Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № 423 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 қарашада № 35416 болып тіркелді

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 27 қарашадағы
№ 423 Бұйрықпен бекітілген

Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясына тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;

      2) биогаз – ашуы немесе газдануы нәтижесінде биомассадан алынатын метан, көміртегі монооксиді және (немесе) сутегі;

      3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – уәкілетті орган айқындаған, Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;

      4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын сатып алу шарты (бұдан әрі – сатып алу шарты) – сатып алушы ретіндегі қаржы-есеп айырысу орталығы мен сатушы ретіндегі энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шарты;

      5) қазақстандық кремний (Kaz PV) негізіндегі фотоэлектрлік модульдер – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген кремнийді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында орналасқан кәсіпорындарда дайындалған фотоэлектрлік модульдер;

      6) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;

      7) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) шағын гидроэлектр станциясы – жиынтық қуаты он бес мегаватқа дейінгі (қоса алғанда) бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциясы;

      9) шекті аукциондық баға – электр энергиясына аукциондық бағаның ең жоғары шамасы;

      10) ірі гидроэлектр станциясы – жиынтық қуаты он мегаваттан асатын бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциясы.

      Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген ұғым "Қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлетрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін тіркелген тарифті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 644 қаулысымен бекітілген қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін тіркелген тариф бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен қаржы-есеп айырысу орталығы жасасқан сатып алу шарттарына қатысты қолданылады.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Осы Қағидалардың жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алу үшін тіркелген тарифтер мен аукциондық бағаларды қолдану тәртібін реттейтін ережелері:

      пайдалану мерзімі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемеде белгіленген өзін-өзі ақтау мерзімінен асып кеткен, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бар энергия өндіруші ұйымдарға;

      2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын бір гидроторапта орналасқан қондырғылары және (немесе) реттеудің тәуліктік мерзімінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектр станцияларына қолданылмайды.

      3. Тіркелген тарифтерді уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерінің мынадай түрлерінің әрқайсысы үшін Заңның 6-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес бекітеді:

      1) күн сәулесінің энергиясы;

      2) жел энергиясы;

      3) гидродинамикалық су энергиясы (шағын және ірі гидроэлектр станциялары);

      4) биогазды пайдалану кезінде алынған энергия.

      4. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен сатып алу-сату шарттарында көзделген тіркелген тарифтер Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттардың қолданысы тоқтатылғанға дейін, бірақ шарттар жасалған күннен бастап он бес жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.

      5. Уәкілетті органның бекітілген тіркелген тарифтерді түзету туралы актісі қолданысқа енгізілген сәтке дейін қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған сатып алу шарттарына қолданылмайды.

      6. Шекті аукциондық бағалар жаңартылатын энергия көздерінің мынадай түрлерінің әрқайсысы үшін бекітіледі:

      1) күн сәулесінің энергиясы;

      2) жел энергиясы;

      3) гидродинамикалық су энергиясы (шағын және ірі гидроэлектр станциялары);

      4) биогазды пайдалану кезінде алынған энергия.

      Шекті аукциондық бағалар теңгемен бекітіледі.

2-тарау. Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау тәртібі

      7. Белгіленген тарифтерді анықтау кезінде мынадай факторлар :

      1) Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру және оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден сатып алу көрсеткіштері;

      2) Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтыну және оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өткізу көрсеткіштері ескеріледі.

      8. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілердің Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру көрсеткіштерін қалыптастыруы "Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" от 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10455 болып тіркелген).

      9. Тіркелген тарифтерді айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштер және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері назарға алынады.

      10. Тіркелген тарифтерді қалыптастыру үшін мынадай параметрлерді:

      1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын жеткізуге арналған жеңілдікті тарифтердің Қазақстан Республикасында қолданылатын схемасымен ұқсас немесе мазмұны бойынша сәйкес келетін жаңартылатын энергия көздерін қолдау тетігінің болуын;

      2) 2050 жылға дейін жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту индикаторларының болуын;

      3) электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздері үлесінің Қазақстан Республикасына қарағанда жоғары көрсеткішін (өткен жылдың қорытындысы бойынша);

      4) тиісті елдердегі технологиялар құнының төмендеуін ескере отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес әлемнің басқа мемлекеттерінде қолданыстағы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен өндірілген электр энергиясына тарифтерге салыстырмалы талдау жүргізіледі.

      11. Белгіленген тарифтер теңгемен бекітіледі.

      12. Шекті аукциондық бағалар Заңның 6-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тіркелген тарифтер деңгейінде айқындалады.

  Тіркелген тарифтерді
және шекті аукциондық
бағаларды айқындау
қағидаларына
қосымша

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен өндірілетін электр энергиясына тарифтерді салыстырып талдау үшін мемлекеттердің тізбесі

Жел электр станциялары

1

Дания

2

Германия

3

Италия

4

Нидерланды

5

Испания

6

Болгария

7

Түркия

8

Украина

9

Қытай

10

Үндістан

11

ОАР

12

Ұлыбритания

13

АҚШ (Гавай, Нью-Йорк, Вермонт)

14

Бельгия

15

Бразилия

16

Финляндия

Күн энергиясын фотоэлектрлік түрлендіргіштер

1

Дания

2

Германия

3

Италия

4

Испания

5

Түркия

6

Украина

7

Үндістан

8

ОАР

9

Ұлыбритания

10

АҚШ (Гавай, Калифорния, Нью-Йорк, Орегон, Вермонт)

11

Бельгия

12

Қытай

13

Болгария

14

Бразилия

Шағын гидроэлектр станциялары

1

Дания

2

Германия

3

Италия

4

Нидерланды

5

Испания

6

Болгария

7

Түркия

8

Украина

9

Үндістан

10

ОАР

11

Великобритания

12

США (Гавай, Нью-Йорк)

13

Бельгия

14

Бразилия

Биогаз қондырғылары

1

Дания

2

Германия

3

Италия

4

Нидерланды

5

Испания

6

Болгария

7

Түркия

8

Украина

9

Үндістан

10

ОАР

11

Ұлыбритания

12

США (Нью-Йорк)

13

Бельгия

14

Бразилия


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады