БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14185 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарттың үлгілік нысанында:
мынадай мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылсын:
"5-1. Пайдалануға берілгеннен кейін тұрғын/тұрғын емес үй-жайдың нақты алаңы өзгерген кезде тараптар техникалық паспорт тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер шартта өзгеше белгіленбесе, нақты алаңы бойынша айырма төлейді.";
8- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. 1 шаршы метрдің құны бекітілген болып табылады және ұлғайтуға жатпайды.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Уәкілетті компания шартта көзделгенге қатысты пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты алаңының 1,5%-дан астам ұлғаюынан көрінетін жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқығаны үшін жауапты болады.
Үлескердің қосымша алаңының құнын өтеу сомасы осы жағдайда алаңның 1,5% - құнынан аспауға тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |