ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сұрыптық сынақтан өткізуге арналған тұқымдық және отырғызу материалының үлгісі өткен жылғы не ағымдағы жылғы өнімнен іріктеледі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3080 болып тіркелген) бекітілген тұқымға арналған құжаттаманың нысандары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына арналған аттестат немесе куәлік қоса беріледі.
4. Сұрыптық сынақтан өткізу үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін тұқымдық және отырғызу материалының үлгісіне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объктілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификат және сұрыптық және егістік сапаларын растайтын құжаттар бірге жүреді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Егер өтінім жасалған күнге дейін белгілі бір селекциялық жетістіктің тұқымы немесе басқа да отырғызылатын материалы мына аумақта:
1) Қазақстан Республикасында – өтінім берілген күнге дейін бір жыл бұрын;
2) кез келген басқа мемлекетте - өтінім берілген күнге дейін бір жылдық дақылдар бойынша төрт жыл бұрын және көп жылдық дақылдар бойынша алты жыл бұрын сатылмаса және автор немесе оның құқықтық мирасқоры селекциялық жетістіктің тұқымын немесе басқа да отырғызылатын материалын пайдалану үшін басқа адамдарға бермесе, сұрып жаңа деп есептеледі.
Егер, өтінім берілген сұрыптың жаңалығын сараптау нәтижесінде сұрыптың жаңалық өлшемшартына сәйкес еместігі анықталса, Мемлекеттік комиссия сәйкессіздік анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрі – патент беруден бас тарту туралы қорытынды) жасайды және оны сараптама ұйымына жолдайды.";
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Зертханалық сынақтың теріс нәтижелері (өтінім беруші ұсынған селекциялық жетістік сауалнамасында көрсетілген белгілерге сәйкессіздігі және морфология мен электрофоретикалық спектрдің белоктық формуласы бойынша анық көрінетін ерекше белгілердің болмауы) анықталған кезде Мемлекеттік комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде сараптама ұйымына патент беруден бас тарту туралы қорытындыны жолдайды.
25. Зертханалық сынақтың оң нәтижелері алынған кезде Мемлекеттік комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа танаптық сынақтарды жалғастыру туралы шешім қабылдайды.";
31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Егер, Мемлекеттік комиссия жүргізген патент қабілеттілігін сараптау және сынау нәтижесінде өтінім берілген сұрыптың патент қабілеттілігі шарттарына сәйкестігі анықталса, Мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сұрып сипаттамасын, осы Қағидаларға 4-қосымша сәйкес сұрыптың патент қабілеттілігі туралы қорытындыны жасайды және оларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде екі данада сараптама ұйымына жолдайды.
32. Мемлекеттік комиссия өтінім берілген сұрыптың жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық өлшемшарттарының біреуіне сәйкессіздігін анықтаған кезде, Мемлекеттік комиссия патент беруден бас тарту туралы қорытынды жасайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны екі данада сараптама ұйымына жолдайды.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 6-қосымшада жазылған.";
6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Султанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 408 бұйрығына қосымша |
|
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларына 6-қосымша |
"Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) кеңсесі; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік сынақтың деректері бойынша сұрыптың шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау танаптық тәжірибелер отырғызылған күннен бастап мынадай мерзімдерде жүргізіледі: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету түрі | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті беруші мен ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының сұрыпты сынақтан өткізу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар және "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. |
"Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 13-үй, "Іскер" бизнес орталығы, 11-қабат, 1111-кабинет) |
Өтінім нөмірі Тіркелген күні |
Селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынауға арналған өтінім
Өтініш беруші(лер)____________________________________________________ | |||||
Автор(лар) (егер автор(лар) өтініш беруші(лер) болып табылмаса | |||||
Тегі | Аты | Әкесінің аты (бар болса) | Үйінің мекенжайы | Қатысу үлесі, % | |
Мендегі (біздегі) бар ақпарат бойынша басқа авторлары жоқ | |||||
Алдыңғы өтінімдер | Тіркелген | Өтінім нөмірі | Кезеңі | Қандай атаумен | |
елі | күні | ||||
Қорғауға беруге | |||||
Шаруашылыққа пайдалылығына сынауға |
Мен (біз) бірінші өтінімде берілген материал осы сұрыпты білдіретінін және осы өтінімге сәйкес келетінін мәлімдеймін(міз).
Оригинатор ұсынып отырған сынау (пайдалану) салалары
Мен (біз) селекциялық жетістіктің шаруашылыққа жарамдылығына мемлекеттік сынақ жүргізуді өтінемін(міз).
Мен (біз) менде (бізде) бар мәліметтер бойынша өтінімді қарауға қажетті және осы өтінім мен қосымшаға енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс екендігін мәлімдеймін (міз).
Мен (біз) үлгілердің тиісінше алынғандығын және сұрыптың репрезентативті іріктелгенін көрсететінін растаймын (мыз).
Мен (біз) Мемлекеттік комиссияның нарядтары бойынша шаруашылыққа жарамдылығына сынау жүргізу үшін тұқымның қажетті мөлшерін, сондай-ақ сақтауға сұрыптың эталондық үлгісін өтеусіз беруге міндеттенемін (міз).
Өтініш берушінің (берушілердің) қолы (қолдары)
__________________ ___________________
___________________ __________________
___________________ __________________
___________________ __________________
___________________ __________________