформадағы контентті алуға, жасауға және (немесе) орналастыруға, және (немесе) таратуға, және (немесе) сақтауға арналған интернет-ресурс және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылым, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисі;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Сараптама тобын құру тәртібі

      3. Сараптама тобы балаға қатысты масс-медиа және онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған кибербуллинг фактілері бойынша өтініштерді қарау мақсатында уәкілетті органның жанынан құрылады.

      4. Сараптама тобының төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелері уәкілетті органның, баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатарынан уәкілетті органның бұйрығымен айқындалады.

      5. Сараптама тобын төраға басқарады.

      Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.

      Сараптама тобының отырыстары күндізгі нысанда және (немесе) онлайн режимде өткізіледі.

      Сараптама тобының шешімдері жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған сараптама тобының мүшелері қол қояды.

      Хатшы тоқсанына бір рет сиретпей уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылатын қаралған кибербуллинг фактілері туралы есепті дайындауды жүзеге асырады.

      Хатшы сараптамалық топтың мүшесі болып табылмайды.

      6. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде сараптама тобы балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтініштерді қарайтын сараптама тобының қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

3-тарау. Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтініштерді қарау тәртібі

      7. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес уәкілетті органның атына жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылған азаматтың не баланың заңды өкілінің өтініші балаға қатысты кибербуллинг фактісі туралы өтінішті қарау үшін негіз болып табылады.

      8. Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті сараптама тобы уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.

      9. Өтінішті қарау мерзімі сараптама тобы төрағасының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен, өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар қажетті ақпаратты талап етуге байланысты күнтізбелік он бес күннен аспайтын уақытқа дейін ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге немесе оның өкіліне хабарланады.

      10. Балаға қатысты кибербуллинг фактісі расталған жағдайда уәкілетті орган сараптама тобының шешімі негізінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою жөніндегі нұсқаманы масс-медиа және онлайн-платформалар меншік иесіне және (немесе) заңды өкіліне жібереді.

      Онлайн-платформаның және масс-медианың меншік иесі және (немесе) заңды өкілі "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-тармағында және "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабы 3-1-тармағының 2-бөлігінде көзделген уақытта балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою жөнінде шаралар қабылдайды.

      11. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге немесе оның өкіліне негiзделген және уәжделген жауапты мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тілде жолдайды.

      12. Егер балаға қатысты кибербуллинг фактісі расталмаған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге немесе оның өкіліне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде сәйкес жауап жолдайды.

  Сараптама тобын құру
сондай-ақ балаға қатысты
кибербуллинг фактілері
бойынша өтінішті
қарау қағидаларына
қосымша

      Нысан

  Уәкілетті органға
____________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде)

Өтініш

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 1-тармағына сәйкес кибербуллинг фактілері туралы мәліметтерді сараптама жүргізу үшін жібереміз.

      Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың анықталған фактілерінің тізімі (деректерді беру желісіндегі мекенжайлар: (IP-мекенжай) және (немесе) интернет-ресурстың және (немесе) оның интернет-парақшасының домендік атауы және (немесе) сәйкестендіргіші көрсетіледі):*

      1)______________________;

      2)______________________;

      3)______________________;

      4)______________________.

      Осы хабарламада көрсетілген мәліметтердің заңдылығы мен негізділігін растаймын.

      Азамат немесе баланың заңды өкілі

      ___________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      * Ескерту: жолдар саны хабарламаға енгізілетін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың анықталған фактілерінің санына байланысты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады