"Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 35 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 388 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 желтоқсанда № 35437 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19987 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-29) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-29) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ведомство мал қорымдарына әріптерден және цифрлық символдардан (символдар бір-бірімен қиғаш сызықпен бөлінеді) тұратын нөмір бере отырып әкімшілік-аумақтық бірліктер бөлінісінде мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) Тізілімге енгізеді:

      бірінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды;

      екінші және үшінші символдар – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;

      төртінші-сегізінші символдар – Тізілімдегі реттік нөмір (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша).

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес енгізіледі.

      Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) нөмірлеу кезінде екінші және үшінші символдарда нөлдер көрсетіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 388 бұйрығына
қосымша
  Мал қорымдарының
(биотермиялық шұңқырлардың)
тізілімін жүргізу қағидаларына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған

Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімі

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: нысан 1-см

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___жылғы "__" _________

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:

      кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері аудандардың жергілікті атқарушы органдарына ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;

      аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарына ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес сәйкестендіру нөмірі



 

      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды).

      Жинау әдісі: электронды түрде.

      1-бөлім. _____________________________________________________

      бойынша мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректер (мәліметтер)

р/с №
1

Облыстың, ауданның, ауылдық округтің атауы

Мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) нөмірі

Мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) типі (примитивті немесе үлгілік)

Мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) көлемі (алаңы)
(шаршы метрлер)

Координаттары

Ағымдағы жай-күйі (жұмыс істейді немесе жұмыс істемейді)

Баланс Ұстаушы (меншік иесі)

солтүстік ендік

шығыс бойлық

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









2









Жиыны:








      2-бөлім._____________________________________________________

      бойынша сібір жарасы көмінділері туралы деректер (мәліметтер)

р/с №

Облыстың, ауданның, ауылдық округтің атауы

Сібір жарасы көмінділерінің нөмірі

Топырақтың және өсімдіктің сипаты

Сібір жарасы көмінділерінің көлемі (алаңы) (шаршы метрлер)

Координаттары

объектінің сипаттамасы

Баланс ұстаушы (меншік иесі)

солтүстік ендік

шығысбойлық

қоршау

айырым белгілері

мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізілді

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1











2











Жиыны:










      Ескертпе:

      "Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшасында келтірілген

      Атауы __________________________ Мекенжайы _______________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық почтаның мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы _____________________________________ __________________

      (аты және әкесінің аты (бар болса), тегі)             қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ________________________________________________ __________________

      аты және әкесінің аты (бар болса), тегі                   қолы

      Мөрдің орны

  "Мал қорымдарының
(биотермиялық шұңқырлардың)
тізілімі" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі: 1-см, кезеңділігі: тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға басшы не тегі мен аты-жөнін көрсете отырып оның міндетін атқаратын адам қол қояды.

      3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бөлімнің 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. 1-бөлімнің 2-бағанында Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына (ӘАОС) сәйкес облыстың, ауданның, ауылдық округтің атауы көрсетіледі.

      6. 1-бөлімнің 3-бағанында есепті кезеңдегі мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) нөмірі көрсетіледі.

      7. 1-бөлімнің 4-бағанында мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) типі көрсетіледі.

      8. 1-бөлімнің 5-бағанында мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) көлемі (шаршы метрлер) көрсетіледі.

      9. 1-бөлімнің 6 және 7-бағандарында координаттар (ендік, бойлық) көрсетіледі.

      10. 1-бөлімнің 8-бағанында мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) ағымдағы жай-күйі көрсетіледі.

      11. 1-бөлімнің 9-бағанында мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) баланс ұстаушысы көрсетіледі.

      12. 2-бөлімнің 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      13. 2-бөлімнің 2-бағанында Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына (ӘАОС) сәйкес облыстың, ауданның, ауылдық округтің атауы көрсетіледі.

      14. 2-бөлімнің 3-бағанында есепті кезеңдегі сібір жарасы көмінділерінің нөмірі көрсетіледі.

      15. 2-бөлімнің 4-бағанында топырақ пен өсімдіктердің сипаты көрсетіледі.

      16. 2-бөлімнің 5-бағанында сібір жарасы көмінділерінің көлемі (шаршы метрлер) көрсетіледі.

      17. 2-бөлімнің 6 және 7-бағандарында координаттар (ендік, бойлық) көрсетіледі.

      18. 2-бөлімнің 8, 9 және 10-бағандарында сібір жарасы көмінділерінің сипаттамасы (қоршау, айырым белгілері, мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу) көрсетіледі.

      19. 2-бөлімнің 11-бағанында сібір жарасы көмінділерінің баланс ұстаушысы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады