Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қаңтарда № 26609 болып тіркелді

      "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрдің міндетін атқарушы
Б. Камалиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

 
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрдің міндетін
атқарушының
2022 жылғы 20 қаңтардағы
№ 21 Бұйрықпен бекітілген

Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 34-42) тармақшасына сәйкес әзірленді және теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) өтінім беруші – акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі

      3. Өтінім берушінің теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі шартында белгіленген сыйақы мөлшерлемелерін төлеуге арналған шығыстары осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген мөлшерде субсидиялауға жатады.

      4. Өтінім берушінің сыйақы мөлшерлемелерін төлеуге арналған шығыстары тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегінде субсидияланады.

      5. Субсидиялау теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жасалған шартқа (бұдан әрі – субсидиялау шарты) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Субсидиялау шарты Заңның 14-бабы 2-тармағының 34-43) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарттың негізінде кредит беру және қаржы лизингі мерзімінен аспайтын, бірақ жиырма жылдан аспайтын мерзімге жасалады. Бұл ретте, уәкілетті орган субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін субсидиялауға арналған республикалық бюджет шығыстарын жыл сайын жоспарлауды қамтамасыз етеді.

      7. Субсидиялауға мөлшері 10% - дан аспайтын ұлттық валютада сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі жатады, ал қалған бөлігін өтініш беруші төлейді.

      8. Субсидиялар мерзімі өткен берешек бойынша есептелген және төленген пайыздарды, сондай-ақ біржолғы комиссияларды төлеуге берілмейді.

      9. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау күні басталғанға дейін он жұмыс күні бұрын өзінің интернет-ресурсында құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күнін көрсете отырып, субсидиялауды жүзеге асыруға құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру жариялайды.

      10. Құжаттарды қабылдау уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды жариялаған күннен бастап жыл сайын жүзеге асырылады және әрбір жылдың 30 қарашасында аяқталады.

      11. Субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат алу үшін өтініш беруші мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешегі жоқ;

      2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес қарыз берушімен жасалған қарыз шарты болса.

      12. Субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат алу үшін өтініш беруші электрондық форматта уәкілетті органға:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім);

      2) төлем кестесін көрсете отырып, қарыз шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

      13. Осы Қағидалардың 12- тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды қарау үшін субсидиялау шартын жасасу жөніндегі комиссия (бұдан әрі –комиссия) құрылады. Комиссияның құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының не ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның актісімен бекітіледі, бұл ретте Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      Комиссия құрамы ол бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      14. Өтінім беруші осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны қабылдамайды.

      15. Комиссия өтінімді қабылдамаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында мұндай қабылдамаудың себептері көрсетіледі.

      16. Өтінімді қайтару жаңа өтініміне сәйкес комиссияның екінші мәрте қарастыруынан бас тарту үшін негіз болып саналмайды, өтінімді қайтару себебі жойылған жағдайда, осы Қағидаларға сәйкес жаңа өтінімді ұсынады.

      17. Комиссия өтініш беруші ұсынған құжаттарды құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарайды.

      18. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша комиссия субсидиялау шартын жасасу немесе жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Шешім комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және оған оның барлық мүшелері қол қояды.

      19. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру рәсіміне комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде комиссияның шешімі заңды деп танылады. Комиссияның әрбір мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы, ол хаттамаға қоса беріледі.

      20. Уәкілетті орган комиссия отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде:

      1) комиссия отырысы хаттамасының көшірмесін өтініш берушіге жолдайды;

      2) өзінің интернет-ресурсында комиссия отырысының қол қойылған хаттамасын жариялайды.

      21. Комиссия субсидиялау шартын жасасу туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган комиссия отырысы хаттамасының көшірмесімен бірге өтінім берушіге мөлшерлемені субсидиялау мөлшері мен көлемін көрсете отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға шарт жасасуға дайындығы туралы уәкілетті органның қорытындысын жібереді.

      22. Республикалық бюджеттен субсидиялар төлеу төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) сәйкес, өтініш берушімен келісу бойынша субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      23. Өтінім беруші Қаржыландыру жоспарында көрсетілген субсидияларды төлеу айының 10-күнінен кешіктірмей уәкілетті органның атына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін іс жүзінде есептеу және өтеу туралы есепті қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттен қаражатты есеп айырысу шотына аударуға арналған өтінімді (бұдан әрі – аударуға арналған өтінім) ұсынады.

      24. Уәкілетті орган өтінім берілгеннен кейін 7 жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін ведомосьте көлемі көрсетілетін субсидиялар сомасын аударуды жүзеге асырады.

      25. Субсидия алған өтініш беруші жыл сайын 1 желтоқсанға дейін уәкілетті органға қарыз қаражатын пайдалану және қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат береді.

      26. Уәкілетті орган өтініш беруші ұсынатын ақпарат негізінде қарыз қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады.

      27. Субсидиялау шартына қол қойған кезде, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ оларды сұрау салу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім береді.

  Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру
және қаржы лизингі кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға арналған өтінім __________________________________________________________________
(өтінім берушінің толық атауы)

      теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі бюджеттік бағдарламаны іске асыруға
қатысуға ниет білдіреді.

      Өтінім беруші туралы мәліметтер

      1. Заңды мекенжайы _________________________________________

      2. Нақты мекенжайы, телефондары, факсы, электрондық мекенжайы ____

      3. Жарғылық капиталдағы үлесі көрсетілген негізгі құрылтайшылар______

      4. Тегі, аты, әкесінің аты, басшысының (болған кезде) _______________

      5. Қызметтің негізгі түрлері ____________________________________

      6. Жұмыс істейтіндердің саны ____________________________________

      7. Кредиттік/лизингтік ұйымның атауы ___________________________

      8. Кредиттік/лизингтік ұйымдағы шоттың нөмірі ___________________

      9. Қарыз қаражатын нысаналы пайдалану бағыты __________________

      Басшы _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) мөрдің орны (бар болса) (күні)

  Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру
  және қаржы лизингі кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

________________________________________________________________
(өтінім берушінің толық атауы)

      Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақының мөлшерлемесін субсидиялауға шарт жасасуға дайындығы туралы

      ___________________________________________________________________ қорытындысы
(уәкілетті органның атауы)
________________________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
ұсынылған ______________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)


      "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 2-бабы 34-42) тармақшасына сәйкес
уәкілетті органмен бекітілеген, Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы
лизингіне сыйақының мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына сәйкес, құжаттарды
қарап, теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақының
мөлшерлемесін субсидиялау арналған шартын:
________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
жасай отырып ___________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
______________________________________________ дайындығы туралы хабарлайды.

Кредиттік/лизингтік ұйымның атауы

Бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын сыйақы мөлшерлемесі %

Субсидиялау мерзімі, ай




      Басшы ________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) мөрдің орны (бар болса) (күні)

  Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру
және қаржы лизингі кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына 3-қосымша

            Нысан

___________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы)

      _________ ____________________________________________________
Республикалық бюджеттен есептік шотқа қаражат аударуға арналған өтінім

      Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған _______ жылғы
№ __ шарт бойынша

      (нөмірі және күні)

Кезең

Кредитберу/қаржы лизингі шартының атауы, күні және нөмірі

Өтінім берушінің берешек сомасы, мың теңге

Сыйақы мөлшерлемесінің сомасы, мың теңге

Уәкілетті органның сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау сомасы, мың теңге











Жиыны:





      Өтінім берушінің басшысы _______________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) мөрдің орны (бар болса) (күні)

  Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру
және қаржы лизингі кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына 4-қосымша

      Нысан

___________ кезеңі үшін кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін іс жүзінде есептеу және өтеу туралы есеп

РР/с №

Өтініш берушінің атауы

Есептеген сыйақылар мөлшерлемесі

Төлеген сыйақылар мөлшерлемесі

Алдыңғы кезеңдерге аударылған субсидиялардың барлығы

Есептік кезеңде бюджет қаражаты есебінен сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жатады

Есептік кезеңнің соңындағы берешектің барлығы, мың теңге

Өтінім берушінің төлеген негізгі борышы

алдыңғы кезеңдер үшін

есептік кезең үшін

алдыңғы кезеңдер үшін

есептік кезең үшін

%

мың теңге

%

мың теңге

негізгі борыштың үлесі, %

мың теңге

%
%

ммың теңге

%
%

ммың теңге

%
%

ммың теңге

%
%

ммың теңге












      Өтінім берушінің басшысы _________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) мөрдің орны (бар болса) (күні)

  Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру
және қаржы лизингі кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына 5-қосымша

      Нысан

"______________________________________________________"
(бюджеттік бағдарламаның атауы) № ____бюджеттік бағдарламасы бойынша теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі
кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған ведомость

      Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған
____ жылғы № ____ шартқа сәйкес (нөмірі мен күні) _______________кезеңі үшін

Р/с №

Өтінім берушінің атауы

Есептік кезеңде есептеген сыйақылар мөлшерлемесі

Есептік кезеңде бюджет қаражаты есебінен сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жатады

%

мың теңге

%

мың теңге

1

2

3

4

5






      Субсидиялау сомасы______құрайды ____________________________________
(сомасын теңгеде цифрмен және жазумен)

      Тараптардың заңды мекенжайлары:

Уәкілетті орган:
БСН
Банк деректемелері
______________________________
(басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
______________________________
(қабылдау ведомствосына жауапты басшының қолы, тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса))
мөр орны (бар болса)

Өтінім беруші:
БСН
Банк деректемелері
______________________________
(басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
______________________________
(бас бухгалтердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
мөр орны (бар болса)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады