ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа);
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісуден өткізу;
3) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу (бұдан әрі – жобалау) және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Үшінші жауаптылық деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылысы және реконструкциядан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау эскиз (эскиздік жоба) бойынша жүзеге асырылады. Объектілердің құрылыс жобасын әзірлеу, оның сараптамасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау талап етілмейді.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. 1-мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну/тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну туралы мынадай құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды:
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 1-топтама), СЖТ және техникалық шарттарды (бұдан әрі – 2-топтама) алу үшін:
1) жер учаскесіне құқығын белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесінде тіркелмеген жағдайда);
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағының электрондық көшірмесі (техникалық шарттарды алған және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);
3) объектінің меншік иелерінің (тең меншік иелерінің) көзделіп отырған өзгеріске және оның параметрлеріне жазбаша келісімі (реконструкциядан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау жағдайында);
4) егер жоспарланып отырған реконструкция олардың мүдделерін қозғаған жағдайда өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) іргелес басқа үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі (реконструкциядан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау жағдайында) (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмейді);
тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 3-топтама) алу үшін:
1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 3-тармағына және 42-1-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімінің электрондық көшірмелері немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыс хаттамасы (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда, кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмейді);
2) өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшірмесі (болған жағдайда);
3) сауалнама парағының электрондық көшірмесі (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);
4) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесінде тіркелмеген жағдайда);
5) техникалық жобаның электрондық көшірмесі (құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған);
6) егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайларымен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімнің электрондық көшірмелері қосымша қоса беріледі (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмейді).
Өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің мүдделері, егер үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлардың (үй бөліктерінің) бірлескен шекарасын қозғаған жағдайда, сондай-ақ, тұру кезінде санитариялық, экологиялық, өртке қарсы шарттар нашарлаған жағдайларда ескеріледі. Өзге жағдайларда өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің бас тартуына жол берілмейді.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жазылған.";
3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Эскиздің (эскиздік жобаның), техникалық жобаның құрамы мен мазмұны
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген жаңа құрылыс объектілері үшін жобалау алдындағы сатыда әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:
1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;
2. 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабындағы объектінің бас жоспары;
3. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы сыртқы әрлеудің ведомосімен қоса, қасбеттер;
4. 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы үй-жайлардың экспликациясы бар қабаттардың жоспары, бөліністер;
5. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы шатыр жоспары;
6. 1:200; 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабындағы инженерлік желілердің жоспарлары;
7. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімін таңдау, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштері (сыйымдылығы, өткізу қабілеті, қуаты, құрылыс көлемі, ғимараттың, құрылыс алаңының, көгалдандырылған және абаттандырылған учаске аумағының жалпы және пайдалы алаңы, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсі) келтірілген абаттандыру мен көгалдандыру элементтері сипатталған жалпы деректер.
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін әзірленетін техникалық жобаның және реконструкциядан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау үшін эскиздік жобаның құрамы мен мазмұны:
1. Қабаттылығы өзгерген кезде, кіреберіс алаңның құрылысына байланысты қасбеті өзгерген кезде, жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабтағы ахуалдық жоспар;
2. Қабаттылығы өзгерген кезде, кіреберіс алаңның құрылысына байланысты қасбеті өзгерген кезде, жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабтағы объектінің бас жоспары;
3. Қабаттылығы өзгерген кезде, кіреберіс алаңның құрылысына байланысты қасбеті өзгерген кезде, жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабтағы қасбеттер сыртқы әрлеу ведомосімен қоса;
4. Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) дейінгі үй-жайлардың 1:50; 1:100; 1:200 (аталғанның бірі) масштабтағы жоспарлары;
5. Реконструкциялаудан (қайта жоспарлаудан, қайта жабдықтаудан) кейінгі үй-жайлардың 1:50; 1:100; 1:200 (аталғанның бірі) масштабтағы жоспарлары;
6. Қабаттылығы өзгерген және жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабтағы шатыр жоспары;
7. Қабаттылығы өзгерген кезінде 1:50; 1:100; 1:200 (аталғанның бірі) масштабтағы бөліністер
8. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, қасбеттердің әрлеу материалдары мен түсіне қатысты шешімді таңдау, бөлшектенетін конструкциялардың жай-күйі сипатталған, реконструкциялаудың (қайта жоспарлаудың, қайта жабдықтаудың) түрі туралы - тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты (байланысты емес) тұжырымдармен жалпы деректер.
Тиісті лицензиясы бар тұлға немесе жобалау ұйымымен әзірленген елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері үшін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:
1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;
2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің күндізгі және түнгі бейнесі;
3. Конструктивтік шешімдер;
4. Инженерлік қамту бойынша шешім;
5. Негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен түсіне қатысты шешімінің таңдауы сипатталған жалпы деректер.
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген инженерлік желілер эскизінің (эскиздік жобасының) құрамы мен мазмұны:
1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабтағы ахуалдық жоспар;
2. Жобаланатын және қолданыстағы (сақталатын және бұзылуға жататын) үйлер, ғимараттар, құрылыстар, инженерлік және көлік коммуникациялары, абаттандыру элементтері және көпжылдық жасыл екпелер, геодезиялық нүктелер салынатын бас жоспар;
3. 1:200; 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабтағы инженерлік желілердің жоспарлары;
4. Инженерлік желілердің профильдері – кескіндер масштабы: тік 1:100 және көлденең 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі);
5. Құрылымдық және құрылыс шешімдері;
6. Ерекшеліктер;
7. Инженерлік желілер мен коммуникацияларды орналастыру (төсеу) жөніндегі негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, материалдарды таңдау, пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі инженерлік-техникалық іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштерін (өткізу қабілеті, қуаты, көлемі, ұзындығы, құрылыс алаңы, көгалдандырылған және абаттандырылған учаскелер, материалдар) келтіре отырып, учаскені абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар баяндалған жалпы деректер.
бұйрығына 2-қосымша |
|
Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен |
|
өту қағидаларына 4-қосымша |
"Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2. | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
1) жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін: |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі - 1-топтама) алу бойынша: СЖТ, тік жоспарлау белгілерін, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірмесі, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттар, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларының электрондық көшірмелері; |
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері | тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) 1 және 2-топтамалар бойынша: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар |
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |