"Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1013 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 желтоқсанда № 35539 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:

      2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) велосипед – екі немесе одан да көп дөнгелегі бар және үстінде отырған адамдардың дене күшімен, оның ішінде қозғалтқышты пайдалана отырып, қозғалысқа келтірілетін көлік құралы;";

      2-тармақтың 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) жүргізуші – көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен малды, табынды, жүк артылған жегілген малды немесе мініс малын айдаушы. Білім беру процесі кезінде жүргізушіге оқыту шебері жүргізушіге теңестіріледі;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "45-1) көлік құралының орташа жүру жылдамдығы – көлік құралы жүріп өткен халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар учаскесінің ұзындығын осы қашықтықты жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы айқындалатын жылдамдық;";

      2-тармақтың 49) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "49) механикалық көлік құралы – электр самокаттарды, шағын электр көлігі құралдарын және рельстік көлік құралдарын қоспағанда, қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін, өздігінен жүретін жол көлік құралы. Ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналар жол жүрісіне қатысқан кезде оларға да қолданылады;";

      2-тармақтың 50) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "50) мопед – қозғалтқышының көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш дөңгелекті механикалық көлік құралы. Мопедтерге мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да механикалық көлік құралдары теңестіріледі;";

      2-тармақтың 63-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-1) шағын электр көлігі құралы – электр қозғалтқышы бар электр самокаттар мен электр қозғалтқышы бар велосипедттерді қоспағанда, электр қозғалтқышпен жарақталған, жеке жүріп-тұруға арналған, бір немесе бірнеше дөңгелегі бар көлік құралы;";

      9-тармақтың жиырма үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мотоциклді немесе мопедті басқару кезінде жүргізушілер түймеленген мотошлемде болады және түймеленген мотошлем кимеген жолаушыларды тасымалдамайды.";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12) мотоциклді немесе мопедті ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай басқаруға;

      13) мотоциклді немесе мопедті бір дөңгелегімен жүргізіп басқаруға, сол сияқты осы көлік құралын басқаруға арналған орнынан тыс орналасуға;

      14) мотоциклдермен немесе мопедтермен, сондай-ақ арнайы бейімдегіштермен габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұратын жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға.";

      21-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жол жүрген кезде оларды тағуға (осы Қағидалардың 2-тарауы 9-тармағының 5) тармақшасын ескере отырып), ал мотоциклмен немесе мопедпен жүрген кезде түймеленген мотошлемде болуға;";

      22-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) мотоцикл немесе мопед жүріп келе жатқан кезде аяқ тіреуіштерге немесе орындыққа тұруға тыйым салынады.";

      37 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Жүргізушілер реттеуші қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде, егер бағдаршам сигнализациясының жұмыс режимі жасыл сигналдың тікелей сөнер алдындағы жыпылықтауын қамтамасыз етпейтін жағдайларда тоқтай алмаса осы тараудың 36-тармағында айқындалған орындарда тежегішті шұғыл баспай, әрі қарай жүруге рұқсат етіледі.

      Реттеуші қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде жолдың жүру бөлігінде келе жатқан жаяу жүргіншілер оны босатады, ал оған мүмкіндік болмаған кезде қарсы көлік легін бөлуші сызықта тоқтайды.";

      76-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Көлік құралының барынша көп қозғалыс жылдамдығын асыру автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптармен көлік құралының орташа қозғалыс жылдамдығын тіркеу немесе есептеу арқылы анықталады.";

      76-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтіруге;";

      87-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) гүлзарларда, көгалдарда, балалар мен спорт алаңыңда.";

      87-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) велосипед жолында (немесе) велосипед жолағында.";

      145-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) мопедтерді, сондай-ақ мопедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа мопедтерді.";

      150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "150. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көлік құралын жүргізуге оқыту белгілеген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша және оқу процесінде жүргізуді үйрету шеберінің қатысуымен ғана жүзеге асырылады.";

      156-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мотоциклдің немесе мопедтің артқы орындығында мас күйінде;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) он алты жасқа толмаған, мотоциклдің немесе мопедтің артқы орындығында.";

      157-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      24-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-тарау. Электр самокаттардың, велосипедтердің, шағын электр көлік құралдарының, ат арбалардың қозғалысына, сондай-ақ жануарларды айдауға қойылатын қосымша талаптар";

      166-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      Қозғалтқышы бар велосипедтермен тротуар және (немесе) жаяу жүргіншілер жолы бойынша жүру "Жол жүрісі туралы" Заңның 57-бабы 6-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.;

      168-тармақ алып тасталсын;

      171-тармақта мынадай редакцияда жазылсын:

      "171. Электр самокаттар мен велосипедтерді жүргізушілерге:

      1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуге;

      2) жолаушыларды тасымалдауға арналған бейімдемелері бар велосипедтермен тасымалдаудан басқа, жолаушыларды тасымалдауға;

      3) тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен жүкті, сондай-ақ габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұрмайтын жүкті тасымалдаудан басқа, жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауына;

      4) трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуына немесе кері бұрылуына;

      5) велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, электр самокаттарды және велосипедтерді, сондай-ақ электр самокаттармен және велосипедтермен сүйретуіне;

      6) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуіне;

      7) жол жүрісі қағидаларында айқындалған талаптарға сәйкес келетін, басқа көлік құралын жүргізушілерге көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз жолдың жүру бөлігінде тәуліктің қараңғы уақытында жүріп-тұруына;

      8) жолдың жүру бөлігінде басқаруы кезінде түймеленген шлемсіз болуына жол берілмейді.";

      172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "172. Велосипед жолының көше қиылысынан тыс орналасқан жолмен реттелмейтін қиылысында велосипедтердің жүргізушілері осы жолмен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол беруге тиіс.

      Ат-арба көлігі (шана) жүргізушісі көрінуі шектеулі жерлерде қосымша жолдан жолға шығу кезінде малды жүгенінен ұстап жетектеп жүреді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақтан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық 2025 жылдың 5 сәуірінде қолданысқа енетін 1 тармақтың үшінші, төртінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екіші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, қырықыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады