"Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 447 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 желтоқсанда № 35562 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 маусымдағы № 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34524 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Отбасы банк" Акционерлік қоғамының қызметтері осы Қағидаларға 1-1 қосымшаға сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметтері құнының есебіне сәйкес, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер) "Отбасы банкі" акционерлік қоғамының филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметттерді беруші) арқылы тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органмен жасалған қызметтер көрсету шарты негізінде төленеді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру" мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
Р. Исакулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министірлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министірлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін
атқарушының
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 447 Бұйрығына
қосымша
Жеке тұрғын үй қорынан жалға
алынған тұрғынжай үшін
азаматтардың жекелеген
санаттарына төлемдер
тағайындау және жүзеге асыру
қағидаларына
1-1-қосымша

"Отбасы банк" акционерлік қоғамының жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметінің құнын есептеу

      1. "Отбасы банк" акционерлік қоғамы қызметінің құны (бұдан әрі – Төлемдер операторы) уәкілетті органмен жасалған шарт негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде жыл сайын төленеді.

      2. Қызмет құнын айқындау тәртібі.

      Төлемдер операторы қызметінің құны:

      1) бір адам-сағаттың құны;

      2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй төлемдерін (бұдан әрі – Төлемдер) жүзеге асыруға арналған өтінімдерді қарау үшін Оператор тартатын жұмыскерлердің саны;

      3) Төлемдерге бір өтінімді қараудың өзіндік құны;

      4) Төлемдерді жүзеге асыратын субсидиялар Операторы тиісті қаржы жылында тұрғынжайды жалдау (жалға алу) шарттарының саны жөніндегі жоспар негізінде жүзеге асырылады.

      3. Бір адам-сағаттың жоспарлы құны мынадай формула негізінде есептеледі:

     


      мұндағы:

      ЖҚба – бір адам-сағаттың жоспарлы құны, теңгеде;

      ЖШ – қызмет көрсетуге байланысты жоспарлы шығындар, мың теңге.

      Жоспарлы шығындарға жалпы әкімшілік шығыстарды есепке алмағанда, тартылатын жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу қоры, сондай-ақ төлемдердің ықтимал алушыларын жеке хабардар етуге арналған шығындар (дербес sms-хабарламалар, алғаны туралы хабарламасы бар пошта жөнелтілімдері, ұялы және қалааралық телефон нөмірлеріне қоңыраулар) жатады;

      ПШС – Төлемдерді жүзеге асыру үшін Төлемдер операторы тартатын әкімшілік және өндірістік персоналдың штат саны, адам

      ЖК – жоспарланған кезеңге бір жылдағы жұмыс күндерінің саны, күндермен (Жұмыс уақыты теңгеріміне сәйкес 40 сағаттық апта кезінде).

      4. Төлемдер операторы қызметінің құнын анықтау.

      Төлемдерді жүзеге асыруға бір өтінімді қарау бойынша Төлемдер операторы қызметінің бағасы төменде келтірілген формулаға сәйкес айқындалады:

     


      ЖБ – Төлемдерді жүзеге асыруға арналған бір өтінішті қарау бойынша Төлемдер операторы қызметінің бағасы, теңгеде;

      ЖҚба – бір адам-сағаттың жоспарлы құны, теңгеде;

      НТ – Төлемдер операторы бекітетін Төлемдерді жүзеге асыру үшін қаралатын өтінімдердің саны бойынша кемінде 10 деңгейдегі жоспар, бірлікте;

      Тк – 0,315 мәніне тең түзету коэффициенті. Төлемдерді жүзеге асыруға арналған бір өтінімді қараудың шекті құнының асып кетуіне жол бермеу мақсатында көзделген.

      Төлемдер операторы қызметінің құны төменде келтірілген формулаға сәйкес айқындалады:

     


      мұндағы:

      Ққ – Төлемдер операторының Төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі қызметінің құны, теңгеде;

      Қб – Төлемдерді жүзеге асыруға арналған бір өтінішті қарау бойынша Төлемдер операторы қызметінің бағасы, теңгеде;

      К – тиісті қаржы жылына арналған жалға алу (жалдау) шартының саны, ол бойынша Төлемдер операторы Төлемдерді жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады