"Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 395 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 желтоқсанда № 35439 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26609 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:

      4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті белгіленген заңнамалық тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық статистика агенттігінің

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар жөніндегі бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 395 бұйрығына
қосымша
  Теміржолдарды жаңғыртуға
кредит беру және қаржы лизингі
кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz

Кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін іс жүзінде есептеу және өтеу туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-SIR_LFL

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалардың шеңбері: акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға

      Әкімшілік деректер нысанын ұсынудың соңғы мерзімі: Қаржыландыру жоспарында көрсетілген субсидияларды төлеу айының 10-күнінен кешіктірмей.

      Жинау әдісі: қағаз тасығышта


р/с

Өтініш берушінің атауы

Қаржы институты есептеген сыйақылар мөлшерлемесі

Өтініш берушімен төлеген сыйақылар мөлшерлемесі

Алдыңғы кезеңдерге аударылған субсидиялардың барлығы

Есептік кезеңде бюджет қаражаты есебінен сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жатады

Есептік кезеңнің соңындағы берешектің барлығы, мың теңге

Өтінім берушінің төлеген негізгі борышы

алдыңғы кезеңдер үшін

есепті кезең үшін

алдыңғы кезеңдер үшін

есепті кезең үшін

%

мың теңге

%

мың теңге

негізгі борыштың үлесі, %

мың теңге

%

мың теңге

%

мың теңге

%

мың теңге

%

мың теңге


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17


















      Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________

      Атауы _______________________________________________________________

      Заңды мекенжайы _____________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы __________________________________________

      Орындаушы ________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)             қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ___________________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)             қолы

      Күні 20__ жылғы "______" ______________                   Мөрдің орны

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсініктеме Кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін іс жүзінде есептеу және өтеу туралы есеп (индекс – 1-SIR_LFL, кезеңділігі – жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме "Кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін іс жүзінде есептеу және өтеу туралы есеп" (бұдан әрі – Нысан) әкімшілік деректер нысанын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Өтініш беруші Қаржыландыру жоспарында көрсетілген субсидиялар төленген айдың 10 күнінен кешіктірмей уәкілетті органның атына Нысанға сәйкес кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесінің нақты есептелуі және өтелуі туралы есепті ұсынады.

      3. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. 1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі;

      5. 2-бағанда өтініш берушінің атауы көрсетіледі;

      6. 3-бағанда қаржы институтының өткен кезеңдер үшін есептелген сыйақы мөлшерлемесі пайызбен көрсетіледі;

      7. 4-бағанда қаржы институтының өткен кезеңдер үшін есептелген сыйақы мөлшерлемесі мың теңгемен көрсетіледі;

      8. 5-бағанда қаржылық ұйымның есепті кезең үшін есептелген сыйақы мөлшерлемесі пайызбен көрсетіледі;

      9. 6-бағанда есепті кезең үшін қаржы институтының есептелген сыйақы мөлшерлемесі мың теңгемен көрсетіледі;

      10. 7-бағанда өткен кезеңдер үшін өтініш беруші төлеген сыйақы мөлшерлемесі пайызбен көрсетіледі;

      11. 8-бағанда өткен кезеңдер үшін өтініш беруші төлеген сыйақы мөлшерлемесі мың теңгемен көрсетіледі;

      12. 9-бағанда өтініш берушінің есепті кезең үшін төлеген сыйақы мөлшерлемесі пайызбен көрсетіледі;

      13. 10-бағанда өтініш берушінің есепті кезең үшін төлеген сыйақы мөлшерлемесі мың теңгемен көрсетіледі;

      14. 11-бағанда өткен кезеңдер үшін аударылған субсидиялар сомасы пайызбен көрсетіледі;

      15. 12-бағанда өткен кезеңдер үшін аударылған субсидиялар сомасы мың теңгемен көрсетіледі;

      16. 13-бағанда есепті кезеңде бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын сыйақы мөлшерлемесі пайызбен көрсетіледі;

      17. 14-бағанда есепті кезеңде бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын сыйақы мөлшерлемесі мың теңгемен көрсетіледі;

      18. 15-бағанда есепті кезеңнің соңындағы жиынтық берешек мың теңгемен көрсетіледі;

      19. 16-бағанда өтініш беруші төлеген негізгі борыштың үлесі пайызбен көрсетіледі;

      20. 17-бағанда өтініш берушінің негізгі борыш бойынша төлеген сомасы мың теңгемен көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады