"Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 530 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № 340 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 қарашада № 35420 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 37), 37-1) және 39) тармақшаларына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартта:

      1-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) білім беру жинақтау салымы (бұдан әрі - салым) – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері есебінен жарналарын, қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақылары мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) қатысушы банк – осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, Ұлттық пошта операторы;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) нысаналы жинақ төлемдері – нысаналы жинақтарды алушыға, сондай-ақ мұрагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы жинақтау шотынан төленетін нысаналы жинақтар сомасы;";

      мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтар (бұдан әрі - нысаналы жинақтар) – нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірісінің және жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын, есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жинақталған ақша;

      15) уәкілетті операторлар – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аударатын нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шарттың мәні қатысушы банктің салымшы атына теңгеде салым ашуы, салымға қатысушы банктің сыйақысын есепке жазуы және бюджеттен алынған мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызуы, сондай-ақ нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) есепке жатқызуы болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1- тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Шарт заң актілерінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерінде белгіленген талаптарға сай жазбаша нысанда (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда) жасалады.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қатысушы банктің сыйақысы Шарттың қолдану мерзімі ішінде ай сайын есепке жазылады және салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).

      6. Шартқа қол қоя отырып, салымшы/заңды өкіл операторға банктік құпияны және нысаналы жинақтар құпиясын (бар болса) ашуға келісімін береді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тараптар қол қойған Шарт бірыңғай тізілімде тіркелуге жатады. Оператор салымшының Шарттың және Заң талаптарына сай келмеуіне байланысты оны бірыңғай тізілімде тіркеуден бас тартқан жағдайда Шарт бұзылады, жинақ шоты жабылады, енгізілген бастапқы жарна сомасы сыйақыны есепке жазбай/төлемей және қатысушы банктің қандай да бір комиссияларын шегерместен, салымшының/заңды өкілдің бірінші талабы бойынша қайтарылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Салым қаражатын нысаналы мақсатта алу жағдайларын (ақшаны білім беру ұйымына бөліктермен аудару) және нысаналы жинақ төлемдерді уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына қайтаруды қоспағанда, салымшының банктік шотынан ақшаны ішінара алуға жол берілмейді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке аударылған салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу бастапқы білім беру жинақтау салымы туралы шартының жасалған күні ескеріле отырып жүргізіледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Салымшы қайтыс болғанда не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда, салым:

      1) оның мұрагерлерімен кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) салымға жіберіледі (қайта ресімдеу);

      2) мемлекет сыйлықақысы сақтала отырып, оның мұрагерлеріне Шартты бұзу талаптары бойынша төленеді.";

      мынадай мазмұндағы 22-1- тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Сот әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған немесе денсаулық жағдайына байланысты салымшының оқуды жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін қоспағанда, салым:

      1) салымшымен/заңды өкілмен кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) салымға жіберіледі (қайта ресімдеу);

      2) мемлекет сыйлықақысы сақтала отырып, салымшыға/заңды өкілге Шартты бұзу талаптары бойынша төленеді.

      Бұл ретте, қатысушы банк есептелген нысаналы жинақ төлемдерін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген оқиғалардың басталғанын растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аударады.";

      23-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде бюджетке қайтарылуы тиіс мемлекет сыйлықақысының сомасын салымшының қатысушы банктегі кез келген банктік шотынан банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы алып қоюға;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Шартты бұзған кезде, одан әрі уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аудару үшін, қайтарылуы тиіс нысаналы жинақ төлемдерінің сомасын (бар болса) салымшының қатысушы банктегі кез келген банктік шотынан банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы алып қоюға;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қатысушы банктің салымшының банктік шоты бойынша операциялар жасаған қызметі үшін комиссиялық сыйақыны, айырбастауға байланысты шығыстарды, қатысушы банктің шот бойынша операция күні не жүргізген кездегі қолданыста болған тарифтеріне сәйкес, бұл ретте тікелей мемлекеттің сыйлықақы сомасынан және (немесе) нысаналы жинақ төлемдерінен ұстамай, өндіріп алуға құқылы.";

      24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Салымшы/заңды өкіл:

      1) салымға ақша енгізуге, оның ішінде қатысушы банк ұсынған тәртіпте және мерзімдерде;

      2) салымның жай-күйі туралы толық ақпарат алуға;

      3) салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке толық көлемде бір жылда бір реттен асырмай аударуды жүзеге асыруға;

      4) Шарт бойынша мемлекет сыйлықақысын алуға;

      5) қатысушы банк Заңның талаптарына сай келмейді деп танылғанда және қатысушы банк пен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бұзылған жағдайда салымда жинақталған қаражат сомасын қатысушы банктің есептелген сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен, сондай-ақ есептелген нысаналы жинақ төлемдерімен (бар болса) бірге кез келген басқа қатысушы банкке аударуға;

      6) жинақталған қаражат сомасын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, қатысушы банктің есептелген сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның атындағы бірыңғай тізілімде тіркелген салымға аударуға;

      7) шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда есептелген мемлекет сыйлықақысы мен қатысушы банктің сыйақысын, сондай-ақ есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) есепке алғандағы жинақталған салым қаражатынан оқу ақысын төлеуді жүзеге асыруға;

      8) салымшыға білім беру гранты тағайындалған жағдайда:

      қатысушы банктің сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын әрі қарай есептеумен салымда қаражат жинақтауды жалғастыруға;

      салымдағы қаражатты, есептелген нысаналы жинақ төлемдерді (бар болса) қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) салымға аударуға;

      нысаналы жинақ төлемдері есебінен қалыптастырылған салым қаражатын (бар болса) уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аударуға;

      салымдағы қаражатты, білімнің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударуға;

      салымның қаражатын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, қатысушы банктің капиталға айналған сыйақысымен және есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға;

      9) оқудың барлық кезеңдері үшін білім беру қызметтерінің ақысы төленгеннен кейін салымда қаражат қалған жағдайда, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, салымшы/заңды өкіл аталған соманы қатысушы банктің сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға құқылы.

      25. Қатысушы банк:

      1) Шарт жасасу кезінде салымшының Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ салымшының атына оператор арқылы ашылған қолданыстағы білім беру жинақтау салымы туралы шартының немесе салымшы мен пайда алушы бір тұлға болып табылатын білім беру жинақтау сақтандыруы шартының жоқтығын тексереді;

      2) салымшының банк шотына ақша қабылдайды;

      3) ай сайынғы капиталдандыруды есепке ала отырып, салымшыға ай сайын салым сомасына сыйақы есептейді;

      4) мемлекет сыйлықақысы, нысаналы жинақ төлемдері (бар болса) түскен жағдайда екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес оларды салымшының банк шотына есепке жазады;

      5) салымшы/заңды өкіл білім беру ұйымына не шетелдік білім беру ұйымына қабылдану туралы растау құжаттарын және ақша аудару туралы тиісті тапсырманы ұсынған жағдайда бір жұмыс күні ішінде салымшының тапсырмасына сәйкес мөлшерде салым қаражатын тиісті білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының банктік шотына аударады;

      6) Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде оператордан мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтаманы алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оператор арқылы мемлекет сыйлықақысын бюджетке аударады;

      7) салымшының/заңды өкілдің бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда немесе нысаналы мақсатын сақтамай мерзімнің өтуіне байланысты Шарт бойынша міндеттемелер тоқтатылған салымның негізгі сомасын және есептелген сыйақыны, есептелген нысаналы жинақ төлемдерді (бар болса) қоспағанда, салымшыға/заңды өкілге қатысушы банктің сыйақы мөлшерлемесінен төмен емес мөлшерде төлейді;

      8) салымшының/заңды өкілдің бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда немесе нысаналы мақсатын сақтамай мерзімнің өтуіне байланысты Шарт бойынша міндеттемелер тоқтатылған есептелген нысаналы жинақ төлемдерін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аударады;

      9) салым қаражатын басқа қатысушы банкке немесе үшінші тұлғаның салымына аудару процесінде салымшыға/заңды өкілге қолма-қол ақшаны бермейді;

      10) салымдар бойынша барлық шығыс операцияларын оператордан растама алғаннан кейін жүзеге асырады;

      11) салым қаражатын басқа қатысушы банкке аудару кезінде төлем тапсырмасында есептелген нысаналы жинақ төлемдерінің сомасын көрсетеді.

      26. Салымшы/заңды өкіл:

      1) ақшаны ұлттық валюта - теңгемен енгізеді;

      2) салым қаражатынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымындағы білім беру қызметтеріне ақы төлейтін жағдайда қатысушы банкке білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың түпнұсқасын не көшірмесін ұсынады;

      3) салым қаражатынан шетелдік білім беру ұйымындағы білім беру қызметтеріне ақы төлейтін жағдайда қатысушы банкке оқуға қабылдану туралы растау құжаттарын (білім беру қызметін көрсету туралы шарт, инвойс) нотариалды куәландырылған қазақ не орыс тіліндегі аудармасымен бірге ұсынады;

      4) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін салымшыға білім беру гранты тағайындалуына байланысты салым қаражаты алынатын жағдайда "Жоғары және (немесе) жоғары оқуынан кейн білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4991 болып тіркелген) бекітілген нысандарға сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру грантын беру туралы куәлікті немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім грантын беру туралы куәлікті ұсынады;

      5) салымшының қаза болуына, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тануы не қайтыс болды деп жариялауы немесе оның денсаулық жағдайы салдарынан оқуын жалғастыра алмауына байланысты салым қаражатын алу жағдайында растау құжаттарын ұсынады;

      6) барлық оқу кезеңі үшін білім беру қызметтерінің ақысы төленуіне байланысты салымда қалған қаражатты алу жағдайында білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының растау құжатын ұсынады;

      7) салымшының тұрғылықты орны, жеке басын куәландыратын құжатының деректемелері өзгерген жағдайда өзгеріс енгізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бұл туралы қатысушы банкке еркін нысанда хабарлайды;

      8) мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына байланысты әрбір күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке аудармайды;

      9) салым қаражатын бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке және үшінші тұлғаның атындағы салымға аудару кезінде салым қаражатын алмайды;

      10) Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайлар болғанда салымшының қатысушы банктегі кез келген банктік шоттарынан бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын алуына келісімін береді;

      11) Шартты бұзған кезде салымшының қатысушы банктегі кез келген банктік шотынан уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына қайтарылуға жататын тиіс нысаналы жинақ төлемдерінің есептелген сомасын алуға келісім береді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Салымшы Шарт бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда қатысушы банк Шарттың нақты бұзылу күніне дейін күнтізбелік он күн бұрын салымшыны бұл туралы жазбаша ескертіп, Шартты біржақты тәртіппен бұзады. Бұл жағдайда салым салымшыға/заңды өкілге оның бірінші талабы бойынша төленеді, мемлекет сыйлықақысы Заңның 14-бабының 2-тармағына сәйкес оператордың анықтама-үзіндісі бойынша бюджетке оператор арқылы қайтарылады, нысаналы жинақ төлемдері (бар болса) уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына қайтарылады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Салым "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналасқан депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерді міндетті кепілдендірудің нысаны болып табылады.

      Қатысушы банк _____ жылғы "___"_____ №_____ куәліктің негізінде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады.

      Егер қатысушы банк Ұлттық пошта операторы болып табылған жағдайда, салымның сақталуы "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны мемлекеттiк бағалы қағаздарға және өзге де өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру арқылы қамтамасыз етіледі.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Тараптар Шарт бойынша қабылдаған міндеттерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда айыпты Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке тартылады.";

      35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Тұрақсыздық айыппұлы (өсімпұл, айыппұл) сомасын төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

      36. Тараптар Шарттың шеңберінде алған кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайларды қоспағанда екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға міндет алады.

      37. Еңсерілмейтін күштердің төтенше жағдайлары орын алғанда, атап айтқанда Шартқа қол қойылғаннан кейін басталған және Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді толықтай немесе жарым-жартылай орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері болса, міндеттемелерді орындау мерзімі аталмыш жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.

      38. Шарттың 37-тармағында көрсетілген мән-жайларға байланысты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған Тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей бұл жайында екінші Тарапқа хабарлауы тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген фактілер уәкілетті ұйымдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.

      39. Төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы уақытында ескертпеу немесе хабарламау бұл Тарапты шарттық міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босататын себеп ретінде оларға жүгіну құқынан айырады.

      40. Шартты жасасу және орындау процесінде туындайтын немесе оған қатысты барлық келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар он күндік мерзімде бірлесіп қарауға міндеттенеді. Туындаған даулы мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.

      41. Шарт қатысушы банкке салымның бастапқы сомасы (минималды бір жолғы жарна) енгізілген сәттен бастап күшіне енеді.

      42. Егер салым салымшымен/заңды өкілмен оны орналастыру мерзімі аяқталғаннан кейін талап етілмесе және/немесе Тараптардың бірде біреуі оның қолданысын тоқтатуға ниет білдірмесе, онда қатысушы банктің қарастыруы бойынша Шарт мерзімі салымды орналастыру мерзімін ұзарту күніне осы салым түріне қолданылатын сыйақы мөлшерлемесі бойынша сыйақыны есептеумен оның қолданылу мерзіміне автоматты түрде және сол шарттарда ұзартылады.

      43. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша жазбаша келісімдерді жасау және қол қою жолымен жүргізіледі.

      44. Шартта көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті Тарап екінші Тарапты бұл өзгерістер туралы жеті жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

      45. Шартпен реттелмейтін бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

      46. Шарт бірдей заңды күші бар төрт данада Тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

      47. Шартқа қоса берілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шартта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке деректерді жинауға және өңдеуге, Қатысушы - сақтандыру ұйымының және оператордың сақтандыру, нысаналы жинақтар (бар болса) құпиясын ашуға келісімді Сақтанушы (Заңды өкіл) Шарт жасасқанға дейін сақтандыруға өтінішті ресімдеу кезінде береді.

      Қатысушы - сақтандыру ұйымы мен оператор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректердi таратуға, Сақтанушы мен Сақтандырылушының сақтандыру, нысаналы жинақтар (бар болса) құпиясын ашуға жауапты болады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1- тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Шартта мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) нысаналы жинақ төлемдері – нысаналы жинақтарды алушыға, сондай-ақ мұрагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы жинақтау шотынан төленетін нысаналы жинақтар сомасы;

      2) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтар (бұдан әрі - нысаналы жинақтар) – нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірісінің және жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын, есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жинақталған ақша;

      3) уәкілетті операторлар – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аударатын нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы.

      Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі, сақтандыру сомасының, сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшері, Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) төлеу тәртібі және мерзімі";

      мынадай мазмұндағы 9-1- тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Қатысушы-сақтандыру ұйымының сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) төлеу Сақтанушының өз қаражаты есебінен және Пайда алушының нысаналы жинақ төлемдері (бар болса) есебінен жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қатысушы-сақтандыру ұйымының сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) төлеу:

      бір рет (сақтандыру сыйлықақысы) - ____ жылғы "__" ________ дейінгі мерзімде;

      бөліп төлеу (сақтандыру жарналары) - ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жылына бір рет.

      Сақтандыру жарналарын төлеу "__" ________ кешіктірілмей жүзеге асырылады.";

      11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Шарттың 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру арқылы қорғау қолданылған кезеңде Сақтанушының қайтыс болуы.";

      12-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) алкогольдік (есірткілік) масаңдық, оның ішінде алкогольдік (есірткілік) масаңдық күйінде көлік жүргізу;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Пайда алушы Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаға (бұдан әрі - білім беру ұйымы) немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаға (бұдан әрі - шетелдік білім беру ұйымы) оқуға қабылданған жағдайда Сақтанушы (Пайда алушы) Қатысушы-сақтандыру ұйымына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға өтініш;

      2) білім беру ұйымдарында білім беру қызметтеріне ақы төлеу кезінде білім беру қызметтерін көрсету шартының көшірмесі;

      3) шетелдiк бiлiм беру ұйымына бiлiм беру қызметiне ақы төлеу кезiнде қазақ не орыс тiлiндегi нотариалды куәландырылған аудармасы бар оқуға қабылданғаны туралы растайтын құжаттар (бiлiм беру қызметiн көрсету туралы шарт, инвойс);

      4) Пайда алушының банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, шетелдік білім беру ұйымына білім беру қызметіне ақы төлеу мақсатында ғана осы тұлғаның атына "эскроу-шот" режиміндегі банктік шот ашу және сақтандыру төлемі сомасын осы шотқа аудару үшін қажетті құжаттар.

      Пайда алушыға білім беру гранты тағайындалған жағдайда Сақтанушы (Пайда алушы) Қатысушы-сақтандыру ұйымына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға не Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға және сақтандыру төлемін білімнің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтерін төлеу үшін жұмсауға не мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, Шарт бойынша сатып алу сомасын аударуға, үшінші тұлғаның пайдасына Шартты төлеуге өтініш;

      2) есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына аударуды жүзеге асыруға өтініш;

      3) "Жоғары және (немесе) жоғары оқуынан кейн білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4991 болып тіркелген) бекітілген нысандарға сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім грантын беру туралы куәлік.";

      мынадай мазмұндағы 14-1- тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Шарт бойынша есептелген нысаналы жинақ төлемдерінің сомасын (бар болса), Пайда алушыға білім гранты тағайындалған жағдайда, Сақтанушы, Сақтанушы қайтыс болған жағдайда - пайда алушы не оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда:

      1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында пайдалану үшін уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына аударуға немесе аудару кезіндегі валюталар бағамы бойынша АҚШ долларында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған Пайда алушының нысаналы жинақтау шотына қайтаруға;

      2) білім берудің басқа деңгейлерін алу мақсатында Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға және Шарт бойынша сақтандыру төлемін білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға құқылы.";

      18-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. "Эскроу шот" режимінде банк шотын ашуға арналған шығыстар Қатысушы-сақтандыру ұйымының қаражаты есебінен төленеді.

      20. Сақтандыру төлемiнiң сомасы Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн оқудың бүкiл кезеңi үшiн бiлiм беру қызметiне ақы төлеу сомасынан асып кеткен жағдайда артық сома мөлшеріндегі сақтандыру төлемi, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, Пайда алушыға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкіліне төленуі тиіс.

      21. Білім беру ұйымынан немесе шетелдік білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда Қатысушы - сақтандыру ұйымы Сақтанушыға (Пайда алушыға) үш жылдан аспайтын мерзімге сақтандыру төлемдерін төлеу мерзімін кейінге қалдырады.

      Қатысушы - сақтандыру ұйымы мына жағдайларда бюджетке қайтаруға жататын есепке жатқызылған мемлекет сыйлықақысын және уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына қайтарылуға жататын есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) шегере отырып, сатып алу сомасын:

      1) Пайда алушы шығарылған білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына қалпына келтірілмегенде;

      2) басқа білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына қабылданбағанда төлейді.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Шарт бойынша төлем шарттары және сатып алу сомасының мөлшері";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Пайда алушы қайтыс болғанда не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда Сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерлері:

      1) Пайда алушыны Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа тұлғамен ауыстыруға;

      2) есептелген мемлекеттік сыйлықақыны сақтай отырып, Шарт бойынша сатып алу сомасын алуға құқылы.

      Бұл ретте есептелген нысаналы жинақ төлемдерінің сомасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.";

      мынадай мазмұндағы 22-1- тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Сот әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған немесе денсаулық жағдайына байланысты Пайда алушының оқуды жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда, Сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерлері:

      1) Пайда алушыны Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа тұлғамен ауыстыруға;

      2) есептелген мемлекеттік сыйлықақыны сақтай отырып, Шарт бойынша сатып алу сомасын алуға құқылы.

      Бұл ретте, Қатысушы - сақтандыру ұйымы есептелген нысаналы жинақ төлемдерін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген оқиғалардың басталғанын растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған Пайда алушынының банктік шотына аударады.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Шарттың қолданылу кезеңі ішінде Сақтандырылушы қайтыс болғанда және бұл Шарт талаптарына сәйкес сақтандыру жағдайы болып табылмайтын жағдайда Шарт Сақтандырылушы қайтыс болған күннен бастап бұзылады, ал Сақтандырылушының мұрагерлері, сатып алу сомасын, ол болған жағдайда, алуға құқылы. Бұл жағдайда мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылуға жатады, нысаналы жинақ төлемдер сомасы (бар болса) уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына қайтарылуға жатады.

      25. Сақтандырушы сатып алу сомасын, ол болған жағдайда, Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы өтініш беру арқылы немесе Қатысушы-сақтандыру ұйымының бастамасы бойынша Шарт бұзылған жағдайда алуға құқылы. Бұл ретте мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылуға жатады, нысаналы жинақ төлемдер сомасы (бар болса) уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына қайтарылуға жатады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сатып алу сомасын төлеу кезінде, егер бар болса, мерзімінен бұрын тоқтатылған күнге дейін мерзімі өткен сақтандыру жарналары бойынша Сақтанушының берешегі көлеміндегі ақша сомасын, Шартты бұзу күніне мемлекет сыйлықақысының есептелген сомасын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса), сондай-ақ Сақтанушының Қатысушы-сақтандыру ұйымы алдындағы кез келген басқа берешекті, оның ішінде айырбастауға байланысты шығыстарды ұстап қалуға құқылы.";

      30-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сақтандыру төлемінен бас тартуға:

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қағидаларда көзделген негіздер бойынша;

      сақтандыру жағдайы болып табылмайтын себептер бойынша Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда;

      Сақтанушы денсаулық жағдайы, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған ақпарат берген жағдайда;

      егер оқиға Сақтанушымен Шарт бойынша сақтандыру қорғауы қолданыста болмаған кезеңде орын алса;

      Қатысушы-сақтандыру ұйымына Сақтанушының қайтыс болу себебін растайтын құжаттар ұсынылмаған және (немесе) Сақтандырылушының қайтыс болу себебі анықталмаған, оның ішінде жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкiлдерiнiң жазбаша өтiнiшi немесе сол адам тірі кезінде берген жазбаша өсиетi негізінде патологоанатомиялық сараптаманы жүргізуден бас тартқан жағдайда.

      Шарттың осы тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда Қатысушы-сақтандыру ұйымы мемлекеттік сыйлықақыны бюджетке және есептелген нысаналы жинақ төлемдерді (бар болса) уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына қайтара отырып, сатып алу сомасын төлейді.";

      31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Сақтандырушы:

      1) Қатысушы-сақтандыру ұйымынан Шартқа сәйкес өзіне алған міндеттемелердің орындалуын талап етуге;

      2) Шарт бойынша толық ақпарат алуға;

      3) есептелген мемлекет сыйлықақысын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, сатып алу сомасын ала отырып Шартты бұзуға;

      4) Қатысушы-сақтандыру ұйымы Қатысушы-сақтандыру ұйымы мен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді Заңның талаптарына сәйкес келмейді деп танып, оны бұзған жағдайда сатып алу сомасын есептелген мемлекет сыйлықақысымен және есептелген нысаналы жинақ төлемдерімен (бар болса) қоса кез келген басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуға;

      5) Пайда алушыға білім беру грантын тағайындаған жағдайда Сақтанушы (Сақтанушы қайтыс болған жағдайда - Пайда алушы немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі):

      инвестициялық кіріс пен есептелген мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, есептелген Шарт бойынша сақтандыру төлемін, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, алуға;

      Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға және басқа білім деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтерін төлеуге Шарт бойынша сақтандыру төлемін бағыттауға;

      инвестициялық кіріс пен есептелген мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, Шарт бойынша сатып алу сомасын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын (жасалған) сақтандыру шартына төлеуге аударуға құқылы;

      6) өтініш бойынша бұрын Шартқа есептелген нысаналы жинақ төлемдері сомасының бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына аударуға құқылы.

      32. Қатысушы-сақтандыру ұйымы:

      1) Пайда алушының Заңда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн, сондай-ақ Пайда алушының пайдасына жасалған қолданыстағы сақтандыру шартының немесе Пайда алушы мен салымшы бiр тұлға болып табылатын білім беру жинақтау салымы туралы шарттың болмауын тексереді;

      2) Қатысушы-сақтандыру ұйымы Қатысушы-сақтандыру ұйымы мен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді Заңның талаптарына сәйкес келмейді деп танып, оны бұзған жағдайда бұл туралы Сақтанушыны 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

      3) Шартта белгiленген мерзiмде сақтандыру жарнасын (бiрiншiсiн қоспағанда) алмаған жағдайда Сақтанушыға кезектi сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабарлайды. Сақтанушыға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу қажеттігі туралы хабарлама хабарламаның жіберілгенін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен жіберіледі;

      4) Сақтанушының бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысын және уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына қайтарылуға жататын есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, Шарт бойынша сатып алу сомасын төлейді;

      5) Сақтанушы басқа Қатысушы- сақтандыру ұйымымен білім беру жинақтау сақтандыру шартын жасасқан жағдайда есептелген мемлекет сыйлықақысын және есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) есепке ала отырып, сатып алу сомасын басқа Қатысушы-сақтандыру ұйымына аударады;

      6) білім беру ұйымына сақтандыру төлемін, сатып алу сомасын және есептелген мемлекет сыйлықақысын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аудару барысында немесе үшінші тұлғаның пайдасына сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтанушыға (Пайда алушыға) ақшаны қолма-қол ақша түрінде бермейді.

      33. Сақтанушы (Пайда алушы):

      1) Шарт жасасуға өтініште сақтандыру жағдайының болу ықтималдығын айқындау үшiн айтарлықтай маңызы бар өзiне белгiлi барлық ақпаратты көрсетеді және ұсынылған мәлімет үшiн жауапты болады;

      2) сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) Шартта белгiленген мерзiмдерде және шарттарда қолма-қол немесе қолма-қол емес ақшалай нысанда төлейді;

      3) Шартта белгіленген жағдайларда және көлемде Қатысушы-сақтандыру ұйымына құжаттарды береді;

      4) сақтандыру төлемінің мөлшері оқудың барлық кезеңі үшін білім беру қызметтеріне ақы төлеуге толық сомадан асып кеткен жағдайда, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін артылған сома мөлшерінде сақтандыру төлемін алуға білім беру ұйымының немесе шетелдік білім беру ұйымының растайтын құжатын ұсынады;

      5) Пайда алушы оқуға қабылданған, ауысқан, академиялық демалыс ресімдеген, қайта қабылданған, білім беру ұйымынан немесе шетелдік білім беру ұйымынан шығарылған, оның ішінде оқу бітіруіне байланысты шығарылған жағдайда оған қатысты растайтын құжаттарды 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынады;

      6) Шарт бұзылған күнге мемлекет сыйлықақысының пайдаланылған сомасын, нысаналы жинақ төлемдерінің сомасын (бар болса) жоғарыда көрсетілген сома сатып алу сомасынан асып кеткен жағдайда қайтаруды жүзеге асырады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Шарттың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген "Шарттың 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру арқылы қорғау қолданылған кезеңде Сақтанушының қайтыс болуы" сақтандыру жағдайы туындаған кезде Пайда алушы (Заңды өкіл) Қатысушы-сақтандыру ұйымына мына құжаттарды ұсынады:

      1) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиға туралы хабарлама;

      2) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарлама;

      3) Сақтанушының қайтыс болуы туралы медициналық анықтаманың көшірмесі (қайтыс болу себебін көрсете отырып);

      4) ауру тарихынан үзінді;

      5) егер құқық қорғау органдары Сақтандырылушының басынан өткен оқиға (жазатайым оқиға) фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қараса, Қатысушы-сақтандыру ұйымы құқық қорғау органдарынан Сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына зиян келтіргенін тіркеу фактісі туралы анықтаманы, ал сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген жағдайда - қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны не сот үкімін талап етуге құқылы;

      6) осы құжатты берген заңды тұлғаның мөрімен және қолымен куәландырылған химиялық-токсикологиялық зерттеу нәтижелері бар сот-медициналық сараптама немесе өлімнің себептері мен жағдайлары туралы патоанатомиялық зерттеу қорытындысының көшірмесі (егер сараптама немесе зерделеу Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделсе).

      Пайда алушы (Заңды өкіл) сақтандыру жағдайының басталғанын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда Қатысушы-сақтандыру ұйымы Пайда алушыдан (Заңды өкілден) сақтандыру жағдайы туралы хабарламаны алған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру жағдайы басталған кезде Пайда алушыға (Заңды өкілге) құжаттардың жетіспейтіні туралы хабарлама жібереді.";

      39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Сақтанушы:

      1) Пайда алушыны ауыстырған;

      2) Сақтанушының (Сақтандырылушының) және (немесе) Пайда алушының дербес деректерін өзгерткен;

      3) сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері мен төлеу мерзімдерін өзгерткен (сақтандыру жарналары - сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу кезінде);

      4) Қатысушы-сақтандыру ұйымының келісімімен Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өзге де өзгерістер болған жағдайларда Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш жіберуге құқылы.

      40. Сақтанушының Шартқа өзгерістер енгізу туралы өтініші оны Қатысушы- сақтандыру ұйымы қабылдағаннан және ол барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шарттың қолданылуының әрбір жылдығында сақтандыру сомасының мөлшерін, Шартқа қосымшаға сәйкес сатып алу сомаларын сақтандырудың өткен жылға нақты алынған сақтандыру жарналарын (аванстық төлемдерді қоса алғанда) негізге ала отырып, Қағидаларда белгіленген тәртіппен, қайта есептеуді жүзеге асыруға құқылы.";

      45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Сақтанушы (Пайда алушы) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен оның заңды өкілі Шарт бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шартты іс жүзінде бұзу күнінен 10 (он) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде Сақтанушыны хабардар ете отырып, біржақты тәртіппен Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Шарт бойынша сатып алу сомасы Сақтанушыға бірінші талап ету бойынша төленеді, оператордың өтініші бойынша мемлекет сыйлықақысы оператор арқылы бюджетке қайтарылады, нысаналы жинақ төлемдері (бар болса) уәкілетті операторда ашылған Пайда алушының банктік шотына қайтарылады.

      46. 18 жасқа толмаған кәмелетке толмаған Пайда алушының заңды өкілінің бастамасы бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзуға Қатысушы-сақтандыру ұйымына кәмелетке толмаған Пайда алушының атынан заңды өкілдік ету құқығын куәландыратын құжаттарды (қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан құжаттар) ұсынған кезде жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 54-1- тармақпен толықтырылсын:

      "54-1. Тараптардың келісімі бойынша Шарт Сақтанушының жағдайын жақсартатын және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін талаптармен толықтырылуы мүмкін.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде жасалған.";

      қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы банк арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімде:

      1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) білім беру жинақтау салымы (бұдан әрі - салым) – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері есебінен жарналарын, қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақылары мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;"

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) қатысушы банк – осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, Ұлттық пошта операторы;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) нысаналы жинақ төлемдері – нысаналы жинақтарды алушыға, сондай-ақ мұрагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы жинақтау шотынан төленетін нысаналы жинақтар сомасы;";

      мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтар (бұдан әрі - нысаналы жинақтар) – нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірісінің және жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын, есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жинақталған ақша;

      18) уәкілетті операторлар – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аударатын нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы.";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қатысушы банк салымшылардан немесе енгізушілерден салымдарды қабылдайды, салымшылардың банктік шоттарына сыйақыны есепке жазады және мемлекет сыйлықақысын, нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) есепке жазады, ал оператор білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салымдарға есептелуге жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын есептеуді жүзеге асырады және оны қатысушы банкке ұсынады.

      3. Салым шарты кемінде үш жылға жасалады, ол аяқталғаннан кейін салым шартының қолданылу мерзімі автоматты түрде сол мерзімге немесе тараптардың келісімімен өзге мерзімге ұзартылады не қалған ақша аударыла отырып, салымшының таңдауы бойынша басқа қатысушы банкпен жасалады. Салымдар теңгемен ашылады.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі салымның ақшасын бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке толық көлемде жылына бір рет қана аударуды жүзеге асыруға құқылы.

      Қаражатты бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке салымшы тарапынан қатысушы банк пен салымшы арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы шарттың талаптарын бұзу болып есептелмейді, бұл ретте мемлекет сыйлықақысы бастапқы салым шартының жасалу күні ескеріле отырып есепке жазылады.

      17. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі жинақталған қаражат сомасын есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен бірге, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның атындағы білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салымға аударуға құқылы. Үшінші тұлғалардың салымдарынан аудару кезінде түскен мемлекет сыйлықақысы Заңның 14-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда қайтаруға жатады.";

      мынадай мазмұндағы 17-1- тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі бұрын салымға есептелген нысаналы жинақ төлемдері сомасының бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аударуға құқылы.";

      21-тармақта:

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) салымшылар, банк шоттарының жай-күйі, салымшылар ақшасының қозғалысы, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы мен оның сомасы, есептелген нысаналы жинақ төлемдері (бар болса) туралы мәліметтерді алмасу жұмысын оңтайландыру мақсатында оператормен тиісті ақпараттық жүйені интеграциялауға;

      4) салым шартын жасасу кезінде салым шартының талаптарын, қатысушы банк сыйақысының мөлшері және мемлекет сыйлықақысының төлену және қайтарылу тәртібін түсіндіруге құқылы.";

      22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қатысушы банктен салым шартының жасалуына, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына, есептелген нысаналы жинақ төлемдеріне (бар болса), білім беру қызметтерінің құны мен төленуіне, білім алушының мәртебесіне, білім беру ұйымындағы, оның ішінде шетелдік білім беру ұйымдарындағы төлеміне қатысты қажетті мәліметтерді сұратуға;";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қатысушы банк:

      1) Ұлттық пошта операторын қоспағанда, Заңның 15-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетіндігін растайды.

      Заңның 15 - бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптары Ұлттық пошта операторына қолданылмайды;

      2) Заңда көрсетілген талаптарды ескере отырып, салым шарттарын жасасады;

      3) оператор салым шартын тіркеуі үшін салым шарты жасалғаннан кейінгі келесі жұмыс күні сағат 17:00-ден кешіктірмей операторға электрондық түрде не пошта арқылы мына деректерді жібереді:

      салымшының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН);

      салым шартының нөмірін;

      салым шартының жасалу күнін;

      салым шарты бойынша жинақ шотының нөмірін;

      салым шарты бойынша бастапқы жарнаның сомасын;

      өңір және банктің бөлімшесін;

      4) салыстырып тексеру мақсатында оператордың сұратуы бойынша мына құжаттардың/мәліметтердің көшірмелерін қағаз немесе электронды форматта:

      салымшының жеке куәлігін;

      салым шартын;

      салымшының оқуын растауды;

      салым қаражатын білім беру ұйымының банк шотына аудару негіздемесін;

      бұрын салымға есептелген нысаналы жинақ төлемдері сомасының бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аудару негіздемесін;

      мемлекет сыйлықақысының, есептелген нысаналы жинақ төлемдерінің (бар болса) төленуімен салымдарды алуға негіздемені ұсынады;

      5) тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың онына дейін операторға салымшылар (банк шоттарының жай-күйі, салымшылар ақшасының қозғалысы), мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы және сомасы, есептелген нысаналы жинақтау төлемдері және нысаналы пайдалануы (бар болса) туралы мәліметтерді Келісімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ұсынады;

      6) салымдар бойынша сыйақыны уақтылы және толық көлемде есепке жазады;

      7) салым шартын жасасу кезінде салымшының Заңда белгіленген талаптарға сай келетінін, сондай-ақ оператор арқылы салымшының атына ашылған қолданыстағы басқа салым шартының немесе салымшы мен пайда алушы бір тұлға болып табылатын білім беру жинақтау сақтандыру шартының жоқтығын тексереді;

      8) Келісімнің 11 және 12-тармақтарында көрсетілген жағдайларда оператордан анықтама-үзінді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде операторға мемлекет сыйлықақысын қайтаруды жүзеге асырады;

      9) салымшының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілінің бастамасымен салым шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда немесе нысаналы мақсатын сақтамай мерзімнің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына байланысты есептелген нысаналы жинақ төлемдерін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған салымшының банктік шотына аударады;

      10) оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды салымдарға есепке жатқызады;

      11) уәкілетті оператордан нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды салымдарға есепке жатқызады;

      12) салымшы білім беру ұйымына (шетелдік білім беру ұйымына) қабылданғандығын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайға бір жұмыс күні ішінде салымнан қаражатты тиісті білім беру ұйымының (шетелдік білім беру ұйымының) банктік шотына аударады;

      13) операторға хабарлай отырып, білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына қаражат аудару бойынша барлық шығыс операцияларын жүргізеді;

      14) салым бойынша операцияларды жүзеге асырғаны үшін тікелей мемлекет сыйлықақысынан және нысаналы жинақ төлемдерінен (бар болса) комиссия ұстамайды;

      15) мемлекет сыйлықақысын есепке жазу үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың оныншы қаңтарына дейін операторға ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әрбір салымшының салымындағы нақты жинақталған қалдық сомасы туралы ақпарат береді.

      Осы тармақта көрсетілген мәліметтер/ақпараттар мемлекеттік деректер қорларында болған жағдайда оператор мұндай мәліметтерді/ақпараттарды өз бетінше алуға құқылы.";

      24-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қатысушы банкке бір жұмыс күні ішінде салымшының атында тіркелген салым шартының немесе салымшы мен пайда алушы бір тұлға болып табылатын білім беру жинақтау сақтандыру шартының бары не жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады;";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Еңсерілмейтін күштердің төтенше жағдайлары орын алғанда, атап айтқанда Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толықтай немесе ішінара орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері болса, міндеттемелерді орындау мерзімі аталмыш жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.

      30. Келісімнің 29-тармағында көрсетілген мән-жайларға байланысты байланысты Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей бұл туралы екінші тарапқа хабарлауы тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген фактілер уәкілетті ұйымдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.";

      осы бірлескен бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 1, 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімде:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) нысаналы жинақ төлемдері – нысаналы жинақтарды алушыға, сондай-ақ мұрагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы жинақтау шотынан төленетін нысаналы жинақтар сомасы;";

      мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтар (бұдан әрі – нысаналы жинақтар) – нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірісінің және жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын, есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жинақталған ақша;

      21) уәкілетті операторлар – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аударатын нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтанушылардан сақтандыру сыйақысын (бөліп төлеу арқылы сақтандыру сыйақысын төлеу кезінде сақтандыру жарналарын) қабылдайды, сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына инвестициялық табысты есепке жазады және мемлекет сыйлықақысын, нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) есепке жазады, ал оператор білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркелген сақтандыру шарттарына есептелуге жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын толық есептеуді жүзеге асырады және оны қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Сақтанушы сатып алу сомасын сақтандыру шарты бойынша инвестициялық табысын, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысын, есептелген нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) есепке ала отырып, бірақ сақтандыру шарты жасалған күннен бастап екі жылдан ерте емес, бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуды жүзеге асыруға құқылы.

      Қаражатты бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аудару сақтанушы тарапынан қатысушы-сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасындағы сақтандыру шартының талаптарын бұзу болып есептелмейді, бұл жағдайда мемлекет сыйлықақысы бастапқы сақтандыру шартының жасалу күндері ескеріле отырып есепке жазылады.";

      мынадай мазмұндағы 19-1- тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Сақтанушы (пайда алушы) бұрын сақтандыру шартына есептелген нысаналы жинақ төлемдері сомасының бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін уәкілетті операторда ашылған пайда алушының банктік шотына аударуға құқылы.";

      20-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сақтанушылар және (немесе) пайда алушылар туралы, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы мен оның сомасы, есептелген нысаналы жинақ төлемдері (бар болса) туралы мәліметтерді алмасу жұмысын оңтайландыру мақсатында оператормен тиісті ақпараттық жүйені интеграциялауға;";

      21-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қатысушы-сақтандыру ұйымынан сақтандыру шартының жасалуына, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына, есептелген нысаналы жинақ төлемдеріне (бар болса), білім беру қызметтерінің құны мен төленуіне, білім алушының мәртебесіне, білім беру ұйымындағы, оның ішінде шетелдік білім беру ұйымдарындағы төлеміне қатысты қажетті мәліметтерді сұратуға;";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қатысушы-сақтандыру ұйымы:

      1) Заңның 18-1-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетіндігін растайды;

      2) Заңда көрсетілген талаптарды ескере отырып, сақтандыру шарттарын жасасады;

      3) оператор сақтандыру шартын тіркеуі үшін сақтаyдыру шарты жасалғаннан кейінгі келесі жұмыс күні сағат 17:00-ден кешіктірмей операторға электрондық түрде не пошта арқылы мына деректерді жібереді:

      сақтанушының, пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН);

      сақтандыру шартының нөмірін;

      сақтандыру шартының жасалу күнін;

      сақтандыру шарты бойынша бастапқы сақтандыру жарнасының немесе сақтандыру сыйлықақысының сомасын;

      4) салыстырып тексеру мақсатында оператордың сұратуы бойынша мына құжаттардың/мәліметтердің көшірмелерін қағаз немесе электронды форматта:

      сақтанушының, пайда алушының жеке куәлігін;

      сақтандыру шартын;

      пайда алушының оқуын растауды;

      сақтандыру төлемін білім беру ұйымының банк шотына аудару негіздемесін;

      бұрын салымға есептелген нысаналы жинақ төлемдері сомасының бүкіл сомасын немесе оның бір бөлігін уәкілетті операторда ашылған пайда алушының банктік шотына аудару негіздемесін;

      мемлекет сыйлықақысының, есептелген нысаналы жинақ төлемдерінің (бар болса) төленуімен сақтандыру төлемін алуға негіздемесін ұсынады;

      5) тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың онына дейін операторға сақтанушылар, пайда алушылар, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы және сомасы, есептелген нысаналы жинақтау төлемдері және нысаналы пайдалануы (бар болса) туралы мәліметтерді Келісімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ұсынады;

      6) сақтандыру шарты бойынша инвестициялық табысты уақтылы және толық көлемде есепке жазады;

      7) сақтандыру шартын жасасу кезінде пайда алушының Заңда белгіленген талаптарға сай келетінін, сондай-ақ оператор арқылы пайда алушының атына ашылған қолданыстағы басқа сақтандыру шартының немесе пайда алушы мен салымшы бір тұлға болып табылатын білім беру жинақтау салымы туралы шартының жоқтығын тексереді;

      8) Келісімнің 11 және 12-тармақтарында көрсетілген жағдайларда оператордан анықтама-үзінді алған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымы бес жұмыс күні ішінде операторға мемлекет сыйлықақысын қайтаруды жүзеге асырады;

      9) сақтанушының (пайда алушының) бастамасымен сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда есептелген нысаналы жинақ төлемдерін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған пайда алушының банктік шотына аударады;

      10) оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды сақтандыру шарттарына есепке жатқызады;

      11) уәкілетті оператордан нысаналы жинақ төлемдерін (бар болса) алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды сақтандыру шартына есепке жатқызады;

      12) сақтанушы немесе пайда алушы білім беру ұйымына (шетелдік білім беру ұйымына) қабылданғандығын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайға бес жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін тиісті білім беру ұйымының банктік шотына, ал шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда пайда алушының атына ашылған "эскроу шотқа" аударады;

      13) операторға хабарлай отырып, білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына пайда алушның атындағы "эскроу-шот" режиміндегі банктік шотқа қаражат аудару бойынша барлық шығыс операцияларын жүргізеді;

      14) сақтандыру төлемі бойынша операцияларды жүзеге асырғаны үшін тікелей мемлекет сыйлықақысынан және нысаналы жинақ төлемдерінен (бар болса) комиссия ұстамайды;

      15) мемлекет сыйлықақысын есепке жазу үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың оныншы қаңтарына дейін операторға ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әрбір пайда алушының сақтандыру шарты бойынша есеп сомасының мөлшерлері туралы ақпарат береді.

      Осы тармақта көрсетілген мәліметтер/ақпараттар мемлекеттік деректер қорларында болған жағдайда оператор мұндай мәліметтерді/ақпараттарды өз бетінше алуға құқылы.";

      23-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қатысушы-сақтандыру ұйымына бір жұмыс күні ішінде пайда алушының атында тіркелген сақтандыру шартының немесе пайда алушы мен салымшы бір тұлға болып табылатын білім беру жинақтау салымы туралы шартының бары не жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады;";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Еңсерілмейтін күштердің төтенше жағдайлары орын алғанда, атап айтқанда Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толықтай немесе ішінара орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері болса, міндеттемелерді орындау мерзімі аталмыш жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.

      29. Келісімнің 28-тармағында көрсетілген мән-жайларға байланысты байланысты Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей бұл жайында екінші тарапқа хабарлау тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген фактілер уәкілетті ұйымдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.";

      осы бірлескен бұйрыққа 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес 1, 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен білім беру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен білім беру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Осы Келісімнің мәні";

      5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Білім беру ұйымы:

      1) оператордан ынтымақтастық туралы келісім жасасқан қатысушы банктердің немесе қатысушы-сақтандыру ұйымдарының жазбаша тізімін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберінде басқа да ақпаратты талап етуге;

      2) техникалық мүмкіндіктер бар болған жағдайда меншікті ақпараттық жүйелерін оператордың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз етуге құқылы.

      6. Оператор:

      1) Заңда және осы Келісімде білім беру ұйымына қойылған талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда білім беру ұйымын жауапқа тарту үшін шара қолдануға;

      2) білім беру ұйымынан білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың жасалуына, қолданысына, білім беру қызметтерінің құны мен төлеміне, білім алушының үлгеріміне қатысты қажетті мәліметтерді сұрауға құқылы.

      7. Білім беру ұйымы:

      1) оператордың сұратуы бойынша семестрлік негізде білім беру ұйымында оқитын салымшы немесе пайда алушы туралы қажетті мәліметтерді Келісімнің қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады;

      2) салымшы немесе пайда алушы білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда оның шығарылуы туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салымшының білім беру жинақтау салымына немесе бес жұмыс күні ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымының банктік шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аударады;

      3) білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударылған қаражатты тікелей салымшыға немесе пайда алушыға (сақтанушыға) не оның заңды өкіліне бермейді.

      8. Оператор білім беру ұйымының сұрауы бойынша сол білім беру ұйымында білім алушының атында тіркелген білім беру жинақтау салымы туралы шарттың немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша шарттардың болуы не болмауы туралы мәлімет береді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей бұл туралы екінші тарапқа хабарлауы тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген фактілер уәкілетті ұйымдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.";

      7-тараудың тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Осы Келісім бірдей заңды күші бар төрт данада тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.";

      осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев
     
      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 27 қарашадағы
№ 340 мен
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 20 қарашадағы
№ 530 Бірлескен бұйрыққа
1- қосымша
  Білім беру жинақтау
сақтандыруының
үлгілік шартына
қосымша

Сатып алу сомаларының кестесі *

Сақтандыру жылы

Сатып алу сомасының мөлшері, теңге





      * Сатып алу сомасының мөлшері көрсетілген күндерге дейін барлық сақтандыру жарналарының толық төленгені ескеріле отырып, әрбір сақтандыру жылының аяқталу күніне қалыптасқан жағдай бойынша осы қосымшада көрсетілген.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 27 қарашадағы
№ 340 мен
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 20 қарашадағы
№ 530 Бірлескен бұйрыққа
2 - қосымша
  Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
оператор мен қатысушы банк
арасындағы Мемлекеттік
білім беру жинақтау жүйесі
саласындағы ынтымақтастық
туралы үлгілік келісіміне
1 - қосымша
  Нысан

Білім беру жинақтау салымдары бойынша қатысушы банк _____________________________ (қатысушы банктің атауы) 20__ жылғы "___" _________ бойынша мәліметтері

Салымшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Салымшының жеке сәйкестендіру нөмірі

Салым шартының№

Салымның ашылу күні

Салымды орналастыру мерзімі, ай

% салым бойынша мөлшерлеме

Нысаналы жинақ төлемдерінің (бар болса) мөлшері, теңге

Салымның жалпы сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









      ___________________ _________________ ________________________________

      (лауазымы)                         (қолы)       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 27 қарашадағы
№ 340 мен
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 20 қарашадағы
№ 530 Бірлескен бұйрыққа
3 - қосымша
  Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
оператор мен қатысушы банк
арасындағы Мемлекеттік
білім беру жинақтау жүйесі
саласындағы ынтымақтастық
туралы үлгілік келісіміне
2 - қосымша

      Нысан

Білім беру жинақтау салымдарын білім беру ұйымдарына аудару бойынша қатысушы банк ________________________ 20__ жылғы (қатысушы банктің атауы) "___" ___________ жағдай бойынша мәліметтері

Салымшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Салымшының жеке сәйкестендіру нөмірі

Білім беру ұйымының атауы

Салымдар аударылатын білім беру ұйымының шотының №

Салымшының оқу курсы

Оқудың толық құны, теңге

Аударылған салым сомасы, теңге

Аударылған күні

барлығы

оның ішінде нысаналы жинақ төлемдері (бар болса)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1










      ___________________       ___________________       __________________________

      (лауазымы)                         (қолы)       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 27 қарашадағы
№ 340 мен
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 20 қарашадағы
№ 530 Бірлескен бұйрыққа
4 - қосымша
  Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
оператор мен қатысушы банк
арасындағы Мемлекеттік
білім беру жинақтау жүйесі
саласындағы ынтымақтастық
туралы үлгілік келісіміне
3 - қосымша

      Нысан

Білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бұзылуы бойынша қатысушы банк _____________________________ (қатысушы банктің атауы) 20__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша мәліметтері

Салымшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Салымшының жеке сәйкестендіру нөмірі

Салым шартын бұзу күні

Салым шартын бұзу негіздері

Қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысының сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

1






      ____________________       ______________             ____________________

      (лауазымы)                         (қолы)       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 27 қарашадағы
№ 340 мен
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 20 қарашадағы
№ 530 Бірлескен бұйрыққа
5 - қосымша
  Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
оператор мен қатысушы-
сақтандыру ұйымы арасындағы
Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
ынтымақтастық туралы
үлгілік келісіміне
1 - қосымша

      Нысан

Білім беру жинақтау сақтандыруы шарттары бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымы _____________________________ (қатысушы-сақтандыру ұйымының атауы) 20__ жылғы "___" _________ бойынша мәліметтері

Сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі

Сақтандыру шартының №

Сақтандыру шартының жасалған күні

Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы, теңге

Сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) өлшемі, теңге

Нысаналы жинақ төлемдерінің (бар болса) мөлшері, теңге

Сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1










      _______________       _______________                  _________________________

      (лауазымы)             (қолы)                   Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 27 қарашадағы
№ 340 мен
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 20 қарашадағы
№ 530 Бірлескен бұйрыққа
6 - қосымша
  Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
оператор мен қатысушы-
сақтандыру ұйымы арасындағы
Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
ынтымақтастық туралы
үлгілік келісіміне
2 - қосымша
  Нысан

Білім беру жинақтау сақтандыруы шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін білім беру ұйымдарына аудару бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымы _____________________________ (қатысушы-сақтандыру ұйымының атауы) 20__ жылғы "___" _________ бойынша мәліметтері

Сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі

Білім беру ұйымының атауы

Сақтандыру төлемдері аударылатын білім беру ұйымының шотының №

Пайда алушының оқу курсы

Оқудың толық құны, теңге

Аударылған сақтандыру төлемдерінің сомасы, теңге

Аударылған күні

барлығы

оның ішінде нысаналы жинақ төлемдері (бар болса)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1











      _______________ ___________________ _____________________________

      (лауазымы)             (қолы)             Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 27 қарашадағы
№ 340 мен
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 20 қарашадағы
№ 530 Бірлескен бұйрыққа
7 - қосымша
  Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
оператор мен қатысушы-
сақтандыру ұйымы арасындағы
Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
ынтымақтастық туралы
үлгілік келісіміне
3 - қосымша
  Нысан

Білім беру жинақтау сақтандыруы шарттардың бұзылуы бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымы ______________________________ (қатысушы-сақтандыру ұйымының атауы) 20__ жылғы "___" _________ бойынша мәліметтері

Пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі

Сақтандыру шартын бұзу күні

Сақтандыру шартын бұзу негіздері

Қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысының сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

1






      _______________ ________________ __________________________

      (лауазымы)             (қолы)             Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 27 қарашадағы
№ 340 мен
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 20 қарашадағы
№ 530 Бірлескен бұйрыққа
8 - қосымша
  Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
оператор мен білім беру
ұйымы арасындағы
Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы
ынтымақтастық туралы
үлгілік келісіміне
қосымша
  Нысан

Білім беру ұйымында ______________________________________ (білім беру ұйымының атауы) оқитын салымшы немесе пайда алушы туралы 20__ жылғы "___" _________ бойынша мәліметтер

Салымшының немесе пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Салымшының немесе пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі

Қабылдау күні

Оқу нысаны (грант, ақылы)

Шығарылған күні

Академиялық демалыс кезеңі

Оқуды аяқтау күні

Бір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін оқу құны, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









      _______________       _________________             ________________________

      (лауазымы)             (қолы)                   Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады