"Банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 315 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 80 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 желтоқсанда № 35565 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 315 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14832 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысының кірістері мен мүлкі туралы есептің нысаны;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы туралы есептің нысаны;

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің лауазымды тұлғалары туралы есептің нысаны;

      5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, банк холдингі және сақтандыру холдингі қатысушысы (акционері) болып табылатын ұйымдар туралы есептің нысаны;

      6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушылары (акционерлері) туралы есептің, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысын, банк холдингін, сақтандыру холдингін бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтердің нысаны;

      7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес байланысты тұлғалармен, оның ішінде үлестес тұлғалармен есепті кезең ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күндегі жағдай бойынша қолданыстағы мәмілелер туралы есептің және байланысты тұлғалар, оның ішінде үлестес тұлғалар тізілімінің нысаны;

      8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау жөніндегі жұмыс кестелерінің талдамасы туралы есептің нысаны;

      9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептіліктің нысаны және оған түсіндірме жазба;

      10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды немесе жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне тиесілі екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының және (немесе) пайыздық арақатынасының, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздерінің өзгеруі туралы есептің нысаны;

      11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес сақтандыру тобына қатысушылардың сақтандыру тобы меншікті капиталының он және одан көп пайызы болатын, есепті күндегі жағдай бойынша қолданыстағы, үшінші тұлғалар (тұлғалар тобы) алдындағы барлық міндеттемелері туралы есептің нысаны;

      12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес есепті кезең ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күндегі жағдай бойынша қолданыстағы сақтандыру тобының топ ішіндегі мәмілелері туралы есептің нысаны;

      13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берілген талап ету құқықтары туралы есептің нысаны;

      14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға күмәнді және үмітсіз актив ретінде берілген мүлік және дербес сатып алынған мүлік туралы есептің нысаны;

      15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның меншігіне өткен мүлік туралы есептің нысаны;

      16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының, екінші деңгейдегі банктердің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Екiншi деңгейдегi банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта мынадай есептілікті:

      1) екiншi деңгейдегi банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы қаулының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген есептілікті жыл сайын, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күннен кешіктірмей;

      2) екiншi деңгейдегi банктің ірі қатысушысы мәртебесі бар екiншi деңгейдегi банктерді немесе банк холдингін қоспағанда, екiншi деңгейдегi банктің Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банк холдингі:

      осы қаулының 1-тармағының 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;

      осы қаулының 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей;

      3) сақтандыру холдингі мәртебесі бар екiншi деңгейдегi банктерді, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын сақтандыру холдингі осы қаулының 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі бар екiншi деңгейдегi банктерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы қаулының 1-тармағының 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген есептілікті - жыл сайын, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі бар екінші деңгейдегі банктерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру холдингі болмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы қаулының 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;

      6) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесі бар екiншi деңгейдегi банктерді қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы қаулының 1-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген есептілікті:

      тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;

      жыл сайын, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;

      7) банк конгломератының құрамына кіретін банк холдингі, банк холдингі жоқ екiншi деңгейдегi банк, сақтандыру тобының құрамына кіретін сақтандыру холдингі осы қаулының 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген есептілікті:

      тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей;

      жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 (отыз бірінші) мамырдан (қоса алғанда) кешіктірмей;

      8) екiншi деңгейдегi банктің Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банк холдингі, банк холдингі жоқ, банк конгломератының құрамына кіретін екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын сақтандыру холдингі, екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы қаулының 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген есептілікті шоғырландырылған қаржылық есептілік бөлігінде:

      тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей;

      жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 (отыз бірінші) мамырдан (қоса алғанда) кешіктірмей;

      шоғырландырылмаған қаржылық есептілік бөлігінде:

      тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;

      жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 (отыз бірінші) мамырдан (қоса алғанда) кешіктірмей;

      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру холдингі болмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға-резидент болып табылатын ірі қатысушысы осы қаулының 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген есептілікті шоғырландырылмаған қаржылық есептілік бөлігінде:

      тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;

      жыл сайын, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күннен кешіктірмей;

      10) екiншi деңгейдегi банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды немесе жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі осы қаулының 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген есептілікті оған тиесілі акциялардың санын және (немесе) пайыздық арақатынасын өзгерту туралы шешімді қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      11) сақтандыру тобының құрамына кіретін сақтандыру холдингі осы қаулының 1-тармағының 11) және 12) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей;

      12) екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, банк холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру холдингі жыл сайын, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік 150 (бір жүз елу) күннен кешіктірмей - шоғырландырылған, бар болса - шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық ұйым растаған мемлекеттік немесе орыс тілдерінде оған түсіндірме жазбаны ұсынады.

      Түсіндірме жазба өзі орналасқан елдің тиісті қадағалау органының талаптарына сәйкес жасалады;

      13) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк холдингі осы қаулының 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей ұсынады.

      14) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы бар екінші деңгейдегі банктер осы қаулының 1-тармағының 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей ұсынады.";

      1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      13-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 14, 15 және 16-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 80 қаулыға
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 315 қаулысына
1-қосымша

Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесі

      Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер есептілігіне мыналар кіреді:

      1) екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысының кірістері мен мүлкі туралы есептің нысаны;

      2) екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы туралы есептің нысаны;

      3) екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің лауазымды тұлғалары туралы есептің нысаны;

      4) екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, банк холдингі және сақтандыру холдингі қатысушысы (акционері) болып табылатын ұйымдар туралы есептің нысаны;

      5) екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушылары (акционерлері) туралы есептің, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысын, банк холдингін, сақтандыру холдингін бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтердің нысаны;

      6) байланысты тұлғалармен, оның ішінде үлестес тұлғалармен есепті кезең ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күндегі жағдай бойынша қолданыстағы мәмілелер туралы есептің және байланысты тұлғалар, оның ішінде үлестес тұлғалар тізілімінің нысаны;

      7) шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау жөніндегі жұмыс кестелерінің талдамасы туралы есептің нысаны;

      8) шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептіліктің нысаны және оған түсіндірме жазба;

      9) екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды немесе жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне тиесілі екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының және (немесе) пайыздық арақатынасының, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздерінің өзгеруі туралы есептің нысаны;

      10) сақтандыру тобына қатысушылардың сақтандыру тобы меншікті капиталының он және одан көп пайызы болатын, есепті күндегі жағдай бойынша қолданыстағы, үшінші тұлғалар (тұлғалар тобы) алдындағы барлық міндеттемелері туралы есептің нысаны;

      11) есепті кезең ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күндегі жағдай бойынша қолданыстағы сақтандыру тобының топ ішіндегі мәмілелері туралы есептің нысаны;

      12) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берілген талап ету құқықтары туралы есептің нысаны;

      13) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға күмәнді және үмітсіз актив ретінде берілген мүлік және дербес сатып алынған мүлік туралы есептің нысаны;

      14) кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның меншігіне өткен мүлік туралы есептің нысаны.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 80 қаулыға
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 315 қаулысына
13-қосымша
  Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде
жинауға арналған
нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берілген талап ету құқықтары туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: OUSA_01

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезеңі: 20___жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы бар екінші деңгейдегі банктер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей

      БСН: _______________________

      Жинау әдісі: электронды түрде

      1-кесте. Заңды тұлғалар және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер бойынша кредиттік тарих субъектісі туралы есеп

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Заңды тұлғаның немесе қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкердің атауы


2

Қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер белгісі


3

Ұйымдық-құқықтық нысаны


4

Меншік нысаны


5

Кредиттік тарих субъектісін сәйкестендіргіш:


5.1

сәйкестендіргіш түрі


5.2

сәйкестендіру нөмірі


6

Резиденттік белгісі


7

Экономика секторы


8

Кредитормен ерекше қатынастармен байланысты болу белгісі


9

Есепке алу күні


      2-кесте. Қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерді қосқанда, жеке тұлғалар бойынша кредиттік тарих субъектісі туралы есеп

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)


2

Туған күні


3

Жынысы


4

Кредиттік тарих субъектісін сәйкестендіргіш:


4.1

сәйкестендіргіш түрі


4.2

сәйкестендіру нөмірі


5

Резиденттік белгісі


6

Кредитормен ерекше қатынастармен байланысты болу белгісі


7

Есепке алу күні


      3-кесте. Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Кредиттік тарих субъектісі – қарыз (шартты міндеттеме) шартының тарапы туралы мәліметтер:


1.1

Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі)


1.2

Кредиттік тарих субъектісін сәйкестендіргіш:


1.2.1

сәйкестендіргіш түрі


1.2.2

сәйкестендіру нөмірі


1.3

Қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер белгісі


2

Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы мәліметтер:


2.1

Қарыз (шартты міндеттеме) түрі


2.2

Қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі


2.3

Қарыз (шартты міндеттеме) шартының күні


2.4

Кредиттік желіге тиесілілігі:


2.4.1

кредиттік желі шартының нөмірі


2.4.2

кредиттік желі шартының күні


2.5

Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсететін филиал


2.6

Шарттың талаптары бойынша қарыз (шартты міндеттеме) мерзімінің аяқталу күні


2.7

Шарт бойынша валюта түрі


2.8

Шарттың валютасымен қарыз (шартты міндеттеме) сомасы


2.9

Шарт бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі:


2.9.1

мөлшерлеме түрі (белгіленген, өзгермелі)


2.9.2

өзгермелі индекс атауы


2.9.3

белгіленген мөлшерлеменің жылдық пайызбен мөлшері (өзгермелі мөлшерлеменің белгіленген спреды)


2.9.4

жылдық пайызбен өзгермелі индекс


2.10

Шарт бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі:


2.10.1

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша бастапқы мөлшерлеменің мөлшері


2.10.2

шынайы жылдық тиімді салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері


2.11

Қарыз бойынша қамтамасыз етудің болмау белгісі


2.12

Қарыздың (шартты міндеттеменің) нысаналы мақсаты:


2.12.1

кредиттеу мақсаты


2.12.2

кредиттеу объектісі


2.12.3

қарыз (шартты міндеттеме) сомасының үлесі (пайызбен)


2.13

Қарызды қаржыландыру көзі:


2.13.1

қаржыландыру көзінің түрі


2.13.2

қарыз сомасының үлесі (пайыздармен)


3

Қарыз бойынша талап ету құқығын беру (сату), қабылдау (сатып алу) туралы мәліметтер:


3.1

беру (сату), қабылдау (сатып алу) белгісі


3.2

талап ету құқықтары берілген (сатылған) (қабылданған (сатып алынған) ұйымның түрі


3.3

талап ету құқықтары берілген (сатылған) (қабылданған (сатып алынған) ұйымның атауы


3.4

талап ету құқықтары берілген (сатылған) (қабылданған (сатып алынған) ұйымды сәйкестендіргіш:


3.4.1

сәйкестендіргіш түрі


3.4.2

сәйкестендіру нөмірі


3.5

беру (сату), қабылдау (сатып алу) күні


3.6

сату (сатып алу) сомасы (теңгемен)


4

Есепке алу күні


      4-кесте. Қамтамасыз ету туралы есеп

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Кепіл шарты бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


1.1

кепіл шартының нөмірі


1.2

кепіл шартының күні


2

Кепіл шартын тоқтату:


2.1

кепіл шартын нақты тоқтату күні


2.2

кепіл шартын тоқтату негізі


3

Кепіл беруші (кепілдік беруші, кепілгер, сақтандырушы) туралы мәліметтер:


3.1

субъект түрі (заңды немесе жеке тұлға)


3.2

атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


3.3

кепіл берушінің (кепілдік берушінің, кепілгердің, сақтандырушының) сәйкестендіру деректері:


3.3.1

сәйкестендіргіш түрі


3.3.2

сәйкестендіру нөмірі


4

Қамтамасыз ету туралы мәліметтер


4.1

Қамтамасыз ету түрі


4.2

Шарт бойынша валюта түрі


4.3

Кепіл құны (теңгемен)


4.4

Нарықтық құны (шарт валютасымен)


4.5

Қабылданған қамтамасыз етуді есепке алу шотының нөмірі


4.6

Кепіл мүлкі орналасқан жері (тіркелген жері)


4.7

Кепіл мүлкі объектісінің сәйкестендіру нөмірі


4.8

Қамтамасыз етуді соңғы бағалау (қайта бағалау) күні


5

Есепке алу күні


      5-кесте. Қамтамасыз етілген қарыздар мен шартты міндеттемелерді сәйкестендіру

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


1.1

шарттың нөмірі


1.2

шарттың күні


2

Кепіл шарты бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


2.1

шарттың нөмірі


2.2

шарттың күні


3

Бөлінген үлес (пайызбен):


3.1

қарызды (шартты міндеттемені) кепілмен өтеу


3.2

қарызды (шартты міндеттемені) өтеуге тиесілі кепіл


4

Есепке алу күні


      6-кесте. Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


1.1

шарт нөмірі


1.2

шарт күні


2

Есепті кезеңдегі ағымдағы талаптар мен қаражат қозғалысы туралы ақпарат:


2.1

Есепті кезеңде есептелді (теңгемен, шарт валютасымен):


2.1.1

сыйақы


2.1.2

айыппұлдар мен өсімпұлдар


2.2

Есепті кезеңде нақты берілген күні


2.3

Есепті кезеңде өтелді (теңгемен)


2.4

Негізгі борыш қалдығы (теңгемен, шарт валютасымен):


2.4.1

мерзімі өтпеген берешек


2.4.2

мерзімі өткен берешек


2.4.3

баланстан есептен шығарылған берешек


2.5

Негізгі борыш бойынша шот нөмірі:


2.5.1

мерзімі өтпеген берешек


2.5.2

мерзімі өткен берешек


2.6

Есептелген сыйақы қалдығы (теңгемен, шарт валютасымен):


2.6.1

өтелмеген


2.6.2

мерзімі өткен


2.6.3

баланстан есептен шығарылған


2.7

Сыйақы бойынша шот нөмірі:


2.7.1

мерзімі өтпеген берешек


2.7.2

мерзімі өткен берешек


2.8

Шартты міндеттеме қалдығы (теңгемен, шарт валютасымен)


2.9

Шартты міндеттеме шотының нөмірі


2.10

Есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) қалдығы (теңгемен):


2.10.1

өтелмеген


2.10.2

баланстан есептен шығарылған


2.11

Оң (теріс) түзету (теңгемен, шарт валютасымен)


2.12

Оң (теріс) түзету бойынша шоттың нөмірі


2.13

Дисконт (сыйлықақы) (теңгемен, шарт валютасымен)


2.14

Дисконт (сыйлықақы) бойынша шот нөмірі


2.15

Мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні:


2.15.1

негізгі борыш бойынша


2.15.2

сыйақы бойынша


2.16

Мерзімі өткен берешекті өтеу күні:


2.16.1

негізгі борыш бойынша


2.16.2

сыйақы бойынша


3

Есепті кезеңде қайта құрылымдау:


3.1

қайта құрылымдау белгісі


3.2

қайта құрылымдауды жүргізу күні


4

Есепке алу күні


      7-кесте. Провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есеп

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


1.1

шарттың нөмірі


1.2

шарттың күні


2

Провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы мәліметтер:


2.1

Резервтердің (провизиялардың) нақты қалыптастырылған сомасы (теңгемен):


2.1.1

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша


2.1.2

уәкілетті органның талаптары бойынша


2.2

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) бойынша шоттың нөмірі


2.3

Кредиттік тәуекел кезеңі


3

Есепке алу күні


      8-кесте. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның түсімдері мен төлемдері туралы есеп

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Қарыз бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


1.1

шарт нөмірі


1.2

шарт күні


2

Есепті кезең ішінде активті жақсартуға арналған қаржыландыру сомасы


3

Есепті кезеңдегі активті басқарудан бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға ақшалай қаражаттың нақты ағыны


4

Есепті кезеңдегі осы актив бойынша берешекті өтеу есебіне бас банктің пайдасына жүргізілген төлемдер сомасы


5

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым активке қатысты, оның ішінде оларды жақсартуға байланысты жүргізген нақты іс-шаралар


6

Активтерді басқару әдісі


7

Есепке алу күні


      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________________

      Телефоны ___________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________

      Орындаушы ___________________________________ _____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ______________________________________________ ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні 20__ жылғы "______" ______________

      Ескертпе: нысан "Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берілген талап ету құқықтары туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Бас банктің күмәнді және
үмітсіз активтерін
сатып алатын еншілес ұйымға
берілген талап ету құқықтары
туралы есеп" әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанына
қосымша

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берілген талап ету құқықтары туралы есеп (индексі – OUSA_01, кезеңділігі – тоқсан сайын) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берілген талап ету құқықтары туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысанды бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы бар екінші деңгейдегі банк тоқсан сайын жасайды

      3. Нысанды толтыру кезінде кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және ол арқылы Нысан берілетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйесінде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі. Нысандағы күндер: "ЖЖЖЖ.КК.АА" форматында көрсетіледі, мұнда "ЖЖЖЖ" - жыл, "КК" - күн, "АА" - ай.

      4. Егер көрсеткіштің атауында басқа валютадағы құнды көрсету көзделмесе, Нысандағы құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбасы бар сан форматында, теңгемен (теңге баламасында) көрсетіледі.

      Коэффициенттер мен пайыздар үтірден кейін төрт таңбаны көрсетіп, сан форматында көрсетіледі.

      5. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. 1 және 2-кестелерді толтыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде орналастырылған "Ұйымдық-құқықтық нысаны", "Меншік нысаны", "Сәйкестендіргіштің түрлері", "Экономика секторлары", "Жынысы" анықтамалықтары пайдаланылады.

      7. 1 және 2-кестеде Қазақстан Республикасының резиденті және бейрезиденті заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкерлер болып табылатын кредиттік тарих субъектілері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Автоматты тәсілмен жасалған кері репо операциялары бойынша кредиттік тарих субъектісі ретінде осы мәмілелер жасалған қор биржасы көрсетіледі.

      Кредитор принципал рөлін атқарған жағдайда ғана кредиттік тарих субъектісі ретінде өзін кредитор деп көрсетуге рұқсат етіледі.

      Белгілі бір көрсеткіш бойынша деректер өзгерген кезде тиісті ақпарат өзгеріс болған жағдай бойынша есепті күні жаңартуға жатады.

      8. 1-кестенің 3, 4, 5.1, 6 және 7-жолдарында және 2-кестенің 3, 4,1 және 5-жолдарында мәндер анықтамалықтан алынады.

      9. 1-кестенің 5-жолында және 2-кестенің 4-жолында кредиттік тарихтың бір субъектісі бойынша бірнеше жаңартылған мәндерді бір мезгілде көрсетуге рұқсат етіледі.

      1-кестенің 1, 2, 3, 4, 6, 7 және 8-жолдарында және 2-кестенің 1, 2, 3, 5 және 6-жолдарында бір кредиттік тарих субъектісіне бір ғана жаңартылған мән сәйкес келеді.

      10. 1-кестенің 2-жолында егер кредиттік тарих субъектісі бірлескен кәсіпкерлік түрінде дара кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкер болып табылса, "1" мәні, өзге жағдайда "0" көрсетіледі немесе көрсеткіш берілмейді.

      11. 1-кестенің 3-жолында көрсеткіш Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      12. 2-кестенің 2 және 3-жолдарында көрсеткіштер Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      13. 1-кестенің 4-жолында көрсеткіш заңды тұлғалар болып табылатын барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      14. 1-кестенің 5-жолында және 2-кестенің 4-жолында бір кредиттік тарих субъектісі бойынша бір түрдің тек бір ғана жаңартылған сәйкестендіргішін көрсетуге рұқсат етіледі. Әрбір түрдің сәйкестендіргіші кредиттік тарих субъектісі үшін бірегей болып табылады.

      Сәйкестендіргіштің көрсеткіштерін толтыру кезінде 1-кестенің 5-жолында және 2-кестенің 4-жолында кредиттік тарихтың барлық субъектілері үшін міндетті түрде:

      Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша - жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға, оның ішінде қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын заңды тұлға және дара кәсіпкер үшін);

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері бойынша - баламалы сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      Қарыз (шартты міндеттеме) шарты 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын кредиттік тарих субъектілері бойынша салық төлеушінің тіркеу нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.

      Кредиттік тарих субъектісінің резиденттік белгісі өзгерген кезде ол бойынша сәйкестендіргіштердің бұрынғы өзара байланысын сақтау мақсатында жеке сәйкестендіру нөмірімен немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірімен қатар баламалы сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      15. 1-кестенің 8-жолында және 2-кестенің 6-жолында:

      егер кредиттік тарих субъектісі кредитормен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға жататын болса - "1";

      егер осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген кредиттік тарих субъектісі болып табылмаса - "0" мәні көрсетіледі.

      16. 1-кестенің 9-жолында және 2-кестенің 7-жолында кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер ескерілген жағдай бойынша күн көрсетіледі.

      17. Нысанды толтыру кезінде қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде орналастырылған мынадай анықтамалықтар:

      кредиттік тарих субъектісінің түрлері (рөлдері);

      сәйкестендіргіштің түрлері;

      қарыздың, шартты міндеттеменің түрлері;

      филиалдар;

      валюта түрлері;

      мөлшерлемелердің түрлері;

      өзгермелі индекстер;

      кредиттеу мақсаты;

      кредиттеу объектілері;

      қаржыландыру көздері;

      беру (сату), қабылдау (сатып алу) белгілері;

      талап ету құқықтары берілген (сатылған) (олардан қабылданған (сатып алынған) ұйымдардың типтері пайдаланылады.

      18. 3-кестеде кредитордың кредиттік тарих субъектісімен кредиттік тарих субъектісі және кредитор арасында жасалған шартқа орай қалыптасқан барлық өзара қатынастары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қатынастары туралы мәліметтер беріледі.

      Мәліметтер баланстан есептен шығарылған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген, есепті кезеңде өтелген, кешірілген немесе сатылған және барлық шартты міндеттемелерді қоса алғанда, есепті кезеңде жасалған және (немесе) есепті кезеңде қолданыста болған немесе қолданыcын тоқтатқан барлық қарыз (шартты міндеттеме) шарттары бойынша және барлық шартты міндеттемелер бойынша ұсынылады.

      3-кесте мақсатында төлем карточкаларына төлем карточкасын шығару шартында белгіленген тұрақты лимит шегінде төлем карточкасын ұстаушыларға берілетін және кредитордың мақұлдауын талап етпейтін қарыздар жатады. Қарыз алушы сұратқан әрбір қарыз үшін кредитор белгілейтін ауыспалы лимит шеңберінде төлем карточкаларын ұстаушыларға берілетін қарыздар 3-кестеде кредиттік желі шеңберінде берілетін қарыздар ретінде сыныпталады.

      Қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесіндегі кредиттік тарих субъектісімен қарыздың (шартты міндеттеменің) байланысы субъектінің сәйкестендіргіші бойынша белгіленеді.

      Белгiлi бiр көрсеткiш бойынша деректер өзгерген кезде тиiстi ақпарат өзгерiс болған жағдай бойынша есептi күнге жаңартылуға тиiс.

      19. 3-кестенің 1.1, 1.2.1, 2.1, 2.5, 2.7, 2.9.1, 2.9.2, 2.12.1, 2.12.2, 2.13.1, 3.1, 3.2, 3.4.1-жолдарындағы мәндер анықтамалықтардан таңдап алынады.

      20. 3-кестенің жолының көрсеткіштерінде бір қарыз (шартты міндеттеме) шартына түрі 3-кестенің 1.1-жолында көрсетілетін әртүрлі рөлдері бар бірнеше кредиттік тарих субъектілерінің сәйкестігіне жол беріледі.

      3-кестенің 1.2-жолында кредиттік тарихтың бір субъектісі бойынша бірнеше өзекті мәндерді бір мезгілде көрсетуге рұқсат етіледі.

      3-кестенің 1.3-жолында "1" мәні, егер қарыз (шартты міндеттеме) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерге берілсе көрсетіледі. Бір кредиттік тарих субъектісіне және бір қарыз шартына 3-кестенің 1.3-жолындағы көрсеткіштің бірден аспайтын ғана өзекті мәні сәйкес келеді.

      21. 3-кестенің 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2,5, 2.6, 2.7, 2.8, 2.9, 2.10, 2.11-жолдарында бір шарт бірден артық емес өзекті мәнге сәйкес келеді.

      22. 3-кестенің 2.2 және 2.3-жолдарында кредитор кредиттік тарих субъектісі мен кредитор арасында жасалған шартты біржақты сәйкестендіретін көрсеткіштерді көрсетуді қамтамасыз етеді.

      "Шарттың нөмірі", "шарттың күні" көрсеткіштері қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесіндегі қарыз (шартты міндеттеме) шартының сәйкестендіргіштері ретінде қызмет етеді және шарт туралы мәліметтер ұсынған кредитор үшін бірегей және шарттың қолданыс кезеңі ішінде өзгермейтін болып табылады.

      Егер кредитордың ішкі құжаттарында кредитордың автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріндегі қарызға (шартты міндеттемеге) сәйкестендіру нөмірін беру көзделсе, шарттың нөмірі ретінде кредитордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен сәйкестендіру нөмірін беруге рұқсат етіледі. Кредитор өзі жасасқан қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күніне ұқсас көрсеткіштерді көрсетуді қамтамасыз етеді.

      Егер тұрақты кредиттік лимиті бар төлем карточкалары бойынша төлем карточкаларын шығару туралы жалпы шарт ресімделсе, "шарттың нөмірі" көрсеткіші бойынша төлем карточкасын шығару туралы жалпы шарттың нөмірі және "/" белгісі арқылы төлем карточкасының нөмірі көрсетіледі.

      Егер кредиттік желі шеңберінде қарыз беру өтініш негізінде жүзеге асырылса, "шарттың нөмірі" көрсеткіші бойынша кредиттік желіні беру (ашу) туралы келісімнің нөмірі және "/" белгісі арқылы қарыздың сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Кредиттік желі шеңберінде төлем карточкасын ұстаушыға берілетін қарыздар үшін "шарттың нөмірі" көрсеткіші бойынша төлем карточкасын шығару туралы шарттың нөмірі және "/" қарыз сәйкестендіргіші белгісі арқылы көрсетіледі.

      Автоматты тәсілмен жасалған кері репо мәмілелері бойынша мәміленің сәйкестендіргіші көрсетіледі.

      Шарттың күні нақты беру күнінен, шарттың талаптары бойынша өтеу күнінен, міндеттемені нақты тоқтату күнінен кешіктіруге немесе есепті күннен кешіктіруге жол берілмейді.

      23. 3-кестенің 2.4-жолы шеңберінде қарыз берілетін кредиттік желіні сәйкестендіруге арналған және кредиттік желі шеңберінде берілген барлық қарыздарды толтыру үшін міндетті болып табылады.

      Кредитор көрсеткіш мәндерінің тиісті кредиттік желінің нөмірі мен күніне сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      24. 3-кестенің 2.5-жолында қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсететін кредитордың өңірлік бөлімшесінің (филиалының) бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету кредитордың бас ұйымы немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы орналасқан жері бойынша жүзеге асырылатын болса, кредитордың бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      Филиалдардың анықтамалығын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, жаңартылуы қажеттілігіне қарай жүзеге асырылатын кредитор өз филиалдары туралы ұсынған мәліметтердің негізінде қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде жүргізеді.

      25. 3-кестенің 2.6-жолы қосымша келісімдерді ескере отырып, шартта көрсетілген қарыз (шартты міндеттеме) мерзімінің аяқталу күнін көрсетуге арналған.

      Егер шартта оның қолданыcының аяқталу мерзімі болмаса, көрсеткіш берілмейді.

      26. 3-кестенің 2.8-жолы қосымша келісімдерді ескере отырып, шартта белгіленген валютада қарыз (шартты міндеттеме) сомасын көрсетуге арналған.

      Төлем карточкаларын, кредиттік желісін, овердрафт ұстаушыларға берілген қарыздар үшін қарыз (шартты міндеттеме) сомасы ретінде таңдалған валютада шарт бойынша кредиттік лимит көрсетіледі.

      Шарт валютасындағы қарыз (шартты міндеттеме) сомасы немесе шарт бойынша валюта түрі өзгерген кезде тиісті ақпарат жаңартылуға тиіс.

      Шарт валютасындағы қарыз сомасы төлем карточкасын шығару шартында белгіленген тұрақты кредиттік лимиті бар төлем карточкаларын ұстаушыларға берілген қарыздарды қоспағанда, шарт валютасындағы негізгі борыш қалдығының сомасынан аз болуға рұқсат етілмейді.

      27. 3-кестенің 2.9-жолындағы көрсеткіштерде мөлшерлемені өзгермелі мөлшерлеменің тіркелген спрэдіне және өзгермелі индекске бөлу 2019 жылғы 1 шілдеден кейін жасалған немесе өзгерістер енгізілетін сыйақының өзгермелі мөлшерлемесі белгіленген барлық қарыз шарттары үшін міндетті болып табылады.

      Өзгермелі индекстердің анықтамалығын кредиторлар жүргізеді, анықтамалықтағы тиісті ақпаратты кредиторлар қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.

      28. 3-кестенің 2.11-жолында қарыз (шартты міндеттеме) бойынша қамтамасыз ету болмаған кезде "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайда "0" көрсетіледі немесе көрсеткіш берілмейді.

      Көрсеткіш қамтамасыз етілмеген барлық қарыздарды (шартты міндеттемелерді) толтыру үшін міндетті болып табылады.

      29. 3-кестенің 2.12-жолы қарыздың нысаналы мақсатын көрсетуге және кредит беру мақсаттары бойынша қарыз сомасын бөлуге арналған. "Кредит беру мақсаты", "кредит беру объектісі" және "қарыз сомасының үлесі" көрсеткіштері қосымша келісімдерді ескере отырып, шартқа сәйкес көрсетіледі және жаңартылады.

      Қарыздың нысаналы мақсаты "кредит беру мақсаты" және "кредит беру объектісі" көрсеткіштерінің мәндерін құрамдастыру арқылы айқындалады.

      Мақсаттар бойынша қарыз сомасының бөлінуін көрсететін бір қарыз бойынша үлестердің жиынтық сомасы 100 (жүз) пайызға тең болады.

      3-кестенің 2.12-жолының көрсеткіштері кері репо операциялары және кредиттік желілер болып табылмайтын шартты міндеттемелер үшін берілмейді.

      30. 3-кестенің 2.13-жолы қарыз қаржыландырылатын немесе қарыз бойынша талап ету құқықтары сатып алынған қаражат көздерін көрсетуге және қарыз сомасын қаржыландыру көздері бойынша бөлуге арналған.

      Қаржыландыру көздері бойынша қарыз сомасының бөлінуін көрсететін бір шарт бойынша үлестердің жиынтық сомасы 100 (жүз) пайызға тең болады.

      Көрсеткіштер барлық қарыздар бойынша толтыру үшін міндетті болып табылады.

      31. 3-кестенің 3-жолындағы көрсеткіштер талап ету құқықтары үшінші тұлғаға берілген (сатылған) немесе үшінші тұлғадан қабылданған (сатып алынған) қарыздарды сәйкестендіруге арналған.

      Көрсеткіштер талап ету құқықтары берілген (сатылған) немесе қабылданған (сатып алынған) барлық қарыздарды толтыру үшін міндетті болып табылады.

      32. 3-кестенің 4-жолында қарыз шарты (шартты міндеттеме) туралы және қарызды өтеу кестесі туралы тиісті мәліметтер ескерілген күн көрсетіледі.

      33. 4-кестені толтыру кезінде қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде орналастырылған мынадай анықтамалықтар пайдаланылады:

      кепілді тоқтату негіздері;

      сәйкестендіргіштің түрлері;

      қамтамасыз ету түрлері;

      валюта түрлері;

      шоттың нөмірлері.

      34. 4 және 5-кестелерде болашақта түсетін ақша түріндегі қамтамасыз етуді қоса алғанда, кепіл туралы шарт, кепілдік және кепілгерлік, сақтандыру шарты негізінде қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша кредитор қабылдаған қамтамасыз ету немесе өзге де қамтамасыз ету туралы мәліметтер беріледі.

      Егер қарыз (шартты міндеттеме) кепілмен, кепілдікпен немесе кепілгерлікпен және анықтамалықта көзделген қамтамасыз етудің өзге де түрлерімен қамтамасыз етілмесе, онда Нысан бойынша мәліметтер берілмейді.

      Егер қарыз бойынша кепіл туралы жеке шарт жасалмаса, бірақ қарыз шартында кредиттік тарих субъектісі (борышкер болып табылатын) міндеттемелерін орындамаған кезде кепіл мүлкінен өндіріп алу құқығы көзделсе, кепіл туралы шарт ретінде тиісті қарыз шарты көрсетіледі.

      Қаржы лизингі бойынша қамтамасыз ету ретінде лизинг мәні көрсетіледі.

      Кепіл туралы шарт сәйкестендіргіштер арқылы тиісті кепіл мүлкі (кепілдік немесе кепілгерлік немесе өзге мүлік) қамтамасыз ету болып табылатын барлық қарыз (шартты міндеттеме) шарттарымен байланысады. Әрбір кепіл туралы шарттың қарыз (шартты міндеттеме) шартымен байланысы жеке көрсетіледі.

      Егер кепiл туралы шарт тоқтатылса, онда тиiстi есептiк күнi ол қамтамасыз еткен қарыздар (шартты мiндеттемелер) бойынша 5-кестеде бөлiнген үлестiң нөлденуi көрсетiледi.

      Егер қарыз (шартты міндеттеме) шарты тоқтатылса, онда тиісті есептік күнге көрсетілген қарыз (шартты міндеттеме) бойынша 5-кестеде бөлінген үлестің нөлденуі көрсетіледі.

      5-кестеде бір қарыз (шартты міндеттеме) шартына бірнеше кепіл туралы шарттың сәйкес келуіне рұқсат етіледі, бір кепіл туралы шартқа бірнеше қарыз (шартты міндеттеме) шарттарының сәйкес келуіне рұқсат етіледі.

      Белгiлi бiр көрсеткiш бойынша деректер өзгерген кезде тиiстi ақпарат өзгерiс болған есептi күнге жаңартылуға тиiс.

      35. 4-кестенің 2.2, 3.3.1, 4.1, 4.2, 4.5 және 4.6-жолдарындағы мәндер анықтамалықтардан таңдап алынады.

      36. 4-кестенің 1.1 және 1.2-жолдарында кепіл, кепілдік және кепілдеме немесе өзге де қамтамасыз ету туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі, оның негізінде кредитор (кепіл ұстаушы) кредиттік тарих субъектісі (борышкер болып табылатын) кепілмен қамтамасыз етілген қарыз бойынша міндеттемені орындамаған кезде (шартты міндеттемеге) кепілдік мүліктің құнынан қанағаттануға, кепілдік берушіге немесе кепілгерге немесе шартқа сәйкес өзге тұлғаға орындалмаған міндеттемелер бойынша талап қоюға құқылы.

      "Шарттың нөмірі", "шарттың күні" көрсеткіштері қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесіндегі кепіл шартының немесе өзге де қамтамасыз етудің сәйкестендіргіштері болып табылады және шарт туралы мәліметтер ұсынған кредитор үшін бірегей және шарттың қолданыс кезеңі ішінде өзгермейтін болады. Кредитор өзі жасасқан кепіл немесе өзге де қамтамасыз ету шартының нөмірі мен күніне ұқсас көрсеткіштерді көрсетуді қамтамасыз етеді.

      Егер кепіл туралы бір шарт шеңберінде қамтамасыз етудің бірнеше түрі көзделсе, осы қамтамасыз ету түрлерінің әрқайсысы осы шарттың нөмірімен және күнімен көрсетіледі.

      Бірегейлікті қамтамасыз ету мақсатында, егер кредитордың ішкі құжаттарында кепіл туралы шартқа автоматтандырылған жүйелерде өзге сәйкестендіру нөмірін беру көзделген болса, онда кепіл туралы шарттың нөмірі ретінде шарттың қолданыс кезеңі ішінде өзгермейтін осы сәйкестендіру нөмірін беруге рұқсат етіледі.

      37. 4-кестенің 2-жолында кепіл туралы шарттың қолданыс мерзімінің нақты аяқталу күні және кепілді тоқтату негіздемесі көрсетіледі.

      Кепіл туралы шартты нақты тоқтату күні кепіл туралы шарт күнінен ерте және есепті күннен кешіктіруге жол берілмейді.

      38. 4-кестенің 4.1-жолы "Қамтамасыз ету түрі" анықтамалығына сәйкес түрлері бойынша шартта көзделген қамтамасыз етуді сыныптауға арналған.

      39. 4-кестенің 4.3-жолы кредитордың кепілдік саясатына сәйкес есептелген қамтамасыз ету құнын көрсетуге арналған.

      4-кестенің 4.4-жолы бағалаудың (қайта бағалаудың) есепті күніне соңғысын негізге ала отырып, өзге түзетулердің дисконттарын қолданғанға дейін қамтамасыз етудің нарықтық құнын көрсетуге арналған.

      4-кестенің 4.5-жолы қамтамасыз ету құны ескерілетін шоттың нөмірін көрсетуге арналған.

      Кепіл және нарықтық құны кепіл туралы шарт шеңберінде әрбір қамтамасыз ету бойынша жеке көрсетіледі.

      40. 4-кестенің 4.6-жолы кепіл туралы шартқа сәйкес қамтамасыз етуге қабылданған жылжымалы мүлікті тіркеу орнын және жылжымайтын мүліктің орналасқан жерін көрсетуге арналған және жылжымалы мен жылжымайтын мүлік болып табылатын қамтамасыз етудің барлық түрлерін толтыру үшін міндетті болып табылады.

      41. 4-кестенің 4.7-жолында жылжымайтын мүлік объектісі үшін кадастрлық нөмір, көлік құралдары үшін – көлік құралының бірегей коды (бар болса), жеке негізде бағаланатын кепіл мүліктің басқа объектілері үшін – объектіні бір мағыналы сәйкестендіретін бірегей нөмір көрсетіледі, қамтамасыз етудің өзге түрлері үшін көрсеткіш берілмейді.

      42. 4-кестенің 5-жолы және 5-кестенің 4-жолы қамтамасыз ету туралы мәліметтер ескерілген күнді көрсетуге арналған.

      43. 5-кестенің 1-жолында кепіл туралы тиісті шарт қамтамасыз ету болып табылатын қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      5-кестенің 2-жолында тиісті қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Кредитор 4 және 5-кестелердегі қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күнінің қарыз шарты туралы есепте көрсетілген шарттың нөміріне және күніне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      44. 5-кестенің 3.1-жолы тиісті қарызды (шартты міндеттемені) қамтамасыз етуге келетін тиісті кепіл бөлігі құнының осы қарыз бойынша берешекке (шартты міндеттеменің қалдығына) қатынасы ретінде айқындалған қарызды (шартты міндеттемені) кепілмен жабу үлесін көрсетуге арналған.

      5-кестенің 3.2-жолы тиісті қарызды (шартты міндеттемені) қамтамасыз етуге келетін тиісті кепіл құнының бір бөлігінің осы кепілдің жиынтық құнына қатынасы ретінде айқындалған қарызды (шартты міндеттемені) жабуға келетін кепіл үлесін көрсетуге арналған.

      Кепіл құны ретінде Провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есепте көрсетілетін резервтерді (провизияларды) есептеу кезінде енгізілетін қамтамасыз ету құны пайдаланылады.

      Қарыз бойынша берешек ретінде оған қарсы қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) шегергенге дейінгі қарыздың баланстық құны пайдаланылады, шартты міндеттемелер бойынша баланстан тыс шоттарда ескерілетін шартты міндеттеменің қалдығы пайдаланылады.

      Қарызды (шартты міндеттемені) кепілмен жабудың бөлінген үлесін және қарызды (шартты міндеттемені) жабуға келетін кепілдің бөлінген үлесін есептеу резервтерді (провизияларды) есептеу кезінде жүргізіледі.

      5-кестенің 3.1 және 3.2-жолдарындағы көрсеткіштер кредиторда тиісті ақпарат болған кезде толтыру үшін міндетті болып табылады.

      45. 6-кестені толтыру кезінде қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде орналастырылған "Шот нөмірлері" анықтамалығы пайдаланылады.

      46. 6-кестеде есепті кезеңдегі қаражат қозғалысы туралы, қарыздар мен шартты міндеттемелер шарттары бойынша міндеттемелердің өзгерістері мен ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтер беріледі.

      6-кестенің көрсеткіштері бойынша мәліметтер тиісті қарыз (шартты міндеттеме) шарттарына байланыстырылады және есепті күнге жаңартылуға тиіс.

      Кредитор 6-кестедегі қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күнінің қарыз шарты туралы есепте көрсетілген шарттың нөміріне және күніне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      47. 6-кестенің 2.5, 2.7, 2.9, 2.12 және 2.14 -жолдарындағы мәндер анықтамалықтардан таңдап алынады.

      48. 6-кестедегі 2.2-жолда есепті кезеңде берілген қарыз сомасын немесе шартты міндеттеме бойынша пайдаланылған лимитті және оны беру (пайдалану) күнін көрсетуге арналған.

      Егер есепті кезеңде қарызды бөліктермен беру жүзеге асырылса, қарыздың бөліктері сомасының массиві және қарыздың тиісті бөлігін берудің нақты күні көрсетіледі.

      Беру күнінің есептi кезең басталған күнінен бұрын болуына және міндеттеме тоқтаған күнінен немесе есептi кезең аяқталған күнінен кейін кешіктірілуіне жол берілмейді.

      Берілген кредиттік лимиті бар төлем карточкалары және қарыз беру кредитордың бөлімшесіне жүгінбей жүзеге асырылатын овердрафтар бойынша берілген қарыз сомасы бөліктерге бөлінбей бір сомамен көрсетіледі, 6-кестедегі 2.2-жол толтырылмайды.

      49. 6-кестеде 2.3-жолда қарыз алушының осы қарыз бойынша негізгі борыш, сыйақы, айыппұлдар мен өсімпұлдар, қарыз бойынша комиссиялар кіретін барлық міндеттемелерін өтеу есебіне қарыз алушы есепті кезең ішінде нақты енгізген ақшалай қаражатының сомасы көрсетіледі.

      Берілген кредиттік лимиті бар төлем карточкалары және овердрафт бойынша есепті кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы көрсетіледі.

      50. 6-кестенің 2.4 және 2.5-жолдары қарыз бойынша мерзімі өтпеген, мерзімі өткен негізгі борыш қалдықтарының сомаcын және сома есепке алынатын шот нөмірін, есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша негізгі борыштың есептен шығарылған немесе кешірілген қалдықтарының сомаcын көрсетуге арналған.

      Кешірілген берешек шарттың бүкіл қолданылу кезеңі үшін негізгі борыш бойынша кредитордың қарыз бойынша берешекті кешіруінің жинақталған сомасын білдіреді.

      Берілген кредиттік лимиті бар төлем карточкалары үшін лимиттің игерілген бөлігі осы көрсеткіш бойынша көрсетіледі, төлем карточкасы бойынша қаражаттың артық жұмсалуын көрсету үшін қосымша жол көзделген.

      "Негізгі борыш қалдығы (теңгемен, шарт валютасымен)" көрсеткіші бойынша теріс мәнді көрсетуге жол берілмейді.

      Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      51. 6-кестенің 2.6 және 2.7-жолдары қарыз бойынша есептелген сыйақының өтелмеген, мерзімі өткен қалдықтарының сомасын, есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша есептелген сыйақының есептен шығарылған немесе кешірілген қалдықтарының сомасын және сома есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған.

      Кешірілген берешек шарттың бүкіл қолданылу кезеңі үшін есептелген сыйақы бойынша кредитордың қарыз бойынша берешекті кешіруінің жинақталған сомасын білдіреді.

      Есептелген сыйақының қалдығы бойынша теріс мәнді көрсетуге жол берілмейді.

      Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      52. 6-кестенің 2.8 және 2.9-жолдары есепті күнгі жағдай бойынша шартты міндеттеме сомасын және сома есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған.

      Екі шотта қалдық болған жағдайда, екінші қалдық тиісті шот нөмірімен қосымша жолдарда көрсетіледі.

      Шартты міндеттеме қалдығы бойынша теріс мәнді көрсетуге жол берілмейді.

      Көрсеткіштер барлық шартты міндеттемелер үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      53. 6-кестенің 2.10 -жолы өтелмеген қалдық сомасын, есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) есептен шығарылған немесе кешірілген қалдықтарының сомасын көрсетуге арналған.

      Кешірілген берешек шарттың бүкіл қолданылу кезеңі үшін есептелген тұрақсыздық айыбы бойынша кредитордың қарыз бойынша берешекті кешіруінің жинақталған сомасын білдіреді.

      "Есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) қалдығы" көрсеткіші бойынша теріс мәнді көрсетуге жол берілмейді.

      Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      54. 6-кестенің 2.11, 2.12, 2.13 және 2.14 -жолдары оң (теріс) түзету, есепті күнгі жағдай бойынша қарыз (шартты міндеттеме) бойынша дисконт (сыйлықақы) сомасын және сома есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған.

      Екі әр түрлі шот нөмірлерінде бір қарыз (шартты міндеттеме) бойынша дисконт (сыйлықақы) сомасы болған жағдайда, екінші қалдық шотының тиісті нөмірімен қосымша жолдарда көрсетіледі.

      55. 6-кестенің 2.15-жолында негізгі борыш және сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күндері "Мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні: негізгі қарыз бойынша" және "Мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні: сыйақы бойынша" деген жолдарда бөлек көрсетіледі.

      Мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні ретінде шартта белгіленген негізгі қарыз және (немесе) сыйақы бойынша кезекті өтелмеген төлемді өтеу мерзімі бұзылған күн көрсетіледі.

      Негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша баланста есепте тұрған немесе баланстан есептен шығарылған мерзімі өткен берешек қалдығы болмаған жағдайда, негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні көрсетілмейді.

      Көрсеткіш есепті күнге негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша баланста есепте тұрған немесе баланстан есептен шығарылған мерзімі өткен берешектің қалдығы бар барлық қарыздар үшін толтыру міндетті болып табылады.

      56. 6-кестенің 2.16-жолында негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша есепті кезең ішінде жүргізілген мерзімі өткен берешекті толығымен немесе ішінара өтеу күні көрсетіледі.

      57. 6-кестенің 3-жолы жүргізілген күнін көрсете отырып, есепті кезеңде қайта құрылымдау жүргізілген қарыздарды сәйкестендіруге арналған.

      Қайта құрылымдау "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 269 қаулы) сәйкес анықталады.

      Егер қарыз жаңа қарыз шартын жасау жолымен қайта құрылымдалған болса, қайта құрылымдау туралы мәліметтер жаңа шартта көрсетіледі.

      Егер есепті кезеңде қайта құрылымдау жүргізілген болса, онда 6-кестенің 3.1-жолында "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайда "0" көрсетіледі немесе көрсеткіш берілмейді.

      Көрсеткіш есепті кезеңде қайта құрылымдау жүргізілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      58. 6-кестенің 4-жолы қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы мәліметтер ескерілген күнді көрсетуге арналған.

      59. 7-кестені толтыру кезінде қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде орналастырылған мынадай анықтамалықтар пайдаланылады:

      Шоттар нөмірлері;

      Кредиттік тәуекелдер кезеңдері.

      60. 7-кестеде кредитор жеке, біртекті немесе құнсыздану белгілері жоқ жеке активтер ретінде сыныптаған қарыздар (шартты міндеттемелер) шарттары бойынша бөле отырып, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) туралы, қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша тәуекелдерді бағалау үшін, қамтамасыз ету бойынша тәуекелдерді бағалау үшін қажетті өлшемдер мен сипаттамалар туралы мәліметтер беріледі.

      7-кестенің көрсеткіштері бойынша мәліметтер тиісті қарыз (шартты міндеттеме) шарттарына байланысты болады және есепті күні жаңартуға жатады.

      Кредитор 7-кестедегі қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күні қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есепте көрсетілген шарттың нөмірі мен күніне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      61. 7-кестенің 2.2, 2.3-жолдарындағы мәндер анықтамалықтардан таңдалады.

      62. 7-кестенің 2.1 және 2.2-жолдары есепті күнгі жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған қарыз (шартты міндеттеме) бойынша резервтер (провизиялар) сомасын және сомасы ескерілетін шот нөмірін, уәкілетті органның талаптары бойынша резервтердің (провизиялардың) сомасын көрсетуге арналған.

      Төлем карточкасын шығару шартында белгіленген тұрақты кредиттік лимиті бар төлем карточкалары бойынша кредиттік лимиттің игерілген және игерілмеген бөліктері бойынша резервтердің (провизиялардың) сомаларын көрсету үшін жеке жолдар көзделген.

      63. 7-кестенің 2.3-жолында көрсеткіштің мәні № 269 қаулыға сәйкес айқындалады.

      64. 7-кестенің 3-жолында провизиялар мен тәуекелдерді бағалау туралы мәліметтер ескерілген күнді көрсетуге арналған.

      65. 8-кестенің 1-жолында активке қатысты, оның ішінде оларды жақсартуға байланысты бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның іс-шаралары жүргізілетін қарыз шартының (шартты міндеттеменің) нөмірі мен күні көрсетіледі.

      66. 8-кестенің 2-жолында есепті кезең ішінде банктің және (немесе) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның бүкіл кезең ішінде активті (талап ету құқығын) жақсартуға жіберген сомасы көрсетіледі.

      67. 8-кестенің 3-жолдарында есепті кезеңдегі талап ету құқықтары түріндегі активті басқаруға байланысты бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға ақшалай қаражаттың нақты ағынының сомасы көрсетіледі.

      68. 8-кестенің 4-жолдарында осы актив (талап ету құқығы) бойынша берешекті өтеу есебіне бас банктің пайдасына бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым жүргізген төлемдер сомасы көрсетіледі. Деректер есепті кезең ішінде беріледі.

      69. 8-кестенің 5-жолында бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым активке (талап ету құқығына) қатысты, оның ішінде оны жақсартуға байланысты басқарудың бүкіл кезеңі үшін жүргізген іс-шаралар көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 80 қаулыға
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 315 қаулысына
14-қосымша
  Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде
жинауға арналған
нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға күмәнді және үмітсіз актив ретінде берілген мүлік және дербес сатып алынған мүлік туралы есеп (бұдан әрі – КАБҰ)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: OUSA_02

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезеңі: 20___жылғы "____" ________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы бар екінші деңгейдегі банктер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей

      БСН: _______________________

      Жинау әдісі: электронды түрде

      (мың теңгемен)

№№

Күмәнді және үмітсіз активті КАБҰ-ға берген заңды тұлғаның атауы

КАБҰ атауы

Қарыз алушының (талап ету құқықтары бойынша мүлкі балансқа қабылданған) атауы

Клиенттің/ қарыз алушының ЖСН/БСН

Кредиттік желі/ банктік қарыз шарты (ол бойынша осы кепіл қабылданған)

Банктің балансына мүлікті қабылдау күніндегі қарыздардың баланстық құны

Нөмірі

Күні

Баланстағы негізгі борыш

Баланстағы мерзімі өткен негізгі борыш

Балансқа есептелген сыйақы

Мерзімі өткен, балансқа есептелген сыйақы

Айыппұлдар, өсімпұлдар және басқалар

Баланстағы дисконт

11

2

33

4

5

66

7 7

8

9

10

11

12

13















Жиыны:












      кестенің жалғасы


Мүліктің атауы

Мүліктің мөлшері

Актив санаты

КАБҰ-ны балансқа қабылдау әдісі

Мүлікті банктің балансына нақты қабылдаған күн

Активті КАБҰ-ның балансына нақты беру күні (не дербес сатып алу күні)

Күмәнді және үмітсіз активті КАБҰ-ға беру тәсілі

КАБҰ-ға беру кезіндегі активтің баланстық құны

Баланстағы сыйлықақы

Баланстағы провизиялар

Қарыздың баланстық құны

Абсолюттік мәндегі саны

Өлшем бірлігі

сомасы

баланстық шот

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26














      кестенің жалғасы

Мүлікті КАБҰ-ға берудің нақты құны

КАБҰ-ның балансындағы активтің есепті күндегі баланстық құны

Активтің сипаттамасы

Активтің нарықтық құны (құны және бағалау күні)

Шарт бойынша бас банк берген қарыз сомасы (қажет болған кезде бөлінген құнын көрсету)

сомасы

оның ішінде дисконт сомасы

Орналасқан жері

Беру кезіндегі саны, ауданы

Есепті күндегі саны, ауданы

Кадастрлық нөмірі (болған жағдайда)

Тәуелсіз бағалау компаниясының (ТБК) бағалауы бойынша

ТБК бағалау күні

Ішкі бағалауға сәйкес

Ішкі бағалау күні

Шарттың деректемелері: нөмірі және күні

Активті сатып алуға

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39














      кестенің жалғасы


Активті КАБҰ-ға беруге байланысты дебиторлық берешек сомасы

Іс-шаралар жоспары/Шарт бойынша КАБҰ-ның бас банк алдындағы берешекті өтеу күні

Іс-шаралар жоспары/Шарт бойынша КАБҰ-ның бас банктің алдындағы берешекті өтеу кезеңділігі

Қарыз бойынша сыйақыны өтеу кезеңділігі

Осы актив бойынша берешекті өтеу есебіне бас банктің пайдасына жүргізілген барлық төлемдердің сомасы

Активті жақсартуға

КАБҰ басқару кезеңіндегі барлығы

Активті сатып алуға

Активті жақсарту

Қарыз бойынша негізгі борыш

Дебиторлық берешек

КАБҰ бүкіл басқару кезеңіндегі барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін










алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін


40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

51













      кестенің жалғасы

ҚАБҰ активке қатысты, оның ішінде оларды басқарудың барлық кезеңінде жақсартуға байланысты жүргізген нақты іс-шаралар

ҚАБҰ (АҚҚЕ) басқарудың бүкіл кезеңі ішінде активті басқарудан түскен ақшалай қаражаттың нақты түсімі

оның ішінде

жылжымайтын мүлікті жалға беруден

мүлікті сатудан

ҚАБҰ басқару кезеңінде барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

ҚАБҰ басқару кезеңінде барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

ҚАБҰ басқару кезеңінде барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан бастап кезең үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан бастап кезең үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан бастап кезең үшін

52

53

54

55

56

57

58

59

60

61

62

63

64














      кестенің жалғасы


Ақшалай қаражаттың нақты әкетілуі
(АҚҚЕ)

оның ішінде

өзге

ҚАБҰ басқару кезеңінде барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

мүлікті күтіп ұстауға арналған шығыс

жөндеу жұмыстарына арналған шығыстар

ҚАБҰ басқару кезеңінде барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан бастап кезең үшін

ҚАБҰ басқару кезеңінде барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

ҚАБҰ басқару кезеңінде барлығы

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан бастап кезең үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан бастап кезең үшін

65

66

67

68

69

70

71

72

73

74

75

76

77














      кестенің жалғасы



құрылыс шығындары

әкімшілік шығыстар (жалақы, байланыс, интернет, офисті күтіп ұстау)

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

ҚАБҰ басқару кезеңінде барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

ҚАБҰ басқару кезеңінде барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан бастап кезең үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан бастап кезең үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан бастап кезең үшін

78

79

80

81

82

83

84

85

86

87

88












      кестенің жалғасы


Нетто әкеліну/әкетілу

өзге

ҚАБҰ басқару кезеңінде барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

ҚАБҰ басқару кезеңінде барлығы

оның ішінде:


ағымдағы есепті тоқсан үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан бастап кезең үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан бастап кезең үшін

89

90

91

92

93

94

95

96









      Атауы _______________________________________________________

      Мекенжайы _______________________________________________________________

      Телефоны ________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________

      Орындаушы ____________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ________________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

      Ескертпе: нысан "Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға күмәнді және үмітсіз актив ретінде берілген мүлік және дербес сатып алынған мүлік туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Бас банктің күмәнді және
үмітсіз активтерін сатып
алатын еншілес ұйымға
күмәнді және үмітсіз актив
ретінде берілген мүлік және
дербес сатып алынған мүлік
туралы есеп" әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанына
қосымша

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға күмәнді және үмітсіз актив ретінде берілген мүлік және дербес сатып алынған мүлік туралы есеп (индексі – OUSA_02, кезеңділігі – тоқсан сайын) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға күмәнді және үмітсіз актив ретінде берілген мүлік және дербес сатып алынған мүлік туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысанды бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы бар екінші деңгейдегі банк тоқсан сайын жасайды.

      3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. Нысанда бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға күмәнді және үмітсіз актив ретінде берілген мүлік және дербес сатып алынған мүлік (осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның меншігіне өткен мүлікті қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі.

      5. 2, 3 және 4-бағандарда бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерін берген тұлғаның және талап ету құқықтары бойынша мүлік банктің балансына қабылданған және кейіннен күмәнді активтерді сатып алатын еншілес ұйымға берілген тұлғаның атауы және сәйкесінше бас банктің үмітсіз активтері көрсетіледі.

      Контрагенттерді сәйкестендіру үшін 5-бағанда мынадай көрсеткіштер көрсетіледі:

      Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша: заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері бойынша: заңды тұлға үшін – ISO (International Organization for Standartization) 9362 халықаралық стандартына сәйкес банктің контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды: Bank Identifier Code (бұдан әрі – банктік сәйкестендіру коды); жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін және заңды тұлға үшін (банктік сәйкестендіру коды болмаған кезде) – Нысан ұсынылатын ақпараттық жүйе үшін белгіленген алгоритм бойынша есеп беретін банк қалыптастырған баламалы сәйкестендіру нөмірі.

      6. 2, 5, 19, 20, 21, 22, 24, 47-бағандарды толтыру кезінде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.

      7. 6 және 7-бағандарда талап ету құқықтары бойынша мүлік банктің балансына қабылданған және кейіннен бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берілген банк пен тұлға арасында жасалған банктік қарыз шартының деректемелері көрсетіледі.

      8. 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16-бағандарда мүлікті банк балансына қабылдау күніне құндық көрсеткіштердің түрлері бойынша бөлінген қарыздың баланстық құны көрсетіледі.

      9. 17, 18, 19, 20 және 22-бағандарда мүлікті банктің балансына қабылдау сәтінде ол туралы мәліметтер көрсетіледі.

      10. 23, 24, 25 және 26-бағандарда банктің мүлікті бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға беру сәтінде ол туралы мәліметтер көрсетіледі.

      11. 27-бағанда банктің мүлікті бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берген құны көрсетіледі.

      12. 28-бағанда дисконт сомасы абсолюттік мәнде көрсетіледі.

      13. 29-бағанда есепті күндегі жағдай бойынша активтің баланстық құны көрсетіледі.

      14. 30, 31, 32 және 33-бағандарда мүлік туралы мәліметтер көрсетіледі.

      15. 34 және 35-бағандарда тәуелсіз бағалаушының деректері бойынша мүліктің нарықтық құны, сондай-ақ бағалау күні көрсетіледі.

      16. 36 және 37-бағандарда бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның бағалауы бойынша мүліктің нарықтық құны көрсетіледі.

      17. 38-бағанда банк пен бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым арасында жасалған мүлікті беру туралы шарттың деректемелері көрсетіледі. Шарт болмаған жағдайда 38-бағандағы мән толтырылмайды.

      18. 39 және 40-бағандарда банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берген қарыз сомасы көрсетіледі. Қарыз болмаған жағдайда 39 және 40-бағандардағы мән толтырылмайды.

      19. 41, 42 және 43-бағандарда активті бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға беруге байланысты дебиторлық берешек сомасы көрсетіледі.

      20. 44-бағанда бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның іс-шаралар жоспары және (немесе) шарт бойынша бас банктің алдындағы берешекті өтеу күні көрсетіледі (егер мерзімдері өзгеше болса, неғұрлым кеш мерзім көрсетіледі).

      21. 45 және 46-бағандарда бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның Іс-шаралар жоспары және (немесе) шарт бойынша бас банктің алдындағы берешекті өтеу кезеңділігі көрсетіледі.

      22. 47-бағанда қарыз бойынша сыйақыны өтеу кезеңділігі көрсетіледі.

      23. 48, 53 және 69-бағандарда осы мүлік (актив) бойынша берешекті өтеу есебіне бас банктің пайдасына жүргізілген төлемдер сомасы, тиісінше мүлікті (активті) басқаруға байланысты бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға ақшалай қаражаттың нақты әкелінуі мен әкетілуі көрсетіледі. Деректер кезең ішінде беріледі. Кейіннен деректер тек есепті тоқсан үшін көрсетіледі.

      24. 52-бағанда бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым мүлікке (активке) қатысты, оның ішінде оны жақсартуға байланысты басқарудың бүкіл кезеңінде жүргізген нақты іс-шаралар көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 80 қаулыға
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 315 қаулысына
15-қосымша
  Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде
жинауға арналған
нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы: Кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның меншігіне өткен мүлік туралы есеп (бұдан әрі – КАБҰ)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: OUSA_03

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезеңі: 20__жылғы "___"________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы бар екінші деңгейдегі банктер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей

      БСН: _______________________

      Жинау әдісі: электронды түрде

      (мың теңгемен)

КАБҰ атауы

Қарыз алушының атауы (талап ету құқықтары бойынша кепіл мүлкі өндіріп алынды)

Клиенттің/қарыз алушының ЖСН/ БСН

Кредиттік желі/ банктік қарыз шарты (ол бойынша осы кепіл қабылданды)

Кепіл мүлкін КАБҰ балансына қабылдау сәтіндегі қарыздардың баланстық құны

Нөмірі

Күні

КАБҰ балансындағы негізгі қарыз

КАБҰ балансындағы мерзімі өткен негізгі қарыз

КАБҰ балансында есептелген сыйақы

КАБҰ балансында мерзімі өткен есептелген сыйақы

Айыппұлдар, өсімпұлдар және басқалар

Дисконт

Сыйлықақы

Провизиялар

Қарыздың баланстық құны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

















Жиыны:














      кестенің жалғасы

Мүліктің атауы

Мүліктің мөлшері

Активтің санаты

Мүлікті КАБҰ балансына нақты қабылдау күні

Кепіл мүлкін КАБҰ балансына өндіріп алу тәсілі

Өндірілген салықтың сипаттамасы

Өндірілген салықтың құны (бағалау құны мен күнін көрсету)

Абсолюттік мәндегі сан

Өлшем бірлігі

Орналасқан жері

Беру кезіндегі саны, ауданы

Есепті күнге арналған саны, ауданы

Кадастр нөмірі (бар болса)

КАБҰ балансына қабылдау/ кепілді өндіріп алу сәтінде

КАБҰ балансында

Кепіл құны

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27













      кестенің жалғасы


Шарт бойынша бас банк берген қарыз сомасы

Өндіріп алынған кепілге қатысты, оның ішінде оларды жақсартуға байланысты КАБҰ жүргізген іс-шаралар

Ақша қаражатының нақты әкетілуі (АҚҚЕ)

оның ішінде

есепті күнгі жағдай бойынша

КАБҰ басқару кезеңіндегі барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

мүлікті күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстар

жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығыстар

КАБҰ балансында

кепіл құны

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін

КАБҰ басқару кезеңіндегі барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

КАБҰ басқару кезеңіндегі барлығы

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40














      кестенің жалғасы



құрылысқа жұмсалатын шығыстар

әкімшілік шығыстар

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

КАБҰ басқару кезеңіндегі барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

КАБҰ басқару кезеңіндегі барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

51












      кестенің жалғасы


Нетто әкелінуі/әкетілуі

өзге де

КАБҰ басқару кезеңіндегі барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

КАБҰ басқару кезеңіндегі барлығы

оның ішінде:

ағымдағы есепті тоқсан үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін

алдыңғы есепті жыл үшін

ағымдағы жылдың басынан басталған кезең үшін

52

53

54

55

56

57

58

59









      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________________

      Телефоны ________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________

      Орындаушы _____________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      __________________________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)       қолы

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

      Ескертпе: нысан "Кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның меншігіне өткен мүлік туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

  "Кепілге қойылған мүлікті
өндіріп алу нәтижесінде бас
банктің күмәнді және үмітсіз
активтерін сатып алатын
еншілес ұйымның меншігіне
өткен мүлік туралы есеп"
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға
арналған нысанына
қосымша

Кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның меншігіне өткен мүлік туралы есеп (индексі – OUSA_03, кезеңділігі – тоқсан сайын) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның меншігіне өткен мүлік туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысанды бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы бар екінші деңгейдегі банк тоқсан сайын жасайды. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.

      3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. Нысанда кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның меншігіне өткен мүлік туралы ақпарат көрсетіледі.

      5. 2-бағанда бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның атауы және талап ету құқықтары бойынша мүлік бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның балансына қабылданған тұлғаның атауы тиісінше есеп беретін банк жүргізетін анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.

      Контрагенттерді сәйкестендіру үшін 4-бағанда мынадай көрсеткіштер:

      Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша: заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері бойынша: заңды тұлға үшін – ISO (International Organization for Standartization) 9362: Bank Identifier Code халықаралық стандартына сәйкес банк контрагентіне берілген банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – банктік сәйкестендіру коды); жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін және заңды тұлға үшін (онда банктік сәйкестендіру коды болмаған кезде) – Нысанды ұсынатын ақпараттық жүйе үшін белгіленген алгоритм бойынша есеп беретін банк қалыптастырған баламалы сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      6. 2, 4, 18, 19, 20, 21-бағандарды толтыру кезінде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде орналастырылған анықтамалықтарға сәйкес көрсетіледі.

      7. 5 және 6-бағандарда талап ету құқықтары бойынша мүлік бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның балансына қабылданған банк пен тұлға арасында жасалған банктік қарыз шартының деректемелері көрсетіледі.

      8. 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-бағандарда бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның балансында көрсетілген қарыз бойынша талап ету құқықтарының мүлікті бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның балансына қабылдау күніне құндық көрсеткіштердің түрлері бойынша бөлінген баланстық құны көрсетіледі.

      9. 16, 19, 22 және 25-бағандарда мүлікті бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның балансына қабылдау сәтіндегі мүлік туралы мәліметтер көрсетіледі.

      10. 17, 18, 23 және 24-бағандарда мүлік туралы мәліметтер көрсетіледі.

      11. 26 және 28-бағандарда өндіріп алынған мүлік бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның балансында оны балансқа қабылдаған сәтте және есепті тоқсанның аяғында тиісінше көрсетілген құн көрсетіледі.

      12. 27 және 29-бағандарда бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның ішкі саясатына сәйкес қолданылатын өтімділік коэффициенттері (төмендету коэффициенттері) ескерілген өндіріп алынған мүліктің кепіл құны тиісінше оны балансқа қабылдау сәтінде және есепті тоқсанның аяғында көрсетіледі.

      13. 30-бағанда бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға банк берген қарыз сомасы көрсетіледі. Қарыз болмаған кезде 30-бағандағы мән толтырылмайды.

      14. 31-бағанда бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым басқарудың барлық кезеңінде мүлікке (активке) қатысты, оның ішінде оны жақсартуға байланысты жүргізген нақты іс-шаралар көрсетіледі.

      15. 32-бағанда тиісінше бас банктің мүлікті (активті) басқаруға байланысты күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға ақша қаражатының нақты әкеліну және әкетілу сомасы көрсетіледі. Деректер кезең үшін беріледі. Кейіннен деректер есепті тоқсанға ғана көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 80 қаулыға
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 315 қаулысына
16-қосымша

Екiншi деңгейдегi банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының, екінші деңгейдегі банктердің есептілікті ұсыну қағидалары

      1. Осы Екiншi деңгейдегi банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының, екінші деңгейдегі банктердің есептілікті ұсыну қағидалары "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына және 54-1-бабының 1-тармағына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 74-1-бабының 1-тармағына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 72-4-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының, екінші деңгейдегі банктердің есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Екінші деңгейдегі банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, екінші деңгейдегі банктің есептілігі Ұлттық Банкке автоматтандырылған ақпараттық қосалқы жүйе арқылы электрондық форматта беріледі.

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы, сондай-ақ электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы жеке тұлға қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.

      Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының немесе заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің, банктің басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.

      Екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының немесе жеке тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының есептілігіндегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын жеке тұлға қамтамасыз етеді.

      3. Екiншi деңгейдегi банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, өзге екінші деңгейдегi банктің және (немесе) өзге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) өзге инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы болып табылатын жеке тұлға Ұлттық Банкке оларда ірі қатысушы болып табылатын өзге екінші деңгейдегi банк және (немесе) өзге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) өзге инвестициялық портфельді басқарушы бойынша мәліметтер ескеріле отырып жасалған есепті кезең үшін мәліметтерді және ақпаратты ұсынады.

      4. Есеп саясаты қаржылық есептілікті Ұлттық Банкке алғаш ұсынған, сондай-ақ есеп саясатына өзгерістер енгізу кезінде екінші деңгейдегi банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, екінші деңгейдегі банктің ірі қатысушының қаржылық есептілігіне еркін нысанда қоса беріледі.

      5. Біз мезгілде банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) өзге де екінші деңгейдегі банктің және (немесе) өзге де сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлға Ұлттық Банкке осы қаулыда көзделген талап етілетін кезең үшін екінші деңгейдегі өзге банк және (немесе) өзге де сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) өзі ірі қатысушы және (немесе) банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болып табылатын өзге де инвестициялық портфельді басқарушы бойынша мәліметтер ескеріле отырып жасалған есептілікті ұсынады.

      6. Осы қаулының 1-тармағының 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген есептілікті ұсыну бойынша талаптар екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының немесе банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесі бар екінші деңгейдегі банктерге, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.

      7. Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер осы қаулының 1-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көзделген жылдық есептілікті ұсынған кезде төртінші тоқсан үшін көрсетілген нысандарды ұсыну талап етілмейді.

      8. Егер осы қаулының 2-тармағында белгіленген есептілікті ұсыну мерзімдеріне қарай есеп беретін тұлғаның екінші деңгейдегі банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушысы мәртебесі жойылған жағдайда, мәртебе жойылған күннің алдындағы соңғы есепті кезең үшін есептілік белгіленген мерзімде ұсынылады.

      9. Осы қаулының 1-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген есептілік нысандары бойынша мәліметтер болмаған жағдайда, екінші деңгейдегі банктердің қатысушыларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары аталған нысандарды бос бағандармен ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады