Бюджет қаражаты есебінен және берілетін салықтық жеңілдіктер шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 желтоқсанда № 35546 болып тіркелді

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 23) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен және берілетін салықтық жеңілдіктер шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін (бұдан әрі – Қағидалар).

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрдің м.а.
Д. Ахмед-заки

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрдің міндетін атқарушы
2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 598 бұйрығымен
бекітілген

Бюджет қаражаты есебінен және берілетін салықтық жеңілдіктер шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бюджет қаражаты есебінен және берілетін салықтық жеңілдіктер шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 23) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Бюджет қаражаты есебінен және берілетін салықтық жеңілдіктер шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келуін уәкілетті органның ресми тану рәсімі;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері –ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      3) ғылыми зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;

      4) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіру мен басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Бюджет қаражаты есебінен және берілетін салықтық жеңілдіктер шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру тәртібі

      3. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізудің міндеттері:

      1) жобалық ғылыми қызметті жүзеге асырудың бірыңғай қолжетімді жағдайларын жасау;

      2) жобаның мақсатына қол жеткізудегі міндеттердің әрқайсысының рөлінің және басқа міндеттермен және жобаның күтілетін нәтижелерімен өзара байланысының қысқаша негіздемелері;

      3) ғылыми қызметті жүзеге асыруға, есептік материалдарды дайындауға байланысты рәсімдерді ретке келтіру;

      4) жобалық ғылыми қызметті жүзеге асыру кезінде және есепті материалдарды дайындау кезінде қателіктер жіберудің тәуекел факторларын қысқарту;

      5) ғылыми қызметті сипаттайтын ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу;

      6) Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім беру және жобаны аяқтау сатысында әзірлемелердің технологиялық әзірлігінің деңгейін көрсете отырып, міндеттердің өлшенетін көрсеткіштерін көрсету болып табылады.

      4. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді басқару мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басымдықтары;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ашықтығы, объективтілігі және теңдігі;

      3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар сараптамасының объективтілігі мен тәуелсіздігі;

      4) ғылыми зерттеулердің экономикалық тиімділігі мен нәтижелілігі;

      5) ғылым, білім және өндірістің интеграциясы;

      6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру;

      7) технологиялар трансферті.

      5. Ғылыми зерттеулерді мен әзірлемелерді орындау қолданыстағы Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат заңнамасының талаптарына және конкурстық құжаттаманың және жасалған шарттың талаптары мен шарттарына, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес іске асырылады.

      6. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары, оның ішінде бірлесіп орындаушылар ретінде жүзеге асырады.

      7. Ғылыми зерттеулерді жүргізуді тек қана аккредиттелген ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүргізеді.

      8. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер мынадай негізгі ұйымдастыру кезеңдерін қамтиды:

      1) ғылыми зерттеулерді жоспарлау, зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін айқындау, ғылыми немесе технологиялық проблеманы анықтау;

      2) зерттеу жоспарын әзірлеу, әдістер мен технологияларды таңдау, орындау мерзімдерін айқындау және негізгі бақылау нүктелерін, қажетті ресурстарды бағалау, зерттеу тобын құру;

      3) ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу – зерттеулер мен эксперименттер жүргізу, эксперименттік деректерді жинақтау, ақпаратты талдау және өңдеу, зертханалық және далалық экспертименттер жүргізу, жаңа модельдер немесе прототиптер әзірлеу, өңдеу және талдау нәтижелерді талдау, алынған нәтижелерді қолданыстағы ғылыми теориляра мен модельдер контекстінде бағалау;

      4) ғылыми зерттеулер бойынша бақылау, есепке алу және есептілік – құжаттама және есептілік, зерттеу нәтижелерін ғылыми есептер, мақалалар, жарияланымдар, жаңа өнертабыс алу түрінде ресімдеу, қорғау және ендіру;

      5) ғылыми зерттеулерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерін (жеке әріптесті) тарту – қол жеткізілген мақсаттар мен міндеттерді бағалау, жобаның табыстылығы мен проб лемалық аспкетілерін талдау, түпкілікті қорытындыларды дайындау, зерттеу нәтижелерін өнеркәсіпке енгізу, оларды жаппай өндіру үшін технологияларды ұсыну;

      6) ғылыми-білім беру консорциумдарын құру;

      7) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық даму ынтымақтастығы.

      9. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының, технологияларды әзірлеудің технологиялық әзірлігінің деңгейлері және олардың түрлері Заңның 6-бабының 14) тармағына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен технологиялардың әзірлігі мен ұйымдардың технологиялық әзірлігінің деңгейлерін айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалады.

      10. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33613 болып тіркелген) Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен және шарттарда қаржыландырудың әртүрлі нысандарында бір мезгілде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады