Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 213 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 желтоқсанда № 35526 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32237 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына:

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Үлгілік біліктілік талаптарына мыналар жатады:

      1) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы білім деңгейі бойынша талаптар.

      Ротациялауға жататын орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелері басшыларының, облыстық және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволар басшыларының орынбасарларының лауазымдары үшін сол салада кемінде он екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы талап етілмейді.

      Бұл ретте, ротациялауға жататын олардың орынбасарлары үшін сол салада кемінде он жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы талап етілмейді.

      2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді орындау үшін қажетті құзыреттер, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өткені туралы жарамды сертификаттың, сондай-ақ қажет болған жағдайда белгілі бір саладағы біліктілікті растайтын сертификаттың болуы бойынша талаптар (бұдан әрі-құзырет).

      Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы үшін персоналды басқару жөніндегі сертификаттың (HR саласындағы сертификаттың) немесе персоналды басқару саласындағы білімі туралы құжаттың болуы талап етіледі.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өткені туралы жарамды сертификаттың болуы жөніндегі талап мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Заңның 15-бабының 3, 3-2, 4, 5, 6-тармақтарында, 27-бабының 7 және 8-тармақтарында көрсетілген адамдарға қолданылмайды.

      Заңның 27-бабының 7-тармағында көрсетілген адамдар жалпы конкурсқа қатысқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуден өткені туралы жарамды сертификаттың болуы жөніндегі талаптар міндетті болып табылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған жоғары білімі және бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар адамдар осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда білімі болған кезде А-1, В-1, С-1, С-О-1, С-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1, E-G-1 санаттарындағы лауазымдарға қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

      Президенттік жастар кадр резервінде болу мерзімі аяқталғаннан кейін бұл адамдар функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда білімі болған жағдайда соңғы атқаратын лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадрлық резервіне қабылданған жоғары білімі және үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар адамдар осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда білімі болған кезде D-2, D-О-2, D-R-1, Е-1, E-R-1, E-G-1 санаттарындағы лауазымдарға қойылатын Yлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Өңірлік кадр резервінде болу мерзімі аяқталғаннан кейін осы адамдар функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда білімі болған жағдайда соңғы атқаратын лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік органның ведомстволық біліктілік талаптарында:

      мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттарын, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін ескере отырып, нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді орындау үшін қажетті, сондай-ақ белгілі бір салада біліктілігін растайтын сертификаттың болуы бойынша осы Үлгілік біліктілік талаптарында көзделмеген өзге де құзыреттер (білім, икем және дағдылар) бойынша талаптар;

      А-1 және В-1 санаттарының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына - С-О, C-R, D, D-О, D-R, Е, E-R және E-G санаттарының лауазымдарында жұмыс тәжірибесінің міндетті түрде болуы жөніндегі талап белгіленуі мүмкін.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы Үлгілік біліктілік талаптарында жұмыс өтілі ретінде:

      1) мемлекеттік лауазымдардағы - мемлекеттік саяси лауазымдардағы жұмыс өтілі, мемлекеттік әкімшілік лауазымдардағы жұмыс өтілі, құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарындағы жұмыс өтілі, Қарулы күштер немесе әскери оқу орындардағы, әскери қызмет өтілі;

      2) Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заңнамалық актiлерiнде олар үшiн өзгеше құқықтық мәртебе айқындалған өзге де лауазымдардағы – соттар (оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының) лауазымындағы жұмыс өтілі, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін маслихат депутаттарының жұмыс өтілі;

      3) тиісті санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда - ұйымдарда, оның ішінде орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда (оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде), халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдардағы, шетелдік мемлекеттік құрылымдардағы (бұдан әрі – ұйым) жұмыс өтілі танылады.

      Тиісті санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілін айқындау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады (шетелдік, трансұлттық ұйымдардың немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың жұмыс өтілі де өзге құжаттармен расталуы мүмкін).";

      10-тармақ алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Бұл ретте Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкестікті анықтау барысында осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағында көрсетілген жұмыс өтілінің жалпы жиынтығы ескерілуі мүмкін.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. А-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-3, В-2, C-1, C-O-1, D-2 (басшылық лауазымдар), D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан төмен емес немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда тоғыз жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3 (басшылық лауазымдар), C-1, C-O-1, D-2 (басшылық лауазымдар), D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың департамент бастығының орынбасарынан немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Конституциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда тоғыз жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-3, С-2, С-О-2, D-2, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басшылық лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Конституциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жеті жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-4, С-3, C-O-3, D-3, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болған жағдайда.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс өтілі үш жылдан кем емес (депутаттың көмекшісі лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді).";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс өтілі талап етілмейді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. В-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3 (басшылық лауазымдар), C-2, C-O-2, D-2 (басшылық лауазымдар), D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың департамент бастығының орынбасарынан немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. В-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-3, С-3, С-О-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. В-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-4, С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес жұмыс өтілі егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

      4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес).";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. В-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс өтілі талап етілмейді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3 (басшылық лауазымдар), C-2, C-O-1, D-2 (басшылық лауазымдар), D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

      Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген С-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға міндетті түрде саяси немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес**.

      Бұл талап конкурстан тыс тағайындау кезінде де міндетті болып табылады."

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда..";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс өтілі талап етілмейді.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. С-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, E-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс өтілі талап етілмейді.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

      жұмыс өтілі талап етілмейді.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. C-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

      бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. C-R-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс өтілі талап етілмейді.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. D-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. D-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. D-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

      бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс өтілі талап етілмейді.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. D-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

      бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. D-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі білім;

      жұмыс өтілі талап етілмейді.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. D-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. D-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

      бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. D-R-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс өтілі талап етілмейді.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Е-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-3, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

      екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Е-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс өтілі талап етілмейді.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Е-R-1 санатының аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-3, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда;

      4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. E-R-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. E-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс өтілі талап етілмейді.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. E-R-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс өтілі талап етілмейді.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Е-G-1 санатының аудандық маңызы бар қала әкімінің орынбасарлары мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Е-G-1 санатының ауыл, кент, ауылдық округ əкімдері орынбасарларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. E-G-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс өтілі талап етілмейді.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. E-G-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс өтілі талап етілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы
Д. Жазықбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады