"Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 439 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 желтоқсанда № 35533 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11737 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалардың қолданысы Заңының 3-бабы 2-тармағымен көзделген өнімдерге және "Кеден одағында санитарлық шаралар қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімнің (тауарлардың) бірыңғай тізбесіне, сондай-ақ химиялық өнімге, айналымына, әзірлеуіне, қайта өңдеуіне, өндіруіне, сатып алуына, өткізуіне, сақтауына, пайдалануына және жоюына қатысты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру тәртібі белгіленген:

      1) есірткі құралдарын, психотроптық заттарға және прекурсорларға;

      2) жарылғыш және пиротехникалық заттарға;

      3) уларға;

      4) пестицидтерге;

      5) бояғыштарға, синтетикалық жуғыш құралдарына;

      6) залалсыздандыру, дезинсекция және дератизациялау құралдарына;

      7) тағамдық қоспаларға;

      8) этил спирті мен алкоголь өнімдеріне, темекі бұйымдарына қолданылмайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілтеін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.".

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

      ".

      көрсетілген Қағидаларға 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 439 Бұйрыққа
1-қосымша
  Химиялық өнімді тіркеу
және есепке алу қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, БСН, телефон)

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
Өнеркәсіп комитетінің төрағасы
Тегі, Аты және Әкесінің аты
(бар болса)
(бұдан әрі –аты-жөні)

Химиялық өнімді тіркеуге өтініш

      Мына химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік беруді сұраймыз:

      __________________________________________________________________

      Қосымша: ____ парақта. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ____________ (қолы) 20 ___ жылғы "__" _________.

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 439 Бұйрыққа
2-қосымша
  Химиялық өнімді тіркеу
және есепке алу қағидаларына
4-қосымша
  нысан

ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ
ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫС
МИНИСТРЛІГІ



 

МИНИСТЕРСТВО
ПРОМЫШЛЕННОСТИ И
СТРОИТЕЛЬСТВА
РЕСПУБЛИКИ
КАЗАХСТАН

"Өнеркәсіп
комитеті" республикалық
мемлекеттік мекемесі


Республиканское
государственное
учреждение "Комитет
промышленности"

Дәлелденген бас тарту

      Өнеркәсіп комитеті "____________________" химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортын қарап, мынаны хабарлайды:

      Басшының лауазымы Басшының Аты, Жөні және Әкесінің аты (бар болса)



  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 439 Бұйрыққа
3-қосымша
  Химиялық өнімді тіркеу
және есепке алу қағидаларына
5-қосымша

      нысан

ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ
ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫС
МИНИСТРЛІГІ



 

МИНИСТЕРСТВО
ПРОМЫШЛЕННОСТИ И
СТРОИТЕЛЬСТВА
РЕСПУБЛИКИ
КАЗАХСТАН

"Өнеркәсіп
комитеті" республикалық
мемлекеттік мекемесі


Республиканское
государственное
учреждение "Комитет
промышленности"

Химиялық өнімдерді тіркеу туралы куәлік

      Нөмірі: Күні:

      [Ұйымның атауы] [мекенжайы]

      Химиялық өнім:____________________________________________________________

      (химиялық өнімнің толық атауы)______________________________________________

      (химиялық өнімнің толық атауы)______________________________________________

      (өндіруші фирма) ____________________________________________________ түрінде

                              (шығару нысаны)

      Қолдану саласы:

      Тіркелген күні:



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады