"Теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 желтоқсанда № 35470 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларында:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің көліктік бақылау инспекциясы;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қозғалыс қауіпсіздігін бұзу – нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жіктелетін, тасымалдау процесін жүзеге асыру кезінде қозғалыс қауіпсіздігі бойынша белгіленген талаптардан ауытқу нәтижесінде болған теміржол оқиғасы;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жолаушылар пойызында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиға, сондай-ақ апат немесе авария белгілері болған кезде қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы туралы ақпаратты алғаннан кейін 5 жұмыс күн ішінде уәкілетті органның бұйрығымен тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органның төрағалық етуімен Комиссия құрылады. Осы комиссияның құрамына уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылатын тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, тасымалдау процесіне қатысушылар және мүдделі тұлғалар кіреді.

      Комиссия құру туралы бұйрықта теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзуды тергеп-тексеруге қатысатын ұйымдардың атаулары көрсетіледі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атрқарушы
М. Калиакпаров

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атрқарушы
2024 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 405 бұйрығына
қосымша
  Теміржол көлігіндегі
жол жүрісі қауіпсіздігін
бұзушылықтарды тергеп-
тексеру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылық орын алған жерді қарау актісі

      Жерді қарау_________________________

      Күні:________________________ Уақыты:__________

      Жағдайы _______________________________________________________

      Техникалық құралдардың жай-күйі ___________________________________________

      Салдары ____________________________________________________

      Жылжымалы құрамның алдын ала зақымдалу дәрежесі ___ мүліктің ___ (ұйымның атауы) ___

      Алдын ала себебі________________________

      Тасымалдау процесіне қатысушылардың атауы/мүдделі тараптардың атаулары _______

      Акт жасағандар: _________________ ____________________________________

      (Лауазымы) (Қолы) (Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (егер бар болса)

      Ескертпе: осы нысан қажеттілік болған кезде қосымша тармақтармен толықтырылуы мүмкін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады