"Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 желтоқсанда № 35564 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалану –амортизациялық аударымдар есебінен шекті бағада көзделген қаражатты инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асырумен және (немесе) негізгі құралдар құнының ұлғаюына әкеп соғатын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізумен және (немесе) негізгі құралдарды және (немесе) материалдық емес активтерді сатып алумен және (немесе) инвестицияларды іске асыру үшін тартылған қарыз қаражаты бойынша негізгі борышты қайтарумен байланысты емес мақсаттарға бағыттау;

      2) аумақтық бөлімшелер – уәкілетті орган ведомствосының, өзінің құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне қосылған табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мен бақылауды, бағаларды реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері;

      3) баға белгілеу – тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағасын қалыптастыру және қарау процесі;

      4) газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган – газ өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) дебиторлық берешек – электр энергиясын, электр энергиясы көздерін, контрагенттерді тұтынушылардың электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін және (немесе) ұлттық электр желісін пайдаланғаны үшін, электр қуатының электр қуаты нарығындағы жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай баламадағы борыш сомасы;

      6) жария тыңдаулар – Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды шақыра отырып, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілген қызметтеріне) баға жобасын талқылау рәсімі;

      7) инвестициялық бағдарлама (жоба) – жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама;

      8) кредиторлық берешек – қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің электр энергиясы көздері, контрагенттер алдындағы электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін және (немесе) ұлттық электр желісін пайдаланғаны үшін, электр қуатының электр қуаты нарығында жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай баламадағы борыш сомасы;

      9) қоғамдық маңызы бар нарықтар – Кодекстің 116-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес бағалары мен тарифтерін мемлекет реттейтін кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері);

      10) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі (бұдан әрі – Субъект) – қоғамдық маңызы бар нарықтарда тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіретін (өткізетін) жеке немесе заңды тұлға;

      11) негізделген баға – нарық субъектісі ұсынған, осындай шығындар мен пайданың негізділігін растайтын құжаттарға сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің негізделген шығындары мен пайдасының негізінде, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосы жүргізген баға сараптамасының негізінде айқындалған баға;

      12) өзіндік құн – уәкілетті органның ведомствосы тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) шекті бағасында есепке алатын шығындардың жиынтығы;

      13) өтпелі ереже – қабылданған энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың функцияларын энергия беруші ұйымдарға беру жөніндегі заңнамалық акт шеңберінде Қазақстан Республикасының электр энергетикалық кешенінің қауіпсіз, сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында бағаларды реттеуге арналған біржолғы шара;

      14) уәкілетті орган – тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      15) уәкілетті органның ведомствосы – бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық маңызы бар нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы;

      16) шекті баға – осы Қағидаларға сәйкес тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қажетті шығындар мен пайданың негізінде оның Субъект белгілеген және уәкілетті органның ведомствосымен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісілген бағасы. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін оған қатысты мемлекеттік баға реттеу қолданылған баға да шекті баға болып табылады;

      17) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – уәкілетті орган айқындайтын, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен электр энергиясының жоспарлы көлемдерін орталықтандырылған сатып алуды және орталықтандырылған сатуды жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;

      18) электр энергиясының көздері – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және (немесе) энергия өндіруші ұйымдар және (немесе) жаңартылатын көздер және электр энергиясын нетто-тұтынушылар.";

      мынадай мазмұндағы 47 және 48-тармақтармен толықтырылсын:

      "47. Уәкілетті орган өтпелі ережеге сәйкес қаралатын бағаға сараптама жүргізу кезінде 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын кепілдік беретін электр энергиясын жеткізуші бағасының құрылымына сәйкес шығындарды және (немесе) сараланған тарифтерден, электр энергиясын сатып алудан және (немесе) беруден болған, толық алынбаған және артық кірістерді ескереді.

      Жаңа шекті бағаны есептеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығымен бекітілген "Оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9522 болып тіркелген) Оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысанына сәйкес танылатын үмітсіз берешекті қоспағанда, дебиторлық және кредиторлық берешек арасындағы айырма ескеріледі.

      48. Өз қызметін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асыратын электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы Субъектісі жаңа шекті баға келісілгенге дейін өз қызметін 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырған Субъектісінің бұрын белгіленген шекті бағасын қолданады.";

      13-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      15, 16, 17, 17-1, 17-2 және 18-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 116 Бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 36 бұйрығына
13-қосымша
Нысан

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын (электрмен жабдықтауды) бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу

      1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бағасын саралауды ескере отырып, жүзеге асырылады.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын қалыптастыру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында мынадай тұтынушылар топтарына бөлінген:

      1-тұтынушылар тобы – электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес, өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар;

      2-тұтынушылар тобы – электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарынан тыс пайдаланатын тұтынушылар;

      3-тұтынушылар тобы – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар.

      4. Босату тарифі мыналар үшін қолданылады:

      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында орналасқан тұтынушыларға;

      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарына және оның ведомстволарына;

      әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілеріне.

      Электр энергиясын тұтынушылар топтары бойынша бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағаларының есептемесі

      5. Бірінші тұтынушылар тобы үшін электр энергиясына сараланған шекті бағаны есептеу бірінші тұтынушылар тобына арналған электр энергиясына шекті бағаның өзгеру коэффициенті ескеріле отырып, жүзеге асырылады, уәкілетті органның ведомствосы және/немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мынадай формула бойынша айқындайды:

      Бсарал1 = Zқолд. * k, теңге / кВтсағ (ҚҚС-сыз), мұндағы:

      Zқолд. – бірінші топқа арналған қолданыстағы баға, теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);

      k – бірінші тұтынушылар тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі:

      1) тиісті өңір халқының төлем қабілеттілігі деңгейі;

      2) инфляцияға ықпалы;

      3) өнеркәсіптік өндірісті дамыту деңгейі;

      4) энергия үнемдеу үшін ынталандырулар жасауы ескеріле отырып айқындайтын электр энергиясының шекті бағасының өзгеру коэффициенті.

      6. Екінші тұтынушылар тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу (үшінші тұтынушылар тобы болмаған жағдайда) мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 2 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 *V1))/V2, теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз), мұндағы:

      Zi – тұтынушылар тобы бойынша саралаусыз шекті баға;

      Vжалпы жыл – энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын өткізудің жоспарланған жылдық көлемі, кВт.сағ.;

      V1 – бірінші тұтынушылар тобының электр энергиясының жоспарланған көлемі, кВт.сағ.;

      V2 – екінші тұтынушылар тобының электр энергиясының жоспарланған көлемі, кВт.сағ.;

      7. Екінші тұтынушылар тобы болмаған жағдайда, үшінші тұтынушылар тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 *V1))/V3 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз), мұндағы:

      V3 – үшінші тұтынушылар тобының электр энергиясының жоспарланған көлемі, кВт.сағ.;

      8. Екінші және үшінші тұтынушылар тобы болған жағдайда, екінші және үшінші тұтынушылар тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формулалар бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 * V1) – (Бсарал 2 * V2))/ V3, теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз).

      Тұтынушылар топтары бойынша қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын есептеудің бақылау мысалы

      Мысал:

      Бастапқы деректер:

      Zi = 16,50 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз)

      Zқолд. = 14,00 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз)

      k = 1,07

      Vжалпы жыл. = 2 377,8 млн.кВтсағ., оның ішінде:

      V1 = 750,8 млн.кВтсағ.

      VIII = 1 627,0 млн.кВтсағ.

      Екінші және үшінші тұтынушылар тобы үшін (олар болған жағдайда) электр энергиясына шекті бағаны есептеу үшін қосымша деректер:

      VII = 800,0 млн.кВтсағ.

      VIII = 827,0 млн.кВтсағ.

      Бсарал III = 15,28 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз).

      1. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал I = Zқолд. * k, теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз) Бсарал I = 14,0 * 1,07 = 14,98

      2. Екінші тұтынушылар тобы болмаған жағдайда үшінші тұтынушылар тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал III = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал I *VI))/VIII теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз)

      Бсарал III = ((16,50 * 2 377,8) – (14,98 * 750,8))/1 627 = 17,20 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз).

      3. Екінші және үшінші тұтынушылар тобы үшін (тұтынушылардың екі тобы да болған жағдайда) электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формулалар бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 2=Zi, теңге/ кВтсағ.

      Бсарал2=16,50 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз)

      Бсарал3 = ((16,50 * 2377,8) – (14,98 * 750,8) – (16,50 * 800))/827 = 17,88 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз).

      Ескертпе:

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) бекітілген Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 116 Бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 36 бұйрығына
15-қосымша
Нысан

      Мыналарға: табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы:_______ (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрі) шекті бағасында ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы жарты жылдық ақпарат_______(қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ОИП және НЕИП-1

      Кезеңділік: жартыжылдық

      Есепті кезең: 20__ жылғы _ жартыжылдықта

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: 1 тамыздан кешіктірмей, 1 мамырдан кешіктірмей

      ЖСН/БСН




      Жинау әдісі: электронды түрде

Инвестициялық бағдарлама (жоба) көрсеткіштерінің атауы (қолданылу кезеңін көрсете отырып)

Кім бекітті (бұйрықтың күні, нөмірі)

Іс-шараның атауы

Іс-шаралардың іске асырылу жылдары

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

1

2

3

4

5

6

      Кестенің жалғасы:

Шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарлама іс-шарасының, объектісінің жоспарлы параметрлері (көрсеткіштері)

Шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарлама іс-шарасының, объектісінің орындалуы, нақты параметрлері (көрсеткіштері), (тоқсан сайын, өсіп отыратын жиынтығымен)*

Ауытқулар

Ауытқу себептері

Өлш. бірл.

Техникалық параметрлер

Өлш. бірл.

Инвестициялар сомасы

Өлш. бірл.

Инвестициялар көзі

Өлш. бірл

Техникалық параметрлер

Өлш. бірл

Инвестициялар сомасы

Өлш. бірл

Инвестициялар көзі

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

      Ескертпе:1) инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы бойынша растайтын құжаттарды қоса (тиісті шарттардың, келісімшарттардың көшірмелері, орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актілер (№ 2 нысан), орындалған жұмыстар мен шығындар құны туралы анықтама (№ КС-3 нысаны), шот-фактуралар, мемлекеттік қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдау актілері, ішкі жүкқұжаттар, қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің пайдалануға енгізу және балансқа қабылдау туралы ішкі бұйрықтары).

      Атауы____________________________ Мекенжайы______________________

      ___________________________ ______________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы/______________________________________

      Орындаушы________________________ _______________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам____________________________-

      ___________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөр орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      ___________________________________________________________________

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

_______ (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрі) шекті бағасында ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы жарты жылдық ақпарат____________(қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      (ОИП және НЕИП-1-индексі, кезеңділігі: жартыжылдық)

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған _____ (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрі) шекті бағасында ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы жарты жылдық ақпарат_______(қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) дайындауға арналған.

      2. Ақпаратқа басшы немесе оның міндетін атқарушы адам және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің орындаушы қол қояды.

2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      3. 1-бағанда "Реттік нөмір" көрсетіледі.

      4. 2-бағанда "Инвестициялық бағдарлама (жоба) көрсеткіштерінің атауы (қолданылу кезеңін көрсете отырып)" көрсетіледі.

      5. 3-бағанда "Кім бекіткен (бұйрықтың күні, нөмірі)" көрсетіледі.

      6. 4, 5 және 6-бағандарда "Іс-шараның атауы", "Іс -шараларды іске асыру жылдары", оның ішінде "1 жартыжылдық" және "2 жартыжылдық" көрсетіледі.

      7. 7-12-бағандарда "Іс-шараның, инвестициялық бағдарлама объектісінің шекті бағада ескерілген жоспарлы параметрлері (көрсеткіштері)", оның ішінде "Өлшем бірлігі", "Техникалық параметрлер", "Өлшем бірлігі", 2инвестициялар сомасы", "Өлшем бірлігі" және "Инвестициялар көзі" көрсетіледі.

      8. 13-18-бағандарда "Іс-шараның, инвестициялық бағдарлама объектісінің шекті бағада (тоқсан сайын, өсу қорытындысымен) ескерілген орындалысы, нақты параметрлері (көрсеткіштері)", оның ішінде "Өлшем бірлігі", "Техникалық параметрлер", "Өлшем бірлігі", "инвестициялар сомасы", "Өлшем бірлігі" көрсетіледі және "Инвестиция көзі".

      9. 19-дан 20-ге дейінгі бағандарда "Ауытқулар" және "Ауытқу себептері" көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 116 Бұйрыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық эномика министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 36 бұйрығына
16-қосымша
Нысан

      Мыналарға: табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтерді, контейнелерде, контрейлерлік жөнелтімдермен жүктерді, бос контейнерлерді және бос фитингтік платформаларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және ішкі рейстерде әуежайлардың қызметтерін көрсету: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авициялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi) босатылу бағалары туралы ақпарат

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ПГ ЖТ и ЛТ-2

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы _____(ай)

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: қоғамдық маңызы бар нарықтарда тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіретін (өткізетін) жеке немесе заңды тұлға

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей.

      ЖСН/БСН




      Жинау әдісі: электронды түрде

Көрсетіле тін қызметтердің атауы

Көлемдер

Баға (қосылған құн салығынсыз)

Кірістілік деңгейі

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші

Көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) көлемі заттай мәнінде

Көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) көлемі ақшалай мәнінде

Негізделген баға, теңгемен

Сату бағасы, теңгемен

Қызметтер (жұмыстарды) көрсетуден түскен кіріс, теңгемен

Қызметтер (жұмыстарды) көрсетуден болған шығындар, теңгемен

Кірістілік деңгейі, %

1

2

2

4

5

6

7

8









      Атауы_________________ Мекенжайы__________________

      ______________________________ ____________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы________________________________________

      Орындаушы_________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________________

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөр орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      ____________________________________________________________________

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

Теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтерді, контейнелерде, контрейлерлік жөнелтімдермен жүктерді, бос контейнерлерді және бос фитингтік платформаларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және ішкі рейстерде әуежайлардың қызметтерін көрсету: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авициялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi) босатылу бағалары туралы ақпарат

      (индекс - ПГ ЖТ және ЛТ-2, кезеңділігі: ай сайын)

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсініктеме теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетінқызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтерді, контейнелерде, контрейлерлік жөнелтімдермен жүктерді, бос контейнерлерді және бос фитингтік платформаларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және ішкі рейстерде әуежайлардың қызметтерін көрсету: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авициялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi) босатылу бағалары туралы ақпаратты дайындауға арналған.

      2. Ақпаратқа басшы немесе оның міндетін атқарушы адам және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің орындаушысы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      3. 1-бағанда "Қызметтердің атауы" және "Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші" көрсетіледі.

      4. 2 және 3-бағандарда "Көлемі", оның ішінде ""Көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) көлемі заттай мәнінде" және "Көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) көлемі ақшалай мәнінде" көрсетіледі.

      5. 4 және 5-бағандарда "Баға (қосылған құн салығынсыз)", оның ішінде "Негізделген баға, теңгемен" және "Сату бағасы, теңгемен" көрсетіледі.

      6. 6, 7 және 8-бағандарда "Кірістілік деңгейі", оның ішінде "Қызметтер (жұмыстар) көрсетуден түскен кіріс, теңгемен" және "Қызметтер (жұмыстар) көрсетуден болған шығындар, теңгемен" көрсетіледі.

      7. 2-8-бағандар бойынша ақпарат филиалдар, хабарламалар түрлері, жұмыс түрлері бойынша бөліністе ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 116 Бұйрыққа
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 36 бұйрығына
17-қосымша
Нысан

      Мыналарға: табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Энергиямен жабдықтау ұйымдарының электр энергиясын бөлшек саудада өткізуі, электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен өткізу, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарын өткізуге, орталықтандырылған сатып алу және сатуға сауда жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) сату бағалары туралы ақпарат

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: РРЭЭ-3

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы__ (ай) үшін

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: қоғамдық маңызы бар нарықтарда тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіретін (өткізетін) жеке немесе заңды тұлға

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей

      ЖСН/БСН




      Жинау әдісі: электронды түрде

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша көрсетілетін қызмет атауы

Өткізу көлемі (киловатт сағат)

Өткізу көлемі (мың теңге)

Барлығы

Оның ішінде тұтынушылар тобы бойынша

Барлығы

Оның ішінде тұтынушылар тобы бойынша

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар*

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар*

Саралаусыз сату тарифі бойынша

Тұтыну көлемдері бойынша

Саралаусыз сату тарифі бойынша

Тұтыну көлемдері бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Босату бағасы, теңгемен (қосымша құн салығынсыз)

Кірістілік деңгейі

Барлығы

Оның ішінде тұтынушылар тобы бойынша

Шығыстар, мың. теңге

Реттеліп көрсетілетін қызметтерден түскен кірістер, мың теңге

Кірістілік деңгейі, %

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар*

Саралаусыз сату тарифі бойынша

Тұтыну көлемдері бойынша

10

11

12

13

14

15

      *- өңірлердегі сату тарифінің қабылданған саралануына қарай

      Атауы_____________________Мекенжайы________________________________

      ____________________________ _______________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы/_______________________________________

      Орындаушы__________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________________

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөр орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      ____________________________________________________________________

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

Энергиямен жабдықтау ұйымдарының электр энергиясын бөлшек саудада өткізуі, электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен өткізу, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарын өткізуге, орталықтандырылған сатып алу және сатуға сауда жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) сату бағалары туралы ақпарат

      (индексі – РРЭЭ-3, кезеңділігі: ай сайын)

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсініктеме энергиямен жабдықтау ұйымдарының электр энергиясын бөлшек саудада өткізуі, электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен өткізу, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарын өткізуге, орталықтандырылған сатып алу және сатуға сауда жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) сату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты дайындауға арналған.

      2. Ақпаратқа басшы немесе оның міндетін атқарушы адам және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің орындаушысы қол қояды.

2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      3. 1-бағанда "Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша көрсетілетін қызмет атауы" көрсетіледі.

      4. 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-бағандарда "Өткізу көлемі (киловатт сағат)", "Барлығы", "оның ішінде "Тұтынушылар тобы бойынша", "Заңды тұлғалар", "Саралаусыз сату тарифі бойынша", "Жеке тұлғалар*", "Өткізу көлемдері (мың теңге" , "барлығы", оның ішінде "Тұтынушылар тобы бойынша": "Заңды тұлғалар" және "Жеке тұлғалар*" және "Тұтыну көлемдері бойынша" көрсетіледі.

      5. 10, 11 және 12-бағандарда "Сату бағасы, теңгемен (қосымша құн салығынсыз", "Барлығы", "Оның ішінде тұтынушылар тобы бойынша", "Заңды тұлғалар", "Саралаусыз сату тарифі бойынша", "Жеке тұлғалар*" және "Тұтыну көлемдері бойынша" көрсетіледі.

      6. 13, 14, 15 және 16-бағандарда "Кірістілік деңгейі", "Шығыстар, мың. теңге", "Реттеліп көрсетілетін қызметтерден түскен кірістер, мың теңге" және "Кірістілік деңгейі, %" көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 116 Бұйрыққа
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 36 бұйрығына
17-1-қосымша
Нысан

      Мыналарға: табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша

      (индексі – ЦП және ЦПЭЭ-4, кезеңділігі: ай сайын)

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Қызметті жүзеге асыруымен байланысты шығындары бөлігінде электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату саласындағы Субъектінің өндіретін (өткізетін) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіру (өткізу) көлемі, шығындары және тиісті бағалары туралы ақпарат (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ЦП және ЦПЭЭ-4

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы__ (ай) үшін

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: қызметті жүзеге асыруымен байланысты шығындар бөлігінде электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату саласындағы Субъект

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей

      ЖСН/БСН




      Жинау әдісі: электронды түрде

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша көрсетілетін қызметтердің атаулары

Шығындар, теңге


Өткізу көлемі (МВт*ай)1 МВт*айға теңгедегі есептік баға (қосылған құн салығынсыз)

Реттеліп көрсетілетін қызметтен түсетін кіріс мың теңге

      Атауы________________________Мекенжайы__________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы/______________________________________________

      Орындаушы_______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам___________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      ____________________________________________________________________

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

Қызметті жүзеге асыруымен байланысты шығындары бөлігінде электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату саласындағы Субъектінің өндіретін (өткізетін) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіру (өткізу) көлемі, шығындары және тиісті бағалары туралы ақпарат (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      (индекс-ЦП және ЦПЭЭ-4, жиілігі: ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсініктеме қызметті жүзеге асыруымен байланысты шығындары бөлігінде электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату саласындағы Субъектінің өндіретін (өткізетін) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіру (өткізу) көлемі, шығындары және тиісті бағалары туралы ақпаратты (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) дайындауға арналған.

      2. Ақпаратқа бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің орындаушысы қол қояды.

2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      3. Көрсетілген ақпаратта "Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша көрсетілетін қызметтердің атаулары", "Шығындар, теңге", "Өткізу көлемі (МВт*ай)", "1 МВт*айға теңгемен есептік баға (қосылған құн салығынсыз)" және "Реттеліп көрсетілетін қызметтен түсетін кіріс, мың теңге" көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 116 Бұйрыққа
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 36 бұйрығына
17-2-қосымша
Нысан

      Мыналарға: табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындар бөлігінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алу және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сату саласындағы Субъект өндіретін (өткізетін) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіру (өткізу) көлемдері, шығындары және тиісті бағалары туралы ақпарат (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      Есепті кезең: 20__ жылғы__ (ай) үшін

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ЦПУПГЭМ-5

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алу және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сату саласындағы Субъект

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей

      ЖСН/БСН




      Жинау әдісі: электронды түрде

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша көрсетілетін қызметтердің атаулары

Шығындар, теңге

Өткізу көлемі (МВт * ай)

1 МВт*айға теңгемен есептік баға (қосылған құн салығынсыз)

Реттеліп көрсетілетін қызметтен түсетін кіріс мың теңге

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

Қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындар бөлігінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алу және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сату саласындағы Субъект өндіретін (өткізетін) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіру (өткізу) көлемдері, шығындары және тиісті бағалары туралы ақпарат (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) нөмірі)

      (ЦПУПГЭМ-5-индексі, кезеңділік: ай)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсініктеме қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындар бөлігінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алу және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сату саласындағы Субъект өндіретін (өткізетін) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіру (өткізу) көлемдері, шығындары және тиісті бағалары туралы ақпаратты (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) дайындауға арналған.

      2. Ақпаратқа басшы немесе оның міндетін атқарушы адам және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің орындаушысы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      3. Көрсетілген ақпаратта "Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша көрсетілетін қызметтердің атаулары", "Шығындар, теңге", "Өткізу көлемі (МВт * ай)", "1 МВт*айға теңгемен есептік баға (қосылған құн салығынсыз)" және "Реттеліп көрсетілетін қызметтен түсетін кіріс мың теңге" көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 116 Бұйрыққа
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 36 бұйрығына
18-қосымша
Нысан

      Мыналарға: табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу, топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірi) сату бағасы туралы ақпарат

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: РРТГ- РРСНГ-6

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы__ (ай) үшін

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: тауарлық газды бөлшек саудада өткізу, топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей

      ЖСН/БСН




      Жинау әдісі: электронды түрде

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет атауы

Өткізу көлемі (мың текше метр)

Өткізу көлем (мың теңге)

Сату бағасы теңгемен (қосымша құн салығынсыз)

Кірістілік деңгейі

Барлығы

Оның ішінде тұтынушылар тобы бойынша

Барлығы

Оның ішінде тұтынушылар тобы бойынша

Барлығы

Оның ішінде тұтынушылар тобы бойынша

Қызметтерді (жұмыстар) көрсетуден түскен кіріс, теңгемен

Қызметтер, (жұмыстар) көрсетуге кеткен шығын, теңгемен

Кірістілік деңгейі, %-бен

Халық

Заңды тұлғалар

Халық

Заңды тұлғалар

Халық




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      Атауы_______________________Мекенжайы_______________________________

      Электрондық пошта мекенжайы/__________________________________________

      Орындаушы__________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам___________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөр орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      __________________________________________________________________________

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу, топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірi) сату бағасы туралы ақпарат

      (индексі - РРТГ-РРСНГ-6, кезеңділігі: ай)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме тауарлық газды бөлшек саудада өткізу, топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірi), сату бағасы туралы ақпаратты дайындауға арналған.

      2. Ақпаратқа басшы немесе оның міндетін атқарушы адам және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің орындаушысы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      3. 1-бағанда "Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша қызметтердің атаулары" көрсетіледі.

      4. 2 және 3-бағандарда "Өткізу көлемі (мың текше метр)", "Барлығы", оның ішінде "Тұтынушылар топтары бойынша", "Халық" көрсетіледі.

      5. 4, 5 және 6-бағандарда "Өткізу көлемі (мың теңге)", "Барлығы", оның ішінде "Тұтынушылар тобы бойынша", "Заңды тұлғалар", "Халық" көрсетіледі.

      6. 7, 8 және 9-бағандарда "Теңгемен босату бағасы (қосылған құн салығынсыз), "Барлығы", "Оның ішінде тұтынушылар тобы бойынша", "Заңды тұлғалар", "Халық" көрсетіледі.

      7. 10, 11 және 12 - бағандарда "Кірістілік деңгейі" - "Мың теңгедегі шығындар", "Мың теңгедегі реттеліп көрсетілетін қызметтерден түсетін кірістер" және "% - дағы кірістілік деңгейі" көрсетіледі.

      8. Ақпарат филиалдар бойынша бөліністе ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады